Ертегілерді оқытуда әдіс-тәсілдерді пайдаланудың тиімді тәсілдері


Мұғалім мен оқушы арасындағы өзіндік байланыс /әдіс-тәсілдер/



бет3/3
Дата07.01.2022
өлшемі57,34 Kb.
#17032
1   2   3
Мұғалім мен оқушы арасындағы өзіндік байланыс /әдіс-тәсілдер/

- Ертегі – ауыз әдебиетнің бір саласы;


- Ертегінің тақырыптары, көтеретін мәселелері;
- Қиял-ғажайып ертегілерінің ерекшелігі;
-«Алтын сақа» ертегісіндегі фантастиккалық бейнелер;
- «Алтын сақа» ертегісінің негізгі идеясы;

- Ертегі кейіпкерлеріне / балаға, әкесіне/ мінездеме;


- Жалмауыз кемпірдің баланы таңдауы;
- Баланың - хабаршысы қарлығаш

/ «Қарлығаштың құйрығы неге айыр»/ ертегісін талдау;


-Ит-жеті қазынаның бірі;
- Жақсылықтың жеңіске жетуі;
-Ертегінің көркемдік тілі, оқырманға түсініктілігі

Баяндау, әңгімелеу


Баяндау, сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс

Оқулықпен жұмыс, ізденіс, сұрақ-жауап
Сұрақ-жауап
Баяндау, әңгімелеу,суреттеу

Ой қорыту, кейіпке кіру, әңгімелеу

Салыстыру, әңгімелеу

Баяндау, әңгімелеу

Практикалық жұмыс,


Оқушыларды оқылған мәтінді оқып-талдап қана қоймай, ертегінің мән-мағынасын түсіну, оны өз бойынан өткізе алу, одан сабақ алу мақсатында мәтіннің мазмұнына сай сұрақтар ғана қойып шектелмей, оқушыға ой салатын проблеммалық сұрақтардың ұйымдастырылуы жөн болар еді. Проблеммалық сұрақтар оқушылардың ойлау белсенділіктерін арттырады. Білімді өз ынта-жігерімен, талабымен алуға жағдай жасайды.

Мен өз сабағымда аталмыш ертегіге сай пробеммалық сұрақтарды төмендегідей үлгіде құрдым:


  1. «Алтын сақа» енртегісі қандай ертегі, қандай оқиғаларға байланысты қандай ойды ұстанасың дәлелде

  2. Ертегідегі қиял-ғажайып бейнені беріп тұрған кейіпкерлерді ата.

  3. Ертегіні қиял-ғажайыптан басқа тағы қандай ертегі түріне жатқызуға болады?

  4. Ертегі арқылы халық не айтпақ болды?

  5. Ертегінің бас кейіпкері байдың баласының бойынан қандай жағымды қылықтар байқауға болады?

  6. Байдың қандай қылығы сендер үшін наразылық сезімін туғызды?

  7. Бала мінген жылқы малы мен бала арасындағы байланыс арқылы не байқауға болады?

  8. Жалмауыз кемпірдің қызының бойынан жағымды қылық байқауға болады, болса қандай?

  9. Ертегі соңы жақсылықпен аяқталады, шынайы өмірде жақсылық жамандықты жеңе ала ма?

Мектеп бағдарламасында 6 сыныпта «Алтын сақа» ертегісінен кейін Ә.Тәжібаевтың «Толағай» ертегісі берілген. Осы ертегіні өтіп болғаннан кейін оқушылардың ертегі туралы білімдерін қорыту мақсатында екі ертегіні салыстыруға, екеуінен ортақ белгілер мен айырмашылықтар таба отырып, оқушылардың білімдерін бекіте түсуге болады. Әдеби ертегілерді оқытқанда, мына мәселелерге баса назар аудару керек:

- Әдеби ертегінің авторы болатындығы, кейде аңызға айналған оқиғалардың негіз болатындығы туралы;

- Ұқсастық, үндестік жақтары;

- Ертегінің маңызы, тәрбиелік мәні.

Халық ертегісі мен әдеби ертегіні салыстыра отырып, оқушылар өз ой-өрістерін шыңдап қана қоймай, ертегі кейіпкерлерінен үлгі-өнеге алады.



Ертегілерді оқытудағы басты мақсат – оқушыларды қанаттандырып, армандауға, қиялдауға баулу, жақсылықтан үміт күтуге болатындығына сендіру, жақсы өмірдің өзі білімділікпен, тапқырлықпен, батылдықпен келетіндігін айтып түсіндіру.

Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Қанипа Бітібаева «Әдебиетті оқыту әдістемесі мен технологиясы» , «Мектеп» баспасы2003 ж.

  2. Қ. Әбдезұлы, С.Ч. Тұрсынғалиева «Қазақ әдебиеті» оқулығы. Орыс тілінде білім беретін мектептерге арналған «Арман-ПВ» баспасы, 2009 жыл

  3. «Қазақ әдебиеті» журналы, 1998 жыл №5



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет