«Ерте жастан көмек көрсету жүйесі» пәніне кіріспе



бет10/19
Дата31.10.2022
өлшемі287 Kb.
#46402
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
«Ерте жастан к мек к рсету ж йесі» п ніне кіріспе

1. Онтогенетикалық принцип: түзету-педагогикалық жұмысты жоспарлап, іске асыру кезінде бала дамуындағы ақыл-ой және жеке бастық қасиеттердің жасқа байланысты өзгеріп отыруын ескеру қажет.
2. Жеке бастық-бағдарлық принцип: түзету-педагогикалық процессті жоспарлауда баланың психикалық даму ерекшеліктері зерттеліп, ескерілуі тиіс. Бала дамуындағы ауытқуларды зерттеудің сандық және сапалық нәтижелері түзету жұмысын жоспарлаудағы негізгі бағдар болып табылады. Зерттеу нәтижелері баланың қоршаған ортамен байланысының шектелу дәрежесін, баланың психикалық даму және қызығушылықтар ерекшелітерін, мүмкіндіктері мен қабілетін анықтайды. Аталған принцип әр түрлі психофизикалық жағдайдағы балаларға жеке дамыту бағдарламасы мен жіктелген оқыту түрін қолдануды меңзейді.
3. Дамыта оқыту принципі. Бағдарлама бала мүмкіндіктері мен жеке тұлғалық қасиеттерін арттыруға, оның денсаулығын нығайтып, психикалық дамуын жас деңгейіне сәйкестендіруге бағытталады. Яғни, арнайы білім беру мекемелері мен отбасында бала мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жағдай туғызылуы тиіс.
4. Даму барысындағы ауытқуларды диагностикалау мен түзету жұмыстарының біртұтастығы. Бұл принципті орындау үшін баланың психикалық дамуын, жастық және жеке бастық қасиеттерін зерттеп, психофизикалық талпындыруға бағытталған жоба құру қажет.
5. Іс-әрекеттік принцип. Бұл жерде мүмкіндіктері шектеулі баланың онтогенездегі психикалық қалыптасуына іс-әрекеттік әсердің маңыздылығы қарастырылады. Бағдарлама әр жас кезеңіндегі жетекші іс-әрекет түрін дамытуға бағытталуы тиіс. Түзету жұмыстары баланың күнделікті жағдайдағы заттық-практикалық іс-әрекетін дамыту арқылы жүзеге асады.
6. Кешенді көмектің түзету бағыттылық принципі: Түзету бағдарламасы мүмкіндігі шектеулі баланың жоғалтқан қызметтік функцияларының орнын толтыруға бағытталуы тиіс. Сабақ барысында түзету және орнын толтыру мақсатында арнайы әдіс-тәсілдер қолданылады.
Бұл принципті орындау үшін ЖДБ баланың аутқу ерекшеліктеріне сай компенсаторлық іс-шараларды қамтуы тиіс: естімейтін және шала еститін балалардың есту қабылдауы мен сөйлеу қабілетін дамыту, тірек-қозғалыс аппаратында ауытқулары бар балалардың қимыл-қозғалысын дамыту, тілдік дамуында тежелістері бар балалардың тілін дамыту және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет