Ерекше оқыту қажеттіліктеріне қарай қЫСҚа мерзімдік, орташа мерзімдік және ұЗАҚ мезімдік негізде



Pdf көрінісі
бет4/100
Дата05.12.2023
өлшемі1,39 Mb.
#134441
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100
 
 



1
Мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды психологиялық-педагогикалық
қолдаудың міндеттері, қағидалары
Психологиялық-педагогикалық 
қолдау 
мүмкіндіктері 
шектеулі 
оқушылардың білім алудағы ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыруға 
бағытталған және арнайы білім беру жүйесінде әзірленген және жүзеге 
асырылған технология болып табылады. Жалпы білім беру жағдайындағы 
оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау арнайы білім беру 
ұйымдарының тәжірибелерін пайдалану негізінде құрылуға міндетті.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алудағы ерекше қажеттіліктері: 
-
психологиялық-педагогикалық қолдауға қажеттілік анықтала 
салысымен бірден онымен қамтамасыз ету; 
-
қалыпты дамыған балаларды оқытуға қатысты қолданылмайтын 
оқытудың арнайы құралдары мен тәсілдерін пайдалану; 
-
оқытудың таңдалған бағдарламасының баланың даму деңгейіне, 
шынайы жетістіктеріне (білім беру мониторингісі) сәйкестігін үнемі бақылау; 
-
балалардың психосоматикалық ерекшеліктеріне сәйкес келетін
кеңістіктік және мезгілдік білім беру ортасын ұйымдастыру; 
-
баланықоршаған барлық ересектердің оның білім алудағы ерекше 
қажеттіліктерін шешуге қатысуы. 
Жоғарыда аталғандарға негізделе отырып, психологиялық-педагогикалық 
қолдау (педагогикалық қолдау) бағытталуға тиістілер: 
-
баланың денсаулығын және дене күшін қолдау: бала өмірінің 
денсаулық-сақтау түзімін ұйымдастыру, оларды жеке таңдалған қимылдық 
белсенділіктерге, денсаулықты нығайтатын сабақтарға қатыстыру; 
-
балалардың зерде дамуын қолдау: әрбір баланың танымдық 
ерекшелігін анықтау және дамыту, оқу әрекетінің табысты болуы үшін жағдай 
тудыру; 
-
баланы қарым-қатынас саласында қолдау: балаларға гуманистік өзара 
әрекеттенуіне жағдай тудыру, балалардың қолы бос кезіндегі әрекеттерде жеке 
қабілеттерін байқатуларын қолдау, тәртіп түрін саналы түрде таңдауына 
көмектесу; 
-
баланың жанұясын қолдау: жанұялық қатынасты зерттеу, олардың 
үйлесімді болуына көмек көрсету. 
Педагогикадық қолдау ерекше шығармашылық ахуалды құру мен 
балаларға жағдайды таңдауды ұсынуды білдіреді. Бұндай жағдайлар 
оқушылардан білімді, икемділікті ғана емес, сондай-ақ рефлексия тәжірибесін, 
шешімді өздігінен қабылдауды, ерік пен мінезін байқатуды талап етеді.
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі қағидалары: 
1)
бала дамуындағы кез келген мәселені шешудің кешенді, пәнаралық 
тәсілдемелері. 
Кәсіпаралық серіктестік баланың мектепте және жанұяда дамуының, 
мамандар (психолог, логопед, дефектолог, әлеуметтік педагог) мен 



мұғалімдердің іргелес ғылымның білімін, әдістемелерін меңгерудің бірыңғай 
стратегиясын әзірлеуге және жүзеге асыруға бағытталған. 
2)
Білім беру үдеріндегі баланың дамуын қолдаудың үзіліссіздігі.
Балада тұлғалық, танымдық және әлеуметтік мүмкіндікті арттыру 
міндетін табысты шешу үшін мектепте оқытудың барлық сатыларында жүзеге 
асырылатын мамандар мен педагогтардың командасының ұзақ та күрделі 
жұмысы қажет болады.
3)
Қолдау үдерісін ақпараттық-әдістемелік қамсыздандыру. Білім беру 
ұйымнындағы оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша 
мамандардың командасының жұмысын реттемелеу үшін жергілікті
нормативтік актілерді әзірлеу. Психологиялық-педагогикалық қолдау үдерісін 
оқу-әдістемелік қамсыздандыру. 
4)
Қолдау әрекетін әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық 
жобалау. 
Мамандардың келісілген әрекеттерін бекітуге арналған мамандардың 
құжаттарының пакетін әзірлеу үшін олардың бағыты мен мазмұнын алдын ала 
анықтау. 
5)
Мүмкіндіктері 
шектеулі 
оқушыларды 
психологиялық-
педагогикалық қолдау бойынша шараларға ата-аналарды, педагогикалық және 
балалар ұжымын белсенді тарту. 
Педагогикалық қолдаудың қажетті жағдайы ретінде тәртіптің толерантты 
мәдениеттілігін қоса отырып, жайлы және кедергісіз ортаны құру.
Құрамына ең алдымен мүмкіндіктері шектеулі балалар кіретін білім алуда 
ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау
білім берудің әрбір сатыларында төмендегі міндеттерді шеше отырып, жүзеге 
асырылады: 
бастауыш мектеп
– 
мектепте оқуға дайындығын анықтау, мектепке 
бейімделуін қамтамасыз ету, оқушылардың оқу әрекетіне деген 
қызығушылығын арттыру, танымдық және оқу уәждерін дамыту, дербестік пен 
өзін реттеу қабілетін дамыту, «оқи білу» және қалауын қалыптастыруда қолдау, 
әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін және әлеуеттік мүмкіндіктерін есепке ала 
отырып шығармашылық қабілеттерін дамыту; 
негізгі мектеп
– 
оқушының негізгі мектепке көшуде қолдау, оқытудың 
жаңа талаптарына бейімделу, жеке тұлғалық және құндылықты-мағыналық 
өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту міндеттерін шешуде қолдау, жеке тұлғалық 
мәселелері мен әлеуметтендіру мәселелерін шешуде, өмірдік дағдыларын 
қалыптасыруда көмектесу, неврозды алдын ала емдеуде, ата-анасымен және 
құрдастарымен құрылымды қатынасты құрастыруда көмектесу; 
орта мектеп
– 
оқушыға бейінді бағдарлауда және кәсіптік тұрғыда 
өзін-өзі анықтауда, экзистенциалдық мәселелерді (өзін-өзі тану, өмірдің 
мәнін іздеу, жеке бірдейлікке жету) шешуде қолдау, уақытша келешекті, 
мақсатты тұжырымдау қабілетін дамыту, психоәлеуметтік құзыреттілікті 
дамыту. 



Қолдаудың бірізділігін құру барынша икемділікті және вариативтілікті, 
баланың дамуындағы әрбір кезеңдегі оның психофизиологиялық жас 
ерекшеліктерін есепке алуды білдіреді. 
Оқытудың әр түрлі сатыларында қолдау қызметінің кейде бір, кейде басқа 
мүшелері басқаларын шетке ығыстырмай, білім алуда ерекше қажеттіліктері 
бар оқушының жеке тұлғалық қалыптасуының осы сатысында өзінің ерекше 
жауапкершілігін түсіне отырып, бірінші қатарға шығады. Сонымен оқушыны 
оқытудың бастапқы сатысында олардың оқудағы қиындықтарының туындау 
себептерін анықтауда, оқушылармен жеке және топтық сабақтарда жұмыс 
істей отырып, оларды жою мәселелері бойынша педагогтарға кеңес беруде 
дефектолог пен логопедтің рөлі өте үлкен.
Негізгі мектепке көшкенде негізгі жүктеме күрделі жасөспірімдік кезеңді 
бастан өткізетін жасөспірімдердің жеке тұлғалық мәселелерін шешетін 
психологқа артылады, әлеуметтік педагогтың да шаруасы көбейе түседі. Бұл 
сенситивтік кезеңдегі жаста түзете дамыту жұмысының тиімділігімен 
қамтамасыз ететін логопед пен дефектологтың жұмыстары аяқталады. 
Жеке тұлғалық мәселелер басым болатын жоғары мектепте психолог 
рөлінің маңыздылығы сақталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет