Ерлердің ісі бітер ме? ҚОс арнаның тоғысы


Қандай сипаттағы жауап алып жатырсыздар?



Pdf көрінісі
бет12/13
Дата22.12.2016
өлшемі0,9 Mb.
#108
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Қандай сипаттағы жауап алып жатырсыздар? 

 
 
Ол  жауаптың  арасында  қанағаттанарлығы  да  бар,  әлі  иін 
қандыратындары да жетерлік...   

 
 
Жалпы,  мемлекеттік  тілдегі  ақпаратқа  сұраныс  бар  деп  ойласыз 
ба?  Неге  басқаның  емес,  біздің  өзіміздің  мемлекетіміздегі  ақпараттың 
басым  бөлігі  алдымен  өзге  тілде  әзірленіп,  сосын  барып,  мемлекеттік 
тілге аударылады. Негізінде керісінше болуы керек емес пе?  

 
 
Кеше  ғана  Ұлттық  халық  санағы  өтті  ғой.  Соның  қортындысы 
бойынша, біз, қазақтар 67 пайызға жетіппіз. Енді бес-он жылда 87-90  пайыз 
болып  қалуымыз  да  ғажап  емес.  Сол  кезде  сіз  айтып  отырған  мәселе  өз-
өзінен күн тәртібінен түсіп қалады. Сонда біздің барлығымыз да тек өз ана 
тілімізде сөйлеп, тек мемлекеттік тілдегі ақпаратпен сусындайтын боламыз. 
Дәл қазіргі жағдайда мемлекеттік тілге көшу тұйықталып қалған жоқ, керекті 
процесс  жүріп  жатыр.  Бұл  өзінің  логикалық  сабақтастығын  таба  беретін 
болса,  белгілі  бір  нәтижеге,  біз  діттеген  межеге  де  жеткізетін  болады. 
Сонымен қатар, әркімнің конституциялық құқығы бар ғой, оны да ескермеске 
болмайды. «Сен біздің газетті ғана оқып, біздің газеттегі ақпаратты ғана ал» 
деп  ешкімге  ештеңені  байлап,  таңып  бере  алмаймыз.  Мұның  өзі  сайып 
келгенде конституциялық құқыққа қол салу болып табылады. Ал халық қай 
жерде, ненің салмағы басым болса, соған өзі-ақ ойысатын болады. Сонда сіз 
айтқан  жайлардың  барлығы  да  шешілетіні  айқын.  Айталық,  бізге  біреулер 
Өзбекстанды  мысалға  келтіріп  жатады.  Алайда  ондағы  тұрғылықты  халық, 
өзбектердің саны 30  млн ғой. Олар қоғамның барлық саласында тек қана өз 
тілдерінде  сөйлейді.  Өзбек  елінде  тіл  мәселесіне  арналған  комитет,  немесе 
агент  құру,  болмаса,  жекелеген  азаматтардың  желігін  көрсететіндей  мәселе 
жоқ.  Ал  біздің  елде  әлеуметтік  мемлекет  құрып  жатқандықтан,  халықтың 
тұрмыс  жағдайы  бірінші  кезекте  тұрады.  Алдымен,  осы  мәселелерді  шешіп 
алу  керек  болады.  Еліміздегі  саясат  та  осыған  бағытталған.  Сырт  жақтағы 
отандастарымызды  бері  шақырып,  «Нұрлы  көш»  тәрізді  бағдарламалар 
бойынша  іс-шаралар  атқарып  жатқанымыздың  өзі  де  түсінген  жанға  көп 
нәрседен хабар береді.  Өмірге жаңа келген балаға берілетін жөргекақы мен 
басқа  да  жәрдемақылар  халықтың  өсіп-өнуіне  жасалған  көмек  болып 
табылады.  Халық  әлеуметтік  жағынан  қамтамасыз  етілсе  ғана  өз  мәселесін 
тиісті деңгейде шеше алатын дәрежеге қол жеткізетін болады.  

 
 
Атқарушы  биліктің  сіздердің  басылымдарыңызда  жарияланған 
мақалалар бойынша тиісті қортынды шығарған кезі болды ма? 

 
 
Мен бір кездегі «Социалистік Қазақстан» баслымында жұмыс істеген 
кезде  сыни  мақалалар  жарияланса,  сын  объектісі  болған  жерлерден  жауап 
келіп  жататын.  Кемшілікке  жол  бергендер  болса,  жазаланып  тұратын.  Ал 
бүгінгі біздегі БАҚ туралы заң бойынша ақпарат құралдары қоғамдық пікірді 
қалыптастыру рөлін ғана атқарып отыр... 

 
 
Сонда қазіргі БАҚ-тың қызметі өзгерді демексіз ғой. 


 
 
Иә,  бұрынғымен  салыстырғанда  бүгінгі  БАҚ-тың  қызметі  өзгерді. 
Алайда БАҚ бұрын партияның құралы ғана болатын. Ал қоғамда демократия 
салтанат  құрған  жағдайда,  БАҚ  жаңа  қатынастарға  негізделген  қоғамдық 
пікірді  қалыптастырушы  рөлін  атқарып  отыр.  Баспасөз  туралы  заңда  осы 
мәселе  айқын  көрсетілген.  Сондықтан  біз  заң  шеңберінен  асып  кете 
алмаймыз. 

 
 
«Қазақ  газеттері»  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестігінің  он 
жылдығына  байланысты  ғылыми-тәжірибелік  конференция  өткізеді 
екенсіздер.  Бұл  өткен  жолға  баға беріп,  алдағы  межені  айқындауға  сеп 
болса керек-ті... 

 
 
Біз  серіктестіктің  он  жылдығын  дағдарысқа  байланысты  тойшылдық 
сыңайында емес, ретіне қарай ұтымды тұрғыда, іскерлік жағдайында, өзімізге 
пайдалы  жағынан  атап  өтсек  деп  жоспарлап  отырмыз.    Мәселен,  БАҚ 
арасында он жылдық құрметіне орай волейболдан, шахматтан біріншіліктер 
өткіздік.    Бұл  бір  жағы  журналистердің  жаңа  қырынан  танылуға  да  себін 
тигізеді.  Бұрын  да  Сейдахмет  Бердіқұлов  атындағы,  Мұхамеджан  Серәлин 
атындағы біріншіліктер өткізіліп тұратын.  Екіншіден, Әл-Фараби атындағы 
Қазақ  ұлттық  университеті  журналистика  факультетімен  бірлесіп, 
халықаралық  ғылыми-тәжірибе  конференция  ұйымдастырмақпыз.  Жиын 
«Журналистикадағы  менеджемент  және  маркетинг»    тақырыбында  өтеді. 
Онда  «Қазақ  газеттері»  серіктестігінің  даму  жолдары,  проблемалар  мен 
перспектива жайы  жан-жақты сөз болады.   

 
 
Жалпы,  бүгінде  еліміздің  ақпарат  айдынынан  ойып  орын  алған 
«Қазақ  газеттері»  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестігін  құру  әуелде 
қандай қажеттіліктен туындады? 

 
 
Тоқсаныншы  жылдары  қазақ  басылымдары  бюджеттен  тыс  қалды. 
Мұның  бәрі  ілгеріде  бюджетттен  қаржыландырылып  келе  жатқан 
басылымдарға  кері  әсер  етті.  Қаржы  болмаған  соң,  мәселе  тұйыққа  тірелді. 
Журналистердің  айлап  қаламақы  алмаған  кездері  болды.  Баспаға  қарыз 
көбейді.  Газет  журналдар  айлап  шықпай  қалды.  Оқырмандар  мазасыздана 
бастады.  Газетке  жазылушылар  азайып  кетті.Кейде  екі  нөмірді  біріктіріп 
басқан кездер де болды. Міне, осындай өлара сәтте Елбасы шешіміне сәйкес 
қазақ  басылымдарының  басын  біріктіріп,  бір  жерден  қаржыландыру    үшін 
осындай ұйым құрылған болатын. Сол негізде 1999  жылы 12 маусымда жеті 
бірдей қазақ басылымы «Қазақ газеттері» жабық акционерлік қоғамы аясына 
бірікті. Олардың барлығы да рухани басылымдар еді. Басылымдарды басқару 
орталықтанғаннан кейін мәселені нарықтың жағдайына бейімдеп шешу жайы 
қолға  алынды.  Қазіргі  шарттарға  бейімделген  басқару  аппараты  құрылды. 
Газет-журналдардың баспахана алдындағы қарыздары қайтарылды. Редакция 
қызметкерлерінің  айлап  ала  алмай  жүрген  жалақы-қаламақылары  төленді. 
2003 жылы «Қазақ газеттері» акционерлік қоғамы өз-өзіне келіп, аяғынан тік 
тұрды.  Құрылғаннан  бергі  10  жыл  ішінде,  әуелі  жабық  акционерлік  қоғам 
болып,  одан  кейін  2006  жылы  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестік  болып 
құрылып,  құрылымдық  өзгерістерді  де  бастан  кешірді.  Қазір  «Қазақ 

газеттері»  серіктестігі  құрамында  3  газет,  3  журнал,  жиыны  6  басылым 
шығып жатыр. 

 
 
Осы оңтайландырылған 10 жыл ішінде бұл ұйым өзін ақтай алды 
деп айта аламыз ба? 

 
 
Айта аламыз. 

 
 
Алда  да  осы  бағытпен  тарта  бермексіздер  ме,  әлде  басқалай  тың 
жоспарларыңыз бар ма? 

 
 
Бұл оңтайландырудың көптеген ерекшеліктері бар. Біріншіден, біздің 
ұйым  құрамындағы  газет-журналдарға  еркіндік  бергенбіз.  Шығармашылық 
ұжымға  әкімшілік  тарапынан  қысым  жасаудың  ауылы  алысқа  кетті. 
Екіншіден,  біздің  серіктестік  құрамындағы  басылымдардың  тақырыптық 
жағынан бір-бірін қайталамайтын өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалға, «Ана 
тілі»  апталығы  елдегі  руханият  жайынан  қозғайтын  болса,  «Экономика» 
газеті  атына  сай  экономика  тақырыбын,  оның ішінде  еліміздің  дағдарыстан 
шығу  кезеңіндегі  жағдайын  талдап  көрсетеді.  Олардың  жұмыс  барысын 
ақылдастар  алқасы  таразылап,  екшеп,  шешіп  отырады.  «Ақиқат»  пен 
«Мысль»  журналдары  қоғамдық-саяси  мәселелерді,  оның  теориялық 
аспектілерін  талқылап  отыруға  арналған  басылымдар  болып  табылады. 
Серіктестік аясында таяу уақыттан бері шығып жатқан «Үркер» журналы жас 
таланттардың  шығармаларын  насихаттауға  арналған.  Жер-жердегі  дарынды 
жастардың  ұмтылысы  мен  құлшынысын  көрсету  үшін  ойдағыдай  жұмыс 
істеп жатыр деуге негіз бар.  

 
 
Қашан да, қай заманда да мәселені кадр шешеді. Бұрын бірді-екілі 
жоғару  оқу  орнында  ғана  журналистика  факультеті  болатын.  Ал  қазір 
мұндай  факультет  көптеген  оқу  орындарында  ашылып  жатыр.  Қазір 
журналистпіз  дегендерді  көбейтіп,  қадірін  кетіріп  алған  жоқпыз  ба? 
Екіншіден,  осы  мамандар  сапасы  жағынан  тиісті  талаптарға 
қаншалықты жауап беріп отыр – осыған көзқарасыңыз қалай?  

 
 
Иә, бұрын тек ҚазҰУ- да ғана журналистика факультеті болатын. Біз 
бәріміз  соны  бітіріп  шықтық.  Ал  бүгінде  елдегі  17  бірдей  жоғары  оқу 
орнында журналистика факультеті бар екен. Бұл жерде сападан санға қарай 
ауытқушылық  бар  секілді.  Менің  ойымша,  өзіндік  тәжірибеге  ие  Алматы, 
Астана, Қарағанды және Ақтөбедегі журналистика факультеттерін қалдырса, 
соның өзі де бізге былай жетеді. Біз мұндайда саннан сапаға қарай бір қадам 
аттар едік. Сонда оқу сапасы да, оқыту методикасы да артар еді.     

 
   
Сонымен  қатар  басқа  кейбір  елдер  тәжірибесіне  қарасақ, 
журналистерді төрт-бес жыл бойы оқытуды қажет емес деп есептейді де, 
журналистиканы қатынас – пиар факультетінің бір курсы ретінде ғана 
қарастырады. Бізге де осындай жаңаша бір серпін, жаңаша бір жоспар-
жоба жасау керек деп ойлмайсыз ба? 

 
 
Менің  ойымша,  журналисті  тек  диктофон,  камера,  репортер  арқалап 
жүретін  маман  деп  түсінбеген  абзал  болар  еді.  Бір-екі  жыл  оқығандар  сол 
өздері жеткен деңгейден аспай қалады. Нағыз журналист болу үшін базалық 
білімнің  түп-тұқиянына  дейін  білетін  маман  болып  жетілу  керек.  Ол  үшін 
университеттің  толық  курсынан  сусындау  керек  болады.  Журналист 

теориялық  біліммен  де  қарулануы  керек,  практиканы  да  толықтай  игеруі 
қажет.  Сондай-ақ  өндірістік  тәжірибені  меңгеріп,  өзінің  шеберлігін  ұстарта 
білетіндерден  ғана  нағыз  журналист  шығады.  Базалық  білім  берумен  қоса 
журналистика  факультеттерінде  білікті  журналистер  өздерінің  мастер-
класстарын  да  өткізсе,  нұр  үстіне  нұр  болар  еді.  Осы  ретпен  келгенде, 
лабороториялық  жұмыстарды  да  редакцияларда  өткізген  дұрыс  деп 
ойлаймын.  
Сондықтан  білікті  маман  дайындап  шығу  үшін  қазіргі  4    жылдық 
бакалавриатураны үзбей жалғастыра беру қажет. Осы 4  жыл ішінде болашақ 
маманның қазақ зиялысы ретінде өзіндік интеллектісі қалыптасуы керек. Ол 
азамат  ретінде  осы  аралықта  өзін-өзі  байытуға  тиісті.  Жан-жақты  білімді 
болғанда  ғана  мықты  журналист  шығады.  Келешек  маман  міндетті  түрде 
қазақ журналистикасының өткені мен бүгінін білуі қажет.  

 
 
Бүгінгі  таңда  базалық  білім  алмастан  журналистикада  тәп-тәуір 
еңбектеніп жүргендер баршылық. Олар тіпті белгілі бір салаға, айталық, 
экономика,  саясатқа,  әскерге    бейімделген  маман  ретінде  сол  саланың  
қыр-сырына тереңдеп баруымен ерекшеленетіндей. Мәселен, банкир Г. 
Марченко  брифинг  сайын  тақырыптан  ауытқып,  жазарман  ағайынды 
жазғырады  да  жатады.  Бұл  журналистің  маманданбауының  салдары 
емес пе екен. Айталық, осы күнге дейін ыстық нүктелерден біздің тілде  
хабар  тарататын  журналистер  тағы  жоқ...  Осының  бәрі  интернеттен 
көшіріп  демейік,  бірақ  үстел  басынан  ұзамайтын  әуесқойлардың 
қатарын  көбейтіп  жатқан  жоқ  па.  Бәлкім,  журналистер  дайындайтын 
жоғары  оқу  орындары  осының  бәрін  үйлестіре  алмай  отырған  шығар, 
болмаса, басқаша да себебі бар шығар? Бұл турасында не айтасыз?  

 
 
Мұндайда  журналистика  факультеттеріндегі  оқыту  методикасын 
жетілдіру кезек күттірмейтін шара дер едім. Айталық екінші-үшінші курстан 
кейіннен болашақ маманды бейімдеу курстары өткізілуі қажет деп санаймын. 
Әлеуметтану  бағытында  жұмыс  жасаймын  дегендер  үшін  социологияны 
тереңдей  оқытса,  экономика,  немесе  заң  тақырыптары  бойынша 
еңбектенемін  дегендерге  де  сондай  жағдай  жасалса,  бұл  әрине, 
журналистердің салалық тақырыптарды игеруіне игі ықпал етпек. Бұл үшін 
сырттан білікті мамандарды көптеп тартқан тиімді болмақ.  
Ал негізі білімі экономика, немесе заң саласы бола тұра журналистикада 
жүрген  азаматттарды  қуана  қолдаған  жөн.  Өйткені  олар  өз  саласының  етін 
қайнатып,  сорпасын  ішкен  мамандар.  Бұдан  журналистика  ұтпаса, 
ұтылмайды.    

 
Әңгімеңізге рахмет! 
       
Алашқа айтар датым... 
        
Бүгінде елдегі 17 бірдей жоғары оқу орнында журналистика факультеті 
бар  екен.  Бұл  жерде  сападан  санға  қарай  ауытқушылық  бар  секілді.  Менің 
ойымша, өзіндік тәжірибеге ие Алматы, Астана, Қарағанды және Ақтөбедегі 
журналистика факультеттерін қалдырса, соның өзі де бізге былай жетеді. 
 
Сұхбаттасқан Қуанышбек ҚАРИ                                     2009 жыл 

МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІН КӨТЕРУ – МЕМЛЕКЕТТІК ІС, АЛ ОҒАН 
АТСАЛЫСУ БӘРІМІЗДІҢ МІНДЕТІМІЗ 
 
Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрі  Бақытжан 
Жұмағұловпен сұхбат 
 
– 
Бақытжан  Тұрсынұлы,  бұл  күндері  Қазақстан  Республикасында 
«2011-
2020  жылдарға  арналған  Білім  беруді  дамытудың  Мемлекеттік 
бағдарламасын»  жүзеге  асыру  бағытында  білім  беру  жүйесінде 
жүргізіліп  жатқан  жұмыстарды  жұртшылық  тереңірек  білуге  ықылас 
танытып жүргені өзіңізге де мәлім болса керек. Бұл бағдарламада білім 
беруді  қаржыландыру  жүйесіндегі  көптеген  жаңа  әдіс-тәсілдер,  оны 
ұйымдастыру, жастарды тәрбиелеу секілді мәселелер де қамтылды емес 
пе? Сондай-ақ, мұнда педагогтардың дәрежесі туралы да арнайы бөлім 
бар. Мектеп үшін мұғалімнің мәртебесі деп, ең бірінші, қандай мәселені 
атап айтар едіңіз? Содан кейін мұндағы екінші мәселе не деп ойлайсыз? 
– 
Баршаға мәлім, еліміздің болашағы кемелді болуының жолдарын кемеңгер-
лікпен  айқындаған  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың 
мемлекеттік сара саясатында еліміз тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап, 
білім  беруді  дамыту,  адам  капиталын  жетілдіру  бұлжымас  басым  бағыт 
болып келеді. Елбасымыз Қазақстан қарыштап даму жолына түсу үшін нақты 
шешім  қабылдай  алатын  және  оны  жүзеге  асыруға  қабілет-қарымы 
жететіндей  қазіргі  заманғы  біліммен  қаруланған  мамандар  қажет  екенін 
қадап айтқаны баршамызға мәлім. Елбасымыз: «Білім дегеніміз – жекелеген 
адамдар  үшін  де,  сондай-ақ,  бүтіндей  ел  үшін  де  ең  басты  құндылық  және 
табысқа  жетудің  негізі»  екенін  атап  көрсетіп,  әлемдегі  озық  елдердің 
қатарына  Қазақстан  да  қосылу  үшін  барынша  тиімді  ықпал  ететін  жаңаша 
білім беру жүйесін қалыптастыру аса қажетті екенін нұсқаған еді. Былтырғы 
жылы  қабылданған  «Білім  беруді  дамытудың  2020  жылға  дейінгі 
Мемлекеттік бағдарламасы» осынау стратегиялық бағытты жүзеге асырудың 
нақты  көрінісі  болып  табылады.  Ол  біздің  білім  беру  жүйесінің  жұмысын 
түбірімен  өзгертуге  тиіс.  Міне,  сондықтан  да  соңғы  екі  жылдан  бері 
педагогтардың  дәрежесін  айқындау  білім  берудің  сапасын  арттыратыны 
анықтала  түсуде.  Сөйтіп,  мұның  өзі  қазіргі  кезеңдегі  ең  түйінді  мәселеге 
айналды.  Міне,  сондықтан  да  Елбасымыздың  Қазақстан  халқына  арнаған 
биылғы  Жолдауында  былай  деп  көрегендікпен  нұсқап  айтылды: 
«…педагогтар  құрамының  сапасын  арттырудың  маңызы  зор.  Арқаулық 
педагогтік  білім  берудің  үлгі-қалыптарын,  мектептер  мен  жобалар 
оқытушыларының  біліктілігін  арттыруға  талаптарды  күшейту  қажет.  Әр 
өңірде педагогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар 
жұмыс  істеуі  тиіс».  Біз  Елбасымыздың  осынау  көрегендік  нұсқауын 
басшылыққа  алып,  іс-қимылымызды  бұрынғыдан  да  батыл  жүргізіп, 
ізденістерге  бойлай  білуіміз  қажет.  Сонда  ғана  педагогтардың  сапасы  мен 
беделін  қазіргі  заманға  сай  арттыра  алатынымыз  анық.  Өз  басым,  шынайы 
көзқарасымды  ашып  айтсам,  педагог,  мұғалім  дегеніміз  –  бүкіл  білім  беру 

жүйесіндегі ең негізгі, ең басты тұлға болып табылады деп білемін. Өйткені, 
мектептерде  кәсіптік-техникалық  білім  беру  орындарында,  жоғары  оқу 
орындарында  жастарға  сапалы  білім,  саналы  тәрбие  дарытатын  тұлға 
мұғалімдер мен педагогтар екені даусыз. Қазіргідей аса күрделі дүниеде ой 
қорыта білу мен оқу, оқи білу де әр адам үшін бүкіл өмір бойы қажеттілікке 
айналғанын Елбасымыз атап айтқан болатын. 
Сөз  реті  келгенде  мынандай  тұжырымды  да  түйіндеп  айта  кетейін. 
Орыстың  ұлы  химик  ғалымы  Д.И.Менделеевтің:  «Мектеп  дегеніміз  –  бүкіл 
халық  пен  мемлекеттің  тағдырын  айқындайтын  аса  қуатты  күш  болып 
табылады»  дегендей  ұлағаты  үнемі  ойыма  орала  береді.  Иә,  мұғалім  – 
мектептің  басты  тірегі  ғой.  Сондықтан  да  бұл  мамандық  ең  құрметті,  ең 
беделді кәсіп болуға тиіс. Мұндай ұстаным менің жүрегімнің түпкіріне берік 
ұялаған.  Өйткені,  мен  жас  кезімде  ауыл  мұғалімі  болып  бұл  мамандықтың 
қадір-қасиетін  жете  сезінген  едім.  Ұзақ  жылдар  бойы  жоғары  оқу 
орындарында  қызмет  атқарып  ақыл-ойымды,  білімім  мен  ізденісімді  сарп 
еттім. Сондықтан да еліміздің әр педагогы мен мұғалімінің ой-арманын, үміті 
мен мүддесін өз басым терең сезінемін десем жаңсақ айтқандық болмас. 
– 
Бақытжан  Тұрсынұлы,  Сіз  математик-ғалым  ретінде  мұғалімнің 
дәрежесін қандай талаптар бойынша аса құрметті мамандық деп есептер 
едіңіз. 
– 
Өзімше  есептеп  көрейін.  Мұғалімнің  мәртебесі  бірнеше  аса  маңызды 
талаптан  құралады  деп  ойлаймын.  Біріншісі,  жоғары  кәсіби-шеберлік  және 
соған  сай  өзінің  білімін,  тәжірибесін  жас  ұрпаққа  беруге  деген  қажеттілік, 
өзінің  білігі  мен  білімін  жетілдіруге  ұмтыла  білу  қасиеті.  Екіншісі, 
мұғалімнің  бойындағы  жоғары  ізгілік  құндылығы,  патриотизмі  мен 
адамгершіліктен  айнымауы,  мейірбандылығы,  мақсатына  жетудегі 
табандылығы. Міне, осындай қасиеттер бойына жинақталған мұғалім жастар 
үшін  тек  білімнің  қайнар  бұлағы  ғана  емес,  жас  адамдарды  рухани  тұлға 
болуға  бастайтын  шынайы  тәлімгері  болмақ.  Үшіншісі,  мұғалімдердің 
біліктілігін  арттыруға  ынталандыратын  лайықты  еңбекақы  болуы  тиіс. 
Төртіншісі,  қоғамдағы  құрметі  мен  жоғары  абырой-беделі.  Мұның  өзі 
жоғарыдағы үш мәселені тоғыстырып, айқындайтын болады. 
– 
Кәсібилік  тұрғысынан  қарағанда,  мұғалімнің  дәрежесін  арттыру 
үшін соңғы жылдары қандай нақты шаралар жүзеге асырылды? 
– 
Бұл  мәселеде  біз,  сірә,  революциялық  өзгерістер  жасадық  деп 
ойлаймын.  Қазіргі  қызмет  етіп  жүрген  мұғалімдердің  біліктілігін  көтеру 
жүйесі  түбірімен  қайта  қарастырылды.  Педагогтардың  кәсіби  шеберлігін 
арттыру  жөніндегі  Ұлттық  орталық  «Өрлеу»  акционерлік  қоғамы  құрылды. 
Бұған  бұрынғы  облыстық  мұғалімдердің  білімін  жетілдіру  институты  мен 
Астана және Алматы қалаларындағы біліктілікті жетілдіру институты кірді. 
Назарбаев зияткерлік мектептері жанынан педагогтардың шеберлігін шыңдау 
орталығы құрылды. Нақ осы жаңа құрылым мұнда Қазақстан мұғалімдерінің 
шеберлігін  тұрақты  түрде  жетілдіру  жұмыстары  жүргізіліп,  бүкіл  әлемдегі 
озық  тәжірибелер  негізінде  мүлде  жаңа  бағдарламалар  мен  әдіс-тәсілдер 
жасалатын  болды.  Мұнда  оқу  үш  кезеңге  бөлініп,  төрт  сатылы  болып 

құрылды.  Нақты  айтқанда,  дәрісханаларда  «бетпе-бет»  оқыту,  қашықтан 
онлайн  оқытуы  және  тағы  да  дәрісханаларда  оқыту.  Мұндағы  ең  негізгі 
енгізілген  жаңалық  қайта  даярлаудың  нақты  мерзімі  –  сын  көзбен  қарап 
ойлай білуге үйрету, ақпараттық коммуникациялық технология, оқушыларды 
тұрақты  зерттеу,  сыни  тұрғыдан  бағалау  және  т.с.с.  Біз  қазірдің  өзінде,  4 
сәуірден  бастап  осы  жүйе  бойынша  қайта  даярлау  жұмысын  бастадық. 
Алдағы  бес  жылда  еліміздің  бүкіл  мұғалімдерінің  50  пайызын  қайта 
даярлаудан  өткізуді  жоспарлап  отырмыз.  Бұның  өзі  білім  беру  сапасын 
арттырудағы және мұғалімдердің дәрежесін көтерудегі айтарлықтай маңызды 
қадам деуге болады. Бұл мұғалімдердің баспалдақ секілді кәсіби біліктілігін 
жетілдіре отырып өсуіне зор ықпал ететіні сөзсіз. 
Мұғалімдердің еңбекақысы айтарлықтай көбейе түсуде, сонымен қатар, 
мұғалімдердің  біліктілігін  белгілейтін  тәуелсіз  жүйені  де  қалыптастыра 
бастадық.  Сөйтіп,  жаңа  жүйе  бойынша  біліктілігін  арттырған  педагогтар 
үшін де бұл алғашқы қадам болмақ. Мұндай дайындық курсын бітіріп, кәсіби 
сынақ  тапсырған  педагогтарға  сертификаттар  беріледі.  Мұндай  құжат 
олардың  еңбекақысын  қосымша  өсіруге  құқық  береді.  Үшінші  дәрежелі 
сертификат алғандардың жалақысына 30 пайыз, екінші дәрежелі сертификат 
алғандарға 70 пайыз, ал бірінші дәрежеге ие болғандарға еңбекақысына 100 
пайыз үстеме қосылады. Мұның өзі айтарлықтай-ақ ынталандыру емес пе?! 
– 
Мұндай курста оқу кезінде мұғалімдердің еңбекақысы сақтала ма? 
– 
Әрине,  сақталады.  Сондай-ақ,  курсқа  оқуға  кеткен  педагогтардың 
орындарында қызмет еткендерге де қосымша төлем жасалады. 
– 
Мұндай  жағдайда,  сірә,  педагогикалық  жоғары  оқу  орындары 
жүйесін, яғни болашақ мұғалімдерді дайындайтын оқу жүйесін осындай 
жаңалықтар  тұрғысынан  өзгерту  жолдарын  қарастыру  керек  болар? 
Әйтпесе, олардың түлектерін тағы да қайта оқытуға тура келеді ғой. 
– 
Дұрыс  айтасыз.  Біз  қазірдің  өзінде  педагогикалық  жоғары  оқу 
орындарына мүлде жаңа жоғары талап қоятын болдық. Соған орай, мұндай 
оқу  орындарының  саны  да  қысқарады.  Педагогтарды  дайындайтын  оқу 
орындарында  педагог  мамандықтарын  дайындау  бойынша  гранттар  бағасы 
да  арта  түседі.  Өз  кезегінде  педагог  мамандығына  оқуға  түсетін 
абитуриенттер  үшін  қосымша  сынақтар  енгізілмек.  Мұндағы  мақсат  – 
олардың  бұл  мамандыққа  бейімділік  дәрежесін  айқындау,  яғни  олар 
балалармен  жұмыс  істеуге  талпына  ма,  психологиялық  адамгершілік 
ұстанымы қандай және тағы басқалар. Мұндай жүйе көптеген озық елдерде 
табысты  қолданылып  келеді.  Бізде  де  сәтті  болып  жүзеге  асуы  үшін  оның 
түрлі жолдарын іздестіре бастадық. 
– 
Редакциямызға оқырмандардан әлі күнге дейін мұғалімдер туралы 
фильмдер  аз  деген  мәндегі  хаттар  көптеп  келеді.  Тәуелсіздік  алғалы 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет