17
−
заманауи әлемде математиканың мәнін түсіну;
−
негізделген логикалық пайымдауларға пікір білдіру;
−
математикалық білімін адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін
қолдану.
Математикалық сауаттылық – күнделікті өмірдің практикалық
қажеттіліктерін басқаруға көмектесетін математика және математика бойынша
сыныптан тыс жұмыстар нақты мәселелерді
зерттеу және шешуді тиімді
қолдануды білдіреді [45].
А.М.Мүбараков функционалдық сауаттылықты жеке адамның мүддесін,
ықыласын, қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамытумен
сабақтастықта болу керек деп түсіндіреді [46]. Оның ойынша оқушылардың
функционалдық сауаттылығын дамытуды жүзеге асыру келесі қажетті шарттар
арқылы орындалу керек:
- жастарды оқыту мәселесінің мазмұнын жоспарлауда,
өскелең ұрпақтың
тәжірибесін меңгеру мақсатын ғана емес, сонымен бірге болашақ жұмысшы мен
маманға тән қасиет пен қызметтің келешекке бағытталған түрлерін де ескеру
керек;
- оқу жоспарларының құрылымы, жастардың білімге деген мұқтаждығы
оған жету процесінен асып түсу шартын қанағаттандыру қажет:
еңбек және
кәсіптік дайындықтың жалпы біліммен бірге бір уақытта және өзара
әрекеттілікпен орамды түрде дамуы;
- сыбайлас курстардың бағдарламаларын тақырыптық және хронологиялық
келісімдермен қамтамасыз ету;
- окушылардың білімін, іскерлігін және жеке қасиеттерін қалыптастыру
тәсілдерін, формаларын және әдістерін мақсатқа сай үйлестіру
және олардың
қолайлысын тандап алу.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығы өмірден алатын білім, білік
және дағдыларды адам жұмысының әртүрлі саласындағы алуан түрлі
тапсырмаларды шешудің, еңбек өнімділігі мен әлеуметтік-экономикалық
дамудың тұтас алғандағы әлеуметтік қатынастардың оқушының меңгеретін білім
мазмұнымен байланысы арқылы қалыптасады.
Функционалдық сауаттылық оқушылардың
танымдық қабілеттері мен
өнімді жұмысының көрсеткішін білім деңгейі ретінде қарастырады. Бұл деңгей
өмірдің әртүрлі саласындағы тапсырмаларды шешуде мектептік білім
мазмұнының қолданбалық сипатына және оқушылардың игерген біліміне
негізделеді.
Сонымен, функционалдық сауаттылықты «
адами іс-әрекеттің әртүрлі
жағдайларында өмірлік міндеттердің кең ауқымын шешу үшін мектепте алған
білім, білік жіне дағдыны пайдалана білу қабілеті
», - деп түсінеміз. Ал,
«
Достарыңызбен бөлісу: