Есеналиева жанар е с е н а


Когнитивті – семантикалық суперкатегорияларды



Pdf көрінісі
бет60/81
Дата19.09.2023
өлшемі10,61 Mb.
#108775
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   81
4. Когнитивті – семантикалық суперкатегорияларды 
зерттеу
; Бұл мәселе әсіресе реттелген иерархиялық форма 
түзуші жүйе – категорияларды анықтауды мақсат еткен Л.
Талми еңбектерінен көрінеді. Категориялар арқылы табиғи тіл
шындық болмыстың (когнитивтік жағдай категориясы, 
конфигурациялық құрылым категориясы олардың әрқайсысы 
күрделі құрылым болып табылады) концептуалдық құрылымын 
қалыптастырады. Бұл мәселелер Дж.Лакофф және Р.Лэнекер 
еңбектерінде басқаша қарастырылады.
5. Тілдегі қозғалыстың концептуализациялау типтерін 
және кеңістік қатынастарын зерттеу
; Бұл когнитивтік 


213
Лингвистиканың өзекті мәселелері
лингвистиканың негізгі бағдарламаларының түйісетін жері. 
Мәселен, тілдік сәйкестіктерді көрсететін образды схема (image-
schema) ұғымын және оның типтерін қарастырған Дж.Лакофф 
зерттеулері; форма түзуші жүйе – категорияларды анықтауды, 
яғни конфигурациялық құрылым категориясын жан-жақты 
зерттеген Л.Талми еңбектері; кеңістік қатынастарындағы 
сананы зерделеген Джэкендофф және Р.Лэнекердің зерттеулері.
6.
Адам санасы мен тілінің денелік базисін зерттеу.
Бұл 
мәселенің 
негізі 
концепттің 
нақты 
іске 
асуы 
(conceptualembodiment) идеясы. Адамның ұғымдық әлемі 
(табиғи тілдің семантикасымен қоса) адамның биологиялық 
табиғатына және оның әлеуметтік әлеммен қарым-қатынасына 
байланысты. Дүниені қабылдау, оның тілде бейнеленуінің 
аралық шеңберінде адамның денесі мен тілі тұрады. Осындай 
идеяға негізделген теорияны шет елдерде Дж. Лакофф, М. 
Джонсон, Ф. Варель, Э. Рош негіздесе, Ресейде осындай идея 
тілдің антропоцентристігі (Ю. Д. Апресян) терминімен аталатын 
теория түрінде қалыптасқан. Концептуалды нақты іске асыру 
доктринасы практика жүзінде семиотикалық зерттеулермен 
сәйкеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет