«Әркімнің өз қылығы өзіне жөн» Биыл 37000 Бүлдіршін



Pdf көрінісі
бет10/10
Дата15.03.2017
өлшемі4,38 Mb.
#9876
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Әділет ОРЫНбаСаРОв

Батыс Қазақстан облысы

мен романстары қазақ 

м у з ы к а с ы н ы ң   а л т ы н 

қорынан лайықты орын 

алды. Көптеген спектакль-

дер мен кинофильмдерге 

музыка жазды. 

Талантты өнер ие-

сінің  шығарма шы лық  ең-

бегі лайықты ба ғаланды. 

«Парасат», «Халықтар 

достығы»  ор дендерімен 

ма рапатталды. 

Дара  дарын  ие сі нің 

өнегелі өмірі, жұрт шылық 

көңілінен орын тепкен шығар малары ел 

жадында мәңгі сақталады. 



«Қазақ газеттері» ЖШС

және Серіктестікке қарасты 

басылымдардың еңбек ұжымдары 

жылы жүзді, жаны жаз-

дай, көңілі көктемдей 

Аида балаларының шын 

қамқоры,  асыл анасы 

да бола білді. Амал не, 

ұзаққа созылған аурудан 

соң мейірімсіз ажал оны 

2014 жылғы 12-қарашада 

арамыздан мезгілсіз алып 

кет ті. Бұл суық хабарды 

естігенде оны білетін 

адамдардың ішінде аһ 

ұрып аңырамағаны аз 

еді. Әсіресе, балаларына, 

анасы Роза мен бауырларына өте ауыр 

болды. Бірақ не істей аласың?! 

Роза әпкеміз бен марқұм Тұрсын 

ағамыздың балаларының ішіндегі 

айрықшасы еді ғой қайран Аида. Ақылды 

еді, білгір еді, қайырымды еді, көпшіл 

еді, қарапайым еді, адамгершілігі мол 

еді. Қашан көрсең де күндей күліп 

жүретін, әр нәрсенің жөнін біліп жүретін, 

өзгелерден қолынан келген көмегін 

аямайтын, балаларын алақанға салып 

аялайтын. Міне, сондықтан да оны ел 

құрметтеді, халық сыйлады, әріптестері 

төбесіне көтерді.

Жүзіңнен күлкі кетпеуші еді,

Өзіңе адам жетпеуші еді.

Сенімен ашылып сөйлескен жан,

Жақсылыққа ғана беттеуші еді.

Жаныңның жапырағы жасыл еді,

Бойыңдағы қасиетің асыл еді.

Ұрпақ өсіріп, қызметің өрлегенде,

Көңілің көк теңіздей тасып еді.

Халыққа сыйлы болдың шынымен,

Ала таңнан сақшылықта тұрып ең.

Балаларды жеткізсем биікке деп,

Тыным алмай, еңбектеніп жүріп ең.

Мінезіңмен айналаңды көркем еттің,

Амал не, мына өмірден ерте кеттің,

Аңыратып ана, бала, бауырларды,

Мәңгілік оралмайтын жерге кеттің.

Шалқысын енді пейіште нұрың,

Кетер ме естен биязы үнің.

Ұмытпайды өзіңді ел-жұртың мен

Анаң, бауырларың, ұл мен қызың!

берікбай ҚаДЫҚОв

Мың даған жазықсыз жанның қаны судай 

төгілді... 

Бұрынғы қазақ байлары туралы 

жазылған, автордың айтуынша, циклді 

әңгімелері мен повестері өз алдына бір алу-

ан дүние деуге болады. Жазушының пайым-

дауында байлар халықтың генофондысы, 

экономикалық тірегі, шаруашылықты 

жүргізудің сұңғыла шебері, білгірі деп 

түсінеді. 62 түлкінің терісінен байыған 

Тарпаң кедейдің атақты Тарпаң бай ата-

нуы, 12 жасынан Бозша байдың қозышы 

болған жетім бала Тәпеннің қой бағудың 

асқан шебері болып, кейін тұтас бір өңірдің 

Шопан Атасына айналуы, бір қоңыр бас 

саулықтан бір отар қой өргізуі, жеті жұттан 

аман шығуы айтуға оңай. Сөйткен Тәпен, 

еңбектің ерен үлгісін көрсеткен Тәпен 

кедей, Тәпен бай Кеңес тұсында, әсіресе, 

голощекиндік қуғын-сүргінге ұшырап, 

атамекенінен босып кетуге бекінеді. Бұл 

– шытырман оқиғалы, драматизге толы 

«Торшаның түлейінде» атты повесьтің бас-

ты кейіпкерінің трагедиясы.

Бүкіл ел білетін Саламаттың Сар-

басы байлығымен емес, сақилығымен, 

жомарттығымен, мырзалығымен аты 

шыққан қазақтың көзі ашық, көңілі 

ояу азаматы болатын. Ол екі рет Ібір-

Сібірден, айдаудан аман қалады, 37-нің 

екінші толқынынан да құтылып, елуінші 

жылға дейін өмір сүрген. Алты Алашқа 

аты шыққан бай, мырза Саламаттың Сар-

басынан көк есекті Майлан Сарбасқа 

айналған байдың өмір жолы жазушының 

«Күн ашыққа батты» атты повесінде су-

реттелген. Оттан да, судан да, кеңестік 

қудалаудан да аман қалуының басты себебі, 

«Жақсылыққа жақсылық әр адамның ісі, 

жамандыққа жақсылық ер адамның ісі»...

елге жақсылығы тиген Атымтай Жомарт еді 

ғой ол» деп түйіндейді автор.  

Жазушы Тәжібай Жанаевтың көркем 

әңгімелерін де өз алдына арнайы сөз ету-

ге болады. Әңгімелері психологиялық, 

р о м а н д ы қ   с и п а т т а   к е л е д і .   Ә р и н е , 

а в т о б и о г р а ф и я л ы қ   э л е м е н т т е р   д е 

кездеседі. Әсіресе, «Соңғы жеті шақырым» 

атты әңгімесі соғыс атаулы жеңгенге де, 

жеңілгенге де бақытсыздық әкелетінін бүкіл 

әлемге паш етеді. «Үміт оты» (1974) атты 

әңгімесінен, Олесь Гончардың «Собор» 

романымен орайлас жазылған, кеңестің 

кейбір озбырлық саясатына қарсылық 

байқалады. «Балақай» атты әңгімесі адам 

мен оны қоршаған ортаның өзара байла-

ныста екенін, бүкіләлемдік тепе-теңдік 

құбылыстың табиғи заңдылық болаты-

нын көрсете келіп, басты кейіпкерінің 

қарапайым арбакештен атақты суретшіге 

дейін өсу жолын нанымды көрсете білген. 

Қаламгердің «қазақи әңгіме» үрдісіндегі 

«Құрмет шайы», «Жол үстінде», «Ағыбай 

батырдың екі өкініші», «Әшірдің көлі», 

«Алтын бақан», «Анзордың көз жасы» атты 

әңгімелері де ұлттық нақышқа бай, қазақи 

бояуы қанық туындылар болып шыққан. 

 Министрліктің тапсырысы бойын-

ша шығарылған автордың «Соңғы жеті 

шақырым» атты әңгімелер жинағындағы 

алғашқы әңгімесі «Арман қанатында» атты 

альманахта жарияланғанда, атақты жазу-

шы Бердібек Соқпақбаевтың назарына 

ілінген болатын. 1998 жылы интеллектісі 

биік, аса білімді жазушы-драматург Аман-

тай Сатаев еларалық апталық «Қазақ елі» 

газетіндегі мақаласында Тәжібай Жанаев 

шығармашылығы туралы ағынан жарыла: 

«Тәжібай Жанаев – біздің әдебиетіміздің 

еңбеккер сардары, рухани талғамы биік, 

көп жылдар редактор болып қаламын 

ұштаған стилист, аудармамен айналысып, 

көркемдік көгінде көпті көрген танымал 

қаламгер» деп жазыпты. Айтса, айтқандай, 

оның баспагерлік, аудармашылық іс-

қызметі көпшілікке белгілі: кеңестік 

дәуірдің айтулы «Жас гвардия», «Құрыш 

қалай шынықты», «Волокалам тас жолы» 

сияқты романдардың ол соңғы редакторы 

болды. Аударма саласында үш толық мет-

раж ды көркем фильм мен Р.Акутагава, 

У.Санди, Ч.Мунгоши, Ф.Ат-Теккерли, 

А.Сантос, В.Римкявичюс, К.Паустовский, 

В.Катаев және т.б. әңгімелерінен басқа 

Н.Вороновтың «Пілге үйір бір бала» атты 

повестері мен әңгімелерін, А.Кешоковтың 

«Сынған таға», В.Панова мен Ю.Вахтиннің 

« М ұ х а м м е д   п а й ғ а м б а р д ы ң   ө м і р і » 

атты роман-эссесі сияқты кітаптарды 

тәржімалады. «Зымыран құс», «Алтын 

торба» атты ертегілер жинақтарына 

қатысып, «Қазақстан халықтарының 

ертегілері» атты кітапты өзі құрастырып, 

қазақ тіліне аударды. Ал әдеби сын 

мақалалары өз алдына бір төбе, мерзімді 

баспасөз беттерінде жарияланып тұрады. 

Кезінде орыс тілінде де жазған қаламгер. 

«Жұлдыз», «Простор» журналдарында да 

мақалалары жарияланған-ды. Бәрінен 

де оның басты тақырыбы бала тағдыры 

деуге болады. Себебі ол не туралы жазса 

да, бала проблемасына айналып соқпай 

өтпейді. Қай әңгіме, новелла, хикаятта-

рын алмаңыз, бәрінде де балалар тағдыры 

әр қырынан алынып суреттелінеді. Оның 

бала кейіпкерлері үнемі өсу үстінде, жетілу 

үстінде көрінеді. Испанияның ұлы жазу-

шысы Мигель Сервантестен дүниедегі ең 

жамандық не деп сұрағанда, «жақсылықты 

білмеу» деп жауап беріпті. Ал Қаламгер 

Тәжібай Жанаевтың бала кейіпкерлері 

жақсылықты бағалай біледі, үнемі 

жақсылыққа ұмтылады. Бұл – автордың 

шығармашылық басты кредосы.

Жұмат ТілеПОв,

филология ғылымының

докторы, профессор

Е к і н ш і   д ү н и е ж ү з і л і к   с о ғ ы с т ы ң 

басталға нына биыл 75 жыл, Ұлы Отан 

соғысындағы КСРО халықтарының 

Жеңісіне 70 жыл толуы біз үшін тек та-

рихи дата емес, бұл көңіл түбіндегі ше-

мен болып қатқан шер-қайғымыз, көл 

боп төгілген көз жасымыз еді ғой. Бұл 

соғысты әлде кімдер түрлі саққа жүгіртіп, 

саяси ойындар құралына айналдырғысы 

келеді. Біз ол кезде КСРО-ның құрамында 

болдық. Қазақстаннан бір милли-

он 600 мың адам фашизмге қарсы жан 

аямай күресті, олардың тең жартысы 

майдан даласында біз үшін, қазіргі тірі 

жүргендер үшін өмірін қиды. Осынау 

Ұлы Жеңіс бүкіл кеңес халықтарының 

бірлігі мен ынтымақтастығының, жігер-

қайратының жемісі екендігін бүкіл әлем 

мойындады. Қазақтардың әрбір отба-

сы дерлік қайғыға ұшырады. Фашизмге 

қарсы жұмсалған әрбір он оқтың тоғызы 

Қазақстанда жасалды. Тылда еңкейген 

кәріден, бұғанасы қатпаған жас балаларға 

дейін күні-түні жеңіс үшін, елі үшін еңбек 

етті. Соның арқасында фашизм тізе бүкті. 

Әсіресе, сол жылдардағы балалар мен 

қарттардың қайғылы өмірі қаламгер 

Тәжібай Жанаевтың «Періштелер жыла-

майды» атты кітабына арқау болған. Уақыт 

жағынан 44 пен 53-тің ызғарлы көктемінен 

басталатын «хрущевтік» жылымықпен 

аяқталады. Он жыл жетім балалар мен 

қасіретті қарттардың соғыс зардабы-

нан тартқан қайғы-мұңы. Бұрын-соңды 

балалар ұжымы мейлінше жан-жақты 

қамтылған қазақ әдебиетінде мұндай 

шығарма болған емес. Әрине, әңгіме қан 

майданда құрбан болған майдангерлердің 

балалары туралы болып отыр. Сол кезеңнің 

қоғамдық өмір тынысы бүкіл ел өмірінің 

хроникасындай көрінетіні шығарма шы-

райын арттыра түскен. 

Қиын-қыстау кезеңнің өзінде ел 

болашағы үшін күрескен жандардың бедерлі 

бейнелері көз алдыңнан өтеді: орыс, қазақ 

деп бөле-жармай, қазақ халқы бүкіл КСРО-

ның эвакуацияға ұшыраған балаларын өз 

балаларындай қамқорлығына алды. Бұл 

туынды – орыс ақыны Давыдовтың «дети 

роковых, пороховых, сороковых военных 

лет» дегеніндей, қырсықты қырқыншы 

жылдардың от-жалынға оранған балалық 

шағымыздың азалы реквиемі. Соғыс 

қасіретінен туындаған жоқшылық пен 

тапшылық тың азабынан 1947-1951 жыл-

дар аралығында қазақ ауылдарындағы 

күн сайын қызылшадан ондаған баланың 

қырылғаны жайлы ащы шындықта осы 

шығармада алғаш рет айқын көрсетілген. Бір 

қарағанда, қазіргі қазақ зейнеткерлерінің 

саны күрт азайғандығының да соның 

салдары екенін бүгінгілердің бәрі біле 

бермейді. Ал отбасында ақылман атасы мен 

мейірбан әжесі болмаған осы күнгі қазақ 

бала тәрбиесінің кемшін тұстарының себеп-

салдары да содан келіп туады. 

Бұл хикаяттың ұтатын тағы бір жағы 

– халықтық немесе этностық тәрбиенің 

өміршеңдігі. Автордың «әжесі» арқылы үнемі 

ән қайырмасындай орынды қайталанып 

отыратын «періштелер жыламайдысын» 

тек дәстүрлі діни сабырлыққа шақыру ғана 

емес, сонымен қатар мыңжылдық халықтық 

тәрбие элементтерімен сабақтастық деп 

қабылдауға болады. Кеңес өкіметінің 

жұрттың бәрін бірдей жаппай орыстан-

дыра алмауының басты себебін де автор 

халықтық тәрбиенің өміршеңдігінен деп 

біледі. 


Енді баланың психологиялық ерекшелі-

гі туралы айтсақ, бұлар қатаң түрде сақта-

лы нып отырады. Қаршадай қара баланың 

өсу процесі, түсінігі, өмір танымы біртіндеп 

дамиды. 7-9 жас аралығында әлеуметтік 

мәні бар мәселелерді түсінетіндігі хикаят-

та айқын көрсетіледі. Мәселен,ауылдағы 

барлық оқиғаларға куә қаршадай қара бала 

сиыршы Барсайдың дандайсыған ұжымшар 

төрағасы мен әйелін бір тәубесіне келтіруі, 

үш қадақ тары үшін қараңғы үйге (түрмеге) 

түскен нағашы ағасы, оны шығарып алу 

үшін қоржынын арқалап қуынып жүретін 

кәрі нағашысының аянышты халі, 44-те 

қуғынға ұшырап келген чешендер тағдыры, 

майданнан оралған Жақаш дүкеншінің 

партбилетінен айырылып, жалғыз сиырын 

сойып сатып, Мәскеуге Кремльге әділеттік 

іздеп баруы, жаңадан құрылып жатқан 

кеңшардың мүлкін талан-таражға салып, 

күні-түні үйінен «қонақ» кетпей, мырзалық 

құрып, ақыры маскүнем болып, прокурор 

інісі жауапқа шақыртқанда намысы оянып, 

машинадан құлап өлетін Сәндібай және т.б. 

жайттарды өз көзімен көреді. Кісі есігінде 

жүріп, талай құқайды көрген ол балалар 

үйіне түскенде, көп жайтты зердесіне тоқып 

үлгерген еді. Мұның бәрін сол кездегі өмір 

шындығы, өмір айнасы деуге әбден болады. 

Хикаяттың екінші бөлімі– балалар 

үйінің өз шындығы: сол кезге сай, бала-

лар ұжымының жай-жапсары кеңінен 

қамтылады, жырынды ұры-қарылардың 

әлімжеттігі, кейбір тәрбиешілердің дөкірлігі 

және басқа сондай көріністерге қарсы 

халықтық тәрбие, алдыңғы қатарлы 

педагогтардың ізденістері, алғашқыда Ма-

Бұл хикаятта соғыс қимылдары беріл-

мей ді, бірақ оның зардабы, салдары сурет-

те лінеді. Ғалымдардың айтуынша, соғыс 

зардабы үш ұрпақ өміріне әсер етеді екен. 

Ал Алексей Толстой 200 жыл бойы бұл та-

қырып әлі жазыла беретінін айтқан. Сол 

рас та болар, әлі күнге дейін денесінде оқ 

жарық шағы бар қаншама ардагер жүр ара-

мызда.


 Әке-шешеден айырылып, тұл жетім, 

тұлдыр жетім болғандар қаншама... Енді 

сол жетім балалардың кейінгі өмірі қалай 

қалыптасты дегенге келетін болсақ, 

деген оймен училищеге дайындық 

курсынан өтуін құп көріпті.  Содан 

К.Дүйсекеев училищеде 5 жыл, кон-

серваторияда 5 жыл оқып, өнер қуып 

жүргенде қатарластары 4-5 жылда агро-

ном, инженер сияқты мамандықтарды 

алып, ауылға келіп жұмыс істей бастаған 

еді. Сөйтіп, Алматы мен Қызылорданың 

арасын жол қылып, сабылған ұлына 

анасы бір жолы «Мына жын-перінің 

оқуын қашан қоясың» деп ұрысқаны да 

бар екен. 

1974 жылы оқу аяқтаған соң жас 

ком позитордың аты шыға бастады. Ал 

1979 жылы Республика сарайында оның 

әндері  орындалатын үлкен  концерт 

өтеді.Кешке апасын ертіп барған 

Кеңес қияли әдетіне басып,анасын 

зал дың орта тұсына отырғызады да өзі 

шет жаққа жайғасады. Апасы байдың 

тәкаппар қызы болған ғой. Сезімін 

жиі сыртқа шығара бермейді екен. 

Мақтауын да ішінде сақтайды. Содан 

концерт басталғанда сахнадан «авто-

ры Дүйсекеев» деп әнді хабарлаған 

жүргізушінің даусы естіледі. Компо-

зитор қуанып отырған шығар деп ана-

сына қараса, жүзінде ешқандай өзгеріс 

жоқ. Күйеуінің тегі айтылса да кірген 

кездегі көңіл күймен отыр. Екінші әні 

хабарланғанда ғана жан-жағына қарай 

бастайды. Үшінші ән орындалғанда 

апасына бұрылса, көкірегі көтеріліп, 

айналасына маңғаздана көз тастап отыр 

екен.Мұндайда мінезді анаға еріксіз 

күлесің.


«Концерттен қайтып бара жа-

тып сұрағанымда «жаман емес» деген 

пікірден басқа ештеңе айтпады. «Асыл 

ана» осындай алтын анама арналған 

алғашқы әнім. Бұл да 1976 жылы жазыл-

ды. Одан кейін де ана туралы бес-алты 

ән туды. Бірақ барлығында бәрібір де 

осы алғашқы шығармадағы перзенттік 

сезім көрініс табады» деп еске алады 

композитор. 



 «өКіНбе СеН»

К е ң е с   Д ү й с е к е е в т і ң   т е р е ң 

мағынаға құрылған «Өкінбе сен» 

әні де 1976 жылы туған. Тіпті сол 

уақыттарда кей жұрт осындай 

мәнді әндеріне қарап компози-

торды жетпістен асқан екен деп 

те ойлап қалған деседі.«Өкінбе 

сен» Кеңес Дүйсекеевтің шабы-

ты шарықтап тұрған 76-жылдары 

орындалып, біраз жыл ұмытылып 

қ а л д ы .   Ә н д і   к е й і н   т і р і л т к е н 

Жұбаныш Жексенұлы. Бірақ ол 

әннің «Бар қызығын өмірдің ала 

алмассың, Қуаныш боп мәңгілік 

жаралмассың, Жарқырап айлы 

түнде жұлдыздардай, Бәлкім сен  

бақыт болып жана алмассың» 

д е п   к е л е т і н   қ а й ы р м а с ы н ы ң 

соңындағы «бақыт болып жана 

алмассың» тіркесін «бақытым боп 

жана алмассың» деп қателесіп 

айтқан. Білінбестей ғана өзгеріс 

өмірлік философияға құрылған 

әнді махаббатқа бұрып жіберген. 

Шығарма негізінен дұрыс орын-

далса, адам болып туған соң адам 

болып өту керек деген ойды береді. 

Басқа әншілер де Жұбанышқа 

қарап солай қате айтады. Дегенмен, 

сәтті орындаушылықтан, сөзінің 

қуаттылығынан, әннің әсерінің 

күштілігінен тыңдаған адамға 

еріксіз ой салады. 



«ҒаШЫҚТаР ЖЫРЫ»

Расында да, бір-біріне аңсары 

ауған ғашықтарға арналған ән 1981 

жылы шыққан. Гүлдер ансамблінің 

сол кездегі директоры Ғабиден 

Тұяқбаев композиторға келіп 

«Мақпал Жүнісова мен Сембек 

Жұмағалиев атты жас әншілеріме 

жақсы бір дуэт жазып берші» деп 

өтініш жасайды. Осылайша ән әдемі 

жазылып, жастар жақсы шырқап 

шығады. Ең қызығы, Сембек 

Жұмағалиев ән танымал болғаннан 

кейін Атырауға ауылына барса, 

ондағылар «Мақпал келін қайда?»  

деп сұрапты. Мұны құдіретті 

өнердің, керемет әннің әсері деп 

айтпасқа шараң жоқ. «Ғашықтар 

жыры» Мақпал Жүнісова мен 

Сембек Жұмағалиевті үйлендіріп 

қойды»  деп күле еске алады Кеңес 

Дүйсекеев.

 «ӘКе»

Бес жасында айырылып қалған әкесі 

туралы композитор  көп уақыт бойы ән 

жаза алмаған. Әкесінен естелік сурет 

те қалмапты. Қанша тырысып бақса да 

дұрыс ән  туа қоймайды.

Қызылордада Кеңес Дүйсекеевтің 

атында музыкалық конкурс бар. 

Екі жылда бір өтеді. Туған жердегі 

сол байқаудың бірінен қайтып келе 

жатқанда ойына тосын әуен оралады. 

Ертеңіне Тұманбай Молдағалиевке 

барып әнді орындап, «Әке» деген ән 

болу керектігін айтып, сөзін жазуын 

сұрайды.

Тұмағаң «Мен де әке туралы жазғалы 

жүр едім. Сен әкеңнен бес жасыңда 

қалсаң, мен бес айлығымда қалғанмын. 

Сен ойнай бер. Мен қазір жарты сағатта 

жазып берем»  деп қуана келіседі. Ра-

сында да, жарты сағатта жазылып бітеді. 

Дегенмен, қайырмасындағы «Сенсің 

менің күйігім» деген сөз композиторға 

ұнамай, өзгертуін өтінеді. Ал Тұманбай 

ақын келіспейді. Содан екеуі ұзақ ай-

тысып бір шешімге келе алмаған. Сол 

күні кешке Тұманбай Молдағалиев 

композитордың  үйіне телефон соғып, 

әйеліне «Кеңеске айтшы, «Күйігім» 

дегеннің орнына «сүюім» дей сал-

сын»  депті.  Оны естіп тұрған Кеңес 

телефонға жабысып, «Сүюім» дегені 

күйігімнен де жаман ғой» деп бұлқан-

талқан болады. 

Ертеңіне Тұманбай Молдағалиевке 

те лефон соқса,  «Сен бала әнді то-

лы ғымен өзің әкелдің. Ақыры өзің 

ақын екенсің, сол жерін өзің жаза сал-

шы» депті. Композитор амалсыз ән 

қайырмасын қайта өзгертіп, «Сенсің 

менің тірегім, лүпілдеген жүрегім. 

Аман-есен бол балам, – деген әке ті ле-

гің» деген жолдарды жазған. Шынайы 

перзенттік сезімді сездіретін әннің 

қысқаша қызықты тарихы осылай. 

Ақын Шөмішбай Сариев «Кеңес, 

сен қателікпен композитор болғансың. 

Сыншы болатын адамсың ғой»  деп 

әзілмен қағытатын Кеңес Дүйсекеев 

ақындардың жазғанын ұнатпаса, ойын 

айтып, көп әндердің сөзін осылай өзі 

жазып жібереді.



«ДОСТаР-аЙ»

К о м п о з и т о р д ы ң   ш ы ғ а р м а -

ш ы л ы қ т а   ғ а н а   е м е с ,   ө м і р д е 

д е   а й н ы м а с   а л т ы н   д о с т а р ы н а 

айналған Жолан Дәсенов, Тілес 

Қажығалиев,Сейдолла Бәйтереков 

сынды асыл азаматтар 50-ге жетпей 

қайтыс болды. Жұрт оларды жерле-

генде тіпті басқаларға емес, Кеңес 

Дүйсекеевке келіп көңіл айтып, 

құшақтап «Жалғыз қалдың ғой» 

деп жылаған екен. Ол кезде мұның 

мәнісін өзі түсіне қоймапты. Біраз 

жылдан соң сырласатын, шығарған 

дүниелерімен бөлісетін адам таппай 

шын мәнінде де жалғыз қалғанын 

сезінген композитор асыл доста-

рына деген сағыныштан «Достар-

ай» әнін жазады. Сөзі Әбдірахман 

Асылбектікі. Қайырмасы әдеттегідей 

ойынан шықпаған соң «Аңсаған ар-

мандар, Үзіліп айналды қиялға, Бұл 

өмір қанша кең болса да, Сендерсіз 

сиям ба, Көкте үнсіз көшкен ай. 

Кеудем менің бос сарай, Сағындым 

ғой, сағым болған достар-ай» деген 

жолдарын  өзі құраған. Жұбаныш 

Жексенұлы орындап жүрген «Достар-

айды»жақын жолдастарды жоқтау 

ретіндегі трагедиялық ән десек те 

болады. 

«МаХаббаТ СЫРЫ» 

ЖӘНе «бОТаҚаНЫМ»

Кеңес Дүйсекеев 2005 жылы жүрек 

ауруынан инфаркт алып ауруханаға 

түседі. Сегіз күн бойы ес-түссіз жатқан 

ол күрделі отадан Құдай сақтап тірі 

қалады. Комада жатқан уақытта ара-

сында еміс-еміс есін жиып, медбике 

қыздарға қағаз, қалам алдырып бір-екі 

бет ноталар шимайлаған екен. Кейін 

ауруханадан шыққаннан кейін ашып 

қараса, жап-жақсы дүниелер туын-

дапты. Оның біреуі – композитордың 

өз жұбайына арналған «Махаббат 

сыры», екіншісі немерелер туралы 

«Ботақаным» деген ән болып шықты. 

Ең таңғаларлығы, өлім мен өмірдің 

арасында жатқан адам шығарған 

екі  ән де қайғылы емес,  көтеріңкі 

көңіл күйде, мажорда жазылған. Бұл 

махаббаттың, ғашықтықты сезінудің, 

сүйіспеншіліктің қанша азапты 

жағдайларда да үлкен қуаныш бо-

лып қала беретінін сездірсе керек. 

Оның үстіне таусылмайтын тра-

гедия мен мұңға  толы «жылауық» 

әндер шығаруға, айтуға құмар қазіргі 

жастарға аталмыш шығармалардың 

тарихы үлгі болуға тиісті. 

Кеңес Дүйсекеев сынды музы-

канттар шығармашылық жағынан 

өрлеген 80-90 жылдар, расында,қазақ 

эстрадалық өнерінің нағыз шырқау 

б и і к к е   к ө т е р і л г е н   к е з і .   С а х н а -

да шырқалатын әрбір ән сөздеріне, 

ә у е н і н е   қ а т т ы   м ә н   б е р і л г е н . 

Тыңдарманның да талғамы жоғары 

болды. Тұманбай Молдағалиев, Қадыр 

Мырза Әлі, Шөмішбай Сариев  се кіл-

ді ақындардың сөзіне жазылған әрбір 

ән тыңдарман жүрегіне жол тапты. 

Олардың барлығы дерлік ұмытылып 

қалмай, бүгінгі күнге жетті. Қазақ 

ән өнерінің қазіргі халі әнші мен ән 

шығарушы көп болса да, сол кездегі 

деңгейге көтеріле алмай жатқаны көңіл 

қынжылтады. 



абай СеЙФУллаҰлЫ

АСТАНА


езінде әлемдік даңқы бар, Эрнест 

Хемингуэйдің «Көрнекті жазушы 

болу үшін, әрине, таланты, 

білімі және аздап бақытсыз 

балалық шағы болуы керек» деп 

айтқан сөзінің астарында көп 

мән бар... Ал жазушы тәжібай 

Жанаев «қырсықты қырқыншы 

жылдардың» түлегі, соғыс 

балалары деп аталатын ұрпақтың 

өкілі. Қазір бұл ұрпақтың ең жасы, 

шамамен, 69-да, ең үлкені 85-

нен асып барады екен. Еуропа 

елдерінің көбінде дерлік «Соғыс 

балалары» атты арнайы статус 

белгіленген. Бізде әзірге мұндай 

жайт орын алған жоқ. «Екінші 

дүниежүзілік соғыс», «Ұлы Отан 

соғысы» тарих үдесіне кеткенмен, 

бұл екі ұғым сол сұрапыл соғысты 

бастан өткергендер үшін өле-

өлгенше жадынан кетпек емес: 

қираған қалалар, ата-анасынан 

айырылып, жетім қалған 

балалар... Соңғы мәліметтерге 

қарағанда, дүниежүзі бойынша, 

60 миллионнан астам адам опат 

болған. Адамзаттың тарихи жады 

150–200 жыл бойы сақтайтын 

оқиғалар болады, ал одан кейін 

бұлар аңыз не мифке айналады 

екен. Мұны ғалымдар әлдеқашан 

дәлелдеген. Демек, бұл әлі ең кемі 

жүз жыл адамзат жадында жүреді 

деген сөз. 

каренко, кейін Сухомлинскийдің жаңашыл 

тәрбие элементтері байқалады. 

Әртүрлі тағдырлар тоғысы, әуелі 

соғыс құрбандарының балалары басты 

назарда ұсталады, сонымен бірге қуғын-

сүргінге ұшырағандар балаларының 

жан күйзелісі сол кездің қасіреті ретінде 

бала ұғымына сай шебер берілген. Көп 

ұлтты балалар қауымдастығы – олардың 

өзара достығы, бір-біріне деген көмегі, 

жанашырлық қарым-қатынастары, 

мәселен, түбіршікке (корешки), бұрынғы 

тәрбиеленушілердің өзіне бауыр басқан 

кішкене достарына хат жазысуы, 

тіпті, келіп-кетуі сияқты адам жанын 

тебірентетін көріністер оқырманына 

терең әсер етеді. Осының бәрі сол бір 

қасіретті жылдары жан аямай еңбек 

еткен атыраулық, қала берді барлық 

қазақстандық ұстаздардың ерлікке бара-

бар педагогикалық іс-қызметінің жемісі 

десек, орынды болар еді. «Мен үшін олар, 

– дейді автор бір естелігінде, – Польша-

ны фашистік Германия оккупациялаған 

жылдары 64 жасында Варшава геттосын-

да балалар өмірі үшін жанқиярлықпен 

күрескен, ақыры Треблинк концлагерінде 

өзінің 200 тәрбиеленушілерімен бірге газ 

камерасында, фашистер кетуіне рұқсат 

етсе де, өз еркімен жанын құрбан еткен  

поляк жазушысы, педагог, дәрігер Януш 

Корчак сияқты болып көрінеді де тұрады». 

Хикаяттағы балалар үйінің тәрбиешілері 

Ғазиз, Мизам, Қалам, Айжарық ағайлары 

мен Майра, Жұмагүл апайларының бей не-

лері есте қалатындай болып шыққан. Аза-

мат соғысының ардагері В.И.Чапаевтың 

оқ қағары әрі тілмашы болған Тыпыш То-

таев пен Ұлы Отан соғысының ардагерлері 

Мизам, Ғазиз, Семғали ағайларының өмір 

жолы жастар тәрбиесіне айрықша әсер 

етеді. 

Сол кезде Жайық бойының ең шұрайлы 



жерлерінде балалар үйлері шұғыл түрде 

ашылып, тіпті Ордадағы Жәңгір ханның 34 

бөлмеден тұратын бұрынғы хан сарайын да 

да Дзержинский және Крупская атын-

да ғы екі балалар үйі болды. Солардың 

мең герушісі болған Жұмагүл Бейсалиевна 

деген қайсар әйелдің ерлік ісі айрықша 

суреттелінеді. Ол Сталинград майданынан 

эвакуациямен келген балаларды қабылдап, 

аналық жүрегімен аялайды. Күні-түні 

мігірсіз еңбек етеді. Бірде сол кісі бір топ 

әйелмен бірге көлдеуітте кебен үйіп жатқа-

нын да, аудандық партия комитетінің хат-

шысы мен ұжымшар төрағасы трашпен-

кемен келеді. Сонда олардың тығылып 

қалатын сәті көрсетіледі. Бақса, үстіндегі 

киім дері жырым-жырым... содан үш күннен 

кейін үй басына төрт метр бөз, төрт метр 

шыт, бір суыртпақ жіп әкеліп үлестіріледі. 

Бұл да біздің өткен өміріміздің қасіретті 

көрінісі. 

повестің эпилогында кеңінен қамтылған. 

Оны аға ұрпақтың қазіргі жас ұрпаққа 

айтатын өсиетнамасы деуге болады. Бәрі 

де азамат болып, өмірден өз жолдарын 

табады. Сүйеген – атақты бұрғышы, еңбегі 

жанып, КСРО Мемлекеттік сыйлығының 

иегері, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты 

болады. Нұрлықан-КСРО Ауыр өнеркәсібі 

министрінің орынбасары, Мұқит – атақты 

суретші, Бақытжан мен Жұмасерік – ғылым 

кандидаттары, Сапар – кеме жасау верфінің 

дәнекершісі, Жалғас, Қартамбай, Байдеш 

– дәрігер деген сияқты бәрі де өз арманда-

рына жетеді, ең бастысы олар біздің қазіргі 

замандастарымыз, егеменді еліміздің – 

Қазақстан Республикасының беделді аза-

маттары. Олардың балалары мен немерелері 

өсіп жетілді. Ұрпақтар жалғастығы мен 

үндестігі дегеніміз – міне, осы. 

Қаламгердің тағы бір сүйекті, жүгі ауыр 

шығармаларының бірі– «Тобанияздың 

қыстауы» атты хикаяты. Он жеті сюжеттен 

тұратын бұл туындының басты кейіпкері 

Тобанияз өмірде болған тарихи тұлға. Өзі 

кедей, қарапайым ісмер, етік тіккен, жона 

тілген, ер шапқан, құдық қазған... Жас-

тайынан би атанған. Елдегі дау-дамайға 

жастайынан қатысқан. Патша заманында 

болыстың көмекшісі бола жүріп, байлардың 

озбырлығына төзе алмай, оларға қарсы 

қол жұмсағаны үшін, Сібірге жер аудары-

лады. Бірақ ағайындары, нағашы жұрты 

араға түсіп, ақыры аман құтылады. Айтулы 

16-жылдың әлегінен патша жарлығына 

қарсы тұрғаны үшін тағы да түрмеге түседі. 

Тек ақпан төңкерісінен кейін ғана босанып 

шығады. Ал Қазан төңкерісін қуана қарсы 

алып, Дала комиссары Әліби Жанкелдиннің 

сенімді серігі, Адай ревкомының төрағасы 

болып сайланады. Кейін КирЦИК-тің 

мүшесі де болады. 

Тобанияздың тарихи тұлға  болуы 

жайдан-жай емес. Сырым, Исатай, Махам-

беттерді айтпағанның өзінде Досан, 

Иса көтерілістері де патшалық Ресейдің 

діңгегін солқылдатып өткен қозғалыстар 

еді. Бұл ел – алдау-арбауды көп көргенмен, 

қанаушылыққа төзбеген жұрт. Қазан 

төңкерісіне ілкіде адай елінің халқы сенді, 

жаңа заман, еркіндік, азат өмір кезеңі туды 

деп ұқты. Бірақ алданғандарын да жұрттан 

бұрын түсінді. Тобанияз большевиктерге, 

кеңес белсенділеріне сенбеу себебін де 

автор дәйекті деректермен дәлелдейді. 

Кітаптың композициясы қыр қазағына үлгі 

болу үшін Тобанияздың қыстау салуымен 

басталып, ақыры жалалы болып, НКВД-

ның шеңгеліне іліккен баласын құтқаруға 

сол қыстаудан кетуімен аяқталады. Бала-

сын құтқарады да. Кепілдікке өзі түрмеге 

түседі, кейін ел толқып, арты «Адайдың 

мың үй қырғынына» ұласады. Ел басшысы 

кет кен соң, «тұрымтай тұсына, балапан 

ба сына кеткен» алмағайып заман болады. 

 ӘР ӘННІҢ 

ӨЗ ТАРИХЫ БАР

«аСЫл аНа»

Мектепте үздік оқыған Дүйсекеев 

1964 жылы  11 жылдық мектепті  

бітіреді. Сегізінші сыныпта музыкаға 

қызығушылығы артып, домбыра 

үйірмесіне бара бастайды. Мектепті 

аяқтауға жақын қалғанда әкесінің ор-

нына әке болған үлкен ағасы ғылым ака-

демиясына, Ахмет Жұбановқа ертіп ба-

рады. Болашақ музыкант Жұбановтың 

алдында өзі  білетін күйлерді шертіп, 

шығарған әндерін айтып береді. Талабы 

таудай баланың талантының бар екенін 

айтқан Ахмет Жұбанов оның консер-

ваториядан бұрын білімі толық болсын 

К

К

Жазушы тәжібай Жанаевтың көркем әңгімелерін де өз алдына 

арнайы сөз етуге болады. Әңгімелері психологиялық, романдық 

сипатта келеді. Әрине, автобиографиялық элементтер де кездеседі. 

Әсіресе, «Соңғы жеті шақырым» атты әңгімесі соғыс атаулы 

жеңгенге де, жеңілгенге де бақытсыздық әкелетінін бүкіл әлемге 

паш етеді. «Үміт оты» (1974) атты әңгімесінен, Олесь Гончардың 

«Собор» романымен орайлас жазылған, кеңестің кейбір озбырлық 

саясатына қарсылық байқалады. «Балақай» атты әңгімесі адам 

мен оны қоршаған ортаның өзара байланыста екенін, бүкіләлемдік 

тепе-теңдік құбылыстың табиғи заңдылық болатынын көрсете 

келіп, басты кейіпкерінің қарапайым арбакештен атақты суретшіге 

дейін өсу жолын нанымды көрсете білген.


12

№33 (1291) 

20 – 26 тамыз 

2015 жыл


АНА ТІЛІ

Екі бірдей 

кітабы жарық 

көрді

«Мектепке жол» – 

әлеуметтік  жоба

сегізінШі Қазына

білім

Сондай-ақ маусым айында Қазақстан Жа-



зушылар одағының мүшелігіне қабылданды. 

Сонымен қатар журналист-жазушының 

« Т і р ш і л і к   т о л қ ы н ы н д а » ,   « К ө к п а р д ы ң 

көкбөрісі» деп аталатын кітаптары жарық 

көрді. Оның алғашқысына жүректері елім, 

халқым деп соққан көрнекті мемлекет және 

қоғам қайраткерлері, көпке танымал тұлғалар 

арқау болса, екіншісіне КСРО-ның тоғыз 

дүркін чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген 

Оқушылардың толық мектепке баруын 

қамтамасыз ету мақсатында «Мектепке жол» 

шарасы қолға алынғалы құптарлық іс. бұл үлкен 

істің бастамасы болды. 

Жыл сайын елімізде аз қамтылған отбасының 

балаларына, жетім немесе ата-ана қамқорлығынан 

айырылған балаларға қолдау көрсетіліп, оларға 

әлеуметтік көмек қолын созушылар көбейді. Осын-

дай игі шараның арқасында болашағынан үлкен 

үміт күттірер шәкірттер алтын ұя мектепте білім 

нәрімен сусындап, талаптарын шыңдайды.

 Мәселен, «Мектепке жол» шарасы  Алматы 

қа ласындағы  №172  мектеп- гимназиясында 

да назардан тыс қалмады. Мектеп ұжымы 

қайырымдылық шарасына өз үлестерін қосып, 

көмекке мұқтаж жандарға демеу болуға бел бай-

лады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, 

№172 мектеп-гимназиясының ұстаздары бұл 

шараға жауапкершілікпен қарап, игілікті іске 

бастамашылық танытты.

Мөлдір ҚЫДЫРбаЙ

көзайым


тәлім

бірнеше түрі сақталған. Осындағы қай 

дүниені алып қарасаңыз да, өткеннен сыр 

шертеді. Елубай Өмірзақов пен Қапан 

Бадыровтардың домбыралары да ертеректе 

жасалғанымен ерекше көз тартады. 1930 

жылдары «Амангелді» спектаклі үшін ар-

найы алынған қосауыз, шиті мылтықтар 

да кездеседі. Сонымен бірге әртүрлі 

қойылымдарға байланысты жасалған 

қылыш, қанжар, найза, семсер секілді сан 

түрлі қарулар да осында.   

 Шамдары самаладай болып жанатын 

сахнаның, сырт жағына келдік. Мұндағы 

монтерлер мен жарық берушілердің 

жұмысы жөнінде монтаждау бөлімінің 

меңгерушісі  Жеңіс Матқасымов  айтып 

берді. «Театр пайдалануға берілген 1980 

жылдары мұндай ғимарат тек екі қалада: 

Одесса мен Алматыда ғана болған. Соңғы 

үлгідегі су жаңа театрдың сахнасында 

Әзірбайжан Мәмбетов спектакльдерін қоя 

бастағанда, біресе тау болып, біресе сай 

болып, ішіне де, сыртына да қатар айна-

латын трансформер сахна көрерменнің 

көзайымы болған. Бұл сахна – бірінші 

дәрежелі сахна, Қазақстанда басқа бала-

масы жоқ» деп ол сахнаның ерекшелігіне 

тоқталып өтті. Ал жарық беру бөлімінің 

меңгерушісі Мұхит Қасымбеков өз 

сөзін былай өрбітті. «Жарықты дұрыс 

беру арқылы спектакльдің мазмұнын 

жеткізуге атсалысамыз. Мұнда бір секунд 

те қателесуге болмайды. Әр уақыт есептел-

ген. Соңғы жылдардағы жаңалық деп зама-

науи шам жарықтарын орнатқанымызды 

айтуға болады. Бұл бір жағынан дыбыссыз, 

яғни ешқандай кедергісіз жарық беруге 

көмектеседі».

Келесі аялдағанымыз мұражай бол-

ды. Мұражай бөлімінің жетекшісі Нар-

гиз Асанжанова өмірден озған сахна 

саңлақтарының, белгілі артистердің 

к и г е н   к и і м д е р і   м е н   п а й д а л а н ғ а н 

б ұ й ы м д а р ы н   к ө р с е т т і .   Ш ә к е н 

Аймановтың «Асауға тұсауда», Сәбира 

Майқанованың «Шоқан Уәлихановта», 

Хадиша Бөкееваның «Абайда», Фарида 

Шәріпованың «Қобыландыда»,  Шолпан 

Жандарбекованың «Айман-Шолпан-

да» киген сахналық киімдерінің бүгінгі 

күнге дейін сақталуы таңдандырды. Те-

атрда жұмыс істеп кеткен, бүгінгі күні 

еңбек етіп жатқан актерлердің өмір дерегі, 

сахнадағы, өмірдегі фотосуреттері, олар ту-

ралы баспасөз материалдары мен құжаттар 

осында сақталып, ұрпаққа мұра болып 

қалуда. 


ақбота ИСлӘМбеК

жеңімпаздар алғыс хаттармен, диплом-

дармен және бағалы сыйлықтармен 

марапатталды.

Соңғы кезде өмірге келген нәрес-

т е н і ң   ж а һ а н д а н у д ы ң   ж а ғ ы м с ы з 

у-шуымен жақын араласып өсетіні 

жасырын емес. Бесіктегі нәрестесіне 

«Бесік жырын» айтатын келіншектердің 

де, ертегі айтып, ұлттық тәрбиенің уы-

зымен қоректендіретін әжелеріміздің де 

қатары сиреп кеткені  рас. «Ел боламын 

десең, бесігіңді түзе» деген даналықты 

есте ұстасақ, қазақтың қаймағы 

сақталған Атырау жерінде ертегі айта-

тын жас аналардың арасында ертегі, 

айтудан байқау өткізген өнегелі үрдіс 

өзге өңірлерде де өркен жайып жатса, 

шіркін, деген ой көңілге оралады екен.

Р.НҰРбеКҰлЫ

АТЫРАУ 


Осы орайда М.Әуезов атындағы Қазақ 

мемлекеттік академиялық драма театры 

қара  шаңырақтың 90 жылдық торқалы 

тойы қарсаңында ақпарат өкілдеріне арнап 

баспасөз-тур өткізіп, театрдың 24 цехымен 

таныстырды.

Бізді отыз жылдан аса осы жер-

де қызмет етіп келе жатқан қойылым 

бөлімінің жетекшісі, суретші Ерік 

Әдісбек бастап алып жүрді. Ең әуелі де-

корация жұмысымен таныстық. Бұл цех 

қазір Қазақ хандығының 550 жылдығына 

байланысты дайындық үстінде. Театрдың 

ең үлкен цехы да осы. Суретші декора-

торлар Ботагөз Асықова, Талғат Есімбаев, 

Ақмарал  Орынбаева – нағыз өз ісінің 

шеберлері. Сахнаның бет-келбеті осы 

кісілердің еңбегімен дайындалады. Бұдан 

кейін гримдеу, әрлеу бөлімінің жұмысымен 

таныс болдық. Гример Назгүл Базарбаева 

өз өнерін көрсетті. Осылайша жас жігіттің 

бояу мен әрлеудің арқасында бес минут 

ішінде ақсақалдық кейіпке келгендігінің 

куәсі болдық. 

Келесі бағытқа бет алғанымызда, 

к и  ім   ц е  х ы н ы ң   ж е т е к ш і с і   Г ү л с і м 

 Ті лепал дие  ва  күтіп  алды.  Бұл  цехта  2130 

ки ім сақтаулы екен. Репертуар  бойынша 

көр сетіліп   жат  қан  спектакльдерде  киілетін 

киімдер төрт  қоймада сақталған. Ол 

ерлер және әйелдер бөлімі болып екіге 

бөлінген. Осы екі бөлімнен театрдың 85 

артисі киініп шығады. Бөлім жетекшісінің 

айтуынша, артистердің киімін осы мау-

сымнан келесі маусымға дейін таза және 

бүтін күйінде сақтап отыру да маңызды. 

Спектакль бас талардан екі сағат бұрын әр 

артистің грим бөлмесіне киіп шығатын 

киімі жеткізіледі. Себебі артист киімін 

киген сәттен-ақ кейіпкер образын сезіне 

бастайды.   Әр спектакльдің киімі жеке-

жеке шкафтарда сақталады. Әрбір жаңа 

спектакль кезінде әр актерге киім арнайы 

тігіледі. Ескі киім өте сирек пайдаланы-

лады екен. Ал осы киімдер тігін цехында 

тігіледі. Тігін цехында қызу жұмыс жүріп 

жатыр. Мұнда Қазақ хандығының 550 

жылдығына орай қойылатын спектакль-

ге костюмдер дайындалып жатыр екен. 

Бүгінгі таңда батырлардың 30 сауыты дай-

ындалып, 200 киім тігілуде. 

Бізді ерекше таңғалдырған нақты 

бұйымдар цехы. Бұл цехтың байырғы 

маманы Бәкіман Ысқақов театр алғаш 

Ақмешіт қаласында құрылған кездегі 

1926 жылы жасалған қамшыны көрсетті. 

Серке Қожамқұлов ұстаған екен. Жал-

пы бұл цехта әр заманда, әр спектакль-

ге байланысты жасалған қамшының 

 – Армысыздар, аға й ын! Ақ Жайық 

пен Тобылдың үні бір, ағысы бір. Сіздерге 

сонау шал ғай да жатқан Оралдың сәлемін 

алып келіп тұрмыз. Бүгін біз егеменді ел 

екендігімізді тағы бір мәрте көрсеттік. 

Тобылдың жаға сындағы игі шараның 

шығарма шы лық  кештен  басталғанына 

дән ризамын. Қос өңірдің мәдениет 

қыз  меткерлеріне алғысым шексіз. Екі 

өзен тоғысқандай сезімдеміз. Келе-

шек ұрпағымызды Отанды сүюге және 

сөз қадірін түсінуге тәрбиелеуіміз ке-

р е к .   Қ о с т а н а й л ы қ т а р д ы   о с ы н а у 

мерекелі күндермен шын жүрегімнен 

құттықтаймын, – деді  А.Бақтыгереева. 

Кеш иесін қоста найлықтардың аты-

н а н   о б л ы с   ә к і  м і н і ң   о р ы н б а с а р ы 

Мұрат Дәрібаев құттықтап, Қостанай 

облысының әкімі Нұралы Сәдуақасовтың 

сый-сияпатын тарту етті. 

Думан Омаров, Асылай Көбжа нова, 

Манас Кенжетаев, Әйге рім Сағаденова, 

Базарханым Қажы мо ва сынды арти-

стер Ақұштап Бақтыгерееваның «Ана» 

тақыры бын дағы  өлеңдерін  нақы-

шына келтіре оқыды. Оралдық ақын 

Мұнайдар Балмолданың сөзіне жазылған 

«Ақұштабы Алаштың» атты әнін «Ба-

тыс STAR» триосы тыңдарман жүрегіне 

жеткізе орындады. 

Ақ Жайықтан барған мәдениет қыз-

мет керлерінен бөлек Батыс Қазақстан об-

лысы Қазақстан халқы Ассамблеясының 

мүшелері де шараға қатысып, атсалысқан 

болатын. Ғайса Қапақов бастаған Ассам-



театр – бұл үлкен өнер. 

театрға келген қалың 

жұртшылық  қойылымды 

дүниеге әкелуде тек артис-

тер мен режиссерден бөлек 

сахна сыртында қаншама 

адам тынымсыз еңбек 

ететінін біле бермейді. Ал 

қойылымның көрерменнің 

көңілінен шығып, сәтті 

болуы  көп жағдайда сахна 

сыртындағы қызу тіршілікке 

байланысты болып жатады.  

Үстіміздегі жаз мезгілі қостанай лық 

тілшіміз, белгілі қаламгер Оразалы 

Жақсанов үшін үлкен қуанышқа 

толы болды.  Ол жылдағы 

дәстүр ге айналған баспасөз 

қызмет керлері күні қарсаңында 

Қостанай облысындағы таңдаулы 

әріптестерімізге берілетін мәртебелі 

Бейімбет Майлин атындағы 

сыйлық тың лауреаты атанды.

Жуырда Қостанай облысында Батыс Қазақстан облысының мәдени күндері өтті. 

Салтанатты шара Қостанай қаласындағы «Мирас» мәдениет сарайында ашылды. 

Алдымен Батыс Қазақстан және Қостанай облысы әкім дерінің орынбасарлары 

Бақтияр Мәкен мен Мұ рат Дәрібаев кездесу өткізіп, «Ақ Жайық. Ақ шағала. 

Ақұштап» деп аталған белгілі ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері 

Ақұштап Бақ тыгерееваның шығар машылығынан сыр шертетін көр мемен танысты. 

Көрмеден кейін ақынның шығармашы лық кеші өтті. Онда «Ақ жайық» би ансамблі 

өнер көр се тіп, жас өнерпаздар өлең оқып, жиналған жұртшылықтың қошеметіне 

бө  лен ді. 

СЕРКЕ ұСтАғАН 

ҚАмШЫ 

Ертегі – сәби тәрбиесінің бастауы

мәдениет

«Ақ  Жайықтан – 

толқынды Тобылға»

блея мүшелері Қостанай облысындағы 

әріптестерімен кез десіп, олардың бүгінгі 

күні атқа рып жатқан жұмыстарымен 

танысты. Сонымен қатар облыстық 

мұражайлар мен бірнеше ұлт өкілдері 

бас қосатын «Достық» үйіне де ат басын 

тіреді.


Батыс Қазақстан облысының мәдени 

күндеріне арналған үлкен концерттік 

бағдарлама басталмас бұрын Қостанай 

облы сының әкімі Нұралы Сәдуақасов 

арнайы келіп, Жайық тан әкелінген 

тарихи құнды мұраларды көрді. Батыс-

қазақстандық суретшілердің жә не 

қолөнер  шеберлерінің  туынды   ларымен 

қатар археоло гиялық зерттеу кезінде 

Жайық қалашы ғынан табылған көне 

жә дігер лерді  тамашалады.  Осы  көр меге 

қойылған экспонаттардың ішінде ерек-

ше көз тартатыны «Алтын ханшайым» 

еді. Аталған жә дігердің табылу тарихы 

туралы облыстық өлкетану музейінің 

қызметкері Вероника Нәжімеденова 

түсіндіріп берді. Шара аясында «На-

зерке» және «Ақжайық» ха лық биі ан-

самбльдері «Жайықтың тол қындары» хо-

реографиялық композициясын тарту етті. 

Салтанатты жиналыста сөз алған 

Қостанай облысы әкімінің орынбасары 

Мұрат Дәрібаев мәдени іс-шаралардың 

өткізілуі  өңірі міз дің  ерекшеліктері 

мен рухани құндылықтарын кеңінен 

танысты руға зор мүмкіндік беретінін атап 

өтті. Ол: «Қос өңірдің өзара ықпалдасуы 

елдігімізді нығайтып, экономика лық 

қуаттылығымызды арттырып, мәдени 

өркендеуіне жол ашып береді деп сенеміз. 

Халықтың рухани байлығын дамытып 

жүрген батысқазақстандық мәдениет 

майталмандары мен өнерпаздарына 

қасиетті Тобыл жеріне қош келдіңіз-

дер дейміз. Бүгінгі өнер мерекесімен 

б а р ш а ң ы з д ы   қ ұ т т ы қ  т а й   о т ы р ы п , 

еңбектеріңізге шығар машылық табыс, 

шалқар шабыт тілеймін» деді. Батыс 

Қазақстан облысы әкімінің орынбасары 

Бақтияр Мәкен игі лікті шара екі өңірдің 

бір-бірімен тәжірибе алмасып, өзара ық - 

палдаса дамуына үлкен септігін тигі-

зетінін тілге тиек еті. 

– Қостанай өңірі асты ғымен ғана 

емес, ғылым мен білімнің көрнекті 

өкілдері, өнер және мәдениет май-

талмандарымен де елге жақ сы таныс. 

Ағартушы Ыбырай Алтынса рин, Ахмет 

Байтұрсынов сияқты ғұламаларымыздың 

кейін гі ұрпаққа қалдырып кеткен мұ-

ралары бәріміз үшін зор мақта ныш. Сол 

мұраларды жоғалт пай, өскелең ұрпаққа 

жеткізу – біздің қасиетті борышымыз. 

Қостанай  жұртшы лығына  ал ғысымызды 

айта отырып, ден деріңізге саулық, 

отбасыларыңыз  ға  аман дық  тілейміз. 

Бүгінгі кеші міз құт ты болсын, – деп 

жылы лебізін білдірді Б.Мәкен. 

Концертте күміс көмей әнші лер 

Жаскелең Ғайсағалиев пен Майра Хай-

дарова «Күн сәуле лі Қостанайым» әнін 

нақышына келтіре орындап, жиналған 

жұрт  шылықтың  қошеметіне  бөленді. 

Дастан Есентеміров, Ақмарал Ахме-

това, Күләш Қуанышқалиева, Дә рия 

Бақытова,  Қанатқали  Қо жа  қов  сықылды 

өнер иелері кон церттік бағдарламаның 

шырайын кіргізді. Дәулеткерей атын-

дағы қазақ халық аспаптары ор кестрі 

және Ба тыс Қазақстан об лысы әкімі 

жанындағы  эстрада лық-симфония лық 

оркестрі (дири жерлері Е.Нұрымбетов 

пен А.Шевелев) «Бал бырауын», «Ма-

х а м  б е т т і ң   п о э м а с ы » ,   « К а р м е н » 

шығармаларын орындады. 

Концерттік бағдарлама соңын да ақын 

Қадыр Мырза Әлінің сө зіне жазылған 

композитор Ескендір Хасанға лиевтің 

«Атамекен» әнін барлық өнерпаздар 

бірге шырқады. Қостанай облысы 

әкімі Нұралы Сәдуақасов тың атынан 

өнерпаздарға ықылас гүлі тарту етілді.

Келесі күні І.Омаров атындағы 

қазақ драма театрында Батыс Қазақстан 

облыстық қазақ драма театрының 

артистері көрнекті жазушы Шыңғыс 

Айтматовтың «Жәмилә» повесі бойынша 

әзірленген қойылымды ұсынды. 

Осылайша Батыс Қазақстан облысы-

ның Қостанай өңіріндегі мәдени күндері 

табысты аяқталды. Екі облыстың ынты-

мағы  жа рас қан  кездесуінде  рухани- мә-

де ни ықпалдастықпен қатар әлеу меттік-

экономикалық байланыс тарды нығайту 

жайы да сөз болды. Батыс Қазақстанның 

өнер ұжымдарының шығармашылығына 

тәнті болған көрермен қауым да өз 

ризашылықтарын білдірді. Мә селен, 

Ахмет Байтұрсынов атын дағы Қостанай 

мем лекеттік  уни верситетінің  профес-

соры Ақылбек Шаяхметов: «Тобыл 

жағасында Батыс Қа зақстан облысы-

ның мәдениет күндеріне орай барлығы 

сән-салтанаты мен өтті» десе, Қостанай 

қаласының тұрғыны Айғаным Жайлау-

баева:  «Оралдың өнерпаз дары келіп кон-

церт қояды дегенді естіп, тама шалауға 

келдік.  Мәде ниет  қыз меткерлерінің 

ұйымдастыруымен болған кеш өте ұнады. 

Қайда жүрсе де, батысқазақ стан дық 

өнерпаздардың жолдары болып, сапарла-

ры сәтті болсын» деп ақжарма тілектерін 

жеткізді.

Темірболат ТОҚМаМбеТОв

Суреттерді түсірген Рафхат Халелов

жаттықтырушысы, атақты шабандоз Оразқожа 

Сейдахметовтің ұлтымыздың ұлттық ат спор-

тына қосқан қомақты үлесі мен мағыналы өмірі 

жан-жақты қамтылды. Біз шығармашылық 

ізденіс үстіндегі Оразалы Отынбайұлын осы 

қуаныштарымен шын жүректен құттықтаймыз! 

Оған алдағы уақытта да мықты денсаулық тілей 

отырып, жазар көбейсін дегіміз келеді!

Дәукен ЖҰМаТҰлЫ

құрылтайшы және шығарушы: 



«ҚАзАҚ ГАзЕттЕРI» 

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

бас директор – 

редакторлар кеңесiнiң төрағасы 



Жұмабек КЕНЖАЛиН

қабылдау бөлмесi 394-42-90 

жарнама бөлiмi 394-41-27

kaz_gazeta@mail.ru

www.kazgazeta.kz

бас редактор 



Самат иБРАиМ

бас редактордың 

бiрiншi орынбасары 

Нұрперзент ДОМБАй

бас редактордың 

орынбасары 

Дәуіржан тӨЛЕБАЕВ

Бөлiм редакторлары:

ақбота иСләМбек – тіл мәселелері және мәдениет

бағдагүл балаубаеВа – білім және ғылым

нұрлан қҰМар – әлеумет және ақпарат



Фототiлшi

азамат қҰСайыноВ



Беттеуші

нұржан аСаноВ



терімші

назгүл бейСеМбаеВа



Корректор

динара МаСакоВа



Хатшы-референт

лунара атаМқҰлоВа

апталық қазақстан республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң 

ақпарат және мұрағат комитетiнде қайта тiркеуден өтiп, 2006 жылғы 4 маусымда 

№7345-г куәлiгi берiлдi.

газет аптасына бір рет шығады.

«ана тiлi» газетiнде жарияланған материалдардың авторлық құқы «қазақ 

газеттерi» ЖШС-ға тиесiлi, жарнаманың мәтiнi мен тiлiне редакция жауапты емес.

«ана тiлiнде» жарияланған материалдарды көшiрiп немесе өңдеп басу үшiн 

редакцияның жазбаша рұқсаты алынып, газетке сiлтеме жасалуы мiндеттi.

Жарияланған мақала авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi. 

газет авторларынан мақалалардың 3 беттен (14 кегль) аспауын, электрондық 

нұсқасымен қоса әкелуiн сұраймыз. редакция оқырман хаттарына жауап 

бермейді, қолжазба кері қайтарылмайды. 

газеттiң терiлуi мен бет қатталуы «қазақ газеттерi» ЖШС-ның компьютерлiк 

орталығында жасалды. индекс 65367. офсеттiк басылым.

газет: алматы қаласы, Мұқанов көшесі, 223 «в». 

 «алматы-болашақ» ақ, тел: 378-42-00 (бухг.), 378-36-76 (факс); 

 ақтөбе қаласы, т.рысқұлов көшесі, 190, «а-полиграфия» баспаханаларында басылып шықты

тапсырыс № 1328/1453

«Қазақ газеттерi» ЖшС-ның 

аймақтардағы өкiлдiктерi:

толымбек әбдірайыМ 8 701 345 7938 (астана)

Жанғабыл қабақбаеВ 8 771 769 6322 (ақтөбе обл.)

батырбек МырзабекоВ 8 (7102) 90-19-73 (қарағанды обл.)

бектұр тӨлеуҒалиеВ 8 (7292) 40-41-01 (Маңғыстау обл.)

«Қазақ газеттері» ЖшС-і сайтының веб-редакторы – 

Сұлтан тайҒарин



Меншікті тілшілер:

Өтеген нәукиеВ (атырау) 8 701 518 46 81

орал ШәріпбаеВ (Семей) 8 705 661 14 33

оразалы ЖақСаноВ (қостанай) 8 777 230 71 84

Жарқын ӨтеШоВа (Мәскеу) Zharkyn-1@yandex.ru

Қоғамдық негіздегі кеңесшілер:

Ғарифолла әнеС – филология ғылымының докторы

Шерубай қҰрМанбайҰлы – филология ғылымының докторы, профессор

аягүл МиразоВа – педагог-ұстаз, қазақстанның еңбек ері

талас оМарбекоВ – тарих ғылымының докторы, профессор

материалдың жариялану 

ақысы төленген

кезекшi редактор



Ақбота ИСЛӘМБЕК

Таралымы 20010

РЕдАКЦИя ТЕЛЕфОндАРы: 

394-42-46 (қаб.бөлмесi/факс), 

394-41-30

E-mail: anatili_gazetі@mail.ru

МЕКЕнЖАйыМыз:

050009, алматы қаласы, 

абай даңғылы, 143, 6-қабат

а

атырау қаласында «Нұр Отан» 



партиясының атырау облыстық 

«Жас Отан» Жастар қанаты 

филиалының ұйымдастыруымен 

жас аналар арасында «ертегі – 

сәби тәрбиесінің бастауы!» атты 

облыстық байқау өтті.

Ертегі арқылы ұлттық құнды лық-

тарымызды, салт-дәстүрімізді, ерлік 

пен ел дік ті, бай лық пен бақ ыт ты 

насихаттауға, ұлықтауға арна лған 

шараға қала, аудандардан барлығы 

10 ж ас кел і н қ ат ысы п, ба қ тары н 

сы н а д ы.  Ш а р а н ы ң  ө т у  б а рысы н 

қадаға лап, бақылап, бүгінгі қазақ 

келіндерінің бет бейнесін, ертегі айту 

мәнерін сарапқа салған қазылардың 

құрамында танымал өнер адамдары, 

қоғам қайраткерлері, ақындар мен 

жастар ұйымдарының жетекшілері 



болды. Байқаудың қорытындысында 

Document Outline

  • _GoBack


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет