Ерлердің ісі бітер ме? ҚОс арнаның тоғысы



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата22.12.2016
өлшемі0,9 Mb.
#108
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

 
 
 

«ҚАП АРҚАЛАҒАН ҚАЗАҚТАР...» 
деген кінәлау екі күннің бірінде естіліп жатады. Ал астарына үңілсек... 
 
Осыдан бірер жыл бұрын қап арқалаған қазақтар деген сөз айтылса сөз 
айтылса  намыс  көретін  едік.  Ісініп-кебініп  біраз  жерге  баратынбыз.  Жер 
тепкілейтінбіз.  Қазір  олай  емес,  себебі,  қоғамдық  болмыс  қоғамдық  сананы 
билеген  заман  ғой.  Ойда  да,  қырда  да  сауданы  қыздырып  жатқан  қазекең. 
Дұрыс. Ал бірақ осымен ұзаққа шабамыз ба? Әрине, жоқ. Алыпсатарлықпен 
алыстан орағыта алмайсың... 
Әлгі  қап  арқалағандардың  дені  тепсе  темір  үзетін  жас  жігіттер. 
Арасында  болашағынан  мол  үміт  күтерлік  ғалымдар  да  қаптап  жүр.  Неге 
бұлай?  «Күн-көріс қамы  ғой...»  Шынында  да  солай.  Ғылыми  мекемелердегі 
мардымсыз  айлықпен  жас  кандидаттың  өз  отбасын  асырауы  мүмкін  емес. 
Сөйтіп,  қапшық  арқалап,  базар  шарлап  жүр.  Енді  қайтсін.  Ал  мәселеге 
тереңірек  бойласаңыз  Қазақстан  ғылымы  үшін  мол  жаңалық  ашар  бір 
бәйшешек бүр жармай жатып солғанын байқайсыз. Қазір еліміздің ғылыми-
техникалық прогресінің даму үрдісі кібіртіктеп қалды деп жүр жұрт. Себебі – 
әлгі. 
Қап  арқалаған  қазақ  жастары  пұлдың  дәмін  алған  соң  басқа  шаруаның 
бәрін ысырып қоядк. Саясат, парасат, ел тағдыры деген мәселелер, өкінішке 
орай екінші қатарға сырғиды... 
Қазақстандағы  бизнес  пен  коммерцияның  құлағын  ұстадым  деген  бәз 
біреулердің  өзін  де  қапшық  арқалаған  қазақтар  деуге  тура  келеді.  Себебі, 
олардың  жасап  жүрген  тірлігі  де  алыпсатарлық  қой.  Кезінде  мемлекеттен 
алынған  несие  қаржылар  отандық  өндірісті  дамытуға  емес,  алыпсатарлық 
сауданың  мың  құбылған  сай-сайымен  ағылып  жатқаны  кімге  жасырын. 
Атағы  дардай  ел  аузында  жүрген  фирмаларымыздың  қайсысын  атар,  едіңіз 
«Қазақстан»  деген  таңбамен  шырпы,  иә  болмаса  бір  құты  иіс  су  шығарып 
жатқан фирма еді деп. 
Осыдан соң әлгілерді қапшық арқалаған қазақтарға теңемеске лаж жоқ. 
Ауыл  іргесінен  ат  сабылтып  қалаға  келіп,  күнделікті  тірішлік  үшін  тиын 
тауып  жүрген,  қап  арқалаған  қазақ  та  бір,  бизнесменсымақтарымыз  да  бір 
болып  шықпай  ма?  Қап  арқалағандарымыздың  дені  ана  тіліндегі  газет-
журналдар оқымайды. Бұл – ақ пен қарадай ақиқат. Ал соның өзі көп нәрсеге 
салқынын тигізіп жүр. Ел ішінің жағдайымен есептеспей, халықтың тағдыр-
талайын сезініп-тұшынбай, бір топ іскерлеріміздің жоғарыға ашық хат жазып 
жүргені  де  содан.  Мейлі  ғой,  жазса  жаза  берсін.  Ауыз  өзінікі  болғасын 
сөйлейді. Ал бірақ ақыл-парасатқа жүгіну, ел иесімен санасу деген болмаушы 
ма еді? 
Осындайда намыс қайда деп өре түрегелесіз. Ол дегеніңіз күнде айтып 
жүрген  қазақстандық  патриотизміміз  екен.  Ал  оны  бұрқыратып  жазатын, 
отаншылдық  сезімді,  парасат-пайымды  қалыптастыратын  қазақ  баспасөзі. 
Отандық  товарды  өндірудің  көзін  табайық,  өз  елімізге,  өз  жерімізге  қожа 
болайық,  ұрпаққа  ұлағатты  іс  қалдырайық  деп  жатқан  да  қазақ  баспасөзі. 

Ілгеріде  әлеуметтік-тұрмыстық  жағынан  артта  қалған  отыз  ауданның  жай-
күйі біраз әңгімеге өзек болған-ды. 
Міне  соның  жанайқайын  жеткізіп  жатқан  да  қазақ  баспасөзі.  Өз  елінің 
өміріндегі  осындай  өзекжарды  мәселелер  өрнектеген  газет-журналдарды 
оқымаған  бизнесмен-сымақ  бауырларымыздан  не  үміт,  не  қайыр?  Ұлттың 
рухы,  оның  жан  бұлқынысы  әдіптеліп  жатқан  газет-журналдарды 
зерделемеген  жанның,  әрине,  ашық  хат  делінетіндерге  қол  қоюға  дайын 
тұратындары әбден ақиқат. 
Нарық  қазақ  басылымдарын  да  қақпақылға  алғалы  қашан.  Ал  енді  әлгі 
ағайындарға  әріптестік  қол  созсаңыз  мұрнын  шүйіре  қарайды.  «Е,  газетіңіз 
ауылға ғана тарайды екен, менің жарнамам қаланың қалталыларына арналған 
ғой» дейді. Міне, істің пошымы осы. Өздері ауылдан емес, аспаннан түскен 
секілді. 
Нарық  қақпақылы  демекші,  биылғы  жылдың  газет-журналдарына 
жазылу  өте  күрделі  жағдайда  өтті.  Қолма-қол  ақшаның  тапшылығы  көп 
нәрсеге  қол  байлау  болды.  Алайда,  халық  арасында  қолдау  тапқан 
басылымдар  әрқайсысы  өз  мүмкіншілігіне  қарай  қажетті  тиражын  жинап 
алды.  Көпке  топырақ  шашуға  болмайды.  Нақты  өндіріспен  айналысып 
жүрген  кейбір  қазақ  көсіпкерлері  (кейбіреулері  ғана)  осы  іске  қол  ұшын 
берді.  Бұл  жөнінде  газетімізде  жазылды  да.  Былтырғы  жылдың  тағылымы 
келер  жылы  сабақ.  Сондықтан  газет  таратуға  әлгі  қап  арқалағандар  деп 
отырғандарымыздың  өзін  қаласын-қаламасын  осы  іске  араласуға  итермелеу 
керек болады. Олардан біздің, біздің олардан бөлектенетін жағдайымыз жоқ. 
Ауа  ортақ,  жер  ортақ.  Қазақстан  –  біреу.  Осы  елдің  ырыздығын  ішіп 
отырғаннан  соң  неге  оларға  салық,  салмақ  салмасқа?  Керек  десеңіз,  бұл 
мемлекеттік  саясат  тұрғысында  жүзеге  асырылатын  шаруа.  «Бутя»  сен 
пәленбай мың сом бөл, «Астана холдинг» сен пәленбай мың сом аудар» деп 
міндет қойса, несі айып? Себебі, олардың айналдырып отырған ақшалары да 
аспаннан түсе қалған жоқ, о бастағы Қазақстанның капиталы ғой... 
Халқымның  тағдыр-талайы  үшін  жаным  ауырады  деген  әрбір  қазақ 
кәсіпкері,  ең  алдымен,  ұлтты  рухани  жағынан  түлетуге,  оны  масылдық 
пиғылдан  арылтуға  үлес  қосу  керек.  Ол  үшін  баяғыдай  көшеге  шығудың, 
митингілеудің  қажеті  жоқ.  Ал  бірақ  қазақ  басылымдарын  көкірегінде  мен 
қазақпын деген намыс оты бар әрбір азаматына оқытудың мүмкіндігін жасау 
керек. Қап арқалағандар мен қазақ зиялыларының арасына Қытай қорғанын 
орнатпайық. Қазір түсіністік керек, үндестік қажет. 
Ал «Халық кеңесі» газеті өзінің хал-қадерінше алаш еліне қызмет қылуға 
тырысады.  Жаңа  жылдың  алғашқы  айы  да,  міне,  түгесіліп  келеді.  Жаңа 
жылда  қай-қай  басылымнан  да  өз  оқырманы  жаңалық  күтетіні  мәлім.  Бұл 
тұрғыдан  келгенде  біздің  айтарымыз  біреу  ғана:  айды  аспанға  бір-ақ 
шығарамыз ас та төк уәде бере алмаймыз. Ал бірақ жылдар бойы редакция 
ұжымындағы,  оның  шығармашылық  лабораториясындағы  қалыптасқан 
жақсылық  атаулының  бәрін  жетілдіріп,  сабақтастық  үрдісін  жалғастыра 
беретін  боламыз.  Қазір  таяқ  тасталған  жерден  кемшілік  көрінеді.  Оны 
термелеп  ешкімді  таңданта  алмайсыз.  Нарықты  экономиканың  қақпақылы 

кезеңінде  халыққа  керегі  тәлімді  тәжірибе,  жан  сүйсіндірген  жаңалықтың 
жай-жапсары. Жақсы деген сөз жақсы! 
1995 
 
 
 
 
 
 
 
                          
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ЖАЛЫ КҮДІРЕЙГЕН ЖАРИЯЛЫЛЫҚ 
Тәртіп пен реттілік ұғымын 
жұтып қойған жоқ па осы? 
 
...Цех іші әп-сәтте ырду-дырду болды. Ошарылған жұрт. Ортада екеу 
— 
ағаш шебері мен дәнекерлеуші. 

 
Сіз  менің  хұқыма  қол  сұқпаңыз,  қашан  келем,  қа- 
шан кетем оны өзім білемін. 

 
Ойбай-ау, 
шырағым-ау, 
жалпыға 
ортақ 
өзіміз 
қа- 
былдаған ереже - заң бар емес пе? 

 
Ой,  қойыңызшы,  сіз  ереже  —  мережеңізді.        Маған 
жариялылық, 
демократия 
берген 
артықшылық 
бар. 
Қазір- 
гі  күн  —  менің  күнім.  Вот  так  то,  ақсақал.  Соны  пайда- 
ланам.  Бәрін  де  ескіше  ойлайсыздар  осы...  Қашан  қайта 
құрыласыздар, ә? 
Дәнекерлеуші  жігіт  ежірейіп  кетті.  Оның  мына  әлпетінен  тайсақтады 
ма, қайдам, аға шебер жүпі жығылып, үнсіз қалды. Бұл екі күннің бірінде 
қайталанып жататын жағдаят. Кім кінәлі? Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс. Сөз 
төркінін түсінетін оқырман өзі де іштей сезіп, біліп отырған болар. 
Ал, біздің   білетініміз қайта құру,   жариялылық деп кеуде соғып, оны 
ұранға  айналдырып  жақ  жаппай  жүрген  пенделердің  ортақ  іске,  келелі 
мәселелерге залалын тигізін жатқандығы. Аға шебердің талабы орынды. Ол 
қарамағындағы  кісіге  әр  нәрсенің  жөнін  білу  керек,  тәртіп  сақта  дегенді 
айтып  отыр.  Өкінішке  орай,  оның  бұл  сөзін  дәнекерлеуші  жыр  деп  те 
тұрған жоқ. Өзінің уәжін айтып, даурыға сөйлеп, жайына кетті. Енді осы 
арада  бір  мәселені  айтпасқа  тағы  болмайды.  Әлгі  жағдаят  көпшіліктің  көз 
алдында болды. Сонда аға шеберді қолдап, соның сөзін сөйлеген бір адам 
болсайшы, шіркін... 
Ойға  қаласың.  Бұл  не?  Әлеуметтік  психологиядағы  осындай 
немқұрайлылық  пиғыл  қазір  көп  жерді  жайлаған.  «Бірің  өліп,  бірің  қал». 
Қазіргі принциптің түрі осы. Осы дерт бұл күндері онсыз да қаусап, қиюы 
қашқан экономикамыздың әбден түралауына түрткі болып отыр. Кім немен 
айналысып жатыр, жұмысқа кім келіп, кім кетіп жатыр, онымен ешкімнің 
шаруасы жоқтай. Ал, ортақ іске жаны ауырып, жанұшыра қимылдаған адам 
болса, оны көзтүрткі етіп, сұқ саусақтарын шошайтатын болды жұртыңыз. 
Түбірінен қате ғадет. 
Қазір  нарыққа  көшіп  жатырмыз  дедік.  Ол  кімді  қарық  қыларын 
уақыт шіркіннің өзі-ақ көрсетер. Бірақ, қазіргі жағдайдың бар ақиқаты мен 
қиындығы  андағайлап  бой  көрсеткенде  соны  жеңуге  мүмкіндік  беретін 
жолдардың  бірі  бүкіл  жерде  Тәртіпті,  Бақылауды,  Реттілікті  күшейту 
қажет екенін уақыттың өзі талап етіп отыр. 
Біз  қайта  құру  атты  жылдар  тарих  табалдырығын  аттағанда  оны 
революцияға  баладық.  «Жариялылық!»,  «Демократия!»  деп  аттандадық, 
ұрандадық. Өткенімізге қайта  сын  көзбен  қараймыз  деп  тарихты  тексеріп 
шықтық.  Ақтаңдақтар  ақиқаты  айтылды.  Мұның  бәрі,  әрине,  халықтың 

рухани  үрдісінде  керек  мәселе  болды.  Кемшілікке  тоталитарлық  жүйенің 
кемшілігіне  кеңшілікпен  қарай  алмадық.  Митингіледік,  сыншыл  болдық. 
Міншіл  болдық.  Сыпырта  бәрін  сынауды  ерлікке  баладың.  Беттен  алған 
бетбақтықты  батырлық  деп  санадық.  Сөйтсек,  науқаншыл  басымыз  бұл 
жағдайды да асыра сілтеп жіберіппіз. 
— 
«Жариялылық» деп жағымыз талмай дастархан басында, үй ішінде 
көсілетін  болдық.  Аузы  қисаймай  баласы  әкесіне  ақыл  айтып,  қызы 
шешесіне жөн сілтеп әлекке түсті. Соның бәрі ретімен, ыңғайымен болып 
жатса  бір  сәрі  ғой.  «Әке  тұрып,  бала  сөйлегеннен  без»  деген  қағидалы 
қанатты қағиданың қым-қуыт тіршілікке қида-қидасы шығарын білмей де 
қалған  жағдайымыз.  Өстіп  жүріп  Кісілік,  Имандылық,  Ибалылык,  дейтіи 
атадан  балаға  мұра  болып  табысталған  тамаша  қасиеттерімізді  кір 
шалдырып  ала  жаздағанымызды  енді  ғана  аңғарғандаймыз.  Қит  етсе 
болды.  «Мен  өз  хұқымды  пайдалануым  керек».  «Менің  хұқыма  қол 
сұқпаңыз»  деген  әсіре  әділетшілдердің  қиқуы  нажағайдай  жарқ-жұрқ 
етілетін болды. 
Жариялылық, демократия, пікір алуандығы дейтін ұғымдарыңыз, несін 
айтасын, жақсы-ақ  нәрсе.  Адамзат өркениетінде оның  алар орны  айрықша. 
Ал,  бірақ  осынау  жариялылыгымыз  да,  демократиямыз  да  өзінің  ретімен 
сабақтастыгымен  болганда  ғана  өміршең.  Сонда  да  әлеу-меттік 
психологияның  реттеушісі,  оның  барометрі  бола  алады.  Ал,  бірақ 
жариялылықты  демагогияға,  бос  мылжыңға  құрғақ  ділмарсуға, 
ақылгөйсуге,  демократияны  ауа  жайылушылыққа,  анархияга  айналдыру, 
құлдырауымыздың көкесі, міне, осы. 
Бұл  мәселе  жергілікті,  республикалық  басылымдардың  табан 
аудармай  келе  жатқан  тақырыптардың  бірі.  Әлі есте, демократиямыз екі 
иінінен  демалып  тұрған  шақта  «Ауажайылушылықты  ауыздықтай  аламыз 
ба?»  деген  мақала  жарияланған  болатын.  Соның  ертеңіне  «Сіз  осы 
кодсерватизмте  бой  алдырғаннан  саумысыз,  сталинизмді  аңсау  ғой 
мұныңыз»  деген  пікірді  де  естуғе  тура  келген.  Сонда  ол  Э.  Боннердің 
кімде-кім  тәртіп,  бақылау  туралы  әңгіме  айтса,  ол  адам  ескі  жүйені 
аңсаған жан деген пікірін алдымызға тартқансыған. 
Бұл  жерде  бір  мәселеде  түсіністік  керек.  Тәртіп  туралы  әңгіме 
диктатура  орнасын,  қылышынан  қан  тамған  заманды  қайта  әкелу  керек 
деген-  мәселені  діттемейді.  Сондай-ақ  тәртіп  бақылау  деген  үғымымыз 
адамның жұмысқа уақтылы келіп кетуімен ғана өлшенбейтін мәселе екенін, 
мұның  астарында  әрбір  адамның  ішкі  мәдениеті,  өз  ісіне  деген 
сүйіспеншілігі, құрметі, жататындығы, ал осының бәрі жиылып келгенде өз 
ортаңа  деген  ілтипат,  сенім  деген  қасиеттерді  әспеттейтіндігін  ұзақ 
түсіндіруге тура келген еді. 
Республика тәуелсіздік алды. Бұл айтуға жаңа жеңіл. Ал оны баянды 
етудің  шаруасы  қат-қабат.  Жуырда  Қазақстан  Республикасы  Статистика 
және  талдау  жөніндегі  мемлекеттік  комитетінің  хабары  баспасөзде 
жарияланды. Қарап отырсақ, көңіл құлазиды. Ауыл шаруа-шылығынан бір   
ғана мысал: шығынмен жұмыс істейтін шаруашылықтар саны былтыр 5 есе 

көбейген.  Ал,  олардағы  еңбек  өнімділігі бұрнағы жылмен салыстырғанда 11 
процент  төмен  болған.  Бұл  жерде  әрине,  халық  шаруашылығындағы 
бұрыннан  қалыптасқан  байланыстардың  үзілуі,  нарықты  экономиканың  өз 
түзетулері әсер  етті де-ген  себептерді  алға  тартуға  болар.  Ал  бірақ  соның 
ішінде  қарапайым  ғана  еңбек  тәртібінің  сақталмағандығынан,  реттіліктің 
бұзылуынан қыруар шаруның берекесі кеткенін жасырудың қажеті жоқ. Бұл 
жерде  тікелей  өндіріс  басындағы  ұрлық-қарлықтың  күрт  өсуі  қылмыстық 
жағдайлардың асқынып кетуін бұтарлап жазуға, әрине, болар еді. Мәселен, 
өткен  жылы  174  мың  қылмыс  тіркелген.  Мұның  өзі  бұрнағы  жылмен 
салыстырғанда 17 процент жоғары деген сөз... 
Міне,  осының  бәрінен  шығатын  қорытынды  тәуелсіздік  талабы  - 
тәртіпте.  Бұрынғыдай  бүкіл  кеңшіліктің  бәрін  өзгенің  кесірінен  болды 
дейтін  бүкіл  сынық-сылтауымызды  үйіп-төгетін  Орталық  енді  жоқ.  Қазір 
әрбір  алаш  азаматы  табаны  тиіп  тұрған  жердің  д
е
 
елдің  де  шын  қожасы 
нақ өзі екенін сезініп, түйсінуі ауадай қажет. 
Бүгінгі  адал  еңбек,  сергек  көзқарас,  тындырымды  іс
,
 
күні  кеше  ғана 
дүниеге  келген  тәуелсіздігіміздің  болашағы  үшін  осынау  сәулелі  шақты 
үш ғасыр бойына аңсап күткен алаш елінің көркеюінің кепілі деп білген 
дұрыс.  Әрбір  жұмыс  орнында:  қалада  да,  далада  да  тәртіпті  мықтап  қолға 
алатын  кез  келгенін  ұғуымыз  қажет.  Біз  өзі  70  жыл  тарихымызда 
науқаншыл болып алған жұртпыз ғой. Сондықтан бұл мәселеде де шаш ал 
десе бас алатын сауалдан аулақ болған жөн. 
Қымбатшылық  қыспаққа  алып,  нарықты  экономика  көнсең  көнесің 
осыған, көнбесең де көнесің деген өктем үнімен қамшы үйіріп тұрған шақта 
тәртіп  туралы  әңгіме  айтып  жатудың  өзі  қалай  болар  екен  деген  де  сауал 
қойылары  хақ.  Осыны  біле  тұра  айтарымыз  мынау.  Жалпыға  мәлім  бір 
ақиқат  бар:  қоғамдық  үрдісті  экономика  билейді.  Демек,  өркенді 
экономикасыз саясат тұл. Аш құрсаққа құрғақ уағыз жүрмейді... Алты жыл 
бойына уәдеге, жарытуға тойып болған халықты бала секілді кәм-пит беріп 
алдай  алмайсыз.  Шет  елдің  «сәлемдемелері»  де  бұлаң  құйрық  саясаттың 
бір тәсілі екенін әлдеқашан-ақ ұққан жұртыңыз. 
Ал өркенді экономика негізгі тәртіпте оның мысалын алыстан іздемей-
ақ  мына      шығыстағы  Қытай  деген  елге  көз  салсаңыз  болғаны.  Көз 
салсаңыз  да  бізден  пәленбай  есе  көп  халықты  асырап,  киіндіріп, 
тойындырып  отыруының  сыры  неде  деп  бас  қатырмай-ақ  қойыңыз.  Оны 
азырқансаңыз, төрткүл дүниені аузына қаратқан мұхиттың ар жағындағы 
Американың өркендеуінің сырын бір бағамдап көріңіз. Біздердегідей нарық 
оларда  да  бар.  Ал  бірақ  шаруашылығы  шалқып,  елінің  аузынан  ақ  май 
ағызып  отырған  жоқ  па?  Олардың  бар  құпиясы  жарлысының  да, 
жақыбайының да өз ісіне деген жауапкершілігінде, тәртібінде. 
Қазақстан  Президенті  Н.  Назарбаев  мемлекеттік  мекемелерде,  еңбек 
коллективтері  мен  ұйымдарда  еңбек  тәртібін  нығайту  жөнінде  жарлық 
шығарды.  Жақсы-ақ,  алайда,  біздегі  тағы  бір  кемшілік  шешімнің 
орындалуын  қадағалауға  деген  жайбасарлық.  Жергілікті  әкімшілік 
орындары,  міне,  осы  жағын  ұмыт  қалдырып  отыр.  Әйтеуір,  сылтау  көп. 

Ендігі жерде осындай ізгілікті мәселені көздеген шаралардың жузеге асуына 
тиісті  бақылау  жасалса.  Біз  өткеннің  бәріне  топырақ  шашуға  шеберміз 
ғой. Қанша жамандағанымызбен, әнебір жылдардағы жұ-мысшы бақылауы, 
басқа  да  бақылау  орындары  өзіне  жүктелген  міндетті  біршама  атқарғаны 
ақиқат. Сонымен қоса кейбірінің бишігештік пен төрешілдіктің шырмауына 
шатылғандары да жоқ емес. Біздің айтайық деп отырғанымыз осындай іріткі 
қасиеттерден  ада,  шын  мәнінде  халыққа  жаны  ашитын  Кеңес  өкіметінің 
алғашқы  жылдарындағыдай  бақылау  инспекциялар  ыспатты  органдар 
құрылса. 
Табиғаты, болмысы жағынан зерделеп көрсеңіз дәл қазіргі шақты шын 
мәніндегі  ой-санадағы,  әлеуметтік-экономикалық  саладағы  ұлы  төңкеріске 
бағалауға  болады.  Олай  болса,  осындай  өлара  шақта,  кезеңде  өткеннің 
тағылымды сабағынан тағылым алса несі айып? Енді бұ-рынғыдай өзгелерге 
еліктеудің, солықтаудың түк реті жоқ. Тәуелсіз мемлекеттің өз тұрпатына 
сай бақылау инспекциясы болсын. Оның құзырына әлеуметтік құқық берілуі 
керек. Осындай бір механизмді ретке келтірмейінше іс оңға баспас. 
Қысқасы, ел арасында адал еңбегімен күн көріп, медет ғып кісілігімен, 
имандылығымен,  ел  арасында  қадірі  бар  адамдардың  бүгінгі  алмағайып 
заманда, өліара шақта ар-намысы аяққа тапталмасын! 
1992 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚАНДАСТАР ҚОЙНЫНДАҒЫ КАПИТАЛ 
Алаш жұртының ыстық ықыласы, мөлдір мейірімі емес пе? 
 
Сонымен  мен  қазақпын  деген  пенденің  ішкен  асын  жерге  қойғызған  
төрткүл  дүииенің  түкпір-түкпірінен  жиналған  қандастар  құрылтайы  да 
мәреге жетті. Әлемнің әр шалғайынан келген бауырларымыздың бір тобының 
мамандығы  журналистер,  баспа,  кітап  өндірісі  айналасында  жүрген 
әріптестеріміз  болып  шықты.  Құрылтай  жүріп  жатқан  күндері  солармен 
әңгімелесіп, пікірлесудің сәті түскен еді. Сондай емен-жарқын әңгіменің бірі 
Қазақстан Журналистер одағы басқармасында болған-тын. 
Бүгінгідей  нарықты  экономика  заманында  тапшылық  пен  жоқшылық 
қыспағы  қақпақылға  алған  тұста  өз  кәсібімізге  қатысты  мәселелер 
төңірегінде шет жерден келген бауырларымыздың пікірін білу, әрине, артық 
болмасы  айқын.  Сондай-ақ  апта  бойына  әлем  назарын  тіккен  уақиғадан 
арнайы ат сабылтып келген қандастарымыздың әсері қандай екен? Алғашқы 
сауал осы төңіректе болды. 
– 
Өңіміз бе, түсіміз бе біле алмай жүрміз. Әйтеуір бір ғаламат құдіретті 
сезім  құшағында  жүрміз.  Осының  өзі  біздің  атамекендегі  алаш  жұрты  бас 
қосқан  ақдариға  мерекеден  алған  әсеріміздің  белгісі  болар.  Бұл  –  бір.  Енді 
екінші бір айта кетуге тиіс жағдаяттарға тоқталайын. Әдетте қай-қай жердеде 
болсын  шет  елге  барып  келген  кісілермен  әңгімелесе  қалсаңыз,  мәселен 
қандай іс бітіріп келдің, оның пайдасы нендей деген де ой жатады. Іскерлік 
әлемінің заңы дейміз бе, табиғаты дейміз бе, солай ғой өзі. Ал енді біздің бұл 
сапарымыздың  мәні  де,  сыпаты  да  басқаша,  –  деп  бастады  Германиядан 
келген  Әбділуахып  Қара.  –  Бізге  ең  алдымен  керегі  туған  жердің  ыстық 
ықыласы,  мейірімі  еді.  Оны  алдық.  Көзіміз  көрді,  көңіліміз  көншіді.  Біздің 
іздеген  басты  капиталымыз,  міне  осы.  Құрылтайдан  алсақ,  бойымызға 
сіңірсек деген нәрселеріміз де сол болатын. Енді қазір өзіміз атамекеніміздің 
гүлденуі  үшін  не  істеуімі  керек  деген  сауал  жетегінде  жүрміз.  Мені  өзге 
бауырларымыз да қолдайды ғой деп ойлаймын. 
– 
Әрине,  әлбетте,  –  деп  сөзге  араласты  «Би-би-си»  (Англия) 
радиостанциясының тілшісі Бәшір Жаналтай. – Мен осы құрылтайдан бұрын 
да  бірнеше  рет  жұмыс  бабындағы      сапармен      Қазақстанға      келіп-кетіп 
жүрдім.  Ойға  түйген  көп  нәрсе бар.  Шет  мемлекеттер  қазақ  елін  төреңірек, 
толығырақ  тануы  үшін  де  мен  арнайы  ағылшын  тілінде  хабар 
ұйымдастырдым.  Қонақжайлылық,  ықылас-пейілдің  кеңдігі  –  халқымыздың 
қаймағы  бұзылмаған  осы  қасиеттеріне  ризамын.  Оны  мен  құрылтай 
күндерінде  ғана  емес,  басқа  сапарларым  кезінде  де  куә  болғасын  айтып 
отырмын.  Ал  енді  келешекте  не  істелуі  керек  деген  сауал  төңірегінде 
айтарым  –  келешек  жастардікі  ғой.  Сондықтан  шет  елдерде  тұрып  жатқан 
қазақ  жастары  мен  осы  Қазақстанды  мекендейтін  өз  ұлтымыздың  өкілдері 
арасында  берік  байланыс  орнауы  керек.  Сол  байланыс  халқымыздың 
болашағы үшін атқарылар қыруар шаруаға дәнекер болар еді. 
Бәшірдің  пікірін  Монғолиядан  келген  Амантай  Тойшыбайұлы, 
Қаржаубай 
Сартқожаұлы 
қолдап 
сөйледі. 
Қаржаубайды 
біздің 

республиканың  зиялы  қауымы  бұрыннан  да  біледі.  Ол  іс  бабындағы 
сапармен  әлденеше  рет  Алматыда  болып,  өзінің  ой-жосықтарын  мерзімді 
баспасөз беттерінде жариялаған. Әңгіме арнасы қазақ елін өркениет қатарына 
шығару  үшін  рухани  мәдениет  саласында  нендей  мәселелерге  баса  назар 
аудару  керек  дегенде  Қаржаубай  Сартқожаұлы  көкейге  қонатын  ой 
орамдарын ортаға салды. Қазір Монғолиядағы қазақтардың атамекенге оралу 
процесі  жүріп  жатыр.  Бұл  қуанарлық  нәрсе.  Өйткені,  исі  қазақтың  таза 
қазақы  әдет-ғұрып,  салт-дәстүрінің  сом  алтындай  сақталған  жері  де 
Монғолияның  Баян-Өлгий  аймағы  ғой.  Міне,  сол  өлкені  мекендеген 
қандастарымыздың  Қазаңстанға  келіп  орныға  бастауы  рухани  саладағы 
жаңғыруларымызға  жаңа  бір  серпін  беретіндей.  Өйткені,  біздер  ұзақ 
жылдардағы кеңестік империяның шылауында өзіміздің ұлттық дәстүр, салт-
санамыздан  айырылып  қалудың  шегінде  тұрдық.  Енді  кеш  те  болса  сол 
олқылықтың орнын толтырудың қамындамыз. Бұл ретте қазақтар қазір сирек 
отырықшыланған  жерлерге  Монғолиядан  қандастарымыздың  келіп 
қоныстануы көп нәрсеге себесін болары сөзсіз. 
Амангай Тойшыбайұлы біраздан бері ғылыми жұмыспен айналысып жүр 
екен. Ол ғылыми жұмысын монғол тілінде жазуда.  Амантай  кездесу үстінде  
халқымыздың тарихи зердесінің оянуы төңірегінде мәйекті әңгіме айтты. 
Осы  мәселе  төңірегінде  шет  елдерде  жүрген  қазақ  зиялылары  мен  осы 
Қазақстандағы оқымыстылар бірлесіп жұмыс атқарғаны жөн. Себебі, кезінде 
халқымыздың  тарихына  қатысты  құнды  материалдар  қасақана  жойылып 
жіберілді де, рухани игілігімізге айналмады. Ал олардың кейбірі көзі ашық, 
көкірегі ояу азаматтардың арқасында шет жерлерге қарай жіберілді. Өйткені, 
келер  ұрпақ  үшін  олардың  сақталынып  қалуы  қажет  еді.  Енді,  міне,  заман 
оңғарылып, көш түзелген шақта бірен-саран болса да сол асыл қазыналармен 
халқымыздың  қауышқан  сыңайы  бар.  Осы  мәселеге  серпін  берілуі  үшін  де 
оқымыстыларымыздың  бірлігі,  шығармашылық  ынтымағы  керек.  Әңгіме 
халықтық  мәселе  тұрғысында  болып  отырғандықтан  да  бұл  шаруаға  өте 
сергек қараған жөн. 
Амантай  Тойшыбайұлының  осынау  пікірінен  өрбітіп,  «Қазақстан 
мектебі» журналының бас редакторы Сайраш Әбішева өзі басқарып отырған 
басылымда  бұл  қақында  біраз  ізденіс  барын  айтты.  Енді  «Қазақ  тарихы» 
деген журнал ашу мәселесін қойып жүргендіктерін білдірді. 
Бұл,  әрине,  қуантарлық  жағдаят.  Өйткені,  күні  бүгінге  дейінгі 
тарихымыз  я  ақ,  я  қара  деп  оқытылып  келді  де,  ал  соңғы  төрт-бес  жыл 
көлемінде  көптеген  тарихи  мәселелерге  көзқарас  түбірімен  өзгеріп  кетті. 
Сондықтан «Қазақ тарихы» журналының шыға бастауы «Қазақ тарихы» деп 
аталатын  көп  томдық  академиялық  кітаптың  беташары,  ізашары  болар  деп 
ойлаймыз. 
Қазақстанда  жас  ұрпақты  өз  тарихында  тәрбиелеу  бір  бар  да,  шет  
елдерде тұратын қандастарымызға атамекен тағдыр-талайынан мол мағлұмат 
беру  тағы  бар  ғой.  Осы  тұрғыдан  келгенде,  мәселен,  қазақтар  көбірек 
шоғырланған  Түркияда  қазақ  тілінде  кластар  ашу,  семимарлар  жүргізу 
жөніндегі ұсыныстар назар аудартарлық. Қаржаубай Сартқожаұлы біраз шет 

мемлекеттерде  болғанда  сол  жердегі  қазақ  жастарының  ана  тіліне  деген 
шорқақтығын айтты. Бұл, әрине, олардың кінәсінен емес, тағдыр солай ғой. 
(Қаржаубай шет елдегі қазақ жастарының    қазақ    тіліне    шорқақтығын  
қынжылыспен  уайым  қылып  айтып  отырғанда  біздің  ойымызға  осы 
астанамыздағы  көптеген  қандастарымыздың  өз  ана  тілінен,  тіпті  мақұрым 
екендігі ойымызға түсіп, амалсыздан бармақ тістей бердік...) 
– 
Ұрпақ  тәрбиесіндегі  кемшіліктер  бірден  бой  көрсетіп  жатса,  ол 
имандылық  шаруасының  кенже  қалып  жатқандығынан,  –  деді  сөзге 
араласқан  Дәлелхан  Жаналтай  (Түркия).  –  Әлгі  сіздер  айтып  отырған  тіл 
білмеушілік мәселесі онша қабырға қайыстырардай шаруа емес, мұны оңдап 
алуға болады. Оның бір көзі-бала шыр етіп дүниеге келгеннен имандылыққа 
тәрбиелеу  қажет.  Демек,  ол  ес  білгеннен  діни  дәрістер  алғаны  жөн.  Бүкіл 
моральдық-этникалық нормалардың бәрі сол дін қағидаларында. – Дәлелхан 
Жаналтай  мектептерде  діни  дәрістер  енгізу  қажеттігін,  арнайы  бағдарлама 
құру  керектігіне  назар  аударды.  –  Республика  астанасына  лайық  мешіт 
болғаны жөн. Ал енді екі ел арасындағы көптеген мәселелер заңдық жолмен, 
мемлекетаралық келісімдермен үйлестірілгенде жөн болады. 
Әбділуахыптың Орта Азияға, Түрік мемлекетіне тарайтын бір тележүйе 
керектігі  жөніндегі  ұсынысы  да  құнды.  Бүгінгідей  ғылым  мен  техниканың 
ілгерілген  заманында  сол  тележүйе  арқылы  бүкіл  әлемнің  әр  шалғайында 
жүрген  қандастарымыз  атамекенде,  туған  жерде  не  болып  жатқанын  көріп-
біліп отырар еді. 
Әңгімеге араласқан Қажыәкбер (Монғолия) «Жаңа өмір» деген газеттің 
редакторы  екен.  Ол  жыл  өткен  сайын  оқырмандар  қатарының  сиреп  бара 
жатқанын, кітап, баспа өнімінің қалың жұрттың қолына көп тие бермейтінін 
қынжылыспен  айтты.  Мұның  бәрі,  әрине,  белгілі  жәйт.  Өйткені, 
Монғолиядағы қазақтар көші атамекенге бет алып тұр ғой. Алайда, олардың 
бәрі  бір  күнде  көшіп  кетпейді.  Сондықтан  уақытша  болса  да  сол  жақта 
тұрақтап жатқан халықтың рухани қажетін өтеудің мүмкіндігін жасау керек. 
Сіздерге  қараймыз,  үлкен  ауылдан  үміт  күтеміз  дегенді  қайта-қайта  еске 
салып отырды Қажыәкбер. 
Осынау  мәнді  мәслихатта  келер  күндері  шешімін  табуға  тиіс  мұнан  да 
өзге  мәселелер  айтылды.  Қазақстанның  азаматтығын  алу,  көші-қон 
шаруаларына байланысты пікірлер ортаға түсті. Ал ең бастысы – мәслихатқа 
қатысқан  азаматтардың  дені  журналистер  болғандықтан  да  осынау 
бүкілқазақтың  шаруаларды  жазудың,  байыптап  жазудың  қажеттігі  атап 
айтылды.  Шетелдік  қандастарымыздың  арасында  ірі-ірі  кәсіпорындар  мен 
зауыттардың  иелері  бар.  Олар  атамекен  үшін  қандай  игілік  жасай  алады, 
қаламгер ағайындар, міне, осы жағдаяттарға дендеп көңіл бөлгені жөн. 
Құрылтай өтіп жатқан күндері Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының 
орталығы  құрылғаны  мәлім.  Ендігі  елеулі  мәселелердің  біразы  сол 
қауымдастық  орталығының  әлемнің  түкпір-түкпіріндегі  өз  бөлімшелері 
арқылы жүргізілетін болады. Бүгін болмаса ертең, ертең болмаса келешекте 
қолына халықаралық тілші деген мандат алатын журналист ағайындар, міне, 
осы көштің басы-қасында болмақ.                                                         1992 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет