Талас ОМаРбеКОв,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан
тарихы кафедрасының меңгерушісі, профессор,
ҰҒа Құрметті академигі
Бөкей хан
Қазақ тарихында Бөкей атанған тарихи тұлғаларды шатастырып алатындар бар. Алғашқы
Бөкей хан ол, Ә.Бөкейхановтың төртінші атасы, кезінде ташкентті билеп, Есім ханның
қолынан қаза тапқан тұрсын ханның немересі, Барақ ханның баласы болып келеді. Бұл өзі
жеке баяндалатын тарих. Ал келесі, біз әңгімелейін деп отырған Бөкей (суретті салған ав-
тор – т.О.), 1812-1815 жылдары Бөкей Ордасының ханы атанған тұлға. Ол әйгілі Әбілқайыр
ханның немересі, Нұралы ханның ұлы болып табылады. Бөкейдің тарих сахнасына
шығуы Кіші жүзде жайылымдық жерлердің тарыла түсуінен, жергілікті халықтың тұрмыс
жағдайының әлсіреуі салдарынан елде қалыптасқан ауыр ахуалмен тығыз байланысты.
Қарауындағы өзіне сенген халықтың
қамын ойлаған ол, патша шенеуніктерімен
жақсы қарым-қатынастарын және Кіші жүздегі
Айшуақ ханға ақыл айтатын Хан кеңесінің
төрағасы екендігін пайдаланып, олармен
кездесуде осы мәселені көтерумен болды.
Осындайда онымен әрқашан достық қатынаста
болып келген Астрахан казак әскерлерінің
командирі, полковник П.С.Попов оған
Жайық пен Еділ арасындағы бұрын ноғайларға
қараған, кейініректе қалмақтардың қарауына
өткен, ал олардың үлкен бөлігі шығысқа қоныс
аударған соң, 1771 жылдан бері шын мәнінде
иесіз жатқан алқапты қазақтарға беруді пат-
ша ағзамнан өтініп сұрау туралы кеңес берді.
Қисынды логикаға негізделген бұл ақылды
қабыл алған Бөкей сұлтан Кавказ линиясының
командирі, өзімен тығыз байланыс ұстап кел-
ген генерал-лейтенант К.Ф.Кноррингке хат
жолдап, одан өзінің жаңа жайылымдық жер
сұраған өтінішін императорға жеткізуді өтінді.
Ол сұлтанның өтінішін жеделдете Ресей аста-
насына жеткізді. Жауап көп кешікпеді. Арада
бір ай өткен соң, яғни 1801 жылдың 11 на-
урызында император І Павел К.Ф.Кноррингке
Бөкей сұлтанды қол астындағы қазақтарымен
Ресей қол астына қабылдау және олардың
көшіп-қонуларына арнап Жайық пен Еділ
арасындағы Нарынқұм төңірегіндегі аймақтан
жер бөліп беру туралы тапсырма берді.
Иә, көріп отырғанымыздай, орыстар
қазақтардың Нарынқұмға көшіп барулары
оларды орыстандыруға жол ашады деп те ой-
лады. Алайда бұл ой қисынсыз болып шықты.
Жайық асып, ішке көшіп келген қазақтарды
Бөкей орыстардың билігіне бере қойған жоқ.
Оларды ол, ғасырлар бойы қалыптасқан
дәстүрлі хандық билік жүйесімен өзі басқарды.
Ол Каспий жағасында Дамбай деген жерде
хан ордасын орнықтырды. Мұнда исламдық
ұстанымдар үстемдік алды. Үлкен мешіт са-
лынды. Орыстар мешітті бұрынғы Ақмешіт деп
аталған мешіттің іргетасына қайта тұрғызуды
ұсынды. Мұның өзі отаршылдардың ойынша
«жабайы қырғыз дарды тыныштандырып,
орыстармен жақын даса түсуге» көмектесуі
тиіс еді. Сондай-ақ аймақтағы сауда-саттықты
жандандыру, қазақтардың малдарын астыққа
айырбастап алуларына мүмкіндік беру үшін
Ахтүбе өзеніне жақын маңнан жаңа базар
ашылды. Алайда патшалық биліктің Кіші
жүздегі хандық басқару мәселесіне жергілікті
халықтың пікірін ескермей араласуы Кіші жүз
аймағында, соның ішінде Бөкей Ордасында са-
яси ахуалды ауырлатып жіберді. Кіші жүз ханы
қартайған Айшуақтың тақтан өз еркімен бас
тартып, өзінің орнына ұлы Жантөрені хан сай-
лауды орыс билігінен өтінуі және нәтижесінде
орыстардың қолдауымен Орынбор маңында
1805 жылы қыркүйекте Жантөренің хан болып
сайлануы, оған көптеген Кіші жүз сұлтандары
мен рубасыларының қатыспай қалулары ел
арасында наразылық туғызды. Қазақтың игі
жақсылары қалыптасқан дәстүр бойынша
хан тағына Айшуақтың ұлдары емес, Нұралы
ханның ұлдары отыруы керек деп есептеді.
Бұл жағдайды хан тағынан дәмелі Қаратай
Нұралыұлы, яғни Бөкейдің туған бауыры пай-
даланып қалуға күш салды. Оның Жантөреге
қарсы әрекетін бірқатар Кіші жүз рулары
қолдады.
Осы тұста хан кеңесінің төрағасы болған
Қаратайдың бауыры Орман сұлтан да
Жантөреге жаулық бағыт ұстанды. Сұлтандар
деңгейінде орын алып отырған бұл жанжал
орыс билігіне ұнамады. Өйткені Қаратай мен
Орман сұлтан бастағандардың іс-әрекеттері
шын мәнінде орыстардың саясатына қарсы
бағытталған еді. Өздерінің дегені болуы үшін
орыстар енді Бөкей сұлтанның сұлтандар
арасындағы беделін пайдаланып қалуды
көздеді. Бөкей Кіші жүз сұлтандары арасын-
да жасы жағынан ең үлкені және жікшілдік
жанжалдарға араласпаған абыройлысы да
еді. Осындай мақсатпен Орынбордың әскери
губернаторы Г.С.Волконский 1807 жылы
17-шілдеде Бөкейге арнайы хат жазып, одан
Қаратай мен Орман сұлтандарды Шерғазы
ханмен татуластыруды өтінді. Алайда осы хатта
орыстардың Бөкейдің бауыры Қаратайға деген
жаулық ұстанымы ашық айтылғандықтан,
Бөкей бұл істе белсенділік көрсете қойған
жоқ. Ақырында орыс билігінің Қаратай мен
Жантөрені татуластырмақ болған әрекеті
нәтижесіз аяқталып, 1809 жылы қарашада
Қаратай бастаған сұлтандар мен батырлар
Жантөре ханды өлтіріп тынды. Осы қанды
оқиғадан соң Кіші жүздегі қазақ қоғамын
билеушілер негізінен екіге бөлінді. Бөкей
әрине, Айшуақтың балаларының емес, өзінің
бауыр ларының, яғни Қаратайды жақтаушы-
лардың жағында болды. Мұндай күрделі
ахуалда орыс билігі жағдайды тұрақтандыруға
шын мәнінде дәрмәнсіз еді. Негізінде орыс
билігі қазақ жерінде хандық басқаруды жойып
жіберуге мүдделі болды.
Алайда бұл қазақтардың тегеурінді
қарсылығын туғызатын еді. Сондықтанда Пе-
тербор сарайындағылар бұл мәселені біршама
ұзақ талқылады. Нәтижесінде Ресейдің ішкі
істер министрлігі 1810 жылдың 25-сәуірінде
Кіші жүзде жаңа хан сайлау туралы шешім
қабылдап, бұл туралы қазақ даласын кеңінен
хабардар етуді астанаға барған Орынбор әскери
губернаторына тапсырды. Алайда мәселені
талқылау барысында Кіші жүзде екіге бөліну
айқын байқалды. Тамыз айында Ембіден ары
қарайғы Сыр бойы қазақтары бұрын өлтірілген
хан Жантөренің туған бауыры Шерғазы
Айшуақұлының бастауымен Орынборға қарай
жылжып, одан жүз шақырымдай қашықтықтағы
Елек өзені маңына келіп тоқтады. Ал Нұралы
ханның балаларын жақтайтын екінші топ
атақты Бөкей Нұралыұлының бастауымен
Астрахан даласынан бері жылжып, жолшы-
бай қазақ даласындағы өздерінің туыстары
Қаратай Нұралыұлын және т.б. қосып алып,
Орынбор төңірегіне келді. Алғашқылардың
ханды өлтірген кейінгілерге деген жаулық
көзқарастары айқын байқалып тұрды. Ал енді
Орынбор төңірегіне хан сайлау үшін көшіп
келген қазақтардың жалпы сандары он мың
адамға жетті. Орынбордың әскери губернаторы
Г.С.Волконский көшіп келгендер басшыла-
рымен екіжақты келіссөздер жүргізіп, оларды
өзара татуласып, орталарынан бір ғана хан
сайлауға көндіруге күш салды. Алайда Шерғазы
сұлтанның тобы мұндай үгітке көнбей, Бөкей
сұлтан бастаған қазақтардың шын мәнінде
Жантөре ханды өлтірген, қолын қанға малған
Қаратаймен сыбайлас екендіктерін алға тарт-
ты. Жағдайдың ауырлығын байқаған Орынбор
әскери губернаторы жауласушы екі жақтың
Осы тұрғыдан алғанда мемлеке ті-
міздің жаңа уақыт арнасында дамыған
әлем елдерінің қатарынан көрінуіне Ата
Заңы мыз – Қазақстан Республикасы
Конс титуциясының да қосып келе жат-
қан үлесі аз емес, әрине. «Бе рекесі кеткен
ел, суы ашыған батпақ көл» деп ұлы Абай
атамыз айтқандай, берекенің бастауы –
тұрақтылықта, татулық пен келісімде.
Сол себепті де Конституция –
мемлекеттілігіміздің берік негізі. Рес-
публика халқы үшін оның шекарасы,
Әнұраны мен Елтаңбасы қандай қастерлі
үғымдар болса, Ата Заңымыздың да
қадірі мен қасиеті де сондай болуы тиіс.
Ата Заңын сақтаған ел, Конституция
баптарын жетік біліп, заңмен өмір сүрген
қоғам өз дамуында үлкен жетістіктерге
жете біледі. Мұны біз дамыған мемле-
кеттер тарихынан жақсы білеміз. Мем-
лекет те, қоғам да біртұтас болғанда ғана
арман-мақсаттарға, биік мұраттарға қол
жеткізетініміз сөзсіз. Демек, оның не-
гізінде азаматтардың құқықтық са на сы-
ның қалыптасуы жатыр.
Кейбір саясаттанушылар, ға лым дар
ұлттық идеологияның қа жет тігі жайында
сөз қозғағанда ұлттық құндылықтардың
қайнар бастауларын, соған тірек бола-
тын ұғымдарға арқау сүйеу керектігін
айтса, өзгелері бұдан өзге де мәселелерді
алға тартып жатады. Әлбетте, аталған
дүниелердің барлығы да маңызды, бірақ
олар қоғамның тұтастығына кері әсерін
ҚазаҚстан Республикасының конституциясына – 20 жыл
Өшпес даңҚ
А
қпараттар ағыны
А
қпараттар ағыны
Әзірлеген ақбота ИСлӘМбеК
байҚау
«Тіл мәртебесі–ел мәртебесі»
Абай бейнеленген монета
бәРекелді!
ҚұРмет
өнеР
театР
игі іс
Құрметті профессор атағы берілді
Цирктің салтанатты шеруі
Жаңа қойылым сахналанды
Сыйдың төресі – кітап
білім көкжиегі
кеШегіге талдау,
ертеҢге ҰМтылыС
нәтиЖелі іСтер
атқарылды
туған торғай, қала торғай, қарт торғай,
Көкірегің көне сырға неткен бай.
Мен де аналық құшағыңда ерке өстім,
Сенің жомарт пейіліңнен шет қалмай... – деп
атақты ақын Ғафу Қайырбеков жырға қосқандай,
торғай өлкесі азаматтарының Ұлы Отан соғысы
жылдарындағы елін қорғаған ерлік істері мен
тылдағы еңкейген кәрі мен буыны қатпаған
жастардың ерен еңбегі туралы бір үзік сырды
оқырман қауым назарына ұсынғанды жөн көрдім.
Қай кезеңде де жаңа істі қолға алмас бұрын кешегіге шолу
жасаған артық етпейді. Осы ретпен қарағанда 2014 – 2015 оқу
жылын Ақтөбе облысындағы білім беру ұжымдары біршама
табыстармен қорытындылады. Мектепке дейінгі 570 мекемеде
43800 жуық бала тәрбиеленді. Соңғы үш жылда мектептерде
мемлекеттік тілде білім алатын шәкірттер саны бес мыңға ар-
тып, барлық мектептердің 64,5 пайызы бірыңғай қазақ тілінде
оқытуы – егемен еліміздің керегесі нығая түскеніне дәлел.
Батыс Қазақстан облысында 2015-2016 жаңа оқу жы-
лында 391 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін
мектептер жұмыс жасап, оларда 90 мыңнан астам оқушы
білім алмақшы. Болжамды мәлімет бойынша 1-сыныпқа
11 мыңнан астам оқушы қабылданады деп күтілуде.
Елбасының атынан 1-сынып оқушыларына 1-қыркүйекте
салтанатты түрде «Менің Отаным – Қазақстан» кітабын та-
быс ету шарасы ұйымдастырылмақ.
Оқу жылына әзірлік те ойдағыдай ұйымдастырылды.
Жанат САМҰРАтОВА,
Ақтөбе облыстық білім
басқармасының басшысы
зәуре ГУМАРОВА,
Батыс Қазақстан облыстық
білім басқармасы
басшының орынбасары
Төрт жылға созылған қанды қырғында
Торғай ауданының әрбір үшінші тұрғыны
қолына қару алыпты. Менің атамекенім
– Шұбалаңдағы «Төңкеріс» колхозының
да 71 азаматы елін қорғауға аттанған екен.
Торғайлық жауынгерлердің тең жарымы
майдан даласынан қайтпай қалған болса,
Шұбалаң ауылына да он сегіз майдангер ғана
жеңіспен оралыпты...
л е н и н г р а д қ а л а с ы н қ о р ғ а у ғ а 2 1 3
торғайлық жауынгер қатынасса, олардың
қатарында менің аталарым бөлімше командирі
– Н.Әбілев,саяси жетекші Е.Досановтар
да болды. Сталинград шайқасында 105
торғайлық ерлікпен қаза тапқан болса,
Ғ.Төлебаев, С.Темірханов секілді әкелеріміз
фашистерді Еділден өткізбеу үшін болған
қанды шайқастағы ерліктері үшін үкімет на-
градаларына ие болды. Ал С.Ділдәбеков осы
Сталинград шайқасында ауыр жарақаттанып,
Қазан әскери округінде әскери қарсы бар-
лау саласында қызметін жалғастырды. Ол
кісі кейін Қостанай облысының Ұзынкөл,
Обаған аудандарында, Қостанай қаласында
осы салада ұзақ жыл жемісті еңбек етіп, пол-
ковник лауазымына ие болды. Ал Торғайда
тәлім-тәрбие алған генерал-полков ник
Ғ.Сафиуллин Курск шайқасында гвардиялық
атқыштар корпусын басқарып, соғыстан
кейін Татарстанның әскери комиссары
елбасы 100 нақты қадамнан тұратын Ұлт Жоспарында
Қазақстанның әлемдік нарыққа шығатын жолы, ше-
телдерге өнім экспорттау мәселесіне, осы мақсаттағы
отандық экономиканың әлеуетін арттыруға айрықша мән
берген болатын. бұл орайда, Қазақстанның Дүниежүзілік
сауда ұйымына мүше болуы, әрине, еліміздің, ең алды-
мен, әлемнің мүмкіндікке толы алып нарығына кедергісіз
енуіне жол ашады. біздің өнімдеріміз әлемдік нормалар-
мен сәйкестендіріледі деген сөз. ендігі мәселе, сапа мен
бәсекеге байла нысты болып тұр.
Меніңше, Қазақстан әлемдік нарыққа дәстүрлі ауыл-
шаруашылығы өнімдерін ұсына алады. Бірақ, біз аграрлық
саладағы мәселелерді шешіп алуға тиіспіз. Ең алдымен,
еңбек өнімділігін арттыру, сапа мәселесіне көңіл бөлу қажет.
Ет, сүт, бау-бақша дақылдарына жаңа технология ларды
енгізу, өндірістің тиімділігін арттыру міндеті тұр. Сонымен
бірге, сала кадрларын жетілдіру, жаңалықтарды енгізу, жерді
тиімді пайдалану мәселелерін шешу арқылы көп жетістікке
жол ашатынын түсінуге тиіспіз.
Осы орайда Атырауға болашақта үлкен мүмкіндіктер
ашылатынын атап өткім келеді. Көп ұзамай Атырауда
мұнай, газ-химия кешені жұмыс істейтін болады. Бұл
кешен – әлемнің жаңа технологияларын жинақтаған
орталық болмақ. Кешеннің қолданысқа енуі – еліміздің
экономикалық, әлеуметтік тұрғыда дамуына жол ашады.
Бірақ, біз дәл осы тұста кадр мәселесіне ерекше мән беруге
тиіспіз. Отандық экономикаға білікті мамандар керек. Істің
тиімділігін құнттайтын кадрлар қажет болады. Рас, дәл
осы мәселеде Атырау мұнай және газ институтының жаңа
басшылығы тарапынан көптеген жұмыстар атқарылып
жатыр. Болашақта мұнай, газ-химия кешеніне қажетті ма-
мандарды дайындауға осы институт тікелей араласады деген
сенім бар. Бірақ бүтін облыстың экономикасын бір кешен-
мен ғана байланыстыруға болмайды. Сондықтан ғылыми
жаңалықтарды айналымға енгізетін креативті, жаңаша
ойлайтын мамандарды даярлау мәселесіне жете мән беруге
тура келеді.
Дүниежүзілік сауда ұйымы нарықтық қана емес, еркін
еңбек қатынастарына да жол ашады. Бұл интеграциялық
жағдайда елімізге енді әлемнің түкпір-түкпірінен сау-
атты мамандар келе бастайды деген сөз. Қазақстанның
шикізаттық тұрғыда тартымды ел екендігін ескерсек, енді
бізге кадр мәселесінде өз еліміздің шеңберімен шектеліп
қалуға болмайды. Бір ғана Еуразиялық экономикалық одақ
аясында 1600 жоғары оқу орны бар екен. Бұл ендігі жерде
жастарымыздың әлемдік деңгейде білім алуына жағдай жа-
сау қажеттігін көрсетеді.
бақтыбек ТаУбаев,
ауылшаруашылығы ғылымының
докторы, профессор
АТЫРАУ
А
пта айшықтары
А
пта айшықтары
Әзірлеген ақбота ИСлӘМбеК
8 (727) 394-41-30
елбасы
кездесу
басҚосу
елбасы Ұлттық банк төрағасы Қ.Келімбетовті
қабылдады. Кездесу барысында Қ.Келімбетов
елдің қаржы секторы мен банк жүйесінің ахуалы
туралы баяндады.
Мемлекет басшысы күрделі экономикалық
жағдайға байланысты көп нәрсе Ұлттық банктің
жұмысына, сондай-ақ мемлекеттің ақша-несие
саясатына тәуелді екенін атап өтті. «Бюджеттің
жағдайының нашарлауына, барлық экспорттық
тауарларымызға бағаның төмендеуіне бай-
ланысты Ұлттық банктің жұмысын жоғары
біліктілікпен жүргізуі аса маңызды» деп атап өтті. Қ.Келімбетов
биылғы қаңтар мен маусым аралығы кезеңінде инфляция 1,4 пайызға
тең болғанын, бұл ретте жылдық инфляция 3,9 пайыз екенін айтты. Ел-
басы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Елбасы «Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық
компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы
Ахметжан Есімовті қабылдады. Кездесуде Мем-
лекет басшысы «ЭКСПО – 2017» халықаралық
к ө р м е с і н е д а й ы н д ы қ а я с ы н д а ұ л т т ы қ
компанияға зор жауапкершілік артылатыны-
на назар аударды. Межеленген міндеттердің
ауқымдылығын айта келіп, оларды дер кезінде
және сапалы жүзеге асыру қажеттігіне баса
мән берді. Ахметжан Есімов алдағы кезеңге
арналған жоспарлар туралы баяндап өтті.
елбасы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге
Тяньцзинь қаласындағы химия зауытында болған жарылысқа байланысты
көңіл айту жеделхатын жолдады.
Жеделхатта химия зауытындағы жарылыс салдарынан көптеген
адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы хабарды Мемлекет
басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. Нұрсұлтан
Назарбаев орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, жеке өзінің және
барша Қазақстан халқының атынан ҚХР Төрағасына, сондай-ақ, қаза
болғандардың туған-туыс та рына көңіл айтты. Соңында Елбасы зардап
шек кендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
***
елбасы Қазастан Республикасы Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат
Мәмиді қабылдады. Кездесуде сот жүйесін «100 нақты қадам – баршаға
арналған заманауи мемлекет» Ұлт Жоспары аясында реформалау шара-
лары және республика соттарының 2015 жылдың бірінші жартысындағы
жұмыс қорытындылары талқыланды.
Қазақстан Президенті осы саладағы жаңа кодекстердің қолданыла
бастауын және бас бостандығынан айыруды мемлекетке келген
зиянның орнын толтырумен алмастыратын қамауға алуға балама
шаралар мен жазаларды мейлінше кеңінен қолдануды қоса қамтитын
реформалардың оң ықпалын атап өтті. Осы орайда барлық құқық
бұзушылықтарды тіркеу ауыр қылмыстардың санын азайтуға септігін
тигізгеніне назар аударды. Жоғарғы Сот төрағасы республикада сот
төрелігін жүзеге асырудың өткен жартыжылдықтағы қорытындылары
сапа көрсеткішінің тұрақтылығы мен істі қарау мерзімінің сақталып
отырғанын көрсететінін айтты. Қ.Мәми Жоғарғы Сот реформаны
жүзеге асыру, соның ішінде үш буынды сот жүйесіне көшу тұрғысынан
рет-ретімен жүргізілетін шаралар атқарылғанын тілге тиек етті. Мемле-
кет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма
берді.
аймақтарға сапар аясында Парламент Сенаты Төрағасының орын-
басары Қайрат Ищанов, сенатор Сәрсенбай еңсегенов және Мәжіліс
депутаты Жалғас Дүйсенғалиев атырау облысындағы Мақат және
Махамбет аудандарының тұрғындарымен кездесіп, нақты сектордың
кәсіпорындарын аралады.
Депутаттар Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол» жаңа
экономикалық бағдарламасында белгіленген міндеттерді іске асыру
жөніндегі Парламенттің заң шығару қызметінің бағыттары туралы
әңгімеледі және бес институттық реформаны жүзеге асырудағы «100
нақты қадамның» негізгі мәселелеріне назар аударды. Парламент Се-
наты Төрағасының орынбасары экономиканы дамытудағы, әлеуметтік
саланы өркендетудегі сапалы көрсеткіштерге қол жеткізудегі Аты-
рау облысының әлеуетін атап өтті. Ауыл тұрғындары Қазақстан
Президентінің Жолдауы мен институттық реформаларға қолдау
білдіріп, оны табысты жүзеге асыруға әзір екендіктерін жеткізді.
Кеше ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова 2015-
2016 жаңа оқу жылының қарсаңында еліміздің білім беру жүйесінің
қызметкерлері – ауыл мұғалімдерімен, жаңашыл педагогтармен,
педагогикалық және ғылыми мекемелер жетекшілерімен кездесті.
Кездесу барысында Г.Әбдіқалықова еліміздің 30 дамыған мем-
лекеттердің қатарына енуінде білім берудің рөлі жоғары екенін атап
өтті.
Сонымен қатар Мемлекеттік хатшы «100 қадам» Ұлт Жоспарының
аясындағы білім жүйесін жаңғыртудың осы кезеңінің басты
айырмашылығы – экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы
елдерінің стандарттары негізінде адами капиталдың сапасын көтеруге
мән беру қажеттілігіне тоқталды.
Ұлттық банкке жүктелер міндет зор
«ЭКСПО – 2017» – ел мерейі
Көңіл айту жеделхатын жолдады
Келелі әңгіме тақырыбы – сот реформасы
Кәсіп түбі – нәсіп
Жаңа оқу жылы қарсаңында
тигізбес үшін бұл мәселелердің шешімі
Конституцияда белгіленген құқықтық
қағидаларға негізделе отырып шешімін
табуы тиіс екені сөзсіз. Сол кезде халық
қабыл данған қағидалардың жүзеге асы-
ры ла тындығын көзбен көріп, оларға
деген риясыз сенім қалып
тасады.
Осы тұрғыдан қоғам да ғы, әлеуметтік
ортадағы түрлі құқық бұзушы лықтардың
Ата Заң негізінде қалпына келтірілуі,
әділеттілік табуы және соңғы әлеуметтік
сауална ма ларға сүйенсек, халық ара-
сында сот билігіне деген сенімінің артуы
Конституциямыздың арқасында мүмкін
болып отырғанын, оның халықтың әл-
ауқатын жақсартуға да өз септігін тигізіп
жатқанын ерекше атап өткіміз келеді.
Дегенмен, Конституция өзінің
мүмкіншіліктерін толығымен пайда-
ланды деуден аулақпыз, өйткені адам-
ды, оның өмірі мен құқықтарын басты
құндылық деп тану жаппай орын алған
кезде ғана Конституцияның бірінші
басты қадамы жүзеге асырылды деуге
болады. Қазіргі қоғамда азаматтардың
өз құқықтарын жетік білмеуі немесе
өзгелердің құқықтарын бұзу сияқты
көріністер де кездеспей тұрмайды. Де-
мек, Конституция әлеуметтік қарым-
қатынастардың түрлі деңгейінде
әртүрлі қолданыс табуда деп тұжырым
жасауымызға болады.
Шетелдердің тәжірибесіне зер
салсақ, онда көп жылдар бойы қоғамдық
санаға құқықтық құн ды лық тарды сіңіру
шаралары атқа ры лып, нәтижесінде
ол оңтайлы шешімін тапқан бола-
тын. Мәселен, Франция елінде әрбір
қоғамдық ұйым кіре беріс есігінің
үстіне: «Еркіндік. Теңдік. Ағайындық»
деген ұранды орнатып қойған. Фран-
цуздар үшін бұл ұран мақтаныш болса,
шетелдік азаматтар үшін бұл ұран фран-
цуз елінің тарихы мен құндылықтарына
құрмет сезімін туғызады. Дәл осындай
көрініс біздің елімізде де орын алуы
үшін, Конституциямыздың мәртебесін,
тұғырын көтеріп, адамды басты
құндылық ретінде бағалау, сол түсінікті
берік қалыптастыруға қол жеткізу үшін
құқықтық қағидаларды қоғамдық санаға
терең сіңіруіміз қажет. Бұл, сөзсіз, аза-
маттар арасында құқықтық білімнің
жоғарылауына жол ашады.
Кезінде қазақ даласында болған «Есім
ханның ескі жолы», «Қасым ханның
қасқа жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғы»
тәрізді құқықтық-тарихи құндылықтар
заңгерлер мен тарихшылардың ара-
сында ғана талқыланып қоймай, соны-
мен қатар ол бүгінгі Ата Заңымызбен
байланыс тырыла отырып жастардың
арасында, студенттер мен оқушылардың
арасында, қоғамдық ұйымдар арасында
да тағылымды әңгімелердің арқауына
айналып отырса, құба-құп болар еді.
Мұндай мәселелерді Қазақ хандығының
550 жылдығын атап өту аясында қолға
алуымыз қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |