Есеналиева жанар е с е н а


Қазіргі когнитивтік лингвистиканың негізгі



Pdf көрінісі
бет59/81
Дата19.09.2023
өлшемі10,61 Mb.
#108775
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   81
4.6. Қазіргі когнитивтік лингвистиканың негізгі 
бағыттары және
 категоризациялау теориясы
Заманауй когнитивтік лингвистика теориясы 5-6 ғалым 
тұжырымдаған бірнеше жеке зерттеу программасынан тұрады. 
Бірақ ол жеке зерттеу программасы когнитивтік лингвистикада 
бірізді теорияны бермейді.
ХХ ғасырдың 90-жылдары когнитивизмде 4 негізгі бағыт 
орын алды:
1. Реакция мен стимулдың бір-біріне әсерін түсіндіретін 
ментальды механизмді түсіндіру және суреттеу.
2. Ойлау жүйесін жүзеге асыруда негізгі ролді субьект 
атқарады; ол- барлық істі жүргізетін инициатор.


Лингвистиканың өзекті мәселелері
212
3. Адамның ішкі ойлау табиғатын зерттеу.
4. Аффект кезіндегі когнитивтік процестерді зерттеу.
Зерттеушілердің көрсетуінше, қазіргі кезде когнитивтік 
лингвистика іштей бірнеше бөлімдерден тұрады:
1. Табиғи тілдің түсінілуі және жасалу процесін зерттеу;
Тарихи жағынан біршама бұрынғы зерттеу түрі. Мәтіннің 
туылуы мен түсінілуін компьютерлік модельдеуге бағытталады. 
Бұл бағытта елеулі жұмыс атқарған, яғни сананың 
категорияларын және оның негізгі ұғымдарын зерттеген У. 
Чейфтің еңбектері белгілі. 
2. Тілдік категоризация ұстанымын зерттеу;
Бұл салада 
Э.Роштың идеяларын ілгері дамыту арқылы Дж. Лакофф 
біршама табыстарға қол жеткізді. Э.Рош категория туралы 
дәстүрлі түсінікті (Аристотельден бастау алған) жоққа шығарып, 
категориялардың 
мүшелері 
бірыңғай 
белгілермен 
сипатталатынын эксперимент арқылы дәлелдеді. 
3. Ұғымдық құрылым мен оның тілдік қатынасын 
зерттеу
; Бұл жұмыстар да жасанды интеллект шеңберінде 
(олардың өкілдері фрейм және сценарий сияқты негізгі 
категориялардың авторлары – М.Минский, Р.Шенк, Р.Абельсон) 
қалыптасып, одан кейін Ч. Филлмор еңбектерінде 
лингвистикалық зерттеулердің қажетіне қарай жалғастырылған.
Бұл жағдайда когнитивтік лингвистика зерттеуі әлеуметтанумен 
және мәдениеттанумен іргелес жүргізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет