Серік РҮСТеМ
Экспо – 2017
МеМлекет даҢқын
аСыратын кӨрМе
белгілі жағдайда Еуропаның рек-
вие мінің (жан азасы) фи ло со фия-
сы, мән-мағынасы қазақ жоқтауын
түсіндіріп бере алады. Бұл жерде
біз католиктік ғұрыпты емес, Батыс
жұртының марқұм болған жандарға
деген құрметін еске салып отыр-
мыз. Әдетте ислам қағидаттары да
жоқтауды, марқұмның соңынан
жылап-сықтауды қолдамайды.
Бұл қағидатты қатаң ұстайтындар:
«Исламның алдындағы жәһилия
дәуірінде арабтарда «нияһа» деген
ғұрып болған. Сол уақытта әйел
кісілер бір-біріне қарама-қарсы
отырып алып, зар қағып өлген
адамды жоқтаған. Ислам келген-
нен кейін бұл дәстүр тоқтатылады.
Хадисте: «Біреудің тегін жоққа
шығарушы мен өліні зар қағып
жоқтайтында жәһиліктің әрекет
бар» делінеді. Біз дауыс салып жы-
лауды қостамаймыз» дейді. Қазақ
елі ұстанатын Әбу Ханифа мазха-
бы бұл мәселеге оймен, ақылмен
келуді нұсқайды. Атадәстүр құр
жылауға немесе жасандылыққа
бармай, орнымен егіле отырып
бақиға озған жанның тірісіндегі
өнеге ісін ұрпаққа аманаттайды.
Бүгінгі ғылым, соның ішінде ме-
дицина мен психология адам өз
бойындағы қайғыны ішіне жұтпай,
шығарып тұруын (немесе бөлісуін)
қ о л д а й д ы . С о н д ы қ т а н қ а з а қ
жоқтауы, бір жағынан әрі жұбату,
әрі ауыртпашылықты бөлісу қыз-
ме тін атқарады. Бұған иманды
жұртшылық түсіністікпен қараған.
Жылау-сықтау шектен шығып бара
жатса немесе ол жасанды сипат
алса, үлкендер жағы оған тоқтау
салған.
Ұлт тарихындағы классикалық
жоқтау қатарында әйгілі Бұхар
ж ы р а у д ы ң А б ы л а й х а н д ы
жоқтауы, Қаз дауысты Қазыбек
биді қызы Қамқаның жоқтауы,
Абайұлы Әбдірахманды әйелі
Мағыштың жоқтауы тұр. Бұл
жоқтаулардың әрбір сөзі тарихи
шындық пен ел рухының терең
сезіміне суарылған.
Айтулы осы үш мұраның екеуі
« 2 3 ж о қ т а у » ж и н а ғ ы н а е н с е ,
А.Байтұрсынұлы ыждағатының
ерекшелігі айқындала түседі.
Қазақ халқы ХІV-ХVІ ғасырлар-
дағы ноғайлы заманының «Едіге»,
«Орақ-Мамай», «Шора» сынды
батырлық жырларын ертеден наси-
«Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» демекші, соңыма талантты
інілерім еріп, аға деген құрметті атаққа ие бола бастадым. Маған зор жауапкершілік
жүктейтіндей. Әсіресе ойы терең, талғамы биік, талантты інілеріме аға болудың жөні
бөлек екен. Сол талантты інілерімнің бірі Мейрамбек Әбшатов. Кеңес өкіметі кезінде
көкірегінде рухы бар жастар Алматы шаһарына асығатын. Рухани астанадан нәр
алып, талантын кемелдендіріп, біртіндеп аты да жарқырап шығып, ел аузына іліне
бастайтын. Мейрамбек інімнің аты да ерте шықты. Сол кездері атауынан ат үркетін
республикалық «Жігер» фестивалінің жеңімпазы болып ол айды аспанға бір-ақ
шығарған. Мен ол кезде шынымды айтайын бір ауылдан шықсақ та Мейрамбекті
жете білмейтінмін. «Аққыр» ауылынан Мейрамбек деген жас берен осындай
атақ алыпты деген мерейлі сөзді естіп, іштей риза болып, қатты қуандым. Рас,
Мейрамбек менен жеті жастай кіші. Әке-шешесін жақсы білемін. Ал өзімен... сәл-пәл
кейінірек таныстым.
өлең мен өнер –
қоС өрім
Бұқар жыраудың
Бөгенбайды жоқтауы
Ол кезде мен «лениншіл жас»
(қазіргі «Жас Алаш») газетінде жұмыс
істейтінмін. Бір күні редакцияда
отырсам қараторы өңді, көзінен от
ұшқындары себезгілеген жас жігіт кіріп
келді. Сәлем-сауқаттан соң:
– Ертай аға, сізсіз ғой. Мен сізді
танимын ғой, – деді ол іштарта
сөйлеп. Қоңыр дауысында да, жүзінде
де жылылық төгіліп тұр. – Мені сіз
білмейсіз. Алма тыға ерте кеттіңіз.
Біз сияқты інілеріңіз сізді үлгі,
өнеге тұтады. Ма қала ларыңызды,
әңгімелеріңізді оқып жүрмін. Сіздің
«Жалын» альмана ғында шыққан
«Божқара» әңгімеңіз маған қатты
ұнады, – деп орын дыққа отырар-
отырмастан мені мақтай жөнелді.
Кәдімгідей марқайып қалдым.
– Мейрамбекжан, шынында да
бұрын сені білмейтінмін. «Жігер»
фестивалінің жеңімпазы болғаныңды
естіп қуанып, сенімен танысқым келді.
Құтты болсын! – дедім мен де оны
көтермелеп...
Ағалы-інілі ауылдастар осылай
кездестік. Онда Мейрамбектің жап-
жас уылжып тұрған кезі. Үйге жиі келіп
жүрді. Бір-бірімізді түсіні сіп жақсы
көріп кеттік. Алла Та ғалам ауылдың,
қойшының қара бала сына өнерді ая-
май берген екен. Суретшілік, ақындық
талант тары шамдай жарқырап, төгіліп
тұр. Домбырамен қосылып ән де
шырқайды. Әдемі табиғат көрініс-
терін, портреттерді, әсем өлең шу-
мақ тарын оп-оңай шығара салады.
Зор ақын немесе зор қылқалам шебері
келе жатқанын сезіндім. Оған өнерде,
өлеңде шығармашылық табыс тіледім.
Кейін Қызылордаға кетті де, байланы-
сымыз үзіліп қалды. Бірақ Мейрамбек
інім жайлы жылы сөздер, хабарлар
естісем қуанып қалатынмын. Кейін
А.Байтұрсынұлының бай руха-
ни мирасының ішінде 1926 жылы
Мәскеудің «Күншығыс» баспа-
сынан (ресми аты – «Кеңестер
Одағындағы елдердің кіндік бас-
пасы») шыққан «23 жоқтау» атты
жинағы ерекше көзге түседі. Неге?
Біріншіден, алақайлап «социа-
лизм құрамыз», «бай тұқымын
тап ретінде жоямыз» деп жатқан
кезеңде сұлтан мен батыр, би мен
қожа – жалпы бұрынғының игі
жақсылары туралы жоқтаулар
жинағын шығару – ерекше қадам.
Екіншіден, өткеннен безіп
(бұрынғыны біржақты сызып), бәрін
жаңадан бастаймыз деген кезеңде
А.Байтұрсынұлы еңбектің беташар
парағына «қазақ тарихының төрт
жүз жылын алады» деп жазуы –
таңғаларлық шешім.
Енді есептеп көрсеңіз, 1926 жыл-
дан 400 жыл алғанда, 1526 жыл бо-
лады. Бұл – Қазақ хандығының
нағыз күш-қуат алған шағы. Со-
нымен бірге осы уақыт – бізбен
ағайын біраз жұрт азаттығының
басы бәйгеге түскен кезең. Бұл рет-
те ағартушы тарих пен аңыз, жазба-
ша дерек пен ауызша дерек арасын
жақсы зерделеп отыр.
Кімдер кімді жоқтағанына көңіл
бөліңіз: 1) Қараүлек ананың Ма-
май баласын (батыр) жоқтауы;
2) Қамқаның әкесі Қазыбек биді
(Қаз дауысты Қазыбек) жоқтауы;
3) Кеңгірбайды жоқтау; 4) Алтай
Тәтіні жоқтау; 5) Нысанбайдың
Кенесары-Наурызбайды жоқтауы;
6) Қырғыз Жантайды жоқтау; 7)
Қыр ғыз Шоқшалайды қызының
жоқ тауы; 8) Шақ шақ ұрпағы Тө ле-
байды қызының жоқ тауы; 9) Тө -
лебайды келінінің жоқтауы; 10) Тө-
ле байды қатынының жоқтауы; 11)
Шұ быртпалы Әйкеге шығарған
Бұ дабай жоқтауы; 12) Қырғыз
қы зының жоқтауы; 13) Найман
Әбжанды жоқтау; 14) Балқын
қыздың жоқтауы; 15) Байжігіт
Мұратты қатынының жоқтауы;
1 6 ) Ы с м а й ы л х а н д ы х а н ы м ы
Күнжанның жоқтауы; 17) Ерторыны
келінінің жоқтауы; 18) Жолды-
байды қызының жоқтауы; 19) Ес-
мағамбетті қатынының жоқтауы;
20) Ерғазыны қатынының жоқтауы;
2 1 ) Ә б д і р а х м а н д ы А б а й д ы ң
жоқтауы; 22) Ормамбетті баласы
Нарманбеттің жоқтауы; 23) Әбді ға-
пар ды қатынының жоқтауы.
Жоғарыда «Бұдабай ақын шығар-
ған» дегендей, бұл жоқтауларды
көбінесе айтушы емес, басқа бір
ақын немесе жыршы шығарғанын
байқаймыз. А.Байтұрсынұлы бұл
туралы: «Жоқтауды көбінесе
а қ ы н д а р ш ы ғ а р ы п б е р е д і .
Сондықтан жоқтау ақын лұғатты
келеді» деп жазады. Мысалы, «23
жоқтау» жинағындағы мұралардың
әрбіріне шағын түсініктеме берген
«Қыр баласы» (Әлихан Бөкейхан)
«Қарпық ақын шығарған», «Найман
шығарған», т.б. деп ескертеді.
Әрине, жоқтау – фольклор жан-
ры. Сондықтан оның уақыт пен
кеңістік аясы, деректік негіздері
көп жағдайда шартты. Бірақ Қазақ
хандығы дәуіріндегі оқиға, тұлға
атауларында, олардың жалпы но-
байында сәйкессіздік өте аз.
Қарапайым өмірде жоқтауды
«дауыс салу» деп те атайды. Ежелгі
әдет-ғұрпымызда адам қайтқан
күннен бастап оның жылы өтіп,
асы берілгенше жоқтау айтылғаны
белгілі. Дегенмен, оның ерекше
жеткізілетін тұсы – жаназаның
(ресми діни рәсім) алды-арты не-
месе кісіні жер қойнына беретін
мезет. Ағайын-туыс қазалы үйге
«ой, бауырымдап» ат қойып шауып
келіп, көрісіп қөңіл айтады. Мәйітті
шығарарда марқұмның әйелі не-
месе қыз балалары жоқтау айтып,
қайғысын естелікке құрылған
дәстүрлі жыр сарынымен басады.
Әйгілі Байдалы би айтты дейтін:
«Сен жоқтау айтқалы отырсың,
мен тоқтау айтқалы отырмын»
деген сөз бар. Жоқтау – қазақ,
қ ы р ғ ы з с ы н д ы ұ л т т а р д а а з а
ғұрпымен байланыстағы әрі қаралы,
әрі артындағы ұрпағын рухтандыра-
тын имани салттың бір түрі. Нақты
салыстыруға келе қоймас, бірақ
өзімен кездескенде біраз жерде жұмыс
істегенін естідім. Облыстық театрда,
басқа да өнер ордаларында тер төккен.
«Қарайлап әрбір көңілге» атты жинағын
шығарыпты. Сурет салу өнерінде де
айдынға өз кемесімен шыққан желкенін
жайып. Портрет салуда да шеберлігін
шыңдаған. Бірен-саран қылқалам
шеберлері ғана бағын сынайтын
күрішпен өріп салатын портреттік
өнеріне де небір атақты адамдар
қолқа салатын көрінеді. Театр сахна-
сын көркемдейтін өнерін бағалағаны
сондай, М.Әуезов атындағы драма
театры бас суретші етіп оны жұмысқа
шақырды. Онда да жемісті еңбек етті.
Кітап баспасында да көркем дизайн
жасап қаламгерлерді тәнті етті.
Дәп қазір елу мен алпыстың орта-
сына бес қаруын асынып шаңда тып
келген Мейрамбек баһадүр бауы-
рымның шығармашылдығы нағыз
толысқан шағында. Кейбір сурет
өнерінің шеберлері сияқты елтең-
селтең жолға түспей, небір бәйгелерден
маңдайы жарқырап келіп, тұлпарлық
қайрат танытатын шақта мінезін одан
сайын түзеп, Мей рамбек інім Алланың
ақ жолын таңдады. Бес уақыт на-
мазын тастамайды. Меніңше, бұл
жол Мейрамбекті әлі талай шың дар-
ға көтеріп, елі құрметтейтін жай саң
шақтарға жетелейтініне сенімдімін...
Інілерге бата беру ағалардың
арда мінезі деп білемін. Іні демекші,
Мейрамбектің туған інісі Қойшыбек
те қазір әрі ақын, әрі танымал компо-
зитор. Алмағайып мына заманда өнер
жолынан таймай, талмай келе жатқан
екі ініме де бап пен бақты қатар тілеп,
халқына, ұлтына жемісті еңбек ете
беруіне тілектестігімді білдіремін.
ертай аЙҒалИҰлЫ
Б
Б
Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ,
ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор
а
лашТыҢ «23 ЖОқТаУы»
Ешкімге соқтықпай жай
жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау
баспасын деп,
Найзасына жылқының қылын
таққан елміз,
Дұшпандар басынбаған елміз,
Басымыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз,
Дәм-тұзын ақтай білген елміз.
Бірақ асқақтаған хан болса,
Хан ордасын таптай білген елміз».
Қазақ шежіресіне қарағанда,
Қазыбек биден Бекболат, Қазымбет,
Базаргелді, Барқы, Сырымбет есімді
бес ұл, Қамқа атты бір қыз тарайды.
Жоқтау айтушы – бидің осы жар
дегенде жалғыз қызы.
Қамқа жоқтауы – дәстүрлі қазақ
жоқтауы. Мұнда баба жасына жетіп,
ел алдындағы парызы мен қарызын
молынан өтеген қайраткердің ұзақ
та мәнді өмірі жеткілікті сипатта-
лады. Ұлтқа олжа салған ерлігі мен
тапқырлығы орайлы айтылады.
Қазаққа арман жол салдың,
Қолайлы қылып әр заңға.
Жесір қатын, жетім ұл,
Аруағыңа таянып,
Ие болды мал-жанға.
Жоғалмастай жол салып,
Үлгі болып сөз қалып,
Ақылың, бағың молынан,
Елің ерді соңыңнан.
Арқасында әкемнің
Отырған жоқ бұл қазақ,
Ешкімнің кейін тобынан.
Осы орайда жоқтаушы Қазыбек
бидің қазақ ауданынан шығып кет-
кен елшілдік пен елшілік пайымын
(ел шаруашылығына жайлы қоныс
сайлау; қалмақ, сарт, орыс арасын
таразы басы тең ұстау, т.б.) айрықша
баяндайды.
Заманынан оза туған, ақыл-
абыройы өзінің емес, халқының
олжасына айналған би зердесімен –
бай, жәрдемімен – жомарт. Қамқа
қыз мұны да есінен шығармайды:
Байлығын несін айтайын,
Кедей деп адам айта алмас.
Мырза деп несін айтайын,
Әркім-ақ қонақ қайтармас.
Бір сөзбен айтқанда, Қазыбек-
қызы Қамқа күллі қазаққа мәшһүр
би әкесінің қадірін перзенті ретінде
ғана емес, халықтың бір өкілі
ретінде бағалай алған. Сол себепті
де бұл жоқтаудың тарихи маңызы
ерекше дер едік. Дәстүрге сәйкес,
бұл жоқтауды сөзге ұста бір ақын
жазып берді ме, жоқ әлде Қамқа
қыздың өз жүрегінен шықты ма –
ол жағы бір Аллаға ғана аян. Біз үшін
маңыздысы – өзегін жарып шыққан
төренің барымташылары Алтай
жақтан әкеле жатқан жылқыларынан
айырылып қалып, жолай оның 100-
ден аса жылқысын олжалап әкетіпті.
Істі бейбіт шешу керек. Сонда
екі араның мәселесін бітістіруге
Құсбекпен сыйлас Қарпықбай би
жүрген деседі. Би Рүстем төреге
барып, істің мән-жайын айтқанда,
сұлтан өзін алдаған жігіттерінің ба-
сын алмақ болыпты. Сонда би төрені
тоқтатып, ашуын басыпты. Рүстем
сұлтан: «Ақысына не сұрайсың?»
д е г е н д е , т ө р е ш а ң ы р а ғ ы н д а
құлдыраңдап бір үш жасар қыз
бала жүр екен, сол бүлдіршінді
нұсқап: «Құсбек төрінің де осы ша-
малас інісі бар» деп, құдалық жо-
лын ұсынады. Сол қыз – Күн жан
екен де, айтқан ұл – Ысмайыл
хан көрінеді. Кейін Құсбектің осы
немере інісі Ысмайыл хан Қа ра-
шо раға болыс болыпты. Әлихан
Бөкей ханның жазуынша, окружной
приказдағы бір жемір майор қазақ
әйеліне көргенсіздік жасағанда, Ыс-
майылхан араша түсіп, қылмысын
қолмен қойғандай дәлелдеп, Сібірге
айдатқан екен. Ақыры кектен кек
туып, әлгі майордың әйелі 1867 жылы
төрені улап өлтіріпті...
Былайша айтқанда, айнала-
сына және ағайынына бауырмал-
Кеткен жоқ әкем арманда, –дейді
Қамқа тәубасына келіп.
Әрине, қазақ ұғымында «ханда
қырық кісінің ақылы бар». Бірақ ол
ақыл оңай келмесі тағы да түсінікті.
Ақылдың сауыты бекем болу үшін
хан да, қара да парасатқа жүгініп,
табысты бағалап, барды ұқсата алуы
керек. Қазыбек би – сол парасат
өлшемі.
Қамқа жоқтауына мән беріңіз:
Ақылменен мол тапқан,
Бағыменен ел тапқан.
Батыр мен хан сасқанда,
Әкеме келіп жол тапқан...
өзінің халықшыл биін халықтың
жоқтағаны. Бұл туындының ел жа-
дынан өшпеуіндегі бір сыр да осын-
да.
«23 жоқтау» жинағына енген
таңдаулы бір мұра – Ысмайылхан
ды ханымы Күнжанның жоқтауы.
Оған түсініктеме берген «Қыр ба-
ласы» (Ә.Бөкейхан) Ысмайылхан –
Тәукенің Арыстанбегінің перзенті
е к е н і н ж а з а д ы . Е л а у з ы н д а ғ ы
және жазбаша деректерде Тәуке
сұлтанның бір баласы Құсбек зама-
нында Қарқаралының аға сұлтаны,
дуанбасы екен. Бірде Жетісудағы
Жолбарыс хан нәсілінен Рүстем
дылығымен, әділдігімен танылған
Ысмайылхан өлімі – қыршын өлім.
Өйткені, жоқтауда Күнжан ха-
ным «Отыз жастың ішінде / Жесір
қалдым жастайын» дейді. Соған
қарғанда, марқұм төре де отыздың о
жақ-бұ жағында ажал құшқан.
Күнжан жоқтауынан бірнеше
сипат анық көрінеді: біріншіден,
марқұм Ысмайылхан – кісі қолынан,
біреулердің қасақана аярлығынан
қайтқандықтан, жырда әділеттікті
іздеу сарыны байқалады; екіншіден,
төре жастай қайтқандықтан, мұнда
ж а н а ш ы р л ы қ т ы ң ( қ ы р ш ы н д ы
жоқтаудың) ерекше бір үрдісі
көрініс тапқан; үшіншіден, ерлі-
зайыптылардың бір-бірін жоқтауы
б і р б а с қ а д а , а т а т е г і а қ с ү й е к
жандардың елдік жауапкершілікті
(«тегіне тартып» дегендей) еске
ала отырып жоқтауы бір басқа. Біз
бұл жерде «жоқтауды шығарып
берушінің» немесе Күнжанның
өзінің жоқтауға әлеуметтік екпін
түсіргенін жоққа шығармаймыз.
Асылзада сұңқарым,
Өлгеніңді есітіп,
Адамзат бәрі қайғырды.
Тағдырды Құдай тез беріп,
Отыз жасқа келгенде,
Айбатымнан айырды.
Қаһарына мінгенде,
Шын ашуы келгенде,
Тілмаш құрлы көрмеген,
Дуан басы майырды, – дейді
бір қайтарымында Күнжан. Бұл
үзіндіден адал жардың қайғысы да,
марқұмның адамшылық ұстанымы
д а а н ы қ к ө р і н і с т а п қ а н . О с ы
тұста қайғырушының әлеуметтік
деңгейден (келін) гөрі мәселеге «сырт
көз – сыншы» ретінде қарағанын
байқап, жоқтау авторлығына халық
лайық екенін аңғартатын да жер бар.
Ол былай болып келеді:
Мырзалығы сонша еді –
Ғаріп пенен ғасірге
Барлық малын таратқан.
Бөкей, Тәуке, Барақтан
Тумай сөзге ілініп,
Ақ патшаға білініп,
Жастайынан шен алған,
Шапаны келген сенаттан.
Әрине, бұл деректің бәрі де рас
болуы мүмкін. Бірақ сойы – ақсүйек,
өзі ел дәстүрін жалғастыруға тиіс
тұқымның келіні өз қайын атала-
рының атын атауы мүмкін емес. Бұл
– жай ғана штрих. Одан жоқтаудың
мазмұнына, мәртебесіне ешқандай
зиян тимейді.
Бұл жоқтаудағы өлеңмен өрілген
бір аңсау-арман – білімді, білікті,
батыл жас азаматтың қайталанбас
өмірбаян парақтары. Заман – жаңа,
адам да – жаңарған, ой-арман
да – жаңалықтан тоят іздейді.
Бірақ соның бәріне қол жеткізген
азаматтың төтеннен келген өлімі
жаңалық пен әділдікті қатар іздеуші
жұртты сансыратады...
Кешегі менің бекзатым,
Бесінде мектеп оқыған,
Алтыда ақыл тоқыған,
Жетісіне келгенде,
Жетпіс жерден дін сұрап,
Құдықтай көзін шұқыған.
Сегізіне келгенде,
Сұм дүние, сағым боларсың,
Баршаны жалмап тынарсың.
Жылтырайсың сыртыңнан,
Өртенген ішің шынарсың.
Абайлатпай адамға,
Ақыры бір күн құларсың...
Сұм дүние, қазір көшесің,
Өткіздің ердің нешесін.
Бес күндей қызық көрсетіп,
Аларсың ақыр есесін...
Осы тұста Күнжанның зары
ұлт тың зарына ұласып, адамзат
жұмбағын, екі дүние сырын меңзе-
гендей болады.
Айырылдың, халқым, нарыңнан,
Көтерген ауыр қомыңды-ай!..
Қай теңдікке, ағайын,
Жеткізбей кетті-ай
қолыңды-ай?!
Жоқтаушы немесе жоқтауды
оқтын-оқтын қайталап жан жа-
расын жазған жұрт бұл жерде ой
түкпірінде бір ғана Ысмайылханды
ұстады деуге келе қоймас.
Қарап тұрсаңыз, аясына жоқтау
жанры енетін фольклор – әлеуетті
и д е о л о г и я . X V I I I - X I X ғ а с ы р д а
қаһармандық жырлардың неге
маңызы артты? Отарланған ел азат
күнін, айбарлы шағын сағынды. XX
ғасырдың 20-жылдары Мағжандар,
60-жылдары М.Мағауиндер неге
қобыз сарынын қозғады, жырлады.
Бәрі де ұлт рухы үшін. «23 жоқтау» да
– қазақ рухына қойылған ескерткіш.
Фәни өмірдегі адам неге бақиға озған
адамын жоқтайды? Екі дүниенің
обал-сауабын ойлап жоқтайды.
Шерлі көңілде идеализациядан гөрі
шынайылық басым болады. Кез кел-
ген адамның ата-анасы – әрі асқар
тау, әрі мөлдір бұлақ. Жоқтау айтқан
перзент немесе туысқан осы пана-
ны, осы тазалықты түсінгенін ай-
тып, тәубасына келеді. Содан бір
отбасының трагедиясы ұлт трагеди-
ясына айналып кете барады. «Әке
– балаға сыншы», «Жұрт мақтаған
жігітті қыз жақ таған» нақылдарының
мәніне лайық жас азамат қыршын кет-
се, айналасы, ағайыны һәм жары не-
месе сүйгені бордай езіледі. Қайғыдан
аһ ұрады. Пәктікпен айтылған жоқтау
адамның сай-сүйегін сықырлатып,
жанын қозғап, жауапкершілік биігіне
алып шығады. Байқасаңыз, былайғы
өмірде өлім-жітімде оқылатын
қасиетті Құран сүрелері мен аятта-
ры мағынасында осы сарын айқын
көрінеді. «Раббым Алла, саған
қайтамыз» делінеді Құран-Кәрімде.
Қазақтың қара өлеңі мен жоқтауы:
«Өлмесе ата-бабаң қайда кеткен?»
дейді. Айтқандайын, 1930 және 1937
жылдары А.Байтұрсынұлы сынды
зиялыларға саяси кінә тағылғанда,
«ескіліктің сөзімен халықты Кеңес
өкіметіне қарсы қойды» де ген.
«Тамшы тас жарады» деген дей,
имандылықтан азар-безер жүйе
ескіліктің сөзінен зәре құты қалмай
қорыққан. Әрине, қиын кезеңде мұра
ретінде насихатталған жоқтаулардың
астарында азаттықты аңсау ұғымы
тұрғанын кеңестік билік түсінген. Ал
зиялылар «ескілік» – әрқашан елдік
дәстүрдің алтын арқауы деп білген.
АСТАНА
ҚазаҚ хандығына – 550 жыл
Тамыры терең, тұғыры биік
тарихымыз шежірелі сырға тұнып
тұрғалы белгілі. Бүгінгі аз-кем әңгіме
соның бір парасы хақында.
...Бұл Әбілқайыр ханның жаз
жайлауы орналасқан хан ордасына
көшіп келген кезі болатын. Хан
ордасы қазіргі Ұлытау ауданы,
Аманкелді ауылынан (Сарлық село-
сы) шығысқа қарай жеті шақырым
жазықтықта орналасқан. Жаздағы
Ордада ел басқару ісімен қатар, түрлі
салт-дәстүрдің, саятшылық, тағы
басқа жұмыстардың атқарылар кезі
болса керек. Осы Хан ордасының
сол түстік-шығысында елу- алпыс
шақырымдай қашықтықта Арғанаты
тауынан бастау алатын «Бозай»
өзеннің бойында аң аулап жүрген
жерінде Қобыланды батыр Ақжол
биді өлтіріп кетеді. Ақжол бидің
әкесі Қодан тайшының тоқсанға кел-
ген шағы болса керек, мерт болған
баласының жансыз денесін айналып
жүріп:
«Қарақыпшақ Қобыландыда
нең бар еді құлыным?!
Сексеннен асып,
тоқсанға жасым келгенде,
Тұра алмастай үзілді ме жұлыным?
Адасқанын жолға салдың бұл
Ноғайлы ұлының,
Аққан бұлақ, жаққан шырақ,
жалғыз күнде құрыдың,
Қарақыпшақ Қобыландыда нең
бар еді құлыным?!» деп зарлы толғау
айтатыны сол кез.
А қ ж о л б и д і ң ( Д а й ы р қ о ж а )
бәйбішесі Ергүлден – Мейрам,
тоқалы Момыннан – Қарасопы-
Б ә с е н т и н - К е н ж е с о п ы , к і ш і
тоқалынан – Сомдық болып та-
былады.
Ардақты биі Ақжолдың қазасына
а ш ы н ғ а н ж ұ р т д ү р к ө т е р і л і п ,
Ә б і л қ а й ы р ғ а ш а р и ғ а т ж о л ы н а
қы састық жасаған Қарақыпшақ
Қобы ланды батырдан Ақжол бидің
құнын өндіруді талап етеді. Шұғыл
өткізілген хан кеңесінде Керей-
Жәнібектің талабы орындалмайды.
Дегенмен, ханның маңындағы
сенімді сарбаздардың жергілікті
халықтың наразылығын күшпен
б а с у ғ а ш а м а с ы ж е т п е й т і н е д і .
Әбілқайыр Ақ сарайы орналасқан
Сығанақ шаһарын қорғауды үлкен
ұлы Шәһбұтаққа тапсырып, өзі
шағын жасақпен қосымша күш
жинауға Ноғайлы ордасына атта-
нады. Хан шешіміне наразы халық
пен Шаһбұтақ сарбаздары арасында
қақтығыс болып, Шаһбұтақ қаза та-
бады. Шаһбұтақтың қазасын естіген
Керей мен Жәнібек өзара ақылдасып,
бұрынғы сөз салған Есенбұға ханға
астыртын елшілікке Керейдің үлкен
ұлы Бұрындықты аттандырады.
Бұлай еткені – Әбіл қайыр дың бұл
екеуін де аман қой ма сын түсінгені.
Есенбұға хан уәдесінде тұрып, Талас
өзенінің бойынан Шу-Балқашқа
д е й і н г і а у м а қ т ы б ө л і п б е р у г е
келіскендігін хабаршы Бұрындық
жеткізеді. Содан Керей мен Жәнібек
бастаған ұлан-асыр көш, жүк тиеген
түйелер, күймелі арба, аттылы-жаяу
халық ханның жазғы ордасынан атта-
нып, бір айға жуық жүрсе керек.
Керей мен Жәнібек бастаған
қазақ тайпаларының көшіп кеткені
туралы хабар Әбілқайырға да жетеді.
Хабарды естіген хан қаһарына
мініп, Қобыландыға көп әскер жи-
нап беріп, «Сенің әлегіңнен кетті,
енді, кінәңді жу, көнсе кері айдап
кел, көнбесе ең бек теген баласынан
еңкейген кәрісіне дейін қырып сал
да, қалғанын олжала» деп тапсырма
береді. Қобыланды қатты қайғырып,
үйінде теріс қарап жатып алады.
Әскербасылары «батыр қашан ат-
ҰлЫТаУ –
Тарих кУӘгері
Достарыңызбен бөлісу: |