Ертегілерде оқиғасы өмірде сирек кездесетін не болмаса адамның қиялынан туған, өмірде мүлдем кездеспейтін оқиғалар баяндалады. Ертегілер көбінесе қарасөз


Әлібек – Айманның сүйген жігіті Арыстан



бет14/22
Дата07.01.2022
өлшемі69,79 Kb.
#17146
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
Әлібек Айманның сүйген жігіті

Арыстан – Көтібардың інісі, Шолпанның сүйген жігіті

Көтібар – қара күштің иесі, батыр

Теңге – «Батырдың» ерке де долы тоқалы

Есет – «Батыр» мен Арыстанның жалғыз бауыры

 

Жырда Көтібар, Есет, Арыстан сияқты тарихи тұлғалардың есімдерінің аталуы – жырдың тарихилық сипатын арттыра түседі.



 

«Көңілі кең, ақылы дана» Айман сіңілісі Шолпан екеуінің басына іс түскенде, аспай-саспай барлық қиыншылықты ақылмен, сабырмен жеңеді. Өзі сүйген жары Әлібекке қосылады, Шолпан мен Арыстанның тіл табысуына өзі дәнекер болып, Көтібарды ақыл мен айланың торына шырмап тастайды. Жырдағы күні өтіп бара жатқан ескі мен жаңаның арасындағы тартыс жаңашыл топтардың жеңісімен аяқталады.
Осы бөлім бойынша тест тапсыру

СҰРАҚТАР

  1. Батырлар жырын көрсетіңіз.

  2. Батырлар жырына жатпайтын қатарды көрсетіңіз.

  3. «Батырлар жырының көбі Алтын Орда дәуірінде болған тарихи адамдар туралы», – деген пікірді кім айтқанын көрсетіңіз.

  4. Өз елінің ханына қылмысты болып, Қырық сан Қырым жұртына қашып келген батырды көрсетіңіз.

  5. Қобыланды батырдың қарындасының атын табыңыз.

  6. Қызылбас елінің ханы кім екенін белгілеңіз.

  7. Үзіндідегі бос орынға керек сөзді көрсетіңіз.

...Сұлтаныма сәлем де

Тілімді алса, бармасын,

Біз байлаған Бурылда

________ күндік кемдік бар.



  1. Қобыландыға «Аяғыммен күрес» деп, астамшылық көрсеткен кім екенін көрсетіңіз.

  2. Қобыланды батырға ғашық болған сұлу қызды көрсетіңіз.

  3. Қазанның Сырлы қаласын Қобыланды неше күнде алғанын табыңыз.

  4. Қобыландының өзі жоқта елін жаулап алған ханды көрсетіңіз.

  5. «Қобыланды батыр» жырындағы Қарлыға сұлудың тұлпарын көрсетіңіз.

  6. Өзі сүйген қызды алып қашқан батырды көрсетіңіз.

  7. Үзінді қай жырдан алынғанын және кімнің бейнесі екенін көрсетіңіз.

...Кеудесі болды кепедей,

Мұрны болды төбедей.

Күрек тісі кетпендей...


  1. Ш. Уәлихановтың айтуынша, батырлар жыры қай ғасырларда жасалғанын көрсетіңіз.

  2. Ғашықтық, сүйіспеншілік тақырыбындағы жыр қалай аталатынын табыңыз.

  3. Лиро-эпос жырына жатпайтын қатарды белгілеңіз.

  4. Лиро-эпос жырын көрсетіңіз.

  5. Көшпенді қазақ қауымының тіршілігі көбірек суреттелген жырды көрсетіңіз.

  6. Үзінді ауыз әдебиетінің қай түріне жататынын табыңыз.

Сегіз сай тау біткенді сала, аман бол!

Халайық, қалған елдің шалы, аман бол!

Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,

Ойнап-күліп, ержеткен, жер аман бол!



  1. Ақ Жайық аруларына ынтық болған ер жігітті көрсетіңіз.  

  2. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырындағы Айбастың кім екенін көрсетіңіз.

  3. Үзінді қай жырдан алынғанын көрсетіңіз.

Мен бір сұлу табайын,

Патшамыздың жалғызы –

Аты Жібек сұрасаң,

Кереметін барып көр.



  1. Төлеген Қыз Жібекті неше көштен кейін кездестіретінін белгілеңіз.

  2. «Аруақты туған ер болсаң, не қыласың бір қызды» – деп, Ер Тарғынға тоқтау айтатын жырауды белгілеңіз.

  3. Сонда Бурыл гуледі,

Табаны жерге тимеді,

Көлденең жатқан көк тасты,

Тіктеп тиген тұяғы

Саз балшықтай иледі («Қобыланды батыр»). Үзіндідегі көркемдік тәсілді табыңыз.



  1. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырында Қозы мен Баянға тілеулес боп, көмектесетін жандар кімдер екенін белгілеңіз.

  2. «Қолаң шашты, қой көзді алшаңдаған аруым» деп, қай батырдың сүйген жарына тіл қататынын табыңыз.

  3. «Аспанда ұшқан, алты қаз,

Сіздер тірі, мен өлі» – деп, өлім алдында алты қазбен қоштасатын лиро-эпостық жыр кейіпкерін табыңыз.

  1. «Ер Тарғын» жырында батырды 2 рет алдаған ханды белгілеңіз.

  2. 1675-1768 жылдары өмір сүрген, әйгілі Бөгенбай батырға жыр арнаған жырауды көрсетіңіз.

  3. Қазанның Сырлы қаласын Қобыландының неше күнде алғандығын көрсетіңіз.

  4. Қозы мен Баянға арналған ескерткіш тұрған жерді табыңыз.

  5. «Қобыланды батыр жырының» негізгі тақырыбы (-тары)

  6. «Алпамыс батыр» жырының көне жыр екенін айғақтайтын белгісі (-лері)

  7. «Қыз Жібек» лиро-эпостық жырының кейіпкерлері

  8. Ер Тарғын жырынан берілген үзіндідегі теңеулер

От орындай тұяқтым,

Омыртқаң бар отаудай.

Жаурыныңа қарасам,

Сыпыра шапқан тақтайдай.

Құйрығыңа болайын;

Қыныптан шыққан қанжардай!



  1. Қамбар батыр жырындағы Назым қыздың ағаларының аттары

  2. Шығыс әдебиеті негізінде нәзира дәстүрімен жазылған қисса-дастандар

  3. Берілген үзінді қай батырлар жырынан алынған?

 

Тобылғы меңді торы атпен,

Дөңгелентіп жөнелді.

Атып жатқан жеріне

Іркілместен келеді.

Келгендігін баланың,

Көктім Аймақ көреді.

 

Арқа-басын сипалап,



Шұбарды бала ұстады.

Қарғып мініп жас бала,

Ашуы кернеп жөнелді.


  1. Берілген үзінділер алынған батырлар жыры  

 

Тоқтарбайдың жылқыда

Тоқсан құлы бар еді,

Тоқсанының бастығы Естеміс деген ер еді.

 

Сол уақытта Шұбар ат,



Алдына келсе тістеді,

Артына келсе тебеді.

Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ең мол да ерекше саласы. Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде сапасы жағынан да, саны жағынан да ерекше орын алады. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде айтыстың бірнеше түрі бар:

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет