жоғары нәтижелерді көрсете алмайтын оқушылар үшін өздерінің қабілеттерін
барынша жүзеге асыра алуға мүмкін болатындай қажетті жағдай тудырылу
керек.
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін мектеп қызметінің
құрылымына қосу жағдайында мектептің әдеттегі басқару органдарының
(педагогикалық кеңес, пән мұғалімдердің әдістемелік бірлестігі)
жұмысын
өзгерту қажеттілігі туады. Педагогикалық кеңес құрамына мұғалімдерден
басқа психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандары да кіруге
міндетті. Олардың педагогикалық кеңес жұмысына қатысуы оқушылардың
үлгермеушіліктері мен тәртіп бұзуларының себептерін талқылауға мүмкіндік
тудырады. Қолдау мамандары оқушылардың оқу нәтижелерін педагогикалық
кеңес отырысында талқылай отырып, педагогтардың жұмысына қатысты
ұсынымдарды тұжырымдауға, ал әдістемелік бірлестіктердің отырысында
мұғалімдерді оқытудың арнайы әдіс-тәсілдерімен,
оқушыға сараланған және
дараланған тәсілдемені қолдануды жүзеге асыру технологиясымен таныстыруға
мүмкіндіктері болады.
Психологиялық-педагогикалық
қолдау
қызметін
ұйымдастыру
материалдық, кадрлық және ғылыми-практикалық жағдайлардың болуын талап
етеді. Білім беру ұйымдарында мүмкіндіктері әр түрлі балалардың торлық
құнды жеке бастық өзін-өзі танытуына және олардың жалпы білім беру
ұйымдарындағы бағдарламаларды толық құнды меңгерулеріне мүмкіндік
беретін бейімдеуіш ортаны құру қажет.
Мектепте мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқуына және дене
тұрғысынан қолжетімділікке арналған қажетті техникалық жағдай құрылуға
міндетті: қимыл-қозғалыс бұзылыстары бар оқушыларға арналған арнайы
құралдар, құрылғылар, мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту үдерісін
материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік жарақтандырудың ең төменгі
нормативтік талаптарына сәйкес
заманауи көмекші құралдар, көрнекі
дидактикалық материалдар.
Балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз ететін
дефектолог мұғалімнің, педагог-психологтың, логопед мұғалімнің және басқа
да мамандардың кабинеттері түзете дамыту құралдарымен, оқыту
құралдарымен (оның ішінде техникалық),
арнайы оқу-әдістемелік және
дидактикалық әдебиеттермен жабдықталуға міндетті.
Мүмкіндігі шектеулі білім алуда ерекше қажеттілктері бар баланы оқыту
мазмұнын қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымының кітапханасы арнайы
білім беру және түзете дамыту бағдарламаларымен, арнайы әдістемелік және
оқу әдебиетімен жабдықталады.
Қолдау қызметінің жұмыс істеуі және дамуы үшін балаларды сүйемелдеу
тұжырымдамасын және кәсіптік реттелген өзара әрекеттенуді қамтамасыз
ететін ұймдасқан құрылымды құру қажет болады. Бұндай құрылымға мектептік
психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум жатады.
9