Ертегілерде оқиғасы өмірде сирек кездесетін не болмаса адамның қиялынан туған, өмірде мүлдем кездеспейтін оқиғалар баяндалады. Ертегілер көбінесе қарасөз



бет3/22
Дата07.01.2022
өлшемі69,79 Kb.
#17146
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Ауыз әдебиеті сұрақтар мен мәліметтер

Ауыз әдебиетінің бір түрі – аңыз әңгімелер. Аңыз оқиғалары шындық өмірден алынады, кейіпкерлері де – өмірде болған тарихта аты белгілі адамдар.

 

Аңыз оқиғалары да күнделікті өмірдегі сюжетке құрылады. Халық ауыз әдебиетіндегі аңыз әңгімелердің кейіпкерлері: Қорқыт, Жиренше, Қарашаш сұлу, Алдаркөсе, Қожанасыр. Аңыз кейіпкерлері әсіресеАлдаркөсе, Жиренше халық атынан сөйлеп, ханға қарсы өз ойын ашық айтып отырған. Халық арасына көп тараған аңыз әңгімелер: «Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай», «Жиренше мен Қарашаш сұлу», «Жиреншенің хан сынағына түскені», «Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?», «Асан қайғының Жерұйықты іздеуі», «Ақсақ құлан, Жошы хан», «Алдаркөсе мен Алаша хан», т.б.



Осы бөлім бойынша тест тапсыру

СҰРАҚТАР

  1. Қазақ ертегілері неше жікке бөлінетінін көрсетіңіз.

  2. «Үш өнерпаз» ертегісі ертегінің қай түріне жататынын көрсетіңіз.

  3. Қиял-ғажайып ертегіні көрсетіңіз.

  4. «Қыршыныңнан қиылғыр, ... ! Менің жалғыз балама әлің жеткенше, айдалада тентіреп өлген сегіз ағаңның қураған сүйегін тауып алсаң болмай ма, – дейді». Үзінді қай ертегіден алынғанын және кімге айтылғанын көрсетіңіз.

  5. «Ер Төстік» ертегісіндегі Ерназардың ақылды келінінің атын табыңыз.

  6. Ерназарға келіні қай жерге қонбау туралы айтып, кісі жіберетінін көрсетіңіз.

  7. «Ер Төстік» ертегісіндегі перінің қызының атын көрсетіңіз.

  8. Кенжекейдің көшінен жоғалған інгенді көрсетіңіз.

  9. Ерназар жалмауызға Төстіктің қандай затын беріп кеткенін көрсетіңіз.

  10. Шалқұйрықтың көлдің астынан аман-есен шығуының белгісі қандай көбік екенін табыңыз.

  11. Шалқұйрық ауыз әдебиетінің қай түріндегі қай кейіпкердің тұлпары екенін көрсетіңіз.

  12. Тұрмыс-салт ертегісін көрсетіңіз.

  13. Аяз бидің алғашқы аты қалай екенін көрсетіңіз.

  14. «Аяз би» ертегісі қандай сөздермен аяқталатынын көрсетіңіз.

  15. Қазанғап, Мергенбай қай ертегінің кейіпкері екенін белгілеңіз.

  16. Кендебай ханға биенің құлындағанын немен дәлелдейтінін табыңыз.

  17. Толағайдың ата-анасының атын көрсетіңіз.

  18. Аңыз әңгіме кейіпкерін көрсетіңіз.

  19. Асан Қайғы қандай жер іздегенін табыңыз.  

  20. Жошы ханның баласының өлімін қандай аспаппен естірткенін көрсетіңіз.

  21. Жиренше шешеннің ақылды әйелінің атын көрсетіңіз.

  22. – Еркек адам бала тумаса, еркек қой қалай қоздайды? – деген сөзді кім айтқанын табыңыз.

  23. Кендебай құлынын ненің сүтімен асырағанын көрсетіңіз

  24. «Сырттандар» ертегісінде бала неден қашатынын көрсетіңіз.

  25. Жиренше Қарашашты алғаш рет қай жерде кездестіргенін көрсетіңіз.

  26. Хан сынағына түскен Жиренше ханның шақыртуы бойынша хан үйіне немен келетінін көрсетіңіз.

  27. Ер Төстіктің сүйген жарының есімін табыңыз.

  28. Eр Төстік жер бетіне шыққан соң күресетін жауыздық иесін белгілеңіз.

  29. Шығайбай қандай образ екенін белгілеңіз.

  30. «Алдар көсе» аңызында: –«Отырайын он ай», – деп төрге шығатын кейіпкерді табыңыз.

  31. Алдардың: …Алдады деген осы, Әкем моласының қасы…– деген сөздері кімге арналғандығын табыңыз.

  32. Шыншыл ертегі (-лер)

  33. Қиял-ғажайып ертегісі (-лері)

  34. «Ер Төстік» ертегісіндегі Ер Төстікке көмекке келетін ерекше күш иелері, адал достары

  35. Қазақ аңыз әңгімелеріндегі негізгі кейіпкерлер



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет