Ерекше оқыту қажеттіліктеріне қарай қЫСҚа мерзімдік, орташа мерзімдік және ұЗАҚ мезімдік негізде



Pdf көрінісі
бет7/100
Дата05.12.2023
өлшемі1,39 Mb.
#134441
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   100
Байланысты:
inklyuziya

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
16 


Қорытынды
 
Инклюзивтік білім беру практикасының қалыптаса бастауы мектепті 
дамыту бағдарламасын, оның жарғысын өзгертуді, жаңа стратегиялық 
міндеттерді шешуге әкімшіліктің дайындығын талап етеді. Ондай болмаған
жағдайда жаңадан пайда болған жеке жағдайлар оқшауланған түрде болады. 
Олардың одақтастары, жалғастырушалары болмайды, яғни олардың 
жетістіктері педагогикалық кеңестер мен әдістемелік бірлестіктерде кеңінен 
талқыланатын тақырып болып табылмайды. Педагогтардың бала туралы
сынып туралы диагностикалық ақпараттардың қолданысы мен философиясын 
толық түсінбегеніктерінен ол ақпараттар педагогикалық ұжым үшін 
сұранымсыз болады. Педагогтардың білім беру үдерісінің тұлғалық-
бағдарлық және түзете дамыту технологияларын меңгеруге қажетті уәждері 
болмайды. Сондықтан ұйымдық мәселелерді шешу жалпы білім беру үдерісіне 
қосылған мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды сүймелдеу қызметінің маңызды 
құрамды бөлігі болып табылады. Оған мектепте «кедергісіз» білім беру 
кеңістігін ұйымдастыру бойынша бірізділік қадамдарын анықтайтын
жергілікті нормативтік актілерді әзірлеу, бірыңғай стратегияда әрекеттенетін
пәнаралық мамандар командасын қалыптастыру, әрбір маманның атқарымын
олардың өзара әрекеттену тәсілдерін анықтау жатады.
Басқару шешімдерін қабылдауға жауапты тұлғалар төменде 
берілгендердің басқарудың тиімді емес екендігін білдіретінін естерінде 
сақтауға тиісті: 
-
басқарудың реактивті түрінің басым болуы; 
-
психологтың, логопедтің, дефектолгтың және т.б. мамандардың
атқарымдық бағынушылдығының анық болмағанына байланысты басқарудың 
бір тұтас үлгісінің болмауы; 
-
жағдайды талдаудың жүйелілігі мен кешенділігінің болмауы, оған
ақпараттың жетіспеушілігі немесе тым артық болуы себеп болуы мүмкін; 
-
мектеп ішілік бақылауда шоғырлану түрінің басым болуы; 
-
құндылығы бірыңғай команданың болмауы. 
Аталған факторлар жалпы білім беру үдерісіне қосылған мүмкіндіктері 
шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың тиімділігін 
төмендетеді, ал бұл балалардың сапалы білім алу құқығын бұзады. 
Мүмкіндіктері шектеулі балаларды мектептің білім беру үдерісіне қосу 
үшін мектепте құрылған ұйымдық негіздер мен талаптардың барабар 
көрсеткіштері: 

білім беру үдерісіне қатысушылардың қарым-қатынасындағы жоғары 
педагогикалық мәдениет (шиеленістің, өзара наразылықтың, кемсітушіліктің, 
балалар қоғамының жіктелуінің болмауы), 

оқушылар мен ата-аналардың білім беру үдерісіне қанағаттанулары; 

оқушылардың ауруының төменгі деңгейі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет