Еркишева жазира сабыровна



Pdf көрінісі
бет66/82
Дата08.12.2023
өлшемі3,14 Mb.
#135092
түріДиссертация
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   82
Байланысты:
1 Диссертация Еркишева Жазира Сабыровна.

 
𝜑
1
− үлкен пайызға % сәйкес келетін бұрыш, 
𝜑
2
−кіші пайызға % сәйкес келетін бұрыш,
 
n
– эксперименттік топтағы оқушылар саны, 
m
– бақылау тобындағы оқушылар саны, 
𝜑

эмп
= (𝜑
1
− 𝜑
2
)√
𝑛𝑚
𝑛+𝑚
= (1,965 − 1,737)√
200∗202
200+202
=0,228*10=2,228, 
𝜑

крит
= 1,64
(егер қателік 5 % (0,05)), 
𝜑

эмп
> 𝜑

крит
.

Сондықтан, баламалы болжам 
𝐻
1
: «Эксперименттік және бақылау 
топтарындағы оқушылардың мәтінді есептерді шығару арқылы қаржылық 
сауаттылығының қалыптасу деңгейі бойынша айырмашылықтар көп» деген 
болжамды қабылдаймыз. Тәжірибеден алынған мәліметтер 5% кем маңыздылық 
деңгейінен ұсынылып отырған 5-10 сынып оқушыларын мәтінді есептерді 
шығаруға үйрету арқылы қаржылық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесінің 
тиімділігі туралы болжамды растады. 


142 
Екінші бөлім бойынша тұжырым 
1. Математиканы оқытудың әдістемелік жүйесі негізінде математиканы 
оқытуда оқушылардың қаржылық сауаттылығын қалыптастырудың жүйесі 
оқытудың мақсаты, мазмұны, әдістері, құралдары мен ұйымдастырудың 
формалары бойынша бес компоненттен тұрады.
Мектеп математика курсының мазмұны мен құрылымына қойылатын негізгі 
және дидактикалық қағидалар бойынша математиканы оқытуда оқушылардың 
қаржылық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесіне ғылымилық, жүйелілік пен 
бірізділік, сабақтастық, өмірмен байланыстыру, шығармашылық, интеграциялау 
(кіріктіру) қағидалары және оларды жүзеге асыру ережелері арқау болады. 
Оқушылардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыруда математиканы 
оқыту процесін ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдері, яғни құзыреттілік тәсіл, 
тәжірибеге-бағдарланған тәсіл, жүйелі-әрекеттік тәсіл, коммуникативті тәсіл, 
интегративті тәсіл, зерттеу тәсілі, сондай-ақ математика сабағында баяндау
әңгімелеу, көрнекілік, тәжірибелік, саралап оқыту, проблемалық, жобалық, 
белсенді оқыту әдістері, пәнаралық байланыс, модельдеу, ақпараттық-
коммуникациялық технологияны қолдану ұсынылады. 
2. Математиканы оқыту әдістемесінің негізгі мәселесі – есептерді шығаруға 
үйрету. Осы бағыттағы әдістемелік негіздерге талдау бойынша оқушыларды 
қаржылық-экономикалық мазмұнды мәтінді есептерді шығаруға үйрету 
әдістемесі мақсатты, мазмұнды, процессуалды және нәтижелі компоненттерден 
тұрады. 
Қолданыстағы математикадан оқулықтардың мазмұндарына жасалған 
талдаулар әр сыныптарда тақырыптарды оқытуда оқушылардың қаржылық 
сауаттылығын қалыптастыру үшін математика мен экономиканың байланысын 
жүзеге асыруға болатынын көрсетті.
Оқушылардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыру құралы ретінде 
шығармашылық сипаттағы тапсырмалар (зерттеу жұмыстарына бейімделген 
есептер, қаржылық-экономикалық мазмұнды есептер, қолданбалы тәжірибеге 
бағытталған тапсырмалар т.б.) ұсынылады. Мұндай тапсырмалар күнделікті 
өмірдегі экономикалық түсініктерді ұғындыруға, алған білім, білік дағдыларын 
өмірде тиімді қолдануға үйретуге мүмкіндік жасайды. 
PISA 
халықаралық 
зерттеуіне 
сәйкес 
оқушылардың 
қаржылық 
сауаттылығының қалыптасуының деңгейлері бес деңгейге бөлінеді және оқу 
жетістіктері Блум таксономиясы (білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, 
бағалау) негізінде бағаланады. 
Оқушылардың қаржылық сауатылығын қалыптастыру үшін орта мектеп 
математика курсының тақырыптарымен байланысы бар TIMSS, PISA 
халықаралық зерттеулерінің тапсырмаларына көбірек көңіл бөлу керек. 
3. Математиканы оқытуда мәтінді есептерді шығаруға үйрету арқылы 
оқушылардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесінің және 
әзірленген оқу құралдарының оқу процесінде қолданудың тиімділігі тәжірибе 
жүзінде тексеріліп, дәлелденді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет