Еркишева жазира сабыровна


 Мектеп оқушыларының қаржылық сауаттылығын қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет64/82
Дата08.12.2023
өлшемі3,14 Mb.
#135092
түріДиссертация
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   82
Байланысты:
1 Диссертация Еркишева Жазира Сабыровна.

2.3 Мектеп оқушыларының қаржылық сауаттылығын қалыптастыру 
бойынша жүргізілген педагогикалық эксперимент және оның нәтижесі 
Біздің зерттеуіміздің мақсатына, пәніне және болжамына сәйкес жалпы 
білім беретін мектеп оқушыларының қаржылық-экономикалық мазмұндағы 
есептерді шығару арқылы қаржылық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі 
бойынша ғылыми болжамды дәлелдеу мақсатында педагогикалық эксперимент 
жүргізілді.
Педагогикалық эксперимент зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне 
сәйкес 2016-2020 жылдары жүргізілді. Сонымен бірге келесі кезеңдер бойынша 
ұйымдастырылды: 
-
айқындаушы эксперимент (2016-2018 ж.ж.); 
-
қалыптастырушы эксперимент (2018-2019 ж.ж.); 
-
бақылаушы эксперимент (2019-2020 ж.ж.). 
Зерттеудің базасы: 
жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқу 
процесін жүзеге асырып жатқан Түркістан облысының адами әлеуетті басқару 
мекемесіне қарасты жалпы білім беретін мектептері. Түркістан облысы, Түркістан 
қаласының М.Әбенова атындағы жалпы орта мектебі, Н.Оңдасынов атындағы 


131 
Түркістан мамандандырылыған мектеп интернаты, Мағжан Жұмабаева 
атындағы №15 мектеп
-
гимназиясы, Түркістан қаласының Жұмабек Ташенов 
атындағы
№23 
IT-мектеп
-
лицейінде
апробациядан, 
яғни 
бақылау 
экспериментінен өтті. 
Айқындаушы эксперимент кезеңінде: 
-
зерттеудің болжамы, мақсаты және міндеттері тұжырымдалды; 
-
зерттеу тақырыбы бойынша математиканы оқыту процесінде 
оқушылардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыру құралы ретінде мәтінді 
есептердің орны мен маңыздылығы, классификациясы, «функционалдық 
сауаттылық», «функционалды математикалық сауаттылық», «қаржылық 
сауаттылық» ұғымдарының мәні нақтыланды; 
-
зерттеу тақырыбы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім 
беру мекемелерінде математиканы оқыту процесіндегі математикалық 
есептердің құрылымы, математиканы оқытудың нәтижесі, құралы және пәні 
ретінде мәтінді есептердің рөлі мен маңыздылығы айқындалды; 
-
зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектерді және 
қолданыста жүрген оқу әдебиеттерін талдау арқылы мектеп математика 
курсындағы мәтінді есептердің мәселенің шамасына, мазмұны мен тілдің 
ерекшелігіне байланысты сюжеттік, контекстік (тәжірибелік-бағдарлы), 
қолданбалы (практикалық мазмұнды), пәнаралық сипаттағы (физикалық 
мазмұнды, химиялық мазмұнды, қаржылық-экономикалық мазмұнды және т.б.) 
есептерге жіктелген классификациясына талдаулар жасалды;
-
зерттеу тақырыбы бойынша математикалық есептер теориясы мен 
есептерді шығаруға үйрету мәселелері зерделеніп, мектеп математика курсында 
оқушыларға қаржылық-экономикалық мазмұнды есептерді шығаруды оқытып-
үйретудің әдістемелік негіздері айқындалды; 
-
зерттеу тақырыбы бойынша математикалық есептерді шығару процесінің 
компоненттері негізінде есептерді шығарудың іс-әрекет қадамдары, яғни мәтінді 
есептерді шығаруға үйретудің төрт кезеңі: «есептің шартын (мәтінін) талдау, 
есепті шығару жолдарын іздеу (есепті шығару жоспарын құрастыру), есепті 
шығару жоспарын жүзеге асыру, есептің шешімінің дұрыстығын тексеру және 
жауабын жазу» айқындалды; 
-
5-10 сыныптардағы математика және алгебра сабақтарына қатысып, 
мұғалімдер мен оқушылар арасында сауалнама жүргізілді; 
-
№1 жиынтық бағалау жұмысы өткізу арқылы 5-10 сынып оқушыларының 
қаржылық сауаттылық деңгейі анықталды. 
Жиынтық бағалау жұмыстарын орындау бойынша оқушылардың білімін 
анықтау құрастырылған тапсырмалардың алдын ала жасалған критерийлері 
бойынша жүзеге асырылды. 
№1 жиынтық бағалау нәтижелерінен 5-10 сынып оқушыларының натурал, 
сандар, жай, ондық бөлшектер, пайыз, пропорция, теңдеу,квадрат теңдеу
тақырыптары бойынша белгілі бір білімдері бар екендігін көрсеткенімен 
оқушылардың математиканың экономикадағы мәні мен қолданбалы маңызы 
туралы түсініктері жеткіліксіз екендігін көрсетті.
Сонымен қатар, қаржылық-экономикалық мазмұнды есептерді шешу 


132 
нәтижелерінің төмен болуы, орта мектеп оқушыларының математика пәні 
бойынша жүргізілетін емтихандарда сирек қолданылатындығы және оқушылар 
мұндай есептерге назар аудармайтындығы байқалды.
Зерттеу барысында оқушылар қаржылық-экономикалық мазмұнды 
есептердің басым бөлігінде кездесетін «пайыз» сөзі мен берілген есептің шартын 
түсініп, қарапайым пайызды есептеуді білгенімен, есептің шартына сай, 
белгісізді тауып, олар арқылы теңдеулер құра алмайтындығы, нақты қаржылық 
- экономикалық есептерді шешуге қажетті математикалық модельдерді құруда 
айтарлықтай қиындықтар туғызатындығы байқалды.
Оқушылардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында 
қаржылық-экономикалық мазмұнды мәтінді есептерде және күнделікті өмірде 
қолданылатын қаржылық-экономикалық ұғымдарды түсіну бойынша 5-11 
сыныптар арасынан таңдалып, 140 оқушыға сауалнама жүргіздік. Сауалнамаға 6 
сынып - 50, 8 сынып - 45, 10 сынып - 55 оқушы қатысты. Сауалнама төрт 
деңгейде жүргізілді (ҚОСЫМША А). 
I деңгей – ұғымды түсінбеуі; 
II деңгей – ұғымды қате түсіндіру; 
ІІІ деңгей – ұғымды күнделікті ойлар деңгейінде түсіндіру; 
IV деңгей – ұғымды ғылыми түсіндіру; 
Қаржылық-экономикалық ұғымдар бойынша аталған төрт деңгей бойынша 
нәтиже 25-кестеде көрсетілген. 
Кесте - 25 - 6, 8, 10 сыныптар бойынша қаржылық ұғымдарды түсіну бойынша 
айқындау кезеңінің нәтижесі 
25-кестеде көрсетілген нәтижені талдай келе, 5-7 сыныптарда мәтінді 
есептер бойынша тақырыптар оқытылғанымен, қаржылық- экономикалық 
мазмұнды есептерге мән берілмейтіндігі, оқушылардың қаржылық-
экономикалық ұғыммен үстірт танысуы, ұғымдарды практикада, есептерді 
шығаруда қолданылмауының салдары деп ұғындық. Ал 9-11 сыныптар бойынша 
бұл ұғымдарды күнделікті қолданыста жүрген түсінікпен ғана меңгергендігі 


133 
анықталды. Осы ұғымнан кейін, оқушылардың қаржылық сауаттылығын 
қалыптастыру мақсатында 9-11 сынып оқушыларынан қоғамдағы әлеуметтік-
экономикалық өзгерістердің маңыздылығын түсінетін мектепте математиканы 
экономикамен байланыстыра оқытуға деген көзқарастары туралы сауалнама 
жүргіздік (ҚОСЫМША Ә)
Сауалнамаға қатысқандардың 88,6%-ы қазіргі жағдайда экономикалық 
білім мен қаржылық сауаттылық әрбір адамға өте қажет деп санайды.
Сауалнамаға қатысқан 9-шы және 11-ші сыныптардағы 186 оқушының 
52,9%-ы болашақ мамандығын әлеуметтік қаржылық және экономикалық 
бейінді мамандықтарды таңдауға қызығатындығын көрсетті. Сонымен қатар 10-
11 сынып оқушыларынан арасында әлеуметтік желілердегі қаржылық 
сауаттылықты арттыруға арналған курстарға қатысуға қызығатындарын және 
кейбір оқушылардың «Богатый папа, бедный папа», «Екінші болма» және т.б. 
қаржылық сауаттылыққа тәрбиелейтін кітаптарды оқитындары анықталды. 
Тәжірибелі математика пәнінің мұғалімдерінің жұмысын бақылай отырып, 
тәжірибеге 
бағытталған 
қолданбалы 
есептерге 
сабақ 
өту 
кезінде 
қарастырмайтындығын байқадық.
Сонымен қатар эксперименттің алғашқы кезінде қаржылық-мазмұнды 
есептерді шығаруда білім деңгейлерін айқындау үшін №1 жиынтық бағалау 
жұмысы алынды. Жалпы экспериментке 450 оқушы қатысты. Бұл кезеңде 
топтарды қалауымызша экспеpименттік және бaқылaу тoптapы ретінде бөліп 
aлынды. Эксперименттік топқа – 220 оқушы, бақылау тобына - 230 оқушы 
қатысты. Бұл топтардың бaстaпқы білім деңгейлеpін aнықтaу үшін, екі топқа 
бірдей №1 жиынтық бағалау жұмысының тапсырмалары берілді. (ҚОСЫМША 
Б). Экспермент басындағы №1 жиынтық бағалаудың нәтижесі 26- кестеде 
берілген. 
Кесте - 26 - №1 жиынтық бағалау жұмысының нәтижесі 
Сынып 
Оқушы 
саны 
Көрсетілген аралықта баға (%) алған 
оқушылар саны 
Білім 
сапасы 

Үлгерімі 

100-90 
89-75 
74-50 
49-0 








5-сынып 
ЭТ 
40 
10 
13 
15 

57,5 
95,00 
БТ 
40 
12 
10 
17 

55,0 
97,50 
6-сынып 
ЭТ 
41 
11 
13 
15 

58,5 
95,12 
БТ 
43 
14 
12 
14 

60,4 
97,67 
7-сынып 
ЭТ 
40 

14 
17 

55,0 
97,50 
БТ 
42 

15 
16 

57,1 
97,62 
8-сынып 
ЭТ 
39 

10 
19 

48,7 
97,44 
БТ
40
11
10
19
0
52,5
100,00


134 
26-кестенің жалғасы








9-сынып 
ЭТ 
40 
10 
12 
17 

48,6 
94,6 
БТ 
42 
12 
12 
17 

53,8 
97,4 
10-сынып 
ЭТ 
20 




55,0 
95,00 
БТ 
24 




58,3 
95,83 
26-кестедегі №1 жиынтық бағалау жұмысының нәтижесінен екі топтың 
қаржылық-экономикалық мазмұнды есептерді шығару білімдері шамалас 
екендігі байқалды. Осы топтардың ішінен білім сапасы бойынша төмендеу 
топтарды зерттеуіміз келесі кезеңдерінде эксперименттік топ деп бөліп алдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет