Ерлердің ісі бітер ме? ҚОс арнаның тоғысы



жүктеу 5.01 Kb.

бет2/13
Дата22.12.2016
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                    
ПИҒЫЛ 
 
            
ҚУЫРШАҚ ЗИЯЛЫ ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ? 
 
Осыдан  біраз  бұрын  мынадай  бір  жағдай  болды.  Зиялы  дейтін 
ағаларымыздың  бірінен  редакцияға  мақала  келіп  түсті.  Көктей  шолып 
қарап шықтық. Құйрық-жалы күлтеленіп, төгіліп-ақ тұр. Бірақ... Иә, бізді де 
діңкелеткені осы «бірағы» еді мақаланың. Кешегі мен бүгінгіні салғастыра, 
салыстыра,  жоқ-жітіктің  бәрін  түгендеп  келеді де, авторымыз осыдан бес-
алты  жыл  бұрынғы  мәселелерді  қайта  қопарып,  тоқырау  деп  тағандалған, 
айдар  таққан  жылдарымызды  ит  терісін  басына  қаптайды.  Қоюлатып  кеп-
кеп,  қара  аспанды  жауға  алдырып,  өзгенің  де  өзінің  басында  болған 
қиыншылықтың  түймедейін  түйедсй  етіп  сол  жылдарға  үйіп-төгеді. 
Мақаланы оқып отырып сол жылдар зардабын тартқан тек осы кісі ме деп те 
қаласың.  Авторымыздың  жағдайын  білмейтін  жан:  «Е...  е,  қайтсін-ай, 
сөз еркіндігі берілгесін айтып жатқаны да» дер еді мүсіркеп... 
Ал  біздер,  мына  кешегі  күннің  жақсылығы  мен  жамандығын,  ақ  пен 
қарасын  айырып  қалғандар,  мақала  авторына  өйтіп  аяушылық  білдіре 
алмадық.  Себебі  әлгі  ағамыз  өзі  күстаналап  отырған  уақыт  «ұландарының 
бірі  еді».  Қызметтен  қызмет  ауыстырып,  машинадан  машина  ауыстырып 
шен-шекпен  мен  даңқ-дабыраның  рахатына  кенелген  де  солар  болатын. 
Жылы  жұмсақ  пен  сүйектің  майлы  басы  да  соның,  сол  тұлғалас 
ағайындардың  аузында  болды.  «Заманы  түлкі  болса,  тазы  боп  шалып» 
жүрген  бұлар  енді кешегі  өзі  көрген  дәуреннің  бәрін  әп-сәтте  мансұқ  етіп, 
«онан салса, мұнан шыға сайрайды». Құдды бір Чеховтың хамелеонынша 
қырық құбылады. 
Беделді  мінберлердеп  дес  бермей  сөйлейді.  Қойшы,  әйтеуір,  шама-
шарқы жеткенше кешегі өзі қызығын көріп, дәуренін салған күндерге қара 
күйені  баттитуға  шебер-ақ.  Өзінше  саясатшыл,  әңгіменің  ақ  пен  қарасын 
қапысыз ажырататын кісідей көсемсиді кеп. Таңдайы тақылдап, ерні-ерніне 
жұқпайды.  Осындай  да  ел  басына  күн  туған  шақта  жақсы  мен 
жайсаңдардың,  жүйріктер  сенділердің,  шаш  ал  десе  бас  алғандардың 
құбыжық  беймен  жампоздардың  жаналғышындай  болған  әсіре  белнесі 
көзалдыңа  елестейді  екен...  Бір  тостаған  айранға  ары  мен  иманын  сатып, 
ожданын  айырбастап  кете  беретіндер  осындайлардан  шығады  екен-ау 
деген ой келеді сондайда. 
Біз  иманды  қоғам  туралы,  һәм  ізгілікті  қасиеттер  туралы  жақ  талмай 
әңгіме қып жатамыз. Сондай «әулиелі» сөз айтып мына қалың елді ұйытып, 
қатпарда  қатпар  қағаз  толтырып  «қайраткер»  саналып  жүрген 
азаматтарымыздың  өзі  әлгіндей  жиіркенішке  бой  алдырып  жатса,  онда 
Имандылық туралы әңгіменің өзі де бос әурешілік болып шығады. Ақиқаты 
сол,  әні.  Қазекем  бір  айтса  деп  айтқан  ғой:  мұндайларға  ниеті  түзу  емес, 
пиғылы бұзық деп ат тағып берген. Я болмаса «Молданың айтқанын істе, 
істегенін істеме» деп тайға таңба басқандай сөз қалдырған. 

Мына  зымыран  ғұмырымыздың  заңдылығы  шығар:  бір  нәрсеге  бір 
нәрсе  себепкер.  Пиғыл  пердесі  көмескі  тартқан  пәтуасыз  жан  қашан  да 
өзінше  кісілікті  ұстанған  болады.  Сөйтіп  ол  кісілік  пен  кісімсушілікті 
шатастырады.  Ал  кісімсушіліктің  астарынан  сіреспе  бишігештік, 
шенеуніктік  парықсыз  байқалады.  Сосын  сырты  бүтін,  іші  түтін  жан 
дүниесі  әлем  тапырық  бүгінгі  күннің  қуыршақ  зиялыларының  моделі 
өзінен-өзі сопаң етіп шыға келеді. 
Кісімсушілік  пен  жымысқылық  қойындас,  көрпелес.  Ұр  да  жық 
оспадар  қимыл  көрсетіп  айыпталып  жатқандардың  қоғамға  әкелген 
залалынан  гөрі  міне,  дәл  осындай  жымысқылық  дерттің  заһары  жүз  есе, 
пәленбай есе қатерлі де қауіпті. Үлкендеріміздің үлкендік жолдан жа-ңылып 
кесектік  таныта  алмай  жататыны,  пендешілік  пен  күйкі  тіршіліктің  қамын 
күйттеп  жүретіні  осындайдан  шығады.  Жастарымыздың  ауырдың  үстімен, 
жеңілдің астымен сыдыра желуге бейімділігі осыдан шығады. «Дайын асқа 
– 
тік  қасық»  осындайдан  шығады.  Жаныңды  ауыртады,  жүрегіңді 
сыздатады. 
Әр  нәрсеге  уақыт  сыншы.  Ол,  әрине,  дұрыс.  Кейде  бірақ  өзіміздің 
бойымыздағы кемшін мінімізді, білместігіміз бен пәтуасыздығымызды сол 
Уақыт  шіркіннің  мойнына  итере  салатын  ғадетіміз  бар.  Адалдықтың 
бәйгесіне  атыңды  қос  дегенге  үндейтін  текті  қасиетімізді  сақтап  қалу, 
соның рухын сөндіріп, отын өшіріп алмау дәл бүгінгідей өлара шақта аса 
мәнді. 
Іргелі  бір  заводта  жұмыс  істейтін  бауырым  кешкісіи  жұмыстан ренжіп 
қайтты. «Не деген қасиетсіз еді?» деді күйініп. 
– 
Оу, не боп қалды? 
– 
Қанатты айтамын да. Мен оны мұндай деп ойламаушы едім. 
Бақсақ,  әңгіме  былай  екен.  Осыдан  бірер  жыл  бұрын  бұлардың 
бастығы  ауысып,  кәсіпорынға  жаңа  кісі  келеді.  Осының  күткендей, 
Қанатымыз  алғашқы  күні  жиналыста-ақ  бұрынғы  бастығын  сыртынан 
жерден  алып  жерге  салады.  Мұны  естіп  отырған  жұрт  жағасын  ұстаған: 
«Апырай, өзге айтса бір сәрі, Тәкеңнің Қанатқа жақсылықтан басқа ештеңе 
жасаған  жоқ  еді  ғой»  деген.  Біреулер:  «Дұрыс  та  шығар,  күні  үшін  не 
істемейді,  үй  алу  керек,  қызметі  өсуі  керек»  деп  долбарлаған.  Ол  оқиға 
солай аяқталған. Зымырап жылдар, күндер өтіп жатты. Қанат қоярда қоймай 
жүріп зәңгірлеген төрт бөлмелі үйін де алды, қызметін де өсірді. Жақында 
әлгі бастық аусатын болып Қанат мұны ебін тауып біреулер арқылы біліп 
алғанға  ұқсайды.  Сөйтіп  ол  өзгенің  көз  алдында  батыр  көрінгісі,  әділдік 
іздеген ақ жүрек көрінгісі кеп қитықтан ситық тауып, топ құрып бастықтың 
орнын қазуға кіріседі... Көп ұзамай ол байқұс қызметтен кетіп, жаңа кісі 
бастық  болып  келгенде  ләппай  құлдық  ұрып  әлгінің  алдына  құрдай 
жорғалағанын  көрсең  Қанатымыздың.  Жиналыс  сайын  ол  бұрынғы 
бастықтың ішін кептіреді. Коллективтегі екі адамның арасына өрт қойып, 
піш-піш  өсек  тасып  шені  үлкенге  жағынып,  күн  көрген  жантықтың  енді 
мына бастықтың да торына түседі-ау деп мұңаяды бауыры. 

Бұл  –  бір  мысал.  Өзінің  нәуетектігін,  дәрменсіздігін  бүркемелеудің 
классикалық  үлгілерінің  үлгісі  бұл.  Өкінішке  орай,  осындай  пиғыл  қайта 
құру  жылдарының  індеті  қулық  пен  сұмдықтың  бетін  бүркемелеген 
белгісі  болып  отыр.  Ар  тазалығы  –  имандылық  белгісі.  Осы  орайда 
алдаспан  аңын  Әріп  Тәңірбергеновтың  мына  бір  шумақтары  еріксіз  ойға 
оралады екен. Ойға алмауға шараң да жоқ. 
Сұйық па, иман қандай я кесек пе,  
Не түрлі: мал ма, пұл ма, жанға есеп пе?  
Иман деп не нәрсені айтпақ керек,  
Жеуге тамақ, мінерге ат па, есек пе? 
 
Ей, ғапыл, иман демек, шынға нанбақ,  
Шындықты нысап тұтып көңілге алмақ.  
Жүректі адалдыққа анық байлап,  
Тартынып арамдықтан таза қалмақ. 
 
Ак, сүйіп, адалдықты анық білмек,  
Тілмен айтып көңілмен тұтып жүрмек. 
Арамдықты шығарған жүрегіңнен,  
Жолына адалдықтың басты бермек. 
 
Бас бермек адалдыққа мойын бұрмай,  
Серуендеп өсек тасып сейіл құрмай,  
Дәмді босқа өткізбей ғапыл атпен  
Әділдік тапқаи жақсы қарсы тұрмай. 
 
Осындай шын ниетпен қылсаң пікір.  
Жүрекке түтпақ керек шындық пікір.  
Жолынан әділдіктің айнымасаң,  
Иман деп соны айтады сансыз шүкір. 
 
Жылмитып  шаш  тарап,  шоқпардай  ғып  галстук  таққандардың  бәрі 
зиялы  емес.  Ана  бір  жылдары  республикалық  «Білім  және  еңбек» 
журналында  жауапты  хатшы  болып  қызмет  ету  нәсібі  бұйырған. 
Коллективтегі  екі  басшының  бірісің.  Демек,  журнал  бетінде  авторлардың 
көрінуіне,  қаламақы  саясатына  әжептәуір  ықпалың  бар  деген  сөз.  Неге 
екенін  қайдам,  сол  бір  жылдары  бұрын  ернін  жыбырлатып  сәлемдесуге 
ерінетін,  өзін  сырттай  жақсырақ  білетін  ағайындардың  бірі  редакцияға 
тым  үйірсек болып алды. Күнде таңертең бір соғып кетіп, амандасады. Үй 
жағдайыңды, от басымды сұрағыштап, бәйек  болып  жатқаны.  Мұндай  да 
ақ жүрек адам болады екен-ау деп ойлайтынмын да қоятынмын. Шіркін-ай, 
азаматтардың  бәрі  осы  кісідей  бір-біріне  мейірімді  болсашы  деп 
елжірейтінмін. Содан күндердің күнінде қызмет ауысып, газеттердің біріне 
қатардағы  бөлім  меңгерушілігіне  орналастым.  Жәйімен  жұмыс  жүріп 
жатқан.  Бірде  әлгі  танысымды  көшеден  кездестіріп  қалмасым  бар  ма? 

Бұрынғы  райы  жоқ,  жүгіріп  келіп  амандасу  да  жоқ.  Сазарған қалпы – мені 
көрмегендей  кейіп  танытады.  Байқамаған  да  болар  деп  мен  құрақ  ұшып 
жатырмын.  Жоқ,  танысым  сол  қалпынан  міз  бақпады.  Кейін  білдім  ол 
менің қолымда билігі жоқ қызметке ауысқанымнан хабардар  болған  екен. 
Сол  сәт  санама  лауазым  иесіне  құлдық  ұрған  бейшара  пендешілігіміздің 
шын  болмысы  ойымызға  орала  кеткен.  «Ақылының  жеткен  жері  осы 
шығар... қайтеміз...» дегенмін де қойғанмын. 
Осыдан біраз бұрын сол баяғы танысым салып ұрып мені іздеп келіпті. 
Құрақ ұшып жатыр. Баяғы «Білім және еңбектегі» қылықтары еріксіз ойға 
орала  берген.  Арнайы  сәлем  беруге  ат  басын  бұрдым  дейді  шімірікпестен 
жазған. Керең болмағыр құлағымыз естіді соны. Ал естіген құлақта жазық 
бар ма? Жиіркеніп кеттім... 
Міне, пиғыл пердесінің бірер мысалы осындай. Бізді көгертпейтін де, 
көктетпейтін де осы дерт-ау, асылы. Құлдық психологияның бел алған бұл 
пұшпақтары жәйімен індетіп бой алып барады. 
 
ИӘ, ІНДЕТ ЕМЕЙ НЕМЕНЕ? 
Бар  өкініштісі,  сол  пепдешілік  пиғылдағы  осынау  пәтуасыз  перде 
жекелеген адамдардың ойлау жүйесіне ғана тән болып қана қоймай, енді 
қоғамдық,  дертке  ұласқан  сыңайы  бар.  «Менің  арбам  жүре  тұрсын,  сенің 
арбаң тұра тұрсынның» кейпі, екі күннің бірінде көрініп қалып жатады. Тағы 
бір мысал. 
Республикада жаңадан парламенттік газет құрылып,  ол «Халық кеңесі» 
деп  аталды.  Жаңаның  аты  қашанда  жаңа.  Қоныс-жай  табу  керек,  оны 
шығаратын кадр іздеу керек деген сияқты таусылмас қам-қарекеттің соңынан 
түсіп жүре бергенбіз. Бірақ көкіректе қонақтаған сәулелі үміт бар, ертеңгн 
деген  нық  сенім  бар.  Жаңадан  газет  құру,  оның  іргетасын  қалау  қолына 
қалам  ұстаған  екінің  бірінің  маңдайына  жазбаған  бақ  қой  шіркін.  Біздің 
айдарымыздан жел есірген де осы ақдариға көңіл еді. Сөйтіп, бас-аяғы жоқ 
бірер  айдың  ішінде  екі-үш  жерге  қоныс  аудардық.  Соңғы  тұяқ  тіреген 
жеріміз  қалалық  партия  комитетінің  бұрынғы  үйі  болды.  Ойымызда 
ештеңе  жоқ,  зиялы  адамдар  ел  тағдырын  ойлайтын  азаматтар  отырған 
жер  ғой  деп  ұядай  бөлмелерге  орнығып  қалармыз  деп  қуанып  та 
қалғанбыз.  Онымыз  бекер  екен.  Мына  қырсықты  қараңыз.  Бір  қарағанда, 
сырттай  сүйсіндіретін  сәулетті  үйдің  іші  ел  көшкен  жұрттай  болып 
шықты.  Бұл  жерді  «мекендеушілер»  көшіп  бара  жатып  қолына  іліккенін 
үзген,  жұлған,  тіпті,  болмаған  жағдайда  қиратып  кеткен.  Біздің  ел 
тағдырын қолына ұстаған партаппараттың, қолына шексіз билік иемденген 
жекелеген бишігештеріміздің пендешілік пиғылының сиқы, міне, осындай 
болып шықты... 
Біз  кейде  партияны  даттайсыңдар,  енді  оны  күсталамаңдар  деп 
ақыллгөйсіп жатамыз. Оны қорғаштаймыз кеп. Ал бірақ ақиқатына келсек, 
партия  атына  кір  келтіріп  жүргендер  де  әлгіндей  бишігештер, 
партаппараттық  тоғышарлық  пиғыл  екен  ғой.  Осындай  пендешілікті, 
жекелеген  «қызметкерлердің»  «менен  соң  қара  су  теріс  ақса  да  мейлі» 

дейтін  пиғылын  көріп,  біле  тұра  былайғы  жұртқа  олар  туралы  әбес  пікір 
айтпа деудің өзі қиын шаруа-ау, сірә!...  
Жариялылық деп жар салғанымызға алтыншы жылға айналып барады. 
Алтыншы  жыл  аз  уақыт  емес.  Баланың  ес  білетін,  естінің  есейетін  шағы. 
Есейгеннің  еңсе  көтеріп,  ел  мұратын  ойлауға  мұрсат  алатын  уақыты. 
Ойлап қарасаңыз, осы алты жылдан аз сыбаға алғанымыз жоқ. Кемшілігі 
де шаш етектен. 
Жариялылық  көп  нәрсені  жалғанның  жарығына  шығаруға,  жылдар 
бойы тұмшалап келген пікірді ашып айтуға қол жеткізді. Ол дұрыс, әрине. 
Өктемдік пен әміршілдікті  айыптау  керек.  Ардың  сотына,  заңның  сотына 
салу  керек.  Еңсемізді  езіп  талабымызды  торғайдай  тоздырған  алапат 
қайталанбасын. Ақиқатты айту, пікіріңді діттеген жеріне жеткізу сол үшін 
қажет. Ал бірақ ақиқатты айтамыз деп өткеннің бәрін түкке алғысыз етпей 
оған  бүгінгі  азаматтың  ар-иман  тұрғысынан  қарау  қажет.  Бүйтпесеңіз 
күпірлік болады. Адам мінез құлқындағы осынау бір қасиет ғалымдарымыз 
тарапынан  зерттеліп,  тиянақты  шаруа  тындырылды  деп  айта  алмас  едік. 
Өзге озық елдерде бұл мәселеде ереулі істің басы қайырылып отыр. Өйткені 
біз  айтып  отырған  әңгіменің  бәрі  ұлттық  педагогика,  этика  мәселелеріне 
барып  маңдай  тірейтіні  ақиқат.  Өкінішке  орай,  солардың  бәрінің  басын 
тоғыстырып  «Тәрбие»  деген  үғымның  өзін  жадағай  түсініп,  жалпы  білім 
беру  аясымен  тұйықтадық.  Кейде  сөз  реті  келгенде  өзге  елдерді  мысалға 
алып  содан  тағылым  таратып  жатамыз.  Салыстырмалы  түрде  о  да  керек 
шығар, әрине. Ал бірақ сәл-пәл зерделеп, өзіміздің ұлттық ой-сана кеншіне 
тереңірек  көз  жіберсеңіз  Дала  пәлсафасындағы,  психологиядағы  Тектілік 
қасиеттің небір тамаша таңдай қақтырар үлгісін байқар едіңіз. Міне, соның 
бәрі мына қайысқан қалың елге дарытар ұлттың өз асылын өзіне қайтарып 
берер кім? Гәптің мәні де осында. Бұл исі қазақпын деген әрбір отағасының, 
ошақ  анасының  пер-зент  шыр  етіп  дүниеге  келген  сәттен  мықтап  қолға 
алатын  қабырғалы  шаруасы.  Онан  балабақша,  мектеп,  жоғары  оқу  орны 
секілді  адам  тәрбиесінің  кезең-кезеңдерінде  өзіндік  белгі  қалдыратын 
мекемелердің  бәрінде  де  бүкіл  үрдіс  осы  бағытта  өрбісе.  Математика, 
техника,  жаратылыстануды  білген  дұрыс.  Ал  бірақ  Адамдық,  Азаматтық 
қасиеттерді  қалыптастырып  бойға  дарыту  күн  тәртібінен  түспеуге  керек. 
Әні,  Иманды  қоғам  дегеніміздің  негізі  сонда  қаланады.  Ізгілікті  ғұмыр 
сонда салтанат құрады. 
     
Біреулер  айтары  хақ:  бұл  шаруамен  осы  халық  университеттерді 
шұғылданып  жатыр  емес  пе  деп.  Дұрыс  қой.  Бірақ  ақиқатын  айту  керек 
ондағы  сабақтар  құрғақ  ділмарсуға  сары  тап  лекцияларға  толы. 
Сондықтан  да  олар  ешкімнің  көңілін  көншітіп  отырған  жоқ.  Осынау 
толғаулы  мәселелерге  бір  қолдың  баласындай  болып  ғылым-білім 
ордаларының  басында  отырғандар  жергілікті  қызметте  төрелік  жасап 
жургендер  ел  игілігіне  еңбек  етсем  деп  білек  сыбанған  азаматтар  біріге 
қимылдағанда ғана өз жемісін береді. 
Пиғыл. Тағы да қайталап айтамыз, бұл айтуға ғана оңай болғанымен 
әлеуметтік ойдың белін қайыстырардай ұғым. Күнделікті күйбеңмен жүріп 

ағымға  бой  алдырамыз  деп  ғасырлар  бойы  тірнектеп  жинағап  халықтық 
қасиеттің  інжу-маржандарынан  айырылып  қалу  оп-оңай.  Өйт-сек  келер 
ұрпақ  алдында  кешірілмес күнәға  батқанымыз. Өйтуге болмайды. Пиғыл 
төңірегінде ой толғасақ деген пікірлердің бір парасы, міне, осы еді. 
1992  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ЖАЛТАҚТАМА, ЖҰРТЫМ! 
 
Ай, заман-ай, заман-ай,  
Түсті мынау тұман-ай.  
Ісңіт бәрі күмән-ай, 
 
Баспақ тана жиылып,  
Фана болған заман-ай.  
Құл-құтандар жиылып,  
Құда болған заман-ай, 
 
Арғымағын жоғалтып,  
Тай жүгірткен заман-ай,  
Арғымақтың жалы жоқ — 
 
Жабылар жалыменен теңелер.  
Жақсылардың малы жоқ —  
Жамандар малыменен теңелер.  
Арғымақ, жалсыз, ер малсые.  
Алланың аманат қойған жаны  
Қай күні алары болжамсыз. 
Көңіліне күдік ұялап, қамығып, бұ фәнидің ендігі беталысы не болады 
деген  сауалдың  қыл  бұрауы  қинағанда  осылай  толғанған  екен,  –  дейді 
кеудесі күміс сандық Бұқар жырау. Жақсы менен жаманды, жайсаң менен 
жампозды  жазбай  танып,  жіліктей  білген,  ғазалдары  өз  ғасырының 
ғибраты  боп  өрілген        от  ауызды,  ораң  тілді  біртуар  Бұқар  осылайша 
төгілдірген  екен  дейді.  Иә,  айтса  айтқандай,  төгіліп-ақ,  тұр.  Маржандай 
тізіп  қойғандай.  Жақсы  жыр,  сорғалап  тұр.  Мына  дүниеден  баз  кешіп, 
тақуалыққа  табан  тіресем  бе  деп  қорыққан,  қамыққан  пенденің  тіпті  ол 
емес-ау,  былайғы  жұрттың  да  жүрегін  жұлмалап,  парша-парша  етер 
жыр.  Әсірелеу  емес,  ақиқаты  сол.  Жан  дүниең  астаң-кестең  боп, 
алмағайып  сезіммен  шырмап,  матап  тастағандай  күйге  түсесің.  Жүйке-
жүйең  шымырлап,  бүкіл  болмыс  бітімің  әлдебір  жұмбақ  әлеммен 
қауышқандай боласың. 
Неге  бұлай?  Бұқар  жырының  дәл  қазіргі  кезде  оқырманын  осынша 
таусыла  сөйлеуіне  не  түрткі  болды  екен?  Оның  бұл  жыры  бұрыннан  да 
белгілі емес пе еді. 
Қоғамдық болмыс қоғамдық сананы билейтіні белгілі болса, онда Бұқар 
жырының  дәл  қазіргі  кезеңде  айрықша  әсері,  ықпал-екпіні  күшті 
болатыны  даусыз.  Нарықты  экономика  делінген  аждаһа  алқымдап,  өкпені 
қысып  бара  жатқанда  ел  тағдырының  ертеңі  ойландырып  отырғанда  кім 
кімді де бұл өлең сарыны өз иірімдеріне жетелемей қоймас, сірә. 
Ал  бірақ  өз  дәуірінің  перзенті,  ірі  суреткері  Бұқар  жырау  осылай 
деген екен, енді біз қайттік деп көрінгенге алақан жайып,  шарасыздыққа 
бой  алдыруымызға  бола  ма?  Басқа  түскенді  көреміз  дағы  деп  есінеп 
отыра  берсек, отыра береріміз хақ. «Оу,  тұрсаңшы, үлесіңнен қалып  бара 
жатырсың  ғой»  деп  жанашырлық  танытар  жан  табылса  жақсы,  ал 
табылмаса ше?.. 

Демократия  мен  жариялылың  қоғамдық  өмірге,  дау  жоқ,  елеулі 
өзгерістер  әкелді.  Жақсы  құлшыныстар  пайда  болды.  Өлгеніміз 
тірілгендей,  жоғалғанымыз  табылғандай  күй  кешіп  жатырмыз.  Ұрпағы 
халқымыздың  небір  ақберен  арыстарымен  қайта  қауышты.  Жылдар  бойы 
құпия  саналып,  ел  назарынан  бүркемеленіп  келген  оқиғалар  жалғанның 
жарығына  шықты.  Тыныс  ұлғайды.  Бұл,  әрине,  жақсы.  Уақыт  шіркін 
осынау  үрдістермен  қоса  қара  нардың  белін  қайыстырардай  қиындық 
әкелді.  Өмір  сүру  оңай  емес  екен.  «Заманың  түлкі  болса  тазы  боп  шал» 
дейтін кез келді, міне, Өйтпесең, қиын болады. «Сен - маған, мен - саған» 
дегеніңіз есік қақты. Енді есіркеп, мүсіркейтін шақ өткен, кеткен. Сондықтан 
қазекемнің бұрынғы сал бөкселіктен арылып, енді шаруаға бейімделетін кезі 
келді. Соның бірі де болса бірегейі — Сауда. 
Бұрын      ғой      саудаға,      саудагершілікке      миығымыздан  күліп, 
мысқылдай  қарайтынбыз.  «Күнін  көре  алмай  жүргендердің  кәсібі  ғой» 
дейтінбіз.  Солардың  бәрін  алыпсатардай  көретінбіз.  Бұл  саладағы 
таттымымыздың  тайыздығы  не  ойға  жетелемеген,  шіркін.  Қазір  зерделеп 
қарасақ,  мәдениетті  сауда  мен  алыпсатарлықтың  екеуі  екі  басқа  әлем 
екен.  Біздің  айтпағымыз  халықтың  апшысын  қуырған  заманда  қазақ  та 
өзгелердей  сауда  жасауға  үйренсіз.  Оны,  әрине,  дүниенің  кілті  демейміз. 
Дегенмен,  көйлектің  көк,  тамақтың  тоқ  болуы  үшін  де  мәдениетті  сауда 
жасауды, алыс-беріс саудасын қолға алған абзал. 
Қазір жекешелендіру деген жүріп жатыр. Біздің байқауымызша, осыган 
қазақ  жұртының  белсенділігі  аз  секілді.  Негізінен,  өзгелер  өңмеңдей  білек 
сыбанып кірісіп кеткен сыңайда. Мұның қилы себебі бар-ау тәрізді. Жетпіс 
жылдай уақыт бойына өзіне жыр бітпеген қазекемнің айналдырған екі-үш 
жылда не жиып қарық бола қойды дейсіз? Ағайындық-туыстықтың керегі, 
міне,  осындайда.  Елдес  азаматтар  пыш-пыштап  бірін  бірі  түрткілегенше, 
осындайда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып ауызбірлік танытуы 
керек-ақ.  Сөйтіп,  ағайындасып,  қаржы  қосып  бірігіп,  анау  өзгелер  сатып 
алып  жатқан  мүлікті,  дүкен  дейсің  бе,  шағын  кәсіпорын  дейсің  бе, 
соларды  меншікке  иеленудің  қарекетін  жасау  қажет.  Жалғыз  тауып,  жеке 
даралай  ештеңе  бітіре  алмайсың.  Оған  жылдар  бойы  қор  жинаған 
зәуқайырда біреу болмаса, өзгелердің жұрттың басым көпшілігінің шамасы 
келмес-ақ.  Туыстасып,  ағайындасып,  қоғамдасып  саудаға  кірісіңіз  деп 
отырғанымыз,  міне,  сондықтан.  Әлдеқалай  қой  үстіне  бозторғай 
жұмыртқалайтын  заман  туып  қала  ма  деп  өмексудің  енді  реті  жоқ. 
Тарихтың  тегерішін  қанша  күштегеніңізбен  кері  айналдыра  алмайсыз. 
Жалтақтама,  жұртым,  аттың  басын  жібер  деген  арманды  сөз  осындайда 
көкейге тіреледі. 
Биыл жаз Торғайда өткен Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов 
тойларында  болғанымызда  бір  нәрсеге  айрықша  ықылас  ауған  еді.  Тойға 
тыңғылықты  әзірленген  шаруашылық  өкілдері  өздерінің  адамдары  не 
жасағанын, бабаларының тойына қандай жасаумен келгенін көрсетіп жүр. 
Сонда  біздің  байқағанымыз,  халық  жергілікті  кәсіпшілікті  дамытуға  аса 
бейіл  болып  отыр  екен.  Ел  ісмерлерінің  қолынан  шыққан  ат  әбзелдері, 

ертұман,  басқа  да  күнделікті  тұрмыста  қолдалылатын  заттар  нағыз 
шеберлердің  қолынан  шыққандығы  білініп  тұр.  Сол    күндері  шиелілік 
Тұрсын  Мұқышевтің,    албарбөгеттік  Жағалбайлы  Қабдырашевтің  осы 
сөздері айналысып отырған істің көкжиегі кеңейсе деп тілек қылғаны есте. 
Бұдан  мынадай  ой  туады:  қазір  күнделікті  сұранымдағы  заттардың  қат 
заманында жергілікті кәсіпшілікті мықтап дамыту керек. Ел ішінде темірден 
түйін  түйген,  он  саусағынан  өнер  тамған  азаматтар  көп  қой,  шіркін. 
Солардың  мектебін  қалыптастырып, өнегелерін өзгелердің бойына  дарытса. 
Сөйтіп, халықтың өз тумасы өзінің игілігіне асып жатса, кәне.     , 
Қазір  атакәсіптің  күні  қайта  туған  шақ.  Міне,  осыны  мықтап  қаперге 
түйген абзал. Ендігі жерде бәрін де үкімет әкеп береді, жасап береді деген 
пиғылдан  арылу  қажет.  Жан-жағына  түртіне  қарап,  мені  біреу  жоғары 
жаққа  қарай  түртіп  жібермес  пе  екен  деген  күдікшілдіктен  арыл. 
Жалтақтама, 
жасқанба! 
Қазір 
жұрттың 
елеулі 
бір 
тобында 
сарыуайымшылдық,  енді  не  істейміз  деген  дағдарушылық  басым.  Бұл 
төбеміздегі бөркіміздей шындық. «Анау жоқ, мынау жоқ, енді қайт дейсің» 
деп  жетім  қозыдай  зарлаушылар  да  табылып  жатыр.  Құр  зарлаудан  пе 
шығады? Бірдеңе шығатын болса, әлдеқашан-ақ шығар еді, аспаннан шұға 
жауар  еді.  Митингілеуден  де  кенде  емеспіз.  Одан  да  мына  қылышын 
сүйретіп  алдыңа  қыс  кеп  қалды,  содан  қалай  шығамыз,  соны  ойла.  Нақты 
әрекет қыл. Қолымда шөп жоқ деп малыңды сатып, алқаракөк тып-типыл 
болып қалма.  Бала-шағаң қысылсырады дегенше, шетінеу де басталды дей 
бер. Тарих шіркін қашан да тарих қой. 32-ші жыл қайтып айналып келмеске 
кетті  деген  пікірден  ада  бол.  Осыдан  жетпіс  жыл  бұрын  Шәкәрім  былай 
деп жазған: 
«Мақтан үшін мал жима, 
Жан үшін жи, 
Қазаққа көз сүзбестің қамы үшін жи. 
Арың сатпа, терің сат, адалды ізде, 
Ғибадат пен адалдық ар үшін жи. 
 
Ерінбесең, еңбекке дәулет дайын,  
Жаратқан жоқ жатсын деп бір құдайың.  
Ойласын деп ой береді, көруге көз,  
Аяқ берді, тайсын деп басқан   сайын. 
 
Үйде отырып салғанмен сарыуайым,  
Тілегенің тұра ма саған дайын.  
Жүріп-тұрып, ойланып істен парақ,  
Харекеттің білесің сонда жайын. 
 
Жатып ішкен жан-тыныш, салғырт-салақ,  
Оған арам – харекет, ой ойламақ,  
Іздемеген кісіге қайдан келсін  
Таза киім, жылы орын, тәтті тамақ. 

 
Егін сал, не сауда қыл, малыңды бақ,  
Білім білмек – әр іске шебор болмақ 
Қол өнерден пайда қыл үйретіп-ақ,  
Кетпес дәулет осы ғой әмбеге хақ. 
 
Әрі ермек, әрі пайда, әрі дұрыс,  
Демейді қол өнерді ешкім бұрыс  
Көрінгенге көз сатып жалынғанша, 
 
Күндік өмір қалса да соған тырыс, 
 
Ғибратты  ғазал.  Бәрі  ақиқат  шындық.  Ақын  көрегендігі,  кемеңгерлігі 
деген  осы  болар,  бәлкім,  Шәкәрім  заманының  болмысы  дөңгеленіп  алдыңда 
тұра қалғандай. 
Жаңа  дәуір  өз  ұсынысын,  өз  жаңалығын  енгізіп  жатыр.  Мәдениетті 
сауда  істеуге,  бейіл  бол  деген  құр  сөзден  ештеңе  шықпаса  керек.  Әңгіме 
осы үрдістің көзін табуда, дінін айналдыруда. Ендігі жерде қазақтың аузын 
айға білеген өзінің мәні бар менеджерлер мен маркетингтер керек. Жүзіктің 
көзінен  өткендей  жампоз  жігіттер  қажет.  Өз  елінің  ар-намысын,  абыройы 
дегенде алдына жан салмайтын ақиықтар қажет. 
Ал  осының  бәрі  азамат  бойында  Кісілік,  Имандылық  дейтін  қастерлі 
ұғымдармен  бітіскенде  ғана  ғұмырлы.  Кісілік,  Имандылық  әр  жастың 
бойында  бойтұмардай  сақталсын.  «Кейде  заманың  болса  мынау,  қызыл 
құйрықты  түлкі  секілді,  тіршілік  жасау  керек»  деп  азаматтық  ар-иманды 
ақшаға  айырбастайтындар  да  табылары  хақ.  Қазақ  қашаннан  кісілікті, 
естілікті  ардақтаған,  әспеттеген.  Сөз  қадірін,  іс  қадірін  білген.  Шіркін, 
осынау ата дәстүрді, ата салтты қайта жаңғыртса. 
Ал,  имандылықты,  кісілікті  қалыптастырудың  тетігі  неде  деп  бас 
ауыртып,  жоқ  нәрседен  мәселе  көтеріп,  даурықсақ  даурыға  береріміз 
шындық. Ол әр шаңырақта - отбасында басталсын. Бәз біреулер мұның да 
жәй  әншейін  ұран  ғой,  бұрын  да  солай  айтып  келмеп  пе  едік  дері  мәлім. 
Жоққа  шығармаймыз,  кезінде  ондай  әңгіменің  болғаны  да  рас.  Бірақ  біз 
соны  жүре  тыңдадық.  Жоғарыдан  нұсқау  күтіп  үйреніп  қалған  пенде 
осының жолы қалай болар екен деп ауыз ашумен ерте күнді кеш қыл-ғаны 
ешкімге  жасырын  емес.  Олай  болса,  осы  істің  бастамасы  ретінде  қазақ 
мектептерінде  әр  жұма  сайын  арнайы  діни  ілімнен  дәріс  оқылып, 
имандылықтың  ата  дәстүрдің  қат-қабат  сырларынан  сусындаса      балғын 
жүрек.  Міне,  бұл  іске  батыл  қадам  қажет.  Осыны,  мәселенки,  астана 
мектептерінде қолға алса, шіркін! 
Бойында имандылықтың иірімдері қалыптаспаған жерде кім-кімнің де 
кісілігінен  кісімшілдігі,  қуыс  кеуделілігі  басым  түсіп  жатқаны.  Ондай 
жанның  бойынан  жамандық  атаулының  бәрін  саусақпен  санап  шығуға  бо-
лады.  Кердең  қаққан  кісімсушіліктен  сақтасын,  тәңірім.  Кісіліктің  белгісі 
қайырым  мен  мейірімде.  Мына  апшымызды  қуырып,  жұмыртқадан  жүн 
қырыққан  заманда  осы  бір  ардақты  қасиет  көшпілігімізге-ақ  жетіспей 

қала ма деп те ойлайсың. Әкесін баласына, баласын бабасына жауықтыру 
оп-оңай-ақ.  Жақсылықтың  шынарын  жылдап,  айлап  баптайсың. 
Жамандықтың найзағайы бір-ақ сәтте түседі, омырады, опырады. Жығылып 
жатқанды  жұдырықтау  кісілік  болмас,  уақытша  қиыншылыққа  кең 
пейілмен,  мейіріммен,  ықыласпен  қараған  абзал.  Қолтығынан  деме, 
мейірімді  төк.  Қазақ  жұрты  ендігі  жерде  осыған  ділгер  болмақ.  Келер 
ғасырымызға  таяқ  тастам  қалды.  Алаш  елі  бұл  жүз  жылдықтың  есігін 
қандай  халде  қақпақ?  Міне,  гәп  осында.  Жоқшылық  пен  жұқаналылық 
жайлаған  күйде  барамыз  ба,  жоқ  әлде  өзге  өркениетті  жұрттай  төрт 
құбыламыз  түгел  жағдайда  табалдырықтан  аттаймыз  ба?  Өзгелер  өз  үйінің 
берекесі үшін әлдеқашан-ақ,  кірісіп  кеткен.  Түндігін  түзеп  жатыр.  Ырыс 
— 
ынтымақта  дегенді  ту  ғып  ұстап  отыр.  Олары  дұрыс.  Өзгеге  есесін 
жібермей, өз дәулетін бойына құп көрген көрші Қытайдан мәселен көп нәрсе 
үйренуге  болады  екен.  Демократия,  жариялылық  оларда  да  бар.  Ал,  бірақ 
біздегідей  ауа  жайылушылық  атымен  жоқ  екен.  Есесіне  шаруашылықты 
қоғамдастырудың табысты есе-леудің көзі тәртіпте, әркімнің өз ісіне деген 
ынта-ықыласында дейді. Міне, алаш азаматы үйренсең осыны үйрен, осыған 
ықылас аудар. 
Кешегі  өткен  Ақан  мен  Жақаңдар  қалың  қазақ  жұртына  алтыбақан 
алауыздықтан  арыл,  топшылдық  пен  жікшілдіктен  арыл,  өзгелер  сенің  осы 
мерез  қасиетіңді  пайдаланып  кетіп  жүр  деген.  Амал  не,  бұл  індет  тамы-
рын тереңге жайған қасірет әлі де сылынбай-ақ келеді. Бірде ойлайсың: бұл 
да болса тоқшылықтың бір белгісі шығар деп. Ал тоқшылық не істетпеген? 
Бәлкім, қиындықтың қылбұрауы жымдастырып жіберер. Кім білсін. 
Жариялылықтың  арқасында  төрткүл  дүниеге  ой  жіберіп,  жаңаша 
көзқарас  қалыптастырған  егеменді  Қазақ  Республикасының  азаматтарына 
көп нәрсе сын болғалы тұр. Етек-жеңді жиып, сілкініп-қағынатын, оянған 
қазаққа  ендігі  жерде  тереңірек  ойланатын  шақ  туды.  Бұл  тәуелсіздіктің 
туын  желбіретсем  деген  ақберен  азаматтарымыздың  намысын  қайрайтын, 
жігер отын жанитын сәт. Қазақ  жұрты,  шүкір,  ондай  ақиықтардан  кенде 
болмаған.  Қазір  де  бар.  Өсер  елдің  ұлдары  бірін-бірі  қадірлеген, 
ардақтаған. Ел көш бастаған ай мүйзіді серкелеріне сенген ғой. Сену дейтін 
құдірет  қанағаттандырған.  Асан  қайғы  бабамыз  арманымен  әспеттеген 
Абылайдай  ақылының  соңынан  ерген,  тағдырын  соған  табыстаған, 
жалтақманның соңынан ерген,  тағдырын соған табыстаған, жалтақтамаған, 
жасқанбаған. Жұрт болудың қамын жасағанда болсын қазаққа қырағылық 
қажет. Жан ұяда тұрғанда жалтақтама, жұртым! 
1993  
 
 
 
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал