Еркишева жазира сабыровна



Pdf көрінісі
бет65/82
Дата08.12.2023
өлшемі3,14 Mb.
#135092
түріДиссертация
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   82
Байланысты:
1 Диссертация Еркишева Жазира Сабыровна.

Қалыптастырушы эксперимент кезеңінде: 
-
5-10 сынып оқушыларының қаржылық сауаттылығын мәтінді есептерді 
шығару үйрету арқылы қалыптастыру барысында мектеп математика курсының 
мазмұндық желісінен қаржылық-экономикалық есептер бөліп алынды. Мұндай 
тапсырмаларға мыналар жатады: жалақыға салықты есептеу, бағадан жеңілдікті 
есептеу, төлем түбіртегін толтыру, отбасы бюджетін есептеу; несие немесе 
депозит бойынша банк сыйақысының сомасын есептеу; ұялы байланыс 
операторының немесе Интернет-провайдердің ең қолайлы жағдайын таңдау 
және т.б.; 
-
мектеп математикасының курсының мазмұндық желесі арқылы 
қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған мәтінді есептер мен 
тапсырмаларды жинақтауда сабақтастық, жүйелілік және бірізділік, өмірмен 
байланыс қағидаларының байланысын көрсететін әдістеме оқу процесіне 
енгізілді; 
-
математиканы оқытудың әдістемелік жүйесі негізінде мәтінді есептерді 
шығаруға үйрету арқылы қаржылық сауаттылықты қалыптастыру әдістемесі оқу 
процесіне енгізілді. Бұл әдістемелік жүйе бір жағынан мектеп матемтика 
курсына қаржылық-экономикалық білімді интеграциялауға мүмкіндік береді, ал 
екніші жағынан қаржылық-экономикалық тапсырмаларды шығаруды үйрету 
арқылы қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға ықпал етеді; 
-
оқушыларға 
PISA 
және 
TIMSS 
халықаралық зерттеулерде 
«Математикалық сауаттылық» және «Математика» бөлімдерінде кездесетін 
есептердің негізінде 5-10 сыныптарға қаржылық сауаттылықты мәтінді есептер 
мен контексті есептерді шығаруға үйрету арқылы қалыптастыру әдістемесі оқу 
процесіне енгізілді; 
-
мәтінді 
есептерді 
шығару 
арқылы 
қаржылық 
сауаттылықты 
қалыптастыруды әдістемесі жасалды. Бұл әдістемеде жаңартылған білім беру 
мазмұнына сай математиканы оқыту процесін ұйымдacтыpyдың тәciлдepi, 
әдicтepi және тexнoлoгиялapы қолданылды. 
Бақылаушы эксперимент кезеңінде: 
Бақылау эксперименті зерттеудің үшінші кезеңінде жүргізілді. 5-10 
сыныптардағы эксперимент нәтижелерін бақылау келесідей жүргізілді: 


135 
Бақылаушы эксперимент кезеңінде қаржылық-экономикалық мазмұнды 
мәтінді есептер бойынша жылдың соңында оқушылар арасында қорытынды 
жиынтық бағалау жұмысы алынды, апробациядан өткен мектептердің 5-10 
сыныптарға сабақ беретін 50 мұғалімдер арасында математиканы оқыту арқылы 
қаржылық сауаттылықты қалыптастыру әдістемесі бойынша сауалнама 
жүргізілді. Сауалнаманың нәтижесі 27-кестеде берілген. 
Сауалнама нәтижелерін талдау мектеп мұғалімінің көзқарасы бойынша 
оқушылардың қаржылық сауаттылығын математиканы оқу процесінде 
қалыптастыруға болатынын және экспериментке қатысушылардың 82%-ы 
әдістемені қолдайтындығын көрсетті. Алайда, математикадан мектеп 
оқулықтарының теориялық және тапсырмалық материалы мұндай мүмкіндікке 
жол бермейді және мұны мұғалімдердің 80%-ға жуығы атап өтті.
Кесте 27 – Мұғалімдер арасында қаржылық сауаттылықты қалыптастырудың 
әдістемесі бойынша жүргізілген сауалнама 
№ 
р/н 
Сұрақтың атауы 
Жауаптың нұсқалары 
ия 
жоқ 
Кейде 






Математиканы оқыту барысында оқушы-
лардың қаржылық-экономикалық сауатты-
лығын қалыптастыруға болады деп 
ойлайсыз ба? 
82% 
8% 
10% 

Сіздің ойыңызша, мектептегі математика 
оқулықтарының материалы (теориялық, 
практикалық тапсырма) мектеп оқушы-
ларының қаржылық-экономикалық сауат-
тылығын қалыптастыруға мүмкіндік бере 
ме? 
50% 
45% 
5% 

Оқушылардың қаржылық сауаттылығын 
қалыптастыру мақсатында мектеп матема-
тика курсының тапсырмалар жүйесін 
кеңейтуге қажет деп ойлайсыз ба? 
80% 
17% 
3% 

Сіздің көзқарасыңыз бойынша сюжетті 
мәтіндік есептер оқушылардың қаржылық 
сауаттылығын қалыптастыруға мүмкіндік 
бере ме? 
85% 

15% 

Қаржылық-экономикалық мазмұны бар 
мәтінді есептер оқушылардың 
математикалық модельдеу дағдыларын 
қалыптастыруға мүмкіндік бере ме? 
60% 
24% 
8% 

Қаржылық-экономикалық мазмұнды 
есептердің математикалық модельдері 
оқушылардың математикадан алған 
білімдерін өмірде пайдалануға және 
тереңдетуге мүмкіндік береді ме? 
68% 
24% 
8% 


136 
27-кестенің жалғасы






Математика сабағында оқушылардың 
қаржылық-экономикалық сауаттылығын 
қалыптастыру үшін қосымша материалды 
пайдаланасыз ба? 
иә, мен оны 
білім 
берудің 
барлық 
деңгейінде 
үнемі 
қолданамын 
0% 
иә, кейде 
білім 
берудің 
барлық 
деңгейінде 
қолданамын 
10% 
иә, кейде 
оқу 
материалы 
мүмкіндік 
берсе 
қолданамы
н 
14% 
Педагогикалық-экспеpимент жұмысымыздың бaқылaу (oқыту, түзетуші) 
кезеңінде жалпы орта білім беретін мектептің 5-10 сыныптарына мектеп 
математика курсы бойынша мәтінді есептерді шығару арқылы қаржылық 
сауаттылығын қалыптастыру әдістемесінің тиімділігіне бақылау жүргізілді. 
Бұл кезеңде экспеpименттік тoптapдa оқу жылы бойы оқу процесіне 
енгізілген математиканы оқыту арқылы қаржылық сауаттылықты қалыптастыру 
әдістемесін қoлдaнып сaбaқ өткеннен кейінгі aлынғaн бaқылaу нәтижелеpі 
сaлыстыpылды. Экспеpимент тoптapынa тaқыpыпқa сaй етіп құpaстыpылғaн 
қаржылық-экономикалық мазмұнды қолданбалы есептеpді қoлдaндық және oл 
сaбaқтap жoспapдaн aуытқусыз өткізілді. Aл бaқылaу тoптapындaғы өткізілген 
сaбaқтap жoспapлы түpде дәстүpлі әдіспен өтілді. Осылайша, оқу процесіне 
енгізілген математиканы оқыту арқылы қаржылық сауаттылықты қалыптастыру 
әдістемесінің тиімділігін анықтау мақсатында 5-10 сынып оқушыларынан №2 
жиынтық бағалау жұмысы алынды және сәйкесінше олардың математикалық 
білім деңгейі анықталды (ҚОСЫМША В). Бақылаушы эксперименттің №2 
жиынтық бағалау жұмысының нәтижесі 28–кестеде көрсетілген. 
Бақылаушы экспериментке барлығы – 402 оқушы қатысты. Эксперименттік 
топқа – 200 оқушы, бақылау тобына - 202 оқушы қатысты. 
Кесте - 28 - №2 жиынтық бағалау жұмысының нәтижесі 
Сынып 
Оқушы 
саны 
Көрсетілген аралықта баға (%) алған 
оқушылар саны 
Білім 
сапасы 

Үлгерімі 

100-90 
89-75 
74-50 
49-0 








5-сынып 
ЭТ 
37 
11 
13 
13 

64,86 
100,00 
БТ 
39 
12 
11 
15 

58,97 
97,44 
6-сынып 
ЭТ 
37 
12 
14 
11 

70,27 
100,00 
БТ 
35 

12 
13 

60,00 
97,14 
7-сынып 
ЭТ 
35 
10 
15 
10 

71,43 
100,00 
БТ
37
9
12
15
1
56,76
97,30
8-сынып
ЭТ 
36 
12 
10 
14 

61,11 
100,00 
БТ 
35 
10 

15 

54,29 
97,14 


137 
28-кестенің жалғасы 








9-сынып 
ЭТ 
35 
12 
10 
13 

62,86 
100,00 
БТ 
36 

12 
15 

55,56 
97,22 
10-сынып 
ЭТ 
20 




85,00 
100,00 
БТ 
20 




70,00 
95,00 
Ұсынылған әдістемеміздің тиімділігін зерттеу үшін, 5-10-сыныптарға әрбір 
сыныптың математика курсы бағдарламасы негізінде қаржылық сауаттылықты 
қалыптастыруға бағытталған мәтіндік есептер негізінде жасалған жиынтық 
бағалау жұмысына талдау жасалды. 
Жиынтық бағалау жұмыстарын орындау бойынша оқушылардың білімін 
анықтау құрастырылған тапсырмалардың алдын ала жасалған критерийлері 
бойынша жүзеге асырылды.
№2 жиынтық бағалаудың білім алушыдан күтілетін нәтижелерін 
дескрипторлармен бағалай отырып, әрбір сынып оқушыларының қаржылық 
құзыреттерді меңгеруі пайызбен 28-суретте диаграммада көрсетілген. 
Оқушылардың екі топтағы (ЭТ және БТ) оқу нәтижелерін талдау негізінде, 
келесі қорытынды жасауға болады: 
− 
ЭТ 
оқушыларында 
қаржылық-экономикалық 
білімдері 
мен 
дағдыларының қалыптасқаны; 
− 
ЭТ студенттерінде қаржылық-экономикалық мазмұнды мәтінді есептерді 
шығаруға қажетті негізгі математикалық дағдыларды меңгеру деңгейінің жоғары 
болуы; 
− 
ЭТ оқушылары қаржылық-экономикалық мазмұнды мәтінді есептерді 
шығару арқылы қаржылық сауаттылық дағдыларын меңгерген және күнделікті 
өмірмен байланысты математикалық мәтінді есептерді шығара алады. 
Бақылау тобындағы білімнің қалыптасу деңгейі көрсеткіштерінің орташа 
мәні 58,3%, ал эксперименттік топ үшін – 69,2% болды. Алынған нәтижелер 
эксперименттік топтың мектеп математика курсының мазмұндық желісінен 
қаржылық-экономикалық мазмұнды мәтінді есептер шығару деңгейі бақылау 
тобынан жоғары екенін көрсетеді (кесте 28). 


138 
Сурет 28 – Эксперименттен соң қаржылық сауаттылықтың қалыптасу 
деңгейі 
Бұл мәліметтерден жалпы білім орта беретін мектепте математика 
сабағында мәтінді есептерді шығаруға үйрету іс-әрекеттерін ұйымдастыру 
тәсілдері мен оқушылардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыру 
әдістемесінің тиімділігі, қолданылған әдістемелік нұсқаулары мен қаржылық-
экономикалық мазмұнды мәтінді есептер жүйесінің дұрыстығы нақтыланды. 
Айқындаушы эксперименттің №1 жиынтық бағалау жұмыстары мен 
бақылаушы эксперименттің №2 жиынтық бағалау жұмыстарын талдау 
нәтижесінде оқушылардың мәтінді есептерді шығару арқылы қаржылық 
сауаттылығының қалыптасу деңгейі диаграммалармен 29-34 суреттерде 
көрсетілген. 
65%
53%
54,75%
68,80%
62,30%
43%
40,25%
50,25%
59%
91%
85%
87%
95,60%
92,50%
98,90%
93,25%
91%
92%
0%
20%
40%
60%
80%
100%
120%
Өнімнің бағасы, жеңілдік, акцияларды сату 
ұғымдарын меңгеруі
Жинақтау және капиталды өсіру ұғымдарын 
меңгеруі
Отбасылық бюджет,отбасының шығыс баптары, 
кірістер мен шығыстардың арақатынасы және т.б.;
Тауардың құны немесе саны бойынша бағаны 
есептеу үшін сатып алу құны формуласын қолдана 
білуі;
Тауарлар мен қызметтердің өзіндік құнына есептер 
шығару, сандық өрнектерді құрастыру арқылы 
сатып алудың ең жақсы нұсқасы таңдай білуі;
Қарапайым пайыздық және банктік мәселелерді 
шеше алуы,пайызды есептей алуы (өсу және кему 
тауар бағасы);
Жалақыны, салықтарды, бонустарды есептей алуы;
Бағаны төмендету және көтеру мәселелерін 
шешуде, пропорциялар мен сызықтық теңдеулер 
қолдана алуы;
Отбасылық бюджетті есептеуге қатысуы;
ЭТ
БТ


139 
Cурет 29 – 5-сынып оқушыларының қаржылық-экономикалық мазмұнды 
мәтінді есептерді шығару арқылы қаржылық сауаттылығының қалыптасу 
деңгейі 
Cурет 30 – 6-сынып оқушыларының қаржылық-экономикалық мазмұнды 
мәтінді есептерді шығару арқылы қаржылық сауаттылығының қалыптасу 
деңгейі 
Cурет 31 – 7-сынып оқушыларының қаржылық-экономикалық мазмұнды 
мәтінді есептерді шығару арқылы қаржылық сауаттылығының қалыптасу 
деңгейі 


140 
Cурет 32 – 8-сынып оқушыларының қаржылық-экономикалық мазмұнды 
мәтінді есептерді шығару арқылы қаржылық сауаттылығының қалыптасу 
деңгейі 
Cурет 33 – 9-сынып оқушыларының қаржылық-экономикалық мазмұнды 
мәтінді есептерді шығару арқылы қаржылық сауаттылық дағдыларының 
қалыптасу деңгейі 
Cурет 34 – 10-сынып оқушыларының қаржылық-экономикалық мазмұнды 
мәтінді есептерді шығару арқылы қаржылық сауаттылығының қалыптасу 
деңгейі 
Статистикалық критерий бойынша [168] Фишер критерийі 
𝜑

алынды 
(кесте 29). 
ЭТ
БТ
0
20
40
60
80
100
Эксперимент басы Эксперимент соңы 
55
85
53,8
70
ЭТ
БТ


141 
Зерттеуде екі болжам тұжырымдалды: 
Негізгі болжам 
𝐻
0
: Эксперименттік және бақылау топтарындағы 
оқушылардың қаржылық-экономикалық мазмұнды
мәтінді есептерді шығару 
арқылы 
қаржылық 
сауаттылығының 
қалыптасу 
деңгейі 
бойынша
айырмашылықтар көп емес. 
Балама болжам 
𝐻
1
: Эксперименттік және бақылау топтарындағы 
оқушылардың қаржылық-экономикалық мазмұнды
мәтінді есептерді шығару 
арқылы 
қаржылық 
сауаттылығының 
қалыптасу 
деңгейі 
бойынша 
айырмашылықтар көп. 
№2 жиынтық бағалау жұмысы бойынша қаржылық сауаттылығының 
қалыптасу деңгейі 28-кестеде берілген.
Кесте 29 – Қаржылық-экономикалық мазмұнды
мәтінді есептерді шығару 
арқылы қаржылық сауаттылықтың қалыптасу деңгейі
Топ 
Қалыптасу деңгейі 
Бақылау тобы (202 оқушы) 
58,3% 
Эксперименттік топ (200 оқушы) 
69,2%
 
Фишер коэффициентін келесі формуламен 
𝑦 = 2𝑎𝑟𝑐𝑠𝑖𝑛√𝑥
табамыз, 
мұндағы 
x
– пайыз. Эмпирикалық мәнін келесі формуламен есептейміз: 
𝜑

эмп
= (𝜑
1
− 𝜑
2
)√
𝑛𝑚
𝑛 + 𝑚
𝜑
1
(63,2%) = 1,965; 𝜑
2
(58,3%) = 1,737



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет