«Ерте жастан көмек көрсету жүйесі» пәніне кіріспе



бет13/19
Дата31.10.2022
өлшемі287 Kb.
#46402
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Байланысты:
«Ерте жастан к мек к рсету ж йесі» п ніне кіріспе

Ата-аналарға кеңес беру. Кеңес беру жұмысы ата-аналар және балалармен кездесулерді білдіреді. Кеңес беру көлемі бала дамуындағы тежеліс күрделілігіне және ата-ананың педагогикалық біліктілік дәрежесіне байланысты болады. Сонымен қатар балаларын түзету кабинеттеріне әкелуге мүмкіндіктері жоқ ата-аналар бір реттік кеңес ала алады. Кейбір жағдайларда ата-аналарға баланың болашақтағы білім алуы туралы кеңес беріледі: психолого-педагогикалық зерттеу нәтижелері негізінде бала ПМПК немесе басқа мекемелерге жіберіледі. Ал кейбір ата-аналар бала тәрбиесі, мінез-құлық ерекшеліктері мен әлеуметтік проблемалар туралы бір реттік кеңес беруді қажет етеді.
Түзете-дамыту көмегі отбасындағы тұрмыстық тілге сай, әлде болмаса ата-аналардың сұранысы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде, мүмкіндік болған жағдайда басқа тілдерде де беріледі.
3 жасқа дейінгі түзету-педагогикалық көмегінің мерзімі аяқталысымен бала мектепке дейінгі жастағы балаларға қызмет ету бөліміне ауыстырылады.
Осылайша баланың жеке түзете-дамыту бағдарламасына сай мамандар тобы келесі бағыттағы іс-шаралар кешенін жүзеге асырады:

    • емдік-қалпына келтіру іс-шаралары (медикаментоздық және физиоте­рапевтік ем, емдік дене шынықтыру, массаж және т.б.);

    • түзете-дамыту сабақтары;

    • ата-аналарға әлеуметтік-құқықтық кепілдіктер, мүмкіндіктері шектеулі бала күтімі, емі және дамуы туралы сұрақтар бойынша кеңес беру.

ТП ҰҒПО-ның бейімдеу орталығындағы стационарлық және арнайы медициналық кеңестік-диагностикалық көмекті қажет ететін бала Емдік түзету бөліміне жіберіледі. Онда балаға қажетті медициналық қызметтер жасалады.


7Ерте жастағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға түзете-дамыт көмегін көрсету бағыттары

Ерте жастағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға түзете-дамыту көмегін көрсету процессінің тиімділігі оның кешенділік сипатына байланысты. Яғни түзете-дамыту жұмыстарының мазмұны келесі үш бағытты қамтуы тиіс:





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет