Еркишева жазира сабыровна



Pdf көрінісі
бет19/82
Дата08.12.2023
өлшемі3,14 Mb.
#135092
түріДиссертация
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   82
Байланысты:
1 Диссертация Еркишева Жазира Сабыровна.

Қаржылық-экономикалық 
мазмұнды 
есептер
математика 
мен 
экономиканың терең ғылыми байланыстарының болуымен, өндіріс, техника 
салаларында математикаға деген қажеттіліктің туындауымен, өндірісті 
тұрақтандыру және қамтамасыз ету әдістерімен анықталады. 
Д.В.Ожерельев «экономикалық мазмұндағы есеп – бұл практикалық 
сипаттағы мәселе, яғни қолданбалы есеп екендігі сөзсіз айқын, өйткені есеп 
шарты математикадан тыс (экономика тұрғысынан) тұжырымдалады, бірақ ол 
математикалық әдістермен шешіледі» [107]. 
Н.В.Вахрушеваның диссертациялық жұмысында қаржылық-экономикалық 
мазмұнды мәтінді есептерді шешу нәтижесінде оқушыларда белгілі бір типтегі 
экономикалық есептерге, есептеу дағдыларының деңгейі мен алгоритмдік 
мәдениетке байланысты жаңа ұғымдарды меңгеруде математикалық білімдерін 
қолдану туралы идеялар қалыптасатындығын көрсетті [96, б.5]. 
Көптеген авторлар соңғы жылдары қаржылық сауаттылықты қалыптастыру 
және экономикалық мәдениетті тәрбиелеу үшін қаржылық-экономикалық 
мазмұнды мәселелерді пайдалануға көңіл бөле бастады. 
Экономикалық білім мен тәрбие мектеп курсының барлық пәндерін оқуда 
жүзеге асырылуы мүмкін, бірақ математика курсына ерекше рөл беріледі.Осыған 
байланысты экономикалық мазмұндағы әртүрлі қолданбалы есептерді 
математика курсына енгізуге арналған еңбектердің айтарлықтай саны бар. Атап 
айтсақ, Е.С. Беляева [108], А.С. Симонов [109,110], М.Ю.Тумайкина [111] 
В.В.Фирсов [112], Н.А. Терешин [86, б.35], З.Т.Сейілова [113] Т.Б.Тойбазаров 
[71, б.90] және басқа авторлардың жұмыстарында мектепте экономикалық 
мазмұнды есептерді шешу үшін математикалық аппаратты пайдаланудың 
әдістерін қарастырады. 
А.С.Симонов [109, б.121] өз диссертациялық жұмысында математикалық 
әдістермен шешілетін есептердің мазмұнына экономикалық білімдерді енгізуді 
екі мақсатқа жетуді көздеді. Олардың біріншісі – мектеп оқушыларына нақты 
экономикалық есептерді шешуде математикалық әдістерді қолданудың 
тиімділігін көрсету және сол арқылы математиканың сыртқы әлеммен 
байланысын көрсету. Екінші мақсат – экономикалық ойлау тәсілін дамыту – 
нақты экономикалық құбылыстар мен процестерді талдау үшін математика мен 
экономика аппаратын қолдана білу. 
Е.С.Беляеваның диссертациялық зерттеуінде экономикалық мазмұндағы 
қолданбалы математикалық есептерді оқуды жалпы білім беретін мектептің 
жоғары сыныптарында факультативтік сабақтарда жүргізуді ұсынды [108, б.5].
Қырғыз ғалымы А.В.Балкунов «Жалпы білім беретін мектепте 
экономикалық білім беру мазмұнын жобалаудың теориясы мен тәжірибесі» атты 
еңбегінде экономикалық білім мазмұнын жобалаудың теориялық және 


41 
әдістемелік тәсілдерін қарастырады.Ол Қырғызстан мектептерінде білім берудің 
негізгі мазмұнына, сондай-ақ жалпы пәндерге қатысты білім беру мазмұнын 
жаңарту мәселелеріне қатысты мектептегі экономикалық білім мазмұнын 
жобалауды зерттеді [29, б.37]. 
Г.Р.Кощанованың диссертациясында мектептің негізгі сатысындағы 
математиканы оқыту барысында оқушылардың экономикалық ойлауын 
қалыптастыру әдістемесін жасауда экономикалық мазмұнды есептерді шығару 
арқылы оқушылардың экономикалық сауаттылығын қалыптастырудың 
мүмкіндіктері айқындалған [32, б.75]. 
З.Т.Сейілова «Негізгі мектеп оқушыларына математикалық білім беруді 
ізгілендірудің әдістемелік ерекшеліктері» атты зерттеуінде мектеп математика 
курсы бойынша экономикалық мазмұнды есептерді математикалық білім беруді 
ізгілендірудің негізгі құралы ретінде көрсетіп, математикалық модельдеу 
әдістері бойынша оқушыларды есеп шығаруға үйрету жолдарын негіздеген 
[113]. 
Оқушыларға экономикалық білім мен тәрбиелеудің маңыздылығын 
Л.Э.Берманның «Мектепте экономиканы оқытудың перспективалары мен 
проблемалары туралы» атты еңбегінде оқушыларға білім ошағынан бастап 
экономикалық тұрғыдан сауатты ойлауға және әрекет етуге, яғни кез-келген 
қызмет саласында тиімді және сапалы, саналы және ұйымдасқан түрде оқуға 
үйрету керектігіне ерекше мән берген [114]. 
Экономикалық мәселелерді математикалық тұрғыдан шешуде қазақтан 
шыққан тұңғыш физика-математика ғылымдарының кандидаты И.А.Ақбергенов 
болды. Ол Л.В.Канторовичтің ізбасары болып, экономикалық мәселелерге 
Фредгольм интегралын пайдалану арқылы оңтайлы екендігін көрсеткен. 
Сонымен қатар, оқушыларға экономикалық білім мен тәрбие беруде қазақтың 
ұлы ағартушы ғалымдары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уалихановтың 
еңбектерінде көрініс тапқан. Ұлы ғалымдарың еңбектерінде оқушыларға 
экономикалық білім мен тәрбие беру мәселесіне арналған шығармаларында 
еңбек етуге оң көзқарас пен қоғамдық меншікке ұқыптылық арасындағы 
байланысты қалыптастыру қарастырылды. 
А.Құнанбаевтың еңбектерінде шаруашылық-экономикалық есептерді 
жүргізуде ыждағатты болу, отбасы қаржысын үнемді пайдалану, адал еңбегінің 
құнын өмірлік қажетіне жарату,орынсыз шашпай үнемшіл болуға үйретті.
Абай өз заманының талаптарынан көп алға кетіп, көргендік пікірлермен 
қазіргі нарықтық қатынастар, бизнесті ұйымдастыру, еркін кәсіпкерлік, 
капиталдың алғашқы кезеңінде қалыптасуы, меншік құқын иелену,пайдалану, 
билеу сияқты мәселелерге сол кездің өзінде-ақ жауап іздеген. 
Қазақ халқының ағартушысы Ы.Алтынсарин мектепте берілетін 
экономикалық тәрбие мен дағдыны халыққа пайда келтіру тұрғысынан бағалады. 
Оның «Малды пайдаға жарату», «Дүние қалай етсең табылады», «Білімнің 
пайдасы», «Сараңдық пен жинақылық» сияқты еңбектерінде жастарды 
сабырлыққа, әдептілікке, ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке үйрете отырып, 
тәрбиелеуді мақсат еткенін байқауымызға болады. 
Қазіргі уақытта математикалық–экономикалық әдістерді ел экономикасын 


42 
басқаруды жетілдіру жөніндегі зерттеулерде қолдану аясы кең тараған. 
Сондықтан орта мектеп оқушыларына математикалық-экономикалық білім 
берудің жаңа мазмұны қарастырылатын пәндерді қазіргі ғылыми білім деңгейіне 
жақындату арқылы олардың білімге деген өмірлік қажеттілікті түсінуге, дүниені 
өз бетінше көруге, математикалық-экономикалық ұғымдарды меңгеру арқылы 
ойлау қабілеттерінің артуына көмектеседі [115]. 
Жалпы білім беретін мектептің математика курсына экономикалық білімді 
кіріктіру экономиканың қарапайым математикалық модельдерін қолдану 
арқылы жүзеге асырылады, осылайша бағдарламаның тиісті бөлімінің 
математикалық мазмұны өзгермейді, бірақ мәселенің сюжеті айқын 
экономикалық мәнге ие болады. Бұл «экономика мен математика» байланысы 
оқушыларға нақты экономикалық мәселелерді қарастыру барысында
математикалық есептер қалай пайда болатындығын және осы мәселелерді шешу 
мен зерттеуден қандай экономикалық салдарлар, болжамдар пайда 
болатындығын көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндік арқылы оқушылар 
математиканың жанама практикалық қолданыстарының мәнін түсініп, 
математиканы үйренуге қызығушылығы артып, күшті мотивация беретіні 
маңызды. Мектеп математикасында қаржылық-экономикалық мазмұнды мәтінді 
есептер 
арқылы 
қаржылық-экономикалық 
ұғымдарды 
түсіндірумен 
экономикалық 
мәселелерді 
шешуде 
математикалық 
аппараттардың 
қолданыстарын көрсетуге мүмкіндік бар [109, б.14].
Сонымен қатар, жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды 
математиканы оқытуда қаржылық-экономикалық мазмұнды есептерді қолдану 
қажеттілігі, қазіргі таңда бүкіл әлемде экономика адамның күнделікті өмірінде 
үлкен рөл атқаратындығымен анықталады. Ал қазіргі экономикада математика 
қажетті құрал болып табылады, оның көмегімен тұжырымдар жасалып, 
шешімдер қабылданады. Сондай-ақ, мұндай мәселелерді шешу барысында 
оқушылар математикалық тұжырымдамалардың практикалық жағдайларда 
қалай тиімді қолданылатындығын, олар күнделікті өмірде кездесетінін нақты 
көрсете алады. Мұның бәрі математикалық білім берудің негізгі мақсаты адам 
өмірінің әртүрлі салаларында математиканы қолдануға үйрету арқылы жүзеге 
асырудағы міндеттердің рөлін күшейтеді [116]. 
Осылайша, қаржылық-экономикалық білімді мектеп математикасын 
оқытуда сабақтастықта қолдану оқушыларға оқу іс-әрекетінен нақты өмірлік 
жағдайлардағы практикалық іс-әрекетке, есептер шығару арқылы экономикалық 
жүйеде шешім қабылдаудан қазіргі қоғам қоятын мәселелерді шешуге көшуді 
қамтамасыз етеді. Сонымен қатар экономикалық-математикалық білім мен 
тәжірибені қатар алып жүру, оқушылардың алған білімдерінен өмірлік 
қажеттілікті түсінуі, дүниені өз бетінше көруі, қаржылық-экономикалық 
ұғымдарды меңгеруі арқылы олардың ойлау қабілеттерінің артуы жүзеге асады. 
«Мектеп 
оқушыларының 
оқу 
процесінде 
математикаға 
деген 
қызығушылығы өмірде қолданылатын, шындықпен жанасатын сұрақтарды 
зерделеудің кең перспективасы ашылғанда артады»[111, б. 37]. 
«Шындықпен жанды байланыс жасау, бұл ұйықтап жатқан күштерге белгілі 
бір әрекеттер арқылы шынымен таңғажайып нәтижелерге қол жеткізу үшін 


43 
шығармашылық пен оқу қабілетін ояту» [42, б.51]. 
Жалпы білім беретін мектепте математика курсын оқу процесінде 
математикалық және экономикалық білімді интеграциялау математика мен 
нақты әлемнің арақатынасы туралы жалпы идеялармен тығыз байланысты. 
Математиканың тамыры адамның күнделікті қажеттіліктері мен оның дүниені 
тұтастай тануға бейімділігінің бірлігінен шығады.
Жалпы білім беретін мектебіміздің қазіргі таңдағы түлегі экономикадан 
қандай білімге ие?
Қазіргі таңда күнделікті өмірлерімізде акциялар, банктік пайыздар, депозит, 
дивидендтер, инфляция, қайта қаржыландыру мөлшерлемесі, валюта бағамы, 
қор биржасы, несие алу және т.б. банктердің қызметімен соқтығысатын 
терминдерді естіп жүрміз. Демек, кәсіби бизнес үлкен білімді және ең алдымен 
қаржылық операциялардың барлық ықтимал нәтижелерін бағалай білуді талап 
етеді. Сондықтан мектеп түлегінің әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі 
өзгерістерге икемделе отырып, қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда 
өмір сүруге икемді, өздігінен білім алуға, алған білімін өмірлік жағдаяттарға 
сәйкес қолдана білуге, өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын болуы үшін мектеп 
қабырғасынан бастап нарықтық экономика және оның заңдылықтары мен 
мүмкіндіктері туралы білім алу қажет. Өйткені, нарықтық экономиканың 
талаптары мен әлемдік дағдарыстың салдары әрбір адамның қаржылық 
есептеулер бойынша білімді болуын талап етеді [117]. 
Күнделікті тұрмыс тіршілігімізде сауда саттық жасаудан бастап, банк 
жүйесінің қызметтері несие алу және оны төлеу, оның мерзімін есептеу, 
пайыздарды есептеу бойынша арифметикалық амалдарды қолданамыз. 
Арифметикадан басқа, қазіргі заманғы математиканың көптеген бөлімдері 
қаржылық қызметте қолданылады. Атап айтсақ, математикалық талдау әдістері, 
ықтималдықтар теориясы, математикалық статистика және т.б.[118]. 
Біздің 
ойымызша, 
математиканы 
оқыту 
барысында 
қаржылық 
сауаттылықты қалыптастыруда қаржылық-экономикалық мазмұнды есептердің
мәні мынада: 
- математика мен экономиканың интеграциялануының терең ғылыми 
байланыстарын ашады; 

математикалық ұғымдарды қаржылық-экономикалық мағыналы 
мысалдармен көркемдеп көрсетіп, қаржылық-экономикалық құбылыстардың,
оқиғалардың, процестердің математикалық модельдерін құру дағдыларын 
қалыптастырады; 
- математикалық модельдер негізінде алынған шешімдерге қаржылық-
экономикалық түсінік беру қабілетін дамытады; 
- жоғары сапалы математикалық білім алу қажеттілігіне сенімділікпен 
қарап, оқушыларға қазіргі әлемдегі қаржылық-экономикалық ақпаратты дұрыс 
қабылдауға және бағдарлауға тәрбиелейді және олардың функционалдық 
сауаттылығын дамытады. 
Демек, жалпы білім беретін мектептерде математика пәнінің мазмұнын 
қаржылық-экономикалық материалдармен кіріктіру қаржылық білім беруді 
қамтамасыз етудің маңызды талаптарының бірі болып табылады. 


44 
«Мектептегі математика курсы, - деп жазады В.М.Монахов, - нақты 
экономиканың математикалық аспектілерін мүмкіндігінше ашып көрсетулері 
тиіс» [119].
Математикадан мәтінді есептер жүйесіне экономикалық білімді 
сабақтастықта оқыту қаржылық-экономикалық құбылыстардың сандық 
байланыстарын ашады. Сондықтан математика мен экономиканың пәнаралық 
байланысын келесі жолдармен жүзеге асыруға болады: 
1) оқып-игерілетін математикалық ұғымдардың қаржылық-экономикалық 
ұғымдармен байланысын көрсету; 
2) математиканы оқуда оқушылардың алған білімдері мен дағдыларын 
қаржылық-экономикалық мазмұнды есептерді шығару процесінде қолдану. 
Осылайша, математика мен экономиканың байланыстарын адам қызметінің 
барлық бағыттарында жүзеге асыруда білім берудің жалпы және қолданбалы 
сипатына жаңа талаптар қойылатынын ескере отырып, мектеп оқушыларын 
заман талаптарына сай экономикалық өмірге бейімдеу қажеттігі туындайды. 
Қазіргі нарықтық қоғамда әрбір тұлға экономикалық өмірге қатысуымен қатар, 
өзінің әл-ауқатын жақсарту мақсатында банк жүйесінің қаржылық қызметтері 
мен құралдары туралы түсінікке ие болып, осы қызметтерді өз өмірінде тиімді 
пайдалану мүмкіндігіне қол жеткізе алады. Нарықтық экономиканың өзгермелі 
әлемінде жалпы білім беретін мектептің жағдайына сәйкес, оқушылардың 
қаржылық сауаттылығын дамытудың басты міндеті – интеллектуалды, 
физикалық және рухани дамыған азаматты қалыптастыру, оның табысқа жетуін 
және тез әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білімге қажеттілігін 
қанағаттандыру болып табылады. 
Енді мәтінді есептердің мектеп математика курсының мазмұнында 
қаншалықты қамтылғанына талдаулар жасап көрелік. 
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы 
№ 348 бұйрығымен бекітілген негізгі орта және жалпы орта білім берудің 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында «стандартты қолдану 
қолданбалы сипаттағы міндеттерді шешу үшін білім алушылардың теориялық 
білім негіздерін меңгеруі мен алған білімдерін қолдана білуін дамытуды 
көздейтін жалпы орта білім берудің академиялық және практикалық 
бағыттылығының үйлесімділігіне бағытталған», - деп көрсетілген [103]. 
Осы стандарттар негізінде 5-11 сыныптарға арналған жаңартылған білім 
мазмұнындағы математикадан үлгілік оқу бағдарламалары, яғни «Математика» 
– 5, 6-сыныптар; «Алгебра» – 7-9-сыныптар; «Геометрия» – 7-9-сыныптар; 
«Алгебра және анализ бастамалары»-10-11 сыныптар, «Геометрия» – 10-11-
сыныптар бойынша оқу бағдарламалары әзірленіп, оқу процесіне енгізілген.5-6-
сыныптарда математика пәнін оқытуға 5 сағат, 7-9 сыныптарда «Алгебра» пәнін 
оқытуға 3 сағат бөлінген.
Математика мен экономиканың пәнаралық байланысын жүзеге асыру 
жағдайында оқушылардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында 
оқу бағдарламаларының мазмұнында «Математикалық моделдеу және анализ» 
бөлімі бар. Әр сыныпта бұл бөлімді игерген кезде мәтінді есептерді шығару 
ұсынылады. Сондай-ақ, 5-6 сыныптарда қолданбалы (практикалық мазмұнды) 


45 
есептерді қарастыруға байланысты статистикалық мәліметтерді ұсынуға 
арналған тапсырмаларды орындауға көңіл бөлінген. 5-6-сыныптарда 
қарастырылатын бес бөлімнің төртеуі 7-9-сыныптардағы «Алгебра» оқу пәнінің 
алдыңғы сыныптарда игерілген математика курсының жалғасы болып 
табылғандықтан осы оқу пәнінің базалық мазмұны әрі қарай жалғасады.7-9-
сыныптарда «Алгебра» пәнінің оқу бағдарламасында «қолданбалы есептерді 
шығару»; 9-сыныпта ықтималдыққа есептер шығару және т.б. оқу мақсаттары 
қамтылған. 
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарда «Алгебра 
және анализ бастамалары» пәнін оқытуға аптасына 4 сағат, қоғамдық-
гуманитарлық бағытта 3 сағат бөлінген.
«Алгебра және анализ бастамалары» пәнін оқып-үйрену барысында 
математиканың практикалық маңыздылығы, тұлғаның логикалық және сыни 
тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыру мен дамыту арқылы оқушылардың 
функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ, 
ғылыми-жаратылыстану пәндерін оқып-білуге қажетті математикалық білім мен 
білік негіздерін игеру қоршаған ортаның біртұтастығы туралы түсінікті 
қалыптастыруға ықпал етеді [120]. 
Жалпы білім беретін мектептерде математиканы оқыту барысында қазіргі 
замандағы қоғамда өзін еркін сезінуге адамға қажетті ойлау қасиеттерін 
қалыптастыру арқылы оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту, практикалық 
іс-әрекеттерде қолдануда, басқа пәндерді үйренуде, білім алуды жалғастыруда 
қажетті математикалық білімді меңгеру сияқты мақсаттарға жету көзделген. Осы 
аталған мақсаттар бойынша оқушылардың математикалық білімдерін күнделікті 
өмірде кездесетін дағдыларды практикада қолдануға үйренетін, қаржылық 
сауаттылығын 
қалыптастыруға 
бағытталған 
мәтінді 
есептердің 
оқу 
бағдарламасындағы ұзақ мерзімді жоспарында қамтылуына тоқталайық (кесте 
3). 
3-кестеден мәтінді есептердің мектеп математика курсында әр сыныпта 
қамтылғанын көреміз. Сондықтан оқушылардың бойына қаржылық 
сауаттылықты қалыптастыру үшін мәтінді есептердің ішіне қаржылық-
экономикалық мазмұнды есептерді кіріктіріп, оларды шешуге үйрету маңызды 
болып табылады. Мұндай есептерді шешу барысында оқушылар тек 
математикалық әдістерді ғана емес, сонымен қатар қаржылық түсініктерді де 
меңгереді, мектептегі математика курсының теориясын және әртүрлі 
тапсырмаларды өмірлік жағдайлармен салыстыруға мүмкіндік береді. 
Кесте 3 – Мәтінді есептердің ұзақ мерзімді жоспарда қамтылуы 
Сыныбы 
Оқу мақсаттары 


5 сынып
5.5.1.1 натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдана отырып, мәтінді 
есептерді шығару; 
5.5.1.8 әріпті өрнектерді құру және оларды есептер шығаруда қолдану; 
5.5.1.9 мәтінді есептерді шығару үшін формулаларды қолдану 


46 
3-кестенің жалғасы 


5.5.1.3 жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтінді есептер 
шығару (мысалы, бірлесіп жұмыс жасауға қатысты есептер және тағы басқа); 
5.5.1.5 арифметикалық амалдар қолданып мәтінді есептер шығару; 
5.5.1.6 пайызға байланысты мәтінді есептерді шығару; 
6 сынып
6.5.1.2 пайызға берілген есептерді пропорция арқылы шешу; 
6.1.2.6 шамаларды берілген қатынаста бөлу;
6.1.2.7 шамаларды берілген сандарға кері болатын пропорционал бөліктерге 
бөлу 
6.5.1.4 рационал сандарды қолданып мәтінді есептерді шығару; 
6.5.2.4 мәтінді есептер шығаруда айнымалысы бар өрнектер мен формулалар 
құрастыру; 
6.5.1.6 мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығару; 
6.5.1.7 мәтінді есептерді сызықтық теңдеулер жүйелерін құру арқылы шешу; 
7 сынып 
7.4.2.1 өте кіші немесе өте үлкен сандармен берілген шамаларға байланысты 
есептер шығару; 
7.4.3.1есеп шарты бойынша математикалық модель құру; 
7.4.2.2 мәтінді есептерді теңдеулер және теңсіздіктер құру арқылы шығару; 
8 сынып
8.4.2.1 мәтінді есептерді квадрат теңдеулердің көмегімен шешу;
8.4.2.2 мәтінді есептерді бөлшек-рационал теңдеулердің көмегімен шешу;
8.4.2.3 қолданбалы есептерді шығару үшін квадраттық функцияны қолдану 
9 сынып 
9.4.2.1 мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару;
9.4.2.2 геометриялық және арифметикалық прогрессияларға байланысты 
мәтінді есептерді шығару 
Әдіскер ғалымдар Р.С.Черкасов, А.А.Столярдың еңбектерінде [121] және 
Л.Д.Жұмалиеваның [82, б.56] жұмысында есептердің білім беру, практикалық, 
тәрбиелеу және ойлауды дамытудағы маңыздылығы көрсетілген.
Осы тұрғыда, оқушылардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыруда 
мәтінді есептердің де маңыздылығы бар екендігін айтуға болады (2-сурет). 
Мәтінді есептерді шешу оқытудың барлық мақсаттарына жетуді көздейді. 
Сурет 2 – Мектеп математика курсындағы мәтінді есептердің маңыздылығы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет