мұндай фильм түсірілген жоқ қой. Кеңес заманында түсірілген
«Алғашқы мұғалім», «Дүйсенбіге дейін өмір сүреміз», «Сәлеметсіз бе,
Вера Сергеевна», «Плюмбум немесе Қауіпті ойын» секілді фильмдер
жұртшылықтың есінде болса керек. Мұндай фильмдер түсіруге болмай
ма?
–
Мұндай фильмдер жасау өте қажет-ақ. Мұғалім дегеніміз – қоғамның
рухани негізі, өткен мен болашақты жалғастырушы. Мұғалім рөлі өте күрделі
және жауапты. Қазір мұғалімнің бейнесі мен беделі көркем туындыларда
мүлде көрінбей кетті ғой. Сондықтан да былтырдан бері мұндай мәселені
жаңаша шешу мәселесін тиісті органдар алдына қоя бастадық. Бұған
шетелдегі беделді мамандарды тартып, концепциясын да бірлесіп жасайтын
болдық. Мұндағы негізгі мақсат – мұғалімдердің дәрежесі мен беделін
көтеру. Бұл шара біздің министрліктің тарихында тұңғыш рет қолға алынып
отыр. БАҚ-тарда педагог мамандығын насихаттау қызу әрі кең көлемде
жүргізіліп, мұғалімдердің озық тәжірибелері мен жетістіктерін жұртшылыққа
әйгілеу жұмыстары да кеңейе түсті. Бұған дейін БАҚ-тарда оқырмандарды
қызықтыру мақсатында жағымсыз оқиғаларды жариялау бел алды емес пе?
Осындай шаралар арқылы біз мұндай келеңсіз насихатқа, жарнамалауға
тойтарыс беретіндей материалдарды, бүтіндей білім берудегі игілікті істерді
сараптап көрсететіндей дәрежеде таратуға ықпал еттік. Мәдениет және ақпа-
рат
министрлігімен
бірлесіп
мұғалімдердің
ізгілікті
міндетін
кинофильмдерде, телеарналарда және мәдени шараларда көрсету
жұмыстарын жүргізе бастадық.
Педагогикалық форумдарды да жаңаша, мазмұнға бай, мәнді етіп
ұйымдастыратын болдық. Мұндай шараға ата-аналар қауымдастығын,
үкіметтік емес секторларды шақырып қатыстырамыз. Қазақстанның
математика пәні мұғалімдерінің I-ші құрылтайын сәтті ұйымдастырып,
өткіздік. Енді биыл биология және химия пәндері мұғалімдерінің
құрылтайын өткізбекшіміз. Мұндай шараларды ұйымдастырудағы басты
мақсат – педагогтардың қоғамдағы беделін шұғыл көтеріп, білім берудің
бүкіл жүйесін дамытуға серпін беру. Сонымен қатар, министрліктің
порталына «Мұғалімдер даңқы кітабын» жасап енгіздік. Бұған
республикамыздағы озат мұғалімдер, олардың өмір жолы, жеткен
жетістіктері туралы мәліметтер қамтылатын болады. Мұның өзі біздің озат
мұғалімдеріміз бен педагогикалық озық тәжірибелерімізді насихаттаудың
жаңа механизмі болып отыр. Министрлік «Үздік мұғалім» атағын алу
конкурсының беделін көтеру мақсатында көптеген жұмыстарды атқарды.
Енді бұл атаққа ие болғандарға үкіметіміз тарапынан республикалық
деңгейде бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде марапат жасалатын
болған. Бұл ақшаға шаққанда 1,7 миллион теңге болмақ. Мұның өзі
айтарлықтай марапат, қолдау емес пе? Педагогтардың беделін көтеру
жөнінде бұдан өзге де көптеген шаралар ұйымдастырып өткізуді жоспарлап
отырмыз. Осындай жұмыстарды алдағы уақытта ізденістерге бойлап жиі-жиі
жүргізе бермекшіміз. Мұның өзі министрлік үшін аса маңызды бағдардың
бірі болмақ деп ойлаймын.
–
Бұл күндері гимназиялар мен лицейлердің 1-ші сыныбына
балаларды қабылдағанда емтихан тапсыртып, сынақтан өткізуіне орай
көптеген ата-аналардың реніш білдірген хаттары редакциямызға да
келіп жатыр. Сонда қалай, гимназия немесе лицей жалпы білім беретін
мектепке жатпай ма? Мұндай жағдайда біздің конституциялық
құқығымыз бұзылмай ма?
–
Мұндай мәселені шешудің уақыты жетті деп ойлаймын. Мұны біз оң
шешімін табатындай етіп шешпекшіміз. Үкіметіміздің «Бастауыш, негізгі
орта және жалпы білім беретін мектептерге арналған жалпы білім беретін оқу
бағдарламасына білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың типтік ережесін
бекіту» туралы 2012 жылғы 19 қаңтардағы №127 арнайы қаулысы
қабылданған болатын. Осы қаулы бойынша білім беру оқу орындарының
бәрінде бірінші сыныбына оқушылар қабылдағанда тест сынақтары, зачеттар,
конкурстар өткізілмейді. Мұндай талап мектептің қандай түріне, қандай
меншікке жататынына қарамастан, барлығына қатысты. Соның ішінде жалпы
білім беретін лицейлер мен гимназияға да қойылатын талап болмақ.
Алайда, талантты балаларға арналған мамандандырылған білім беру
ұйымдары да мектеп, лицей, гимназия деп аталады. Бұларда оқуға қабылдау
конкурсттық негізде жүргізіледі. Мұнда оқушыларды реттеп, қабылдау
жұмыстарындағы ерекшеліктер осы ұйымдардың жарғысымен реттеліп
анықталады. Мұндайда мынандай жайтты да түсіндіре кетейін: мұндай
ұйымдар мамандандырылған таңдаулы, ерекше оқу бағдарламасы бойынша
ғылым, мәдениет, өнер, спорт, сондай-ақ, әскери істер ғылымының негіздерін
тереңдетіп оқытуға бағдарланған. Бұлардағы оқу бағдарламаларын міндетті
түрде Білім және ғылым министрлігі бекітеді.
–
Бұл күндері көптеген мұғалімдер репетитор болып табыс табатын
болып жүр. Репетитор дегеніміз – жалданып балаларды үйінде сабаққа,
емтихандарға дайындау деген сөз. Мұндайлар, әсіресе, ұлттық бірыңғай
тестілеу қарсаңында жиі ұшырасады. Мұндай мұғалімдер айтарлықтай
табыс тапқанымен мемлекетке салық төлемейді. Демек, мұнда заң
бұзушылық бар. Бұл мәселе жөнінде Сіздің пайымыңыз қандай?
–
Мұны мен былай пайымдаймын: біздің мұғалімдеріміздің қосымша
оқытушылық жұмыс істеуі біздің қоғамның қажет етуінен туындап отыр.
Мұның өзі жастарымыздың білімін көтеретін жұмыс деуге болады.
Сондықтан да мұндай жұмысқа тыйым салуға болмайды, керісінше, жақсы
қырынан бағалап, қолдауға лайық. Бұл мәселені біз педагогтардың мүддесі
тұрғысынан қарастырып, «Білім беру туралы» заңға жекелей педагогтық
қызметі туралы жаңадан бап енгіздік. Енді кез келген мұғалім жергілікті
атқарушы органдардан осы жұмысқа сәйкес патент алып, жеке кәсіпкерлік
ретінде тіркеліп заңды түрде мұндай жұмыспен айналыса беруіне болады.
–
Қазақстандағы мектептердің жартысынан астамы шағын
комплекті деп естиміз. Мұндай мектептерге арналған арнайы маман
мұғалімдер дайындала ма? Бұлай дейтініміз, мұндай мектептерде бір
мұғалім бір мезгілде түрлі сынып оқушыларын бірнеше пән бойынша
оқытуға тиіс емес пе?! Мұндай ерекше маманданған мұғалімдер
дайындау да күнтәртібінде тұрса керек.
–
Шағын комплектілі мектептердің мұғалімдері біздің арнайы
қамқорлығымызда болып келеді. Өйткені, олардың жұмысы өте ауыр, ерекше
күрделі әрі аса жауапты. Сондықтан, біз Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық
білім академиясы базасында шағын комплектілі мектептерді дамытуға
арналған Республикалық орталық құрдық. Бұл орталық осындай мектептерді
оқытудың әдіс-тәсілдерін жасаумен шұғылданады. Қазірдің өзінде шағын
комплектілі мектептерде қызмет ететін мұғалімдердің біліктілігін көтеру
жөнінде арнайы бағдарлама жасалды. Бұл бағдарлама түрлі жастағы түрлі
сыныптағы балаларға бір мезгілде білім мен тәрбие беретін ерен
ерекшеліктері мықтап ескерілді. Демек, шағын комплектілі мектептерге баса
қамқорлық жасауға барынша мән беріліп отыр.
–
Жасыратыны жоқ, бұл күндері мектептерде жемқорлық, талан-
тараж, сондай-ақ, мұғалімдерді жәбірлеу, кемсіту оқиғалары да
ұшырасып жүр. Мәселен, Алматы қаласында оқушылардың ата-
аналары мұғалімді соққыға жыққан оқиға болғаны жұртшылыққа
белгілі. Мұның өзі мектептің де, мұғалімнің де беделіне орасан зор
нұқсан келтіретіні айтпасақ та түсінікті болар? Мұндай келеңсіздікке
Сіз қалай қарайсыз? Оған қарсы қалай күрес жүргізу қажет деп
ойлайсыз?
–
Мұндай оқиға мектеп өмірінде мүлдем болмауы тиіс қой. Тіпті, ата-
аналардың ашу-ызасы дұрыс дегеннің өзінде мұғалімдерге қол жұмсау
дегеніміз заңға қарсы әрекет болатынын әркім-ақ түсіне білсе керек. Мұндай
оқиғалар жергілікті атқарушы органдар тарапынан да қатаң сынға, жазалауға
лайық. Жұртшылық арасында да, қоғамымызда да, БАҚ-тарда да мұндай
оқиғаларға қарсы күрес жүргізілуі тиіс.
Өз кезегінде Білім және ғылым министрлігі мұндай жайттардан бейтарап
қалмақ емес. Бұл үшін біз мүлде жаңа тұтқаны, әдіс-тәсілдерді қолданатын
боламыз. Былтырдан бері Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы
бойынша білім берудің сапасын төменнен жоғарыға дейін орталық-
тандырылған қадағалау жұмысын енгіздік. Бұл салада біздің министрлікте
жергілікті қадағалау комитетінің жергілікті департаменті жұмысқа кірісіп те
кетті. Бұлардың алдына білім беру сапасын қадағалау, оның мазмұны мен
әдіс-тәсілін жетілдіру, педагогтардың кәсіби білікті болуын қолдау секілді
жұмыстарды тиімді жүргізу, бұл мәселеде ізденіске бойлау басты міндет
болып белгіленді. Меніңше, алдап-арбауға, жемқорлыққа, мұғалімдер мен
қызметкерлерді қорқытытып-үркітуге қарсы күрес жүргізетін бұл
департамент министрлікпен және жергілікті органдармен тізе қосып жұмыс
істеуі нақты нәтижеге жеткізеді.
Мұндай мәселенің тыңғылықты шешім табуы үшін тағы да бір жаңа
әдіс-тәсіл бар. Ол Қамқоршылар кеңесінің жұмысы болып табылады. Бұл
құрылым әзірше, ашық айтқанда, тиімді жұмыс істей қойған жоқ. Ойлана
қарасақ, әкімшіліктердің қызметіне сырттай бақылау жасау мен қадағалау
жұмысы да олардың іс-қимылын қамтуы тиіс. Олар жемқорлыққа қарсы
күрескенде мектепке қосымша қаржы тарту мәселесімен және оны мұқият
игерумен шұғылданатын болады. Әрине, бұл жұмыстар заң шеңберінде ғана
жүргізілетіні айтпасам да түсінікті болар. Сондықтан да Қамқоршылар
кеңесінің жұмысын барынша белсенді жүргізілуін қызу қолдау қажет. Мұнда
жергілікті атқарушы органдардың ықпалы мен жауапкершілігі өте зор
болмақ. Өз кезеңінде біздің министрлік заң шеңберінде оларға қолдау
көрсетіп, Қамқоршылар кеңесі өкілеттілігінің беделін көтеру бағытын
ұстанады. Мұнда алғашқы нәтиже де, тәжірибе де пайда бола бастады.
Еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарында Қадағалау кеңесі құрылып, заң
негізінде өте беделді өкілеттілікке ие болып, тіпті, кадрлармен мамандарды
іріктеуге және бюджеттен тыс қаржыны игеруге дейін олардың бақылауға
құқығы болатындай өкілеттік алды.
Осындай мәселені екінші қырынан қарастырғанда педагогтардың
абырой-беделінің төмендеуі жөнінде де айтпауға болмас. Бұл күндері
мұғалімдерді менсінбейтін менмен, өзін жұрттан артық санайтын «еркетотай
жастар» дейтіндер пайда болып, мұндайлар оқытушыларға пара беріп жақсы
баға қойдырып алатыны секілді келеңсіздіктерді өршітіп келеді. Мұның өзі
ақылға сыймайтындай одағай құбылыс емес пе?! Мұндай жағдайда біз
балаларымызға берілетін білім мен тәрбиенің басты қайнар бұлағы –
мұғалімдерден айырыламыз ғой. Мұндай келеңсіздіктің құрбаны болған
оқытушылардың теріс ісі жұртқа белгілі болса өз кезегінде келеңсіздіктен
бой тартуы тиіс немесе мектептен кетуі керек қой. Қалай болғанда да
келеңсіздіктің құрбаны болу да, мектептен кету де жас ұрпаққа білім мен
тәрбие дарыту ісінің өрескел түрде сәтсіздікке ұшырауы болып шығады.
Бұған қалай да тойтарыс берілуге тиіс. Алайда, жоғарыда айтылған
келеңсіздіктерге көндіккен, тіпті, «ар-ожданынан айрылды» деген
оқытушыны жәбірлеу, соққыға жығу қолдауға болмайтын теріс әрекет екенін
түсіну қиын емес.
Жаңа өзіңіз айтқан Алматы қаласында мұғалімді соққыға жыққан оқиға
менің жанымды да қатты түршіктіріп отыр. Мұндай келеңсіздіктің жолын
кесу жөнінде біраз әңгімелеп айттым ғой деймін. Тағы да қайталап айтайын.
Кез келген адамды ұрып соғу дегеніміз – жәй кездейсоқ оқиға емес, бұл,
сайып келгенде, қылмыс. Өйткені, қай кезде болсын, қандай заманда өмір
сүрсек те мұғалім – баршамыздың әкеміз сияқты құрмет иесі, бүкіл
халқымыздың қадір-қасиетін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыратын тұлға болып
ұғылады. Оларға біз ең қасиетті міндет пен парызды – ұрпақтарымыздың
болашағын сеніп тапсырамыз. Мұндай адамға қол көтеру – ең қасиетті
дүниемізді қорлауға саяды. Әрине, мұғалімді жәбірлеуді айыптау дәрежесін
айқындайтын мен заң өкілі емеспін. Мұның қандай қылмыс екенін сот
айқындайды ғой. Қалай дегенменде мұндай келеңсіздіктен мұғалімдерді
қорғау мәселесін, оның әдіс-тәсілдерін бүкіл қоғамымыз болып жасауға
атсалысуға тиістіміз деп ойлаймын. Сондықтан, мен өз тарапымнан, министр
ретінде білім беру органдарының төменнен жоғарыға дейінгі барлық
құрылымдарына мұндай оқиғаларға баса мән беріп отыруды тапсырдым. Бұл
істің
жүзеге
асуы
тікелей
өзімнің
қадағалауымда
болмақ.
Біздің бәріміз, Еліміздің барша азаматтары да, қоғамдық ұйымдары да
мемлекеттік басқару органдары да, педагогикалық ұжымдар да, ата-аналар
қауымдастығы да, үкіметтік емес ұйымдар да, бұқаралық ақпарат құралдары
да мұғалімдердің ар-ожданын, атақ-абыройын, беделін, қадір-қасиетін
қорғайтын мықты, мызғымас қорғанға айналуға тиіспіз. Мұның өзі еліміздің
болашағын – жаңа ұрпағымызды қорғап, қолдауға саятыны күмәнсіз екеніне
менің көзім айқын жетеді.
Бұл мәселеде Елбасымыз да бізді қолдап алғы істерімізге,
ізденістерімізге бойлауға нұсқап отырғанын әңгіме басында айтып өттім ғой.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың кемеңгерлік саясатының арқасында біз мұндай
келеңсіздікті түбірімен жойып, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру
жолында жоғары нәтижелерге жете береміз деген сенімдемін. Бұл іске Сіздер
де ат қосып, үлестеріңізді қоса беретіндеріңіз айтпасақ та ұғынықты болса
керек.
–
Бақытжан Тұрсынұлы, Сіз де, мен де ауыл мектебін бітіріп, содан
алған біліммен жоғары оқу орнының қабырғасына келдік. Ауыл
мектебінің тағдырына алаңдамай тұра алмайтынымыз да сондықтан
шығар, бәлкім. Өткен жылы Қостанай облысындағы ауыл мектебінің
жабылуына байланысты «Ана тілі» газеті дабыл қағып, мәселе көтерген
еді «Мұхамеджан Сералин ауылындағы мектеп неге жабылды?» («Ана
тілі», №27, 8-13 шілде, 2011 жыл). Біздің осы жанайқайымызға өзіңіз
басқарып отырған министрлік дереу қолдау білдіріп, мәселеге тікелей
араласып, мектепті жабылудан аман алып қалдыңыздар. Сөз реті
келгенде
осыған
байланысты
сан
мыңдаған
оқырманның
ризашылығын жеткізгім келіп отыр. Мұндай жағдай осымен ғана
шектеліп қалмасы да белгілі. Сондықтан да, әсіресе, ұлт мектептерінің
өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, оның күн тәртібіндегі
проблемаларын кешенді түрде шешуге байланысты ойларыңызды
білсек деп білсек.
–
Ұлт мектептерін сақтап қалуға мемлекетіміз үнемі баса назар аударып
отырады. Өйткені, білім берудегі негізгі соңғы нүкте бұл – ауылдық
мектептер. Ауылдың білім беру жағдайын ойламай, біздің білім саласының
гүлденуі мүмкін емес. Біздің істеген жұмыстарымызды өз басылым
беттеріңізде көрсеткендеріңізге сіздерге де көптен көп рахмет. Атап айтсақ,
бұл салада атқарылған жұмыстар баршылық. Бірақ, алда атқарылатын
жұмыстар одан да көп. Ауылдық мектептерді сақтап қалу үшін Үкімет
қаулысымен бекітілген мемлекеттік нормативтік жүйе бар. Онда ауылдық
жерде мектеп жасына ілінген 5 бала болса бастауыш мектеп, ал елді мекенді
жерлерде 41 баладан астам оқушы болса негізгі мектеп, енді 81 баладан
астам болса ол жерлерде орта мектеп ашу міндеті қойылған. Міне, біз бұл
талапты үнемі қатаң сақтаймыз. Республикамызда бүгінгі таңда 883
бастауыш, 947 негізгі, ал 2391 орта шағын мектептер жұмыс істейді. Негізгі
мектептердің 42,3 пайызында балалар саны 40-тан да төмен, бірақ, біз
жергілікті атқарушы органдардың көмегімен ұлттық ауылдық мектептерді
сақтап отырмыз.
Соңғы жылдардағы дүниежүзілік ғаламдасуға, техникалық жаңалықтар
мен өндірістік кәсіпорындардың өсуіне орай жастардың ауылдан қалаға кету,
тек жастар емес, бұрынғы совхоз және колхоз тұрғындарының өндіріс
орталықтарына жақындаулары, былайша айтқанда жаппай қоныс аударулары
ауылдық жерлерде мектептердің бірінен соң бірінің жабылуларына әкеліп
соқтырды. 2011 жылға дейін 1507 ауыл жабылып, соған орай әр жыл сайын
26 бастауыш, 8 негізгі мектеп жабылып отыратын болса, Министрліктің
жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып жүргізген ауқымды
жұмысының нәтижесінде оны біз соңғы жылда күрт тоқтаттық. Соңғы жылда
бар-жоғы төрт-ақ мектеп жабылды. Бұл, әрине, бізге оңайға соққан жоқ.
Шағын мектеп проблемалары негізінен Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс
Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарына тән. Себебі – бұл жерлерде
қоныс аударушылар көп. Дейтұрғанмен, біз бұл мәселені терең зерттеп,
былтыр енгізілген «Білім туралы Заңда» шағын мектеп туралы әдейі
қарастырдық. Мемлекеттік бағдарлама бойынша 2020 жылға дейін 160
ресурстық орталық ашу көзделген. Оның шет-жағасын жаңа жоғарда айтып
кеттім.
Міне, осы ресурстық орталықтарға байланысты халық неғұрлым көбірек
орналасқан елді мекендерде тірек мектептерін ашу, оған сол маңдағы
оқушылары өте аз мектептерді тарту және оқушының сапалы білімге қол
жетімділігін қамтамасыз ету мақсаты қойылған. Биылғы оқу жылында
осындай 26 тірек мектебі іске қосылды, оларға 76 шағын мектеп бекітіліп
берілді.
Ресурс орталығы, яғни тірек мектебі дегеніміз ол былай. Балалары аз өте
шағын елді мекендердегі сынып оқушыларының білімін жетілдіру
мақсатында неғұрлым жақсы материалдық базасы бар, орталық мектептерге
тарта отырып, сапалы білім алуларына жағдай туғызу. Орталық тірек
мектептерінің жанында жатақхана, тамақтандыру орындары қарастырылған
және оқушыларды тасымалдау мәселесі шешілген. Соның арқасында
шалғайда тұратын оқушылар мен орталық мектептерде білім алушылардың
арасындағы алшақтық жойылады. Білім беру деңгейі теңестіріледі.
Осы ресурстық орталықтарды нығайту жолында Министірлік бар
мүмкіндіктерді пайдалануда. Семинар-кеңестер өткізіліп, бұрынғы үгіт
бригадасы сияқты ауылдық жерлерге шығып, шағын бастауыш мектептердің
жай-күйін білу, оларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында
республикадағы білікті мектеп мұғалімдерінен құралған топтар жіберілуде.
Бұл тәжірибеден де алған алғашқы қортындымыз жаман емес. Ауыл
тұрғындары бұл бастаманы ерекше қуанышпен қарсы алып отыр. Өйткені,
қай ата-ана баласының сапалы білім алғанына қуанбайды.
–
Кезінде ұлы Абайдың «Интернатта оқып жүр, талай қазақ баласы»
деп жыр-жолдарының өзегі болған интернаттардың мәселесі – қазір ел
өміріндегі өзекті тақырыптардың бірі. Әңгіме мәнісі интернаттарды
қаржыландыру көзіне келіп тіреледі. Соның салдарынан әлеуметтік
жағынан қолдауға зәру жанұялардың балаларын интернаттарға
орналастырып, олардың толыққанды тәлім-тәрбие, білім алуына
жағдай жасау күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сол
интернаттардан болашақ Сәтбаевтардың, Жәутіковтердің көрінуі де
ғажап емес қой.
–
Интернат мәселесі туралы жаңағы жоғарыдағы сұрағыңызда біраз
жауап беріп кеттім ғой деймін. Бұрын интернат шалғай жерлерге орналасқан
малшылардың, пішенші механизаторлардың балаларын оқытуға арналған
болса, бүгінде колхоз, совхоз дегендердің болмауынан, бұл проблема да күн
тәртібінен бірте-бірте түсіп келеді. Егерде ресурстық орталықтар нығаятын
болса, интернатта жатып оқу проблемасы да бірте-бірте өзінен-өзі шетке
ығыстырылады ғой деп ойлаймын. Интернатты қаржыландыру және
әлеуметтік жағынан қолдауға зәру отбасылар балаларының интернатқа
орналастырылу мәселелеріне келсек, бұл жергілікті атқарушы органдардың
құзыретіндегі шаруалар. Себебі – министрліктің тікелей жауап беретін да-
рынды балаларға арналған мамандандырылған 7 мектеп-интернаты бар. Олар
туралы жоғарыда айтып өттім. Ал, республикамыздағы қалған 758 интер-
натқа жергілікті әкімдіктер жауап береді. Шалғайдағы ауыл тұрғындарының
жағдайын жасап, әлеуметтік жағынын қолдау көрсету де жергілікті
әкімшіліктер мойнында. Құдайға шүкір, күннен күнге жағдай жақсарып
келеді. Экономикамыз осы қалпымен өрге баса берсе, интернаттардың да
материалдық-техникалық базалары жаман болмайды деп ойлаймын.
Сондықтан да, болашақ Сәтбаевтардың, Жәутіковтердің ізбасарларын
ауылдардан
күте беріңіз.
–
Бүкпесіз ашық әңгімеңізге рахмет!
2012
Достарыңызбен бөлісу: |