129
332 000 × 8 / 100 = 26 560 доллар.
Жауабы:
26 560 доллар.
Бұл есепті шығаруды үйрету арқылы инвестиция ұғымын түсіндіріп өтемеіз.
Орта мектепте біз қаржылық әл-ауқатқа жету үшін
қандай құралдарды
инвестициялауға болатыны туралы сөйлесеміз. Негізгі опциялар -
жылжымайтын мүлік, металдар, қор нарығы туралы түсініктерді талқылаймыз.
PISA зерттеуінің тапсырмалары оқушылардың
математикалық және
қаржылық сауаттылығы мен креативті ойлау дағдыларын бағалауға мүмкіндік
береді. Қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларда
әртүрлі жағдайларда кездесетін практикалық
тапсырмаларды шешу және
математикалық пайымдау дағдыларына ерекше назар аударылады. Олар:
«жүйелі әрекет ету жүйесі», «қарапайымнан анағұрлым күрделіге дейін әртүрлі
әдіс-тәсілдерді іске асыру», «орынды», «қолайлы», «жинақы», «ықшам немесе
айрықша шешімдерді таба білу»- практикалық есептерді шешу болса, ал
«ойлау», «белгілі бір тақырыпқа қатысты кең ауқымда сөйлеу», «логикалық
қисынды ойлай білу», «дәлелдерді сенімді тұжырымдау» –
математикалық
пайымдау болып табылады.
Оқушылардың PISA зерттеуінің тапсырмаларын орындау деңгейлері білім
(репродуктивті қызмет,фактілерді және карапайым, күрделі
емес сұрақтарды
білу), қолдану (байланыс орнату, түсініктерді пайдалану), талқылау (рефлексия)
критерийлері бойынша бағаланады. Ал жаңартылған білім беру мазмұнында
мектеп оқушыларының ойлау деңгейлері Блум таксономиясы (білу, түсіну,
қолдану, талдау, жинақтау, бағалау) негізінде бағаланады.
Блум таксоноиясына сай оқушыларды мәтінді есептерді шығаруға үйрету
арқылы қаржылық сауаттылығының қалыптасуын
төмендегіше бағалауға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: