Ерлердің ісі бітер ме? ҚОс арнаның тоғысы



Pdf көрінісі
бет5/13
Дата22.12.2016
өлшемі0,9 Mb.
#108
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

 
2012  
 
 
 
    
   
 
    
 
 
 
 
 
 
 

САБАҚТАСТЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ - ДАМУ 
ДӘЙЕКТІЛІКТІҢ КЕПІЛІ 
Ең  алдымен  біз  мынаны  айқындауымыз  керек:  Елбасының  жыл 
сайынғы халыққа Жолдаулары нендей қажеттіліктен туындап отыр?
 
Қазіргі қазақ қоғамы қайда бет алып барады? Оның рухани түлеуінің 
қозғаушы күші неде?
 
Әлеуметтік-халықтық мемлекет құрудың алғышарттары жасалып келе 
жатыр ма?
 
Рас,  Тәуелсіздігіміздің  алғашқы  жылдары,  негізінен,  бұл  құжат  іс 
басында  отырған  азаматтардың  күнделікті  қызметінде  басшылыққа 
алатын мәселесі іспетті қабылданса, ал қазір ол бүкіл әлеумет жылма-жыл 
асыға күтетін халықтық бағдарламаға айналды. Бүгінде ел ішінің биылғы 
Жолдау  не  жаңалық  әкелер  екен,  нендей  жеңілдік  болар  екен  деген 
тілекте  отыратыны  жасырын  емес.  Демек,  Елбасының  өз  халқына 
жылма-жыл  арнайтын  Жолдаулары  өміршеңдік,  мақсаткерлік  сипат 
алғаны сөзсіз.
 
Егемеңдік алып еңсе көтеріп, Тәуелсіздіктің туын желбіреткеннен 
бергі  он  бес  жылдың  ішінде  жеткен  жетістігіміз  аз  емес.  Қазақ  елі 
ғаламдық қауымдастыққа нық қадаммен аяқ басып, өзіне лайықты орын 
алды. Экономикада, әлеуметтік- рухани салада тың серпіп пайда болып, 
еліміз  даму  қарқыны  жағынан  тәуелсіз  мемлекеттер  достығы  бойынша 
алдыңғы  қатардан  көрініп  келеді.  Таразы  басына  тартып  қарасақ, 
жеткен жетістігіміз үланғайыр.
 
Айталық,  Президент  Н.Ә.  Назарбаевтың  2005  жылғы  Жолдауы 
тарихтың  тағы  бір  белесінде  өзіндік  із  қалдырғаны  анық.  Оның  басты 
себебі  Жолдаудың  өн  бойының  елдің  әлеуметтік  мұқтаждықтарын 
шешуге  бағытталғандығы  еді.  Бүгін  қарап  отырсақ,  айтылған  сөз  жерде 
қалмай  бағдарламалық  құжаттың  әр  тарауынан  туындайтын  міндеттер 
нақты  іс  жүзіне  асып,  көпшіліктің  қолдауына  ие  болды.  Мәселен, 
биылдан  бастап  диспансерлік  есепте  тұратын  және  амбулаторлық 
деңгейде жеңілдік шарттары қолданылатын балалар мен жасөспірімдерді 
дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз етуге көшу туралы шешім алынды.
 
Сондай-ақ аз қамтылған отбасыларына 18 жасқа дейінгі балаларына ай 
сайын жәрдемақылар төленуге, 4 және одан көп бірге тұратын кәмелетке 
толмаған балалары бар көп балалы аналарға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» 
немесе  1  және  2  дәрежелі  «Ана  даңқы»  белгілерімен  марапатталған 
аналарға  арнаулы  мемлекеттік  жәрдемақылардың  мөлшері  4000 
теңгеге дейін көбейтіле бастады.
 
Ал былтырғы  жылдың 1 шілдесінен бастап барлық зейнеткерлерге, 
еңбек өтіліне, жалақысы мен тағайындалған зейнетақысының мөлшеріне 

қарамастан 3000 теңге мөлшерінде қосымша негізгі зейнетақылық төлем 
төленіп келеді. Мұның сыртында жоғарғы оқу орындары студенттерінің, 
сондай-ақ  орта  көсіптік  білім  беру  ұйымдары  оқушыларының 
стипендияларының мөлшері 2 еседен астам өсті.
 
Осы деректер легі сөз бен істің нақты дәлеліндей көрінеді. Жылма-
жылғы  Президент  Жолдауларынан  қалың  әлеуметтің  не  жаңалық 
күтеміз деп елендеп отыруының бір мәні де, міне, осында.
 
Елбасының  Қазақстан  халқына  2006  жылғы  Жолдауы  несімен 
сыпатталады? «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында 
» 
деп аталатын бағдарламалық құжаттың негізгі мәні еліміздің әлемдегі 
бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясына маңдай тірейді. 
Жолдаудағы  7  басымдықтың  қай-қайсысын  алып  қарасаңыз  да 
Қазақстанның  бүгінгі  экономикасы  мен  әлеуметтік  рухани  саладағы 
өркендеу үрдісінің түп қайнарларына негізделген.
 
Осының  ішінде,  әсіресе,  халықтың  неғұрлым  «әлжуаз»  топтарын 
қорғайтын және экономиканың дамуына қолдау көрсететін осы заманғы 
әлеуметтік 
саясаттың 
бағыт-бағдарын 
айқындайтын 
үшінші 
басымдықтың  назар  аудартары  сөзсіз.  Өйткені,  бүл  басымдық  бойынша 
алуан қырлы атқарылатын жұмыстар үрдісі халықтың неғүрлым «әлжуаз» 
топтарының  мүддесі  тұрғысынан  тұрғын  үй  құрылысы  және 
жылжымайтын  мүлік  рыногын  дамыту,  денсаулық  сақтау  саласын 
ұйымдастыруда  осы  заманғы  қағидаттар  мен  стандарттарға  көшу, 
қоршаған  ортаны  қорғау  және  экологиялық  қауіпсіздікті  қамтамасыз 
ету,  еңбек  ресурстарын  дамытудың  тиімді  жүйесін  құру  секілді  сүйекті 
мәселелерге негізделген.
 
Ойлап  отырсақ,  нарықты  экономиканың  жойдасыз  қыспағы 
салдарынан  бір  жыддары  жергілікті  жерлердегі  мәдениет  ошақтары  мен 
денсаулық  сақтау  мекемелері  оңтайландырылып,  жабылып  қалғаны 
мәлім. Белгілі бір деңгейде осыдан қаржылық тиімділік алынғанымен, ал 
оның зардабын қарапайым халық тартты. Демек, оның пайдасынан гөрі 
зияны шаш етектен болды. Уақытылы ем-дом алмағандықтың салдарынан 
қаншама  адам  зардап  шегіп,  созылмалы  дертке  ұшырады.  Дер  кезінде, 
қарапайым  ғана  дәрігерлік  көмектің  көрсетілмегендігі  себепті 
қаншама жан иесі бақилық сапарға аттанып кетті...
 
Мемлекеттіліктің  алтын  діңгегі  —  халық.  Олай  болса,  оның  мұң-
мұқтажы мен қағажу көріп отырған шаруасы бірінші кезекте шешілуі 
тиіс.  Елбасының  жаңа  Жолдауында  былай  деп  атап  көрсетілген:  «2007 
жылы 
Халық  денсаулығы  мен  денсаулық  сақтау  жүйесі  туралы  кодекс 
жобасы 
әзірленсін».  Біздіңше,  осы  кодекс  жобасы  министрліктің 
басқару  аппаратының,  яки  бір  ведомствоның  ғана  шеңберінде  қалып 
қоймай, ол бүкілхалықтық талқылауға ұсынылса.
 

Бүкілхалықтық талқылау ел денсаулығың сақтаудағы ең өзекті, ең 
шетін  мәселелердің  бетін  ашар  еді.  Шынын  айту  керек,  осы  саланың 
маңайында  жүрген  біраз  бишігештер  түкпірдегі  ауылда  болып  жатқан 
адам  шошырлық  мәселелерден  бейхабар.  Ал  бүкілхалықтық  талқылау 
болса  оған  осы  іске  мүдделі  кім-кімде  белсене  атсалысар  еді.  Сөйтіп, 
министрлік  бейхабар  болып  отырған  талай  фактінің  беті  ашылып, 
осының  өзі  үлкен  үрдіске  қозғау  салар  еді.  Халықтың  денсаулығынан 
басқа ең қымбат ештеңе жоқ. Себебі, халықтың ой-пікірі, ұсыныс тілегі 
ескерілмесе, ол құжаттың да ғұмыры қысқа болмақ.
 
Әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына енеміз десек, 
сол міндетті атқаратын елдің түрғындарының да денсаулығы мықты, рухы 
күшті болуы тиіс. Жартыкеш денсаулықпен ұланғасыр жоспарды жүзеге 
асырамын  деу  бос  әурешілік.  Халқының  денсаулығы  үшін  қаржы 
аямаған, азаматтарын білімді ету үшін қаржы аямаған мемлекет қана шын 
мәнінде халықтық мемлекет болмақ.
 
ХVІІІ ғасырдағы әйгілі француз ағартушысы Жан-Жак Руссоның 
мына бір ой орамдары тұтқалы жерде тұрған азаматтардың қай-қайсының 
да  көкірек  көзінде  болғаны  ләзім:  «Мемлекет  құрылымы  —  өнер 
туындысы,  -дейді  ол.  —  Өз  өмірлерін  ұзарту  адамдарға  байланысты 
емес; олар мемлекеттің өмірін, ол ие бола алатындай ең жақсы құрылым 
жасау арқылы мүмкіндігінше соза алады. Ең жақсы құрылған мемлекет те 
бір  кезде  өмір  сүруін  тоқтатады;  бірақ  басқаға  қарағанда  кешірек,  егер 
ешқандай  төтенше  оқиға  оны  уақытынан  бұрын  ажал  құрылғына 
іліктірмесе».
 
Демек,  әлеуметік-құқықтық  үстывдар  негізіне  айналған  мемлекет  — 
баянды  мемлекет  болмақ.  Ат  төбесіндей  азшылықтың  ғана  қарнын 
ойлаған  мемлекеттердің  тарих  сахнасына  талайы  келіп,  талайы  кеткен. 
Француз ойшылы осыны аңдатып отыр.
 
Президенттің үстіміздегі жылғы Жолдауында басын ашып, көрсеткен 
тағы  бір  мәселесі  ұлттық  жұмысшы  кадрларын  даярлау  үрдісі.  Ол 
Жолдауда  былай  дейді:  «Кәсіби-техникалық  және  жоғары  білім  беру 
мекемелері  жүйесі  арқылы  білікті  ұлттық  кадрларды  жұмысшы 
мамандықтары  бойынша  оқыту  және  кәсіби  жағынан  даярлау  жөніндегі 
бағдарлама әзірленсін.
 
Бағдарламада  кәсіби-техникалық  білім  беру  жүйесіне  қатысуы  үшін 
ынталандыру және оның тетіктерін жасау арқылы Қазақстанда жұмыс 
істейтін  ұлттық  компаниялар  мен  жеке  бизнестің  әлеуеті  іске  қосылуы 
қажет». Бұдан қандай қорытынды жасауға болады?
 
Осыдан оншақты жыл бұрын елімізде заң және экономика жоғары 
оқу орындары жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткені мәлім. 
Онжылдықты бітірген жас түлектің бәрі сот-судья болсам, экономист 
болсам деп армандады. Ал арманға ешкім шек қоя алмайды. Әйтеуір, 

қиюын келтіріп диплом алғандар мыңдап-жүздеп саналып жатты. Мүйізі 
қарағайдай  дипломды  мамандардың  жұмысқа  орналаса  алмай 
сандалып
 
жүргендерінің саны одан да асып түсті. Сөйтіп, бір кездері заңгерлер 
мен  экономистердің  еліне  айналдық.  Ал  бірақ  өмірдің  басқа  да 
салалары  бар  емес  пе?  Күнбе-күнгі  тұрмыстың  мұқтажын  өтейтін 
мамандық  иелерінің  саны  күрт  төмеңдеп  кетті.  Кәсіптік-техникалық 
училище дегендеріңіз бірінен соң бірі жабылып, балабақшалармен бірге 
олар да сауда нүктелеріне айналып шыға келді.
 
Елімізде қаражат пайда болған соң алып құрылыстар мен ірі өндіріс 
орындарын салу керек болды. Ал адамдарға баспана қажеттігі өзінен өзі 
түсінікті. Міне, енді осыны атқаратын кісі қайда? Ірі өндіріс орындарына 
мамандар керек. Кәдімгі күрделі техниканы игеретін жұмысшы мамандар 
керек  болды.  Осы  тұрғыдан  келгенде  Елбасымыздың  ұлттық  жұмысшы 
кадрларын даярлау жөніндегі тапсырмасы дереу қолға алатын, қолдау 
табатын мәселе деп білеміз. Жұмысшы мамандығының қадір-қасиетін 
арттыру бүгінгі танда ауадай қажет болып тұр.
 
Бір  жылдары  жұмысшы  мамандықтарының  мерейін  өсіретін  түрлі 
байқаулар, конкурстар өткізіліп жататын. «Алтын қолды құрылысшы», 
«Алтын  қолды  дәнекерлеуші»,  «Майталман  машинист»  т.б.  атақтары 
бойынша өз ісінің шеберлері марапатталып, мүның өзі кейінгі жастарды 
жұмысшы  мамандықтарына  баулау  ісіне  игі  ықпал  етіп  жататын. 
Жасыратын  несі  бар,  осы  бір  өркенді  істі  ұраншылдық  пен 
науқаншылдықтың үрдісіне байлап-матап беріп, қолда бар нәрсені жоқ 
қылдық.
 
Ал соның зардабын қазір тартып келеміз.
 
***
 
Тәуелсіздік  алған  жылдардан  берменгі  уақытта  қоғамдағы 
ауызбірлікке,  мүдделестікке  ұмтылыстың  өз  жемісін  беріп  келе 
жатқандығын  жоққа  шығаруға  болмайды.  Бұл  тұрғыдан  келгенде 
қоғамдық  келісім  мен  ынтымақты  баянды  ету  жолында  табанды  жұмыс 
істеп отырған қоғамдық институттар мен бірлестіктер ұйымдар жүйесінің 
ізденісі,  табанды  күресі  атап  өтуге  түрарлық.  Әрине,  ағымдағы 
мәселелерде 
айтыс-тартыстар, 
келіспеушіліктер, 
көзқарастар 
айырмашылығы болатыны табиғи құбылыс.  Ал түптеп келгенде, мәселе 
елдік  шаруаларға  келіп  тірелгенде  көзқарастар  үйлесімінің  үстемдік 
құратыны қуанышты.
 
Жуырда  Н.  Назарбаевтың  тікелей  өзі  төрағалық  етуімен 
Демократиялық  реформалар  бағдарламасын  әзірлеу  және  нақтылау 
жөніндегі  мемлекеттік  комиссия  өз  жұмысын  бастады.  Ел  осы 
мемлекеттік  комиссияның  жұмысынан  үлкен  үміт  күтіп  отыр.  «Оу, 

ілгеріде осы тақылеттес бір емес екі бірдей тұрақты комиссия қүрылып, 
ол  жұмысын  ширатып  жүргізе  алмап  еді  ғой»  деген  де  пікірлер  жоқ 
емес. Ондай комиссияның болғаны рас. Ал бірақ олардың да өз кезегінде 
уақыттың  күн  тәртібіндегі  түйінді  мәселелерді  шешіп  қолдауға  үлес 
қосқаны  мәлім.  Оны  жоққа  шығаруға  болмайды.  Демек,  алдыңғы  екі 
комиссияның ізденістері
 
мен  іркілістері  бүгінгі  іс  үстіндегі  мемлекеттік  комиссияға  барар 
жолдағы өзіндік соқпақ болды.
 
Қазіргі  мемлекеттік  комиссия  өзінің  алдындағы  ізашарларының  оң 
тәжірибелерін тиімді пайдаланып, жаңа нұсқада бүгінгі күн талабына сай 
жұмыс  істемек.  Бұл  комиссияның  жұмысына  ел  іші,  іс  басындағылары 
бар,  атқамінерлері  бар,  оқыған-тоқығандары  бар  бәрі  де  айырықша 
ықылас  танытып,  мүдделілік  көрсетіп  отыр.  Қазірдің  өзінде  барлық 
бұқаралық  ақпарат  құралдары  елде  саяси  реформа  жасау  жөніндегі 
мәселелерге үн қатып, өзіндік ой-топшылауларын білдіріп жатыр.
 
Мақаламыздың  басында  таразы  басына  салғанда  келер  күндер 
көкжиегін  кестелейтін  мәселелермен  қатар  бір  қайнауы  ішінде  тұрған 
шаруалардың  да  бар  екендігін  еске  салдық.  Иә,  қазір  тақтайдай  жол 
жоқ. Олқы тұстардың орайын келтіріп, ондап алу парыз. Сондықтан дәл 
қазіргі кезенде қазақ қоғамы үшін патернализмнен патриотизмге құлаш 
ұру аса тиімді болмақ.
 
Парасат пен пайым үстемдік құрған қоғамда патерналистік көзқарас 
салтанат  құрады.  Ал  эволюциялық  даму  жолы  бір  нүктеде  тұрақтап 
қалмай  үздіксіз  алға  жылжу  қажеттігін  ұсынса,  патриотизм, 
қазақстандық  патриотизм  саяси  реформаларымыздың  алтын  діңгегі 
болуы тиіс.
 
Ол  үшін  әңгімені  Қанағат  кодексінен  бастаған  жөн.  Ел  есін  жиды. 
Экономика  ілгері  басты.  Түкпірдегі  ауыл  зейнетақыны  алмай  қалу, 
электр жарығының сөніп қалуы дегенді ұмытты. Ел ішінен байлар шыға 
бастады.  Орта  дөулеттілердің  шаруасы  оңынан  жүріп  тұр.  «Бай  құдай 
болсам,  кедей  бай  болсам»  деген  бүгінгі  күннің  болмысына  тән  бола 
бастады. Байлықпен қатар озбырлық, қомағайлық пиғыл өршіді.
 
Міне,  енді  қазақ  қоғамы  осы  дертпен  күресу  керек.  Президенттің 
Жолдауында мынадай жолдар бар:
 
«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жолында үнемі жұмыс істеп, 
ахуалды  жақсартып  келеміз,  алайда  бірқатар  қаржы-өнеркәсіп 
топтарының акша  ағыстарының ашық болмауы және олардың табысты 
жасыру, қаржы мен мүлікті шетелдерге шығару, салық төлеуден жалтару 
есебінен  заңсыз  баюы,  сондай-ақ  көлеңкелі  экономика  біздің 
жамуымыздың  елеулі  шектеулеріне  айналып  отыр.  Нақ  осы  топтар 
өкілдерінің  сыбайлас  жемқорлыкқа  қарсы  күрес  жүргізуге  шақырған 

ұрандары дүңкілдеп түр. Сонымен бірге бюджеттің негізгі ысырабы да нақ 
осында жатыр. Сөзден іске көшетін уақыт жетті.
 
Көптеген адамдар өздерінің  жылжымайтын меншігін,  компанияларын 
жасырады.  Бұл  активтер  айналысатын  шығып  қалды,  оларды  жаратуға 
болмайды. Барлық меншікті заңдастыру азаматтарға және елге тиімді».
 
Елбасының бұл ой орамдарынан не түюге болады? Қазір ақ адал 
маңдай термен емес, ауадан ақша жасайтындар көбейді. Бұл, әрине, ең 
қасіретті дерт. Осы дертті жеңу де оңай шаруа еместігі мәлім. Ал бірақ 
шарасыздық танытуға тағы болмайды.
 
Жуырда Елбасы облыс әкімдерімен кеңес өткізді. Халықтың көңілі не 
нәрсеге алаң деген сауалға жауап ізделді. Кадрдың қадірін білу керектігі 
айтылды.  Халықшыл,  мемлекетшіл  кадрларды  тәрбиелеп  өсіру  керек. 
Орынтаққа  отырса  опырып  жейтін  құлқынқұмарларды  жазалау  міндет 
етіп қойылды.
 
Қазір ауылдық, аудандық, тіпті облыстық деңгейде жүрген әкімдерді, 
лауазым иелерін білімін көтеру институттарында қайта даярлаудан өткізу 
қажет. Ол курстарда тіпті сонау қылышынан қан тамған кеңес дәуірінің 
өзінде  халықпен  жұмыс  істеудің  талай  үлгісін  көрсеткен  Темірбек 
Жүргенов,  Ілияс  Омаров,  Өзбекәлі  Жәнібеков,  Еркін  Әуелбеков 
тағылымдары міндетті түрде оқытылса.
 
Бұлардың  бәрі-дағы  «жанымнан  арым  садаға»  деп  еліне  қалтқысыз 
қызмет еткен алаш азаматтары. Бұлар адалдықтың бәйгесіне басын тіккен 
перзенттер.  Ал  өткеннің  тағылымын  ескермей  болашаққа  бағдар  алу 
мүмкін емес. Сабақтастық дәстүріне адалдық осындайдан келіп туады.
 
Түйіп  айтқанда,  осының  бәрі  Елбасының  жылма-жылғы 
жолдауларының сабақтастық стратегиясына негізделетіндігін байқаймыз. 
Демек, көп ұлтты Қазақстанның дамуының дәйектілігінің бір кепілі 
осынау бүкілхалықтық бағдарламадан туындай бермек.
 
 
2006  
 
 
 
 
 
 

НАМЫС НАЙЗАҒАЙЫ
 
Әлемдегі  бәсекеге  қабілетті  елу  елдің  қатарына  кіру  стратегиясының 
бір қайнаркөзі туралы толғам
 
Қазақстан қайратына қанат байлап отыр!
 
Бұл — даусыз ақиқат!
 
Ғаламдық  өркениет  шаңырағының  осыдан  онбес  жыл  бұрын 
табалдырығын  имене  аттаған  Алаш  елінің  абыройы  қазір  асқақтап  тұр. 
Мұны тілеулестеріміз де, текетірес іздегендер де мойындап келеді.
 
Бұл - да басы ашық шындық!
 
Ал  енді  осы  жеткен  жетістікке  малданып  отыра  беруге  бола  ма? 
Әрине,  жоқ!  Бар  тапқан  таянғанымыз  бір  ғана  шикізат  секторының 
шеңберімен өлшеп-пішілетін болса, онда қазына қалтасына да тықырдың 
таянғандығын сезіну онша қиын емес-ау ...
 
Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің биылғы Жолдауында әлемдік 
рейтинг кестесінің жоғары бөлігіне іліккен елдер тобының ішінен орын 
алуымызға  мүмкіндік  беретін  басты-басты  жеті  негізді  атап  берді. 
Соның ішінде, әсіресе, мына негіз айырықша назар аудартады ғой дейміз.
 
Елбасы өз сөзінде:
 
« ... 
біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен 
ілтипатқа  бөлейтін  әлеуметтік  бағдарланған  қоғам  (астын  сызған  біз  — 
Ж.К.),  ел  халқының  барлық  топтары  тұрмысының  жоғары  сапасы  мен 
алдыңғы 
қатарлы  әлеуметтік  стандарттарын  қамтамсыз  ететін  қоғам 
(астын  сызған  біз 
_  Ж.К.)  құрудамыз»  (Н.Назарбаев.  Қазақстан  өз 
дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. А., 2006ж., 7-бет) деп атап 
көрсетті.
 
Осы үрдістің ұлғая түсуі үшін не істеу керек?
 
Елбасының  аузынан  айтылған  әлеуметтік  қоғам  құрудамыз  деген 
сөздің  үлкен  мәні  бар.  Бүл  соңғы  онбес  жыл  бойына  экономиканы 
дамытудың  жаңа  арнасын  іздеп,  ескі-құсқыдан  арылып,  қағынып-
сілкінген ел өркендеудің тың өрісіне бет алды деген сөз.
 
Әлеуметтік  қоғам-әлеуметке  бет  бұрған  қоғам,  халықтың  мұңын 
мұндап, жоғын жоқтайтын қоғам. Оның саясаты — әлеуметтік саясат. Ал 
«Әлеуметтік  саясат  —  қоғамның  ең  жақсы  дамуын  қамтамасыз  етуге, 
әлеуметтік  мүдделер  мен  қажеттіліктерді  қанағаттандыруға,  лайықты 
омір  салтын  орнатуға  бағытталған  саяси  шешімдер  мен  іс-әрекеттер 
жиынтығы». (Д.Жамбылов Саясаттану негіздері. А., 1998ж., 199-6.).
 
Мұндай  қоғамның  басты  өлшемі  —  әлеуметтік      әділдік  салтанат 
құруы
 

тиіс.  Демек,  «еңбегіне  қарай  —  онбегі!».  Олай  болса,  қоғамның 
барша  мүшесінің  белсенді  өмірлік  көзқарасы  қалыптасып,  масылдық 
пиғылдың тамырына балта шабылуы керек.
 
Жабайы  нарықтың  жалпақ  зандылығынан  біздің  қоғам  көп  тағылым 
алып  отыр:  пайдалысы  —  қарапайым  халық  қолы  қимылдағанның 
аузы  қимылдайтынын  сезіп  білді,  зияндысы  —  сыбайлас  жемқорлық, 
парақорлық,  жатыпішер  арамтамақтық,  сылтаушылдық,  масылдық 
пиғыл  өрістеді.  Алдыңғысы  қайтсем  ошағымның,  Отанымның 
абыройын  асырам'  деп  жанталасса,  екіншілері  ашық  күнде  қара 
аспанды  жауға  алдырумен  әлек  болуды  әдетке  айналдырды  ... 
Дүниеқоңыздықтың «теориясын» дамытты.
 
Жақында  еліміздің  бас  қаржыгері  Н.А.  Коржова  мынадай  бір 
сұмдықты  жайып  салды:  «...  Мен  қаржы  жүйесіндегі  25  жылдық 
тәжірибемде  ұққаным,  олар  ұрлықтың  техникалық  мүмкіндіктерін  тегіс 
тауыспай,  ұрлықтарын  тоқтатпайды.  Бізге  неліктен  Кодекстердегі, 
қаулылардағы, 
құқықтық-нормативтік 
актілердегі 
самсаған 
«тонаушыларға  қызмет    көрсететіні»        жаппасқа?!  Мұндай    
«тесіктер»    барлық   министрліктердің
 
құқықтық-нормативтік  базасында  бар».  Енді  қайттік?!  Ол 
техникалық  '' мүмкіндіктерді тауысу деген ақылға симайтын-ақ шаруа 
ғой. Ғылым мен техника дамыған сайын, «заманы түлкі болғанда тазы бой 
шалатын» галстукты ұры-қарыларға бүл сөз бе екен, тәйірі...
 
Адамнан  ар  мен  иман  тазалығы  кеткенде  одан  бәрін  де  күтуге 
болады. Сондықтан әрбір мекемеде  ар-ождан оқуларын тұрақты өткізіп 
түрудың  еш  айыбы  жоқ.  Қанағат  кодексі  бойтұмарындай  болса  іс 
басындағы  отырған  әрбір  шенеуніктің.  Дүние-боқтың  бәрі  өткінші 
екенін біздің кейбір атқамінерлеріміз түсінбейді-ақ...
 
Әлеуметтік  қоғам  өзінен  өзі  құрыла  қалмайды.  Олай  болса,  ең 
алдымен, оның тіліндегі тылсым күшті оятар құрал керек. Ал «мың өліп, 
мың тірілген қазақты Жұбан Молдағалиев қайрап салса алынбайтын асу 
болмасы тағы белгілі.
 
Осы  мәселелер  қашаннан  қазақ  баспасозінің  бетінен  қағыс  қалып 
көрген емес. Нақты мысал. «Қазақ» газетінің 1915 жылғы 22 мамыр күнгі 
номірінде Алаш көсемдерінің бірі Әлихан Бөкейханов «Неміс мәдениеті» 
деп  аталатын  мақала  жариялады.  Мақалада  неміс  халқының  рухани 
салада,  шаруашылық  саласында  құрт  алда  болуының  жай-жапсары, 
мән маңызы тарқата баяндалады.
 
«Европадағы  неміс  (Германия)  соңғы  қырық  жылды  40  миллион 
800  мыңнан  64  миллион  900  мың  болып  оскен.  Бұл  жылына  екі  жүз 
адамға  үш  адам  қосылған  болады.  Мал  бағып,  ойланған  қазақ  білер, 
малдың  өсімді  болуы  жақсы  өрістен.  Күйек  алғанда,  қой  өрісі  жайлы 
болса тоқты қашады, — деп жазады ол. — Бұрын қазақ жерінде сынық 

шөп  жемей,  тұнық  суды  жайлағанда  тоқты  қоздап,  тай  құлындаған. 
Егін  жақсы  шыққан  жылы  үйі  түскен  орыс  мұжығы      көп  болады. 
Мұндай шаруа жақсы жылы бала да көп 
туады.  Неміс  жұртының  жоғарыда  жазылған  өсімі  алдыңғы  өсім, 
мұндай мәдени жұрт өскен емес. Бұл өсімнен неміс жұртының тамағы 
тоқтығы көрінеді.
 
Европада шаршы километрде күн көріп жүрген адам:
 
Германияда  .............................................. 1.20
 
Италияда .................................................. 1.21
 
Англияда ............................................... ...1.69
 
Голландияда .............................................. 1.85
 
Белгияда .................................................... 2.54
 
Россияда ...................................................... 25
 
         
Міне, осындай тар жерде отырып бүл жұрттар күн көргені адам 
шеберлігі.  Жер  көп-азы  мәдениет  дәрежесіне  қарай  болады.  Өнерсіз, 
жаһиды  сабан  біз  сияқты  жұртқа  һәм  жалғыз  бидай  ғана  салғаннан 
басқа  қолынан  түк  келмейтін  орыс  мұжығына  ер  басына  жүз  15 
десятина  да  аз.  Жұрт  аш,  арық,  егін-шөп  бір  жыл  шықпаса,  жұт, 
ашаршылық  келеді.  Міне  жоғарыда  жазылған  Европа  жұртында, 
орыстан басқа жұртта ашаршылық та болмайды. Мұнда адам қол жетпес 
құдайдың  жаңбырына  жалынбайды,  оз  қолындағы  жаһид,  өнеріне 
жалынады.  Жоғарыда  жазылған  Европа  жұртының  ішінде  ғұмырын 
бақыт жолына аударған, әсіресе, неміс. Ғылым неміс халқының артықша 
өсімі, осымен болды деп біледі». (Ә.Бөкейханов. Шығармалары. А., 1994 
ж., 286-287-6.)
 
Осыншама дамудың не сыры бар дегенде Әлихан Бөкейханов оның 
бар құпиясы немістің намысшылдығында деп түйіндейді.
 
Неміс намысы.
 
Екінші дүниежүзілік соғыстан соң тып-типыл боп қаусаған елді бас-
аяғы 10-15 жылдың ішінде қайта жаңғыртқан осы намысшылдық шығар, 
бәлкім.
 
Мен  туған  ауылда,  Торғай  өңірінің  бір  түкпіріндегі  Қайынды 
жерінде  өткен  ғасырдың  сонау  60-70  жылдарында  Герберттер  отбасы 
тұрды.  Екі  жүз  түтіндік  ауылда  осы  бір  неміс  отбасының  бүл  өңірге 
қалай келіп, қалай тұрақтап қалғаны маған беймәлім, ал мен ес білгелі 
ол  осы  жақтың  қадірлілерінің  бірінен  саналып  келді.  Торқалы  тойда, 
топырақты  өлімде  Генекең  үнемі  топ  ортасынан  корінер  еді.  Он 
саусағынан онер тамған шебер еді  әлі  Генрих  Гербертіміз.  Ауыддағы 
машина-трактор  шеберханасын  жалғыз  өзі  ұстап  тұрды.  Герберттің 
қолынан  шыққан  дүниенің  бәрі-дағы  қыздың  жиған  жүгіндей  болып 
келер еді. « Бұл қалай?» деп сұрағандарға:
 

Менің  шалағай  жасауға  хақым  жоқ.  Герберт  жасады  дегеннің  бәрі 
сыңғырлап тұруы керек. Өйтпейінше, «Ой, ит неміс жасаған да тәйрі» деп 
сыртымнан сыбап кетсе қайтем мына Мәкең секілділердің бірі, — дейтін 
де  көзілдірігін  сұқ  саусағымен  бір  көтеріп  қойып  шығыршықты  бұрай 
түсетін.
 
Елге кіржуатын машиналар келе бастаған  жыл. Бейтаныс нәрсенің 
«тілін»  табу  оңай  емес.  Кейбір  жеңгелеріміз  ә  дегенде-ақ  кір 
мәшиненің көмекейін бітеп тастап істен шығарса, енді біреулері оны 
майлы   шекше
 
айналдырып  әкетті.  Осы  кезде  де  оның  кем-кетігін  түзеуге 
Гербертіміз жететін шарқ ұрып.
 
Сол  Герберт  бір  өзі  жүріп  бүтіндей  бір  ауылға  немістер  туралы 
жақсы пікір қалыптастырып кетті. Намысшыл екен.
 
Қазақшаны  тақпақтап  соққанда  өзінді  жаңылдыратын  еді.  Кейін  ол 
отбасымен  Саратов  жаққа,  Ресейге  қоныс  аударғанда  біздің  ауыл  оны 
аддына малын салып әспеттеп шығарып салды.
 
... Намысшылдық Герберттерге нардың жүгін арқалатып жүр екен-ау 
сонда.
 
Ал  бізге  қазақтарға  дәл  қазір  осы  намысқойлық,  намысшылдық 
ауадай  қажет  болып  тұр.  Әлеуметті  әлдендіреміз  десек,  қолға  алған 
жұмысты намыстанып істеу керек. Озімізден кейінгі үрпақтың бетіне 
шіркеу  болмайтындай  қызмет  ету  қажет.  Ал  оның  үлгісін  әділдік 
жолындағы  күресте  басын  бәйгеге  тіккен  ағаларымыз  көрсеткен.  Әрісі 
әлгінде  ғана  мақаламыздың  басында  есімін  еске  алған  Әлихан 
Бокейхановтар болса, берісі оның өкшебасары Сәкен Сейфуллин, Тұрар 
Рысқұлов,  Темірбек  Жүргеновтер  еді.  Намыстан  жаралған  бұл  арыстар 
өздері  қолымен  құрып,  іргетасын  қалаған  құрылыс  режимінің  құрбаны 
болып кетті.
 
Тұрар  Рысқүлов  көзінің  тірісінде-ақ  жарты  Пайғамбар  атанған 
Лениннің  өзімен  үзеңгі  қағыстырып,  Шығыстың  жоқшысы  атанса, 
ал  Сәкен  Сейфуллин  бар  болмыс  бітімімен  еңбекші  елдің  бақыты 
жолында  ғұмырын  сарп  еткен  жан  еді.  Темірбек  Жүргенов  рухани-
мәдени  құндылықтарымыздың  жоқшысы  атанып,  халқына  қалтқысыз 
қызмет етті. Бұлардың бәрі-дағы ұлтын ұлықтаған, елін сүйген ерлер еді.
 
Сондықтан да болу керек, жаңа өмірдің жаршысы атанған Сәкен, 
Халық Комиссарлары Кеңесінің Торағасы Сәкен Сейфуллин 1923 жылы 
көкірек  көзі  ашық  дейтін  қазақтың  намысын  оятар  екі  мақала  жазды. 
Оның  бірі  «Кеңселерде  істі  қазақ  тілінде  жүргізуге  кірісу»  болса, 
екіншісі «Қазақстанның Заң комиссариатына теңеліндер» деп аталады.
 
Қазір намыс отына май құятын тақырыптардың бірі осы қазақ тіліне 
қатысты  мәселелер  шоғыры  болып  тұр.  Талай-талай  алқалы  жиындар 
өтіп, құзырлы мекемелер, құжаттар тасқынын боратып-ақ жатыр. Депутат 

М.  Шахановтың  мәлімдемелерінің  өзі  кереғарыс  елі  шығар  бір 
кітапқа  жақындап  қалды.  Ал  енді  тіл  тақырыбындағы  мызғымас 
қамалдың  диагнозы  С.Сейфуллиннің  1923  жылы  жазылған 
мақаласында-ақ айтылған:
 
« ... әр жерден келіп жатқан хабарларға қарағанда, қазақ тілін іске 
асыруға  көп  жерлерде  іс  басындағы  жігіттердің  көбі  онша  ынталы 
көрінбейді.
 
Әр  түрлі  себептер  айтады.  Ақша  жоқ  дейді.  Қазақша  іс  жүргізуді 
білетін кісілер жоқ дейді өм толып жатқан сары уайым, қауіп-қатерлерді 
жаңбырдай жауғызады.
 
Әрине, ол белгілі. Ынтасыз іске, көңілсіз іске сансыз бөгет, сансыз 
уайым  табуға  болады.  Бірақ,  біздің  айтуымызша,  бұл  іске  бөгеттің 
көптігі  басқа  себептерден.  Себептің  ең  алды  —  іс  басындағы 
адамдардың бұл іске
 
шыңдап  кіріскен  ниеттерінің  жоқтығы,  ынталарының  жоқтығы». 
(С.  Сейфуллин.  Шығармалары.  А..  1988,.  21-6.)  Бұл  —  Халық 
Комиссарлары  Кеңесінің  төрғасы  секілді  аса  жоғары  лауазымда 
отырған кісінің жанайқайы.
 
Бір таңқаларлығы Сәкен ағамыз айтқан мәселелер арада сексен 
жылдан аса уақыт өтсе де, сол қалпында әлі де күн тәртібінде түр. Сәкен 
аға  айтады  ниеттің  жоқтығы,  ынтаның  кемдігі  іске  қолбайлау  деп.
Осы  мақаланы  жазғанда  ол  сырттан  келген  кірмелерге,  я 
болмаса  уақытша  қоныстанушыларға, біз соз басында тілге тиек еткен 
Герберттер  секілділерге  арнап  жазған  жоқ,  дәл  қазақтарға  қара 
телефон  құшақтаған  кеңсе  қазақтарына  арнап  жазды.  Өз  тілін 
өгейсітіп, өзекке тепкендерге арнап жазды.
 
Қазақ  баласының  өз  ана  тілін  білуге  құлықсыздығы  отбасындағы 
тәрбиенің тайғанақтығынан.
 
Тіл  туралы  тақырып  әрі  тарт  та,  бері  тарт  болған  соң  Президент 
Нұрсұлтан Назарбаев жуырда нақты бір шешім қабылдады. Ол өзінің 
«Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың  2001-2010  жылдарға  арналған 
мемлекеттік  бағдарламасы  туралы»  2001  жылғы  7  ақпандағы  №550-ші 
Жарлығына толықтырулар енгізді. Енді сең қозғала ма деген үміттеміз.
 
Намысты ер нардың жүгін көтерген әрдайым.
 
Намыстан жаралған нағыз ерлер ғана найзағай отындай жарқылдаған. 
Біздің  елімізде  әлеуметтің  мүддесінен  тыс  мәселе  жоқ.  Тіл  саясаты  да 
соның бір күретамырынан арна тартады.
 
Демек,  әлеуметтік  бағдарланған  қоғам  құрамыз  десек,  әлеуметтің 
мұң-мұқтажын  шеше  отырып,  оны  «алма  піс,  аузыма  түс»  дейтін 
пиғылдан арылтатындай қайран қылу керек. Бұл бір адамның, иә болмаса 
жүз  адамның  ғана  ісі  емес.  Бұл  —  бүкіл  қоғамның  ісі.  Сондықтан  біз 
тарихымыздағы өнеге тұтатын бар жақсылық атаулының жаршысы бола 

білуіміз қажет. Қай салада да намысты қолдан бермейтіндей үрдіске арна 
ашсақ.
 
Несін  жасырамыз,  жылпостар  мен  жемқорлардың  әрқилы 
деңгейлерде болғанын, әлі де бар екенін біліп жүрдік. Осыған бір тоқтам 
болар ма екен деп те кіжінетінбіз.
 
Президент  Нұрсұлтан  Назарбаев  намысымызға  тиіп  жүрген  індетті 
бұғаулауды  қолға  алды.  Қауіпсіздік  кеңесінің  арнайы  мәжілісі 
жемқорлық деп аталатын қоғамдық дертті ауыздықтауға арналды.
 
Елбасының шалт қимылы, әлеуметтің ойынан шығып отыр. Найзағай 
ойнады.  Енді  күн  күркіреп,  селдетіп  жауын  жауар.  Бір  тазарып  қалар 
едік.
 
2006  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет