Еркишева жазира сабыровна



Pdf көрінісі
бет10/82
Дата08.12.2023
өлшемі3,14 Mb.
#135092
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   82
Байланысты:
1 Диссертация Еркишева Жазира Сабыровна.

ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
1.1 Математиканы оқыту процесінде оқушылардың қаржылық 
сауаттылығын қалыптастырудың қазіргі жағдайы 
Мектеп түлектерінің қоғам өміріндегі өзгерістерге сай әрекет етуге 
қабілеттілігі, ұжымда жұмыс жасау, туындайтын мәселелер мен жағдайларға 
дұрыс шешімдерді ұтқыр және жедел іздеу қабілеті маңызды. Олардың 
білімділігі мектепте алған жалпы білімдері мен функционалдық сауаттылығын 
қалыптастыру тұрғысынан бағаланады. 
«Функционалдық сауаттылық» ұғымына қатысты зерттеулер мен 
әдебиеттерді қарастыра келе, бүгінгі таңда отандық және шетелдік ғалымдардың 
еңбектерінде бұл ұғымды түсіндіруде, оның мағынасын ашуда әртүрлі 
көзқарастар бар екені анықталды. 
В.В.Гаврилюктің пікірінше, «Функционалдық сауаттылық» ұғымы өткен 
ғасырдың 60-шы жылдарының соңында ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды. 
Бастапқыда, шамамен 1970 жылдардың ортасына дейін бұл ұғым адамдардың 
кәсіби қызметімен байланысты болған. Кейінірек функционалдық сауаттылық 
кең мағынада компьютерлік, саяси, экономикалық сауаттылық т.б. болып 
қарастырылды. Американдық зерттеуші Е.Д.Херш «мәдени сауаттылық» 
ұғымын енгізді. Ол мәдени қарым-қатынаста өзін сауатты санайтын 
американдықтардың білуі тиіс 4500 заттар, атаулар, даталарды, оқиғаларды 
іріктеген. Сауалнамалар нәтижесі 1988 жылы жарияланды [34]. 
Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім берудің (бірінші 
кезекте жалпы білім беруді) көпжоспарлы адамзат қызметімен байланысын 
біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі. Қазіргі 
тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, 
мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ 
өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда. 
Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа 
түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарымқатынас 
жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық 
тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және 
оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, 
дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен 
білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке 
адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық 
сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды 
дамытудың тетігі ретінде қолданылады [35]. 
Педагогика ғылымында функционалдық сауаттылық ұғымының әртүрлі 
түсіндірмесі бар: 
1) тіршілік әрекетінің негізгі түрлерінің танымдық құралдарын меңгеру 
дәрежесімен сипатталатын білім деңгейі; бұл деңгей негізінен қолданбалы 


14 
білімдер негізінде тіршіліктің әртүрлі салаларындағы стандартты өмірлік 
міндеттерді шешу қабілетімен сипатталады [36]; 
2) адамның өзіне жүктелген немесе өз еркінше қызметтерді орындауға 
дайындық дәрежесі [37]; 
3) қолданбалы білімдер негізінде тіршіліктің әртүрлі салаларындағы 
стандартты өмірлік міндеттерді шешу қабілетімен сипатталатын білім деңгейі 
[38]; 
4) адамның барлық қызметінің салаларында сауатты, шебер еңбек ету 
біліктігі [39]. 
Функционалдық сауаттылық мәселесін білім беру философиясы деңгейінде 
Б.С.Гершунский, В.В.Мацкевич, С.А.Крупник; үздіксіз білім беру аспектісі 
ретінде 
С.А.Тангян, 
И.А.Колесникова, 
М.В.Рыжаков, 
Е.А.Седова, 
А.Е.Әбілқасымова; құзыреттілік тәсіл тұрғысында А.В.Хуторской, О.Е.Лебедев 
зерттеген [40]. 
Функционалдық сауаттылықтың теориялық және практикалық тұрғыдан 
зерттелуі көптеген ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан: Т.И.Акатова тілдік 
функционалдық сауаттылықтың аспектілерін білім алушылардың тіл 
мәдениетімен байланыстыра қарастырады; Л.М.Перминова, О.Е.Лебедев – 
оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру технологиясы; 
Л.Н.Полищук – орта арнаулы технологиялық білім беру мекемелерінде 
функционалдық сауаттылықты қалыптастыру; В.А.Ермоленко, Р.Л.Перченок, 
С.Ю.Черноглазкин жалпы, кәсіптік және қосымша білім беру жүйесінде 
функционалдық сауаттылықты қалыптастыру технологиясын жасаған; 
Н.Н.Сметанникова оқуға үйретудің стратегиялық тәсілі аясында функционалдық 
сауаттылықты зерттеген. 
М.В.Рыжаков, Е.А.Седова, А.Е.Әбілқасымова және т.б. авторлар ұжымы 
жазған «Концепция функциональной грамотности школьников: математика и 
информатика» (Москва: Эдитус, 2016. – 220 с.) еңбегінде «Функционалдық 
сауаттылық дегеніміз тұлғаның пәндік білім, білік, дағдыларын әлеуметтік-
қоғамдық ортада кез келген жағдаятқа сәйкес еркін қолдана алу мүмкіндіктерінің 
қалыптасқан жүйесі», - деп анықтаған [41]. 
Қазіргі қоғамда функционалдық сауаттылық ұғымы кез келген іс-әрекеттің 
өлшемі, көрсеткіші ретінде қалыптасып, кең таралып отыр. Ғылыми-әдістемелік 
зерттеу жұмыстары мен әдебиеттерді саралау нәтижесінде функционалдық 
сауаттылықтың бірнеше түрлері болатыны айқындалды, яғни олар оқу және жазу 
сауаттылығы; математикалық сауаттылық; жаратылыстану-ғылыми сауаттылық; 
компьютерлік сауаттылық; қаржылық сауаттылық; заң және құқық мәселесіндегі 
сауаттылық;мәдени және адамзаттық сауаттылық және т.б. болып бөлінеді (1-
кесте). 
Функционалдық сауаттылық ұғымы кез келген іс-әрекеттің өлшемі, 
көрсеткіші ретінде қалыптасып, кең таралуына байланысты оның 
қалыптасуының нәтижесі білім алушылардың игерген білімдерін практикалық 
жағдайларда тиімді және әлеуметтік бейімделу процесінде сәтті пайдалануға 
мүмкіндік беретін құзыреттіліктер жүйесімен сипатталады. 


15 
Кесте 1 - Функционалдық сауаттылық түрлері 
 
Сауаттылық мазмұны 
Құзыреттіліктер 
Оқу сауаттылығы 
- мәтінді дұрыс, саналы, түсініп оқу; 
- мәтін бойынша сұрақтар қою және сұрақтарға жауап беру
- оқығанын өмірмен байланыстыру, өмірден мысалдар келтіру; 
- оқыған мәтіннің мазмұнына байланысты өз ой-пікірін білдіру, 
дәлелдеу. 
Жазу сауаттылығы 
- дұрыс, таза, қатесіз жазу; 
- жазу барысында грамматикалық, синтаксистік және 
пунктуациялық нормалар мен ережелерді орынды қолдану, 
неліктен қолданғанын дәлелдей білу; 
- өз ойын толық, жан-жақты, жүйелі қағазға түсіре білу. 
Математикалық 
сауаттылық 
- математиканың өмірдегі орнын түсіну, білу; 
- әр түрлі формада берілген сандық ақпаратты оқу, талдау; 
- есептерді шығарудың ыңғайлы тәсілдерін табу, орындау, өзін-
өзі тексеру, өмірмен байланыстыру
- математикалық білімін өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі 
мәселелерді шешуде еркін қолдану. 
Жаратылыстану-
ғылыми сауаттылық 
- қоршаған әлемде және табиғатта болып жатқан құбылыстарды 
түсіну, салыстыру, талдау, жіктеу, жүйелеу, жалпылау; 
- заттар мен құбылыстардың негізгі және жанама белгілерін 
ажырату;
- алған білімін, қарапайым ғылыми зерттеу дағдыларын 
қолдану. 
Компьютерлік 
сауаттылық 
- компьютерде ақпарат іздеу; 
- компьютерде жұмыс істеу; 
- компьютерде түрлі бағдарламалар жасау. 
Ақпараттық 
сауаттылық 
- іздеп табу, іріктеу; 
- талдау, өңдеу, жалпылау; 
- тұжырымдау, есте сақтау, жағдаятқа қарай қолдану. 
Коммуникативтік 
сауаттылық 
- өзіне қарата білу;
- пікірталасқа қатыса білу, өз пікірін дәлелдей білу; 
- басқаны тыңдай және түсіне білу 
-сұрақ қоя білу және нақты, толық жауап бере білу. 
Функционалды сауатты адам қоғамның құндылықтарына сәйкес, қоғамдық 
ахуалдың қалыптасқан мүдделеріне қарай әрекет етеді. Бүгінгі күнге қажетті 
мамандықты таңдап дұрыс шешім қабылдап, заманауи ақпараттық 
технологиялардың тілін біліп кез келген әлеуметтік ортаға бейімделеді. Осы 
тұрғыда функционалды сауатты адамның негізгі белгілері: қоғамдық ортада өмір 
сүре білетін, тіл табыса білетін, белгілі бір сапалық қасиеттері бар, жалпы негізгі 
және пәндік құзыреттіліктерді меңгерген адам болып саналады [42, б.50]. 
Функционалдық сауаттылықтың әрбір түріне байланысты белгілі бір 
өлшемдердің көмегімен мектеп түлегінің өмірге дайындығын, әлеуметтік ортаға 
бейімделу деңгейін бағалауға болады. 
Оқушының математикалық сауаттылығы функционалдық сауаттылықтың 
құрамдас бөлігі ретінде төмендегідей мақсаттарды көздейді:
- оқу мен күнделікті өмірге математикалық білімнің қажеттілігін түсіну;


16 
- математиканы күнделікті жағдайларда қолдану қажеттілігі мен мүмкіндігі: 
қоршаған шындық объектілері туралы математикалық ақпаратты табу, талдау, 
құнын есептеу (ұзындығы, массасы);
- математикалық объектілерді (сандар, шамалар, фигуралар) ажырата білу, 
математикалық байланыстарды орнату (неғұрлым қысқа, тезірек-баяу), 
тәуелділіктер (өседі, тұтынылады), салыстыру, жіктеу;
- дағдылар жиынтығы: нұсқауларға сәйкес әрекет ету (алгоритм), өлшеуге, 
есептеулерге, тапсырыс беруге байланысты білім беру мәселелерін шешу, 
математикалық терминдер, белгілер арқылы пайымдаулар тұжырымдауды 
қамтиды. 
Ә.К.Қағазбаеваның пайымдауынша функционалдық математикалық 
сауаттылық деп шынайы өмірде кездесетін жағдайларды шеше алу, алған 
математикалық білімдерін жағдаяттарды шешуде қолдана алу қабілеті деп 
түсіндіреді [43].
Сондай-ақ, Ә.К.Қағазбаева «Функционалды сауаттылықты математика пәні 
негізінде қалыптастыру мен дамыту екі негізгі ұғыммен тікелей байланысты: 
математикалық сауаттылық және функционалды математикалық сауаттылық. 
Бұл екі ұғым бір бірімен тікелей байланысты, сонымен қатар айырмашылықтары 
да бар, практикада бұл ұғымдарды шатастыратын, немесе бір деп қарайтын 
көзқарастар кездеседі. Айырмашылығын түсіну үшін білім, іскерлік және 
дағдыны (БІД) қалыптастыру деңгейлерінің ерекшеліктерін білген дұрыс. 
Кеңкөлемді білім негізінде пәндік БІД қалыптастырылады, сондықтан да 
математикалық сауаттылық деп қалыптасқан пәндік білім, іскерлік дағдыны 
түсіну керек.
Функционалды математикалық сауаттылық деп білім алушының келесідей 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет