Есенова камчат аугажыевна



Pdf көрінісі
бет19/75
Дата29.10.2023
өлшемі7,45 Mb.
#121142
түріДиссертация
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   75
Байланысты:
6D010300 ДИССЕРТАЦИЯ ЕСЕНОВА К.А.

ІІ кезең (ХХ ғасырдың 90-жылдары) 
«Білім беру менеджменті терминінің» қолданылу аясының кеңею кезеңі.
Бұл терминді мазмұндық жағынан толықтыру, ең алдымен, неміс ғылыми 
дәстүрі аясында білім беру жүйесіндегі басқару қызметінің шеңберінен шығып, 
негізгі міндеті пайда табу болып табылатын коммерциялық ұйымдарды қоса 
алғанда, әртүрлі типтегі ұйымдарда білім беру үдерістерін басқаруға ауысты. 
Білім беру ресурстарын жандандыру адами факторды оңтайлы пайдалану 
арқылы ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған дербес 
дамытуға арналған құрал болып табылады. Білім беру менеджментінің мақсаты 
– стандартты емес міндеттерді шешуге қабілетті және сыртқы ортаның 
талаптарына жауап беретін білім беру қызметтерінің нарықтық бағдарлы 
саласын құру болып табылады. 
ІІІ кезең (ХХІ ғасырдың бірінші онжылдығы) 
«Білім беру менеджменті» терминін тұрақтандыру, әртараптандыру және 
нақтылау. «Білім беру менеджменті» термині көпаспектілі және пәнаралық 
феномен ретінде білім беру менеджменті туралы ғылыми білімдерді 
генерациялау нәтижесінде ғылыми айналымға берік кірді. Білім алушы 
ұйымның қалыптасуы үшін қажетті ұйымдастырушылық-педагогикалық 
жағдай жасауға бағытталған, адамның өмір бойы білім алуындағы белсенділігін 
дамытуға ықпал ететін корпоративтік білім беруді басқару ретінде 
қарастырылады. Адамның өмірі мен кәсіби қызметінің түрлі кезеңдерінде талап 
етілетін үздіксіз білім беру жүйесін тиімді басқару негізгі құндылық пен 
мақсатты бағдар болып табылады [83]. 
«Білім беру менеджменті» термині осы сөздің кең және тар мағынасында 
қолданыла бастайды. Кең мағынасында «білім беру менеджменті» дегеніміз – 
бұл білім беру үдерісін әртүрлі аспектілерде басқару: жеке-жеке, өндірістік, 
әлеуметтік-мәдени және ұйымдастырушылық. Тар мағынада «білім беру 
менеджменті» салалық сипатқа ие болады және «білім беру жүйесін басқару» 
ұғымына синоним болып келеді. Түсініктің мұндай нақтылығы білім беру 
менеджментінің салалық сипаты туралы айтуға мүмкіндік береді, ол әрбір 
нақты жағдайда белгілі бір білім беру ұйымын (мектептің, колледждің, ЖОО 
білім беру менеджменті) басқаруды белгілей алады. 
Білім беру менеджменті бөлек салалық ғылым ретінде әлемнің көптеген 
білім беру жүйелерінде дамып келеді. Білім беру менеджерлерінің дайындауда 
оқу үдерісін ғылыми әдістемелік қамтамасыз етумен қатар дамыған елдердегі 
шетелдік тәжірибелерді қарастыру да маңыздылығын жоймайды. Әрбір ел 
өзінің тәжірибесімен қоса әр кезде дамыған елдердің тәжіриесін салыстыра 
отырып, оңтайлы тұстарын алуға тырысады, қандайда болмасын саланың 
дамуына тиімді әсерін тигізеді. Барлық дерлік дамыған елдерде менеджмент 
бойынша басшыларды оқытуға ерекше мән беріледі. Білім беру менеджменті – 


33 
әлемдегі көптеген білім беру жүйесіндегі белсенді дамыған ғылымның жеке бір 
саласы [84]. 
XXI ғасырда білім беру менеджменті іс жүзінде бүкіл әлемде дамудың 
жаңа серпінін алды. Осылайша, басқару туралы зерттеулер қазіргі уақытта 
кәсіби қызметтің дербес саласына айналған білім беру менеджментінің даму 
бастауына айналды, өкінішке орай, жоғары мектептің отандық жүйесінде де, 
жалпы посткеңестік жоғары білім беру кеңістігінде де жеткілікті 
рәсімделмеген. Қазіргі заманғы әлеуметтік-мәдени жағдайда көптеген 
еуропалық елдерде білім беру менеджментінің рөлі айтарлықтай өсіп келеді, ол 
уақыт талабына жауап беретін және біртұтас еуропалық білім беру кеңістігін 
қалыптастыруына ықпал ететін мамандарды даярлауды оңтайлы іздеу жүйесін 
жаңартады. 
Білім беру менеджменті – жеке-тұлғалық, өндірістік, әлеуметтік, мәдени 
және ұйымдастырушылық оқыту үдерісін әртүрлі аспектілерде басқару. Бұл 
нарыққа бағдарланған, стандартты емес жағдайларды шешуге қабілетті тиімді 
білім беру қызметін қалыптастыратын, индивидтің, ұйымдар мен 
кәсіпорындардың қажеттілігіне қарай жұмыс жасайтын коммуникативтік үдеріс 
(сурет 1) [85]. 
Шетел әдебиетінде «білім беру менеджмент» терминін анықтауда 
мынандай тұжырымдарды пайдаланылады 

кәсіби белгісі бойынша біріккен адамдар тобы, басқару қызметін, 
сондай-ақ білім беру жүйесіндегі міндеттерді орындайтын адамдар тобы; 

осы топқа кіретін жеке тұлға: оқу орындарында басқару қызметтерін 
орындайтын кез келген адам (ректор– Chancellor/President/Rector; проректор 
Vice-Chancellor/Vice-President, Vice-Rector; декан – Dean және т.б.); 

оқу пәні: жалпы менеджмент және білім беру менеджменті, атап 
айтқанда, оқу мамандану саласы немесе жеке оқу пәні, яғни жоғары білім алу 
аясында (бакалавриат деңгейінде, әдетте сирек), сондай-ақ магистратура, 
аспирантура немесе сертификатталған қосымша білім беру деңгейінде 
жүргізілетін білімнің ерекше саласы.

менеджмент үдеріс; жоспарлау, болжау, ұйымдастыру, оқу үрдісін 
үйлестіру, оқыту сапасын бақылау, білім беру қызметінің нәтижелерін бақылау, 
қаржы және адам ресурстарын бақылау секілді бірқатар ерекше іс-әрекеттер 
мен қызметті орындауды көздейді; 

АҚШ-тағы менеджмент кәсіби құзыреттілікке, лауазымдарды бөлу 
және серіктестің ойлауы мен қабылдауына икемделу мүмкіндіктеріне 
негізделеді. Америкалық студент-менеджер үшін ұйымдастырушылық 
мүмкіндіктерін 
қалыптастыру 
негізгі 
қалаушы 
болып 
табылады. 
Менеджерлерді оқытатын жетекші мектептер (университеттер) Пенсильвания 
университетінің Уортон мектебі, Гарвард, Стенфорд. Олар сонымен қатар 
болашақ менеджерлер үшін оқу курстарын да ұсынады. Сонымен бірге болашақ 
менеджерлерге көмек көрсететін арнайы ұйымдар да бар: Американдық 
менеджмент ассоциациясы (АМА), менеджменттің даму ассоциациясы (SAM). 


34 
Сурет 1 – «Білім беру менеджменті» ұғымын пайымдаудың ғылыми тәсілдері 


35 
Айта кетерлік жайт, қазіргі таңда көптеген дамыған елдерде білім беру 
менеджерлерін дайындаудың моделі жасалған және тәжірибеде жүзеге 
асырылуда. Білім беру институты, (Торонто, Канада); Білім беру институты, 
(Будапешт, Венгрия); Монаш университетінің білім беру факультеті, 
Мельбурнда, (Австралия), Сингапурдың ұлттық университеті, Лейтерлік 
университет, (Ұлыбритания) және т.б. 
Зерттеушілердің пікірінше 1980 жылға дейін мектеп директорларын 
дайындайтын стандарттарға қатысты ешқандай нақты ұлттық саясат болмаған. 
ХХІ ғасырдың басында мектеп басшыларын арнайы даярлаудың маңыздылығы 
арта бастады. Бұл уақытқа дейін бірқатар зерттеулер жүргізіліп, мектеп 
басшылары мектеп пен сыныптың жақсаруына, студенттерді оқытуды 
айтпағанда, жағдайларды және мұғалімдерді бақылауда шешуші рөл 
атқаратыны дәлелденді [86]. 
Менеджерлерді дайындаудың шетелдік тәжірибесінде жоғары білім беру 
жүйесінде менеджерлерді кәсіби дайындауды бастаған бірінші ел АҚШ болып 
табылады. Мұнда білім беру саласы үшін басшы мамандар даярлау ісінде үлкен 
педагогикалық тәжірибе жинақтады. Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ пен 
Жапонияда менеджерлер дайындаудың тармақталған жүйелері бар. Үкімет, 
кәсіпкерлер ассоциациясы және кәсіпорынның өзі білім беру саласына, соның 
ішінде менеджмент саласына да үнемі капитал салып отырады. Менеджмент 
саласында мамандарды дайындаудың институционалдық формалары, жоғары 
оқу орындары мен академиялардың, бизнес-мектептердің, басқарудың ішкі 
мектептерінің және менеджерлердің біліктілігін арттыруға, кәсіби дамуына 
мамандандырылған жеке ұйымдар тәжірибесімен тікелей байланысты. 
Қазіргі кезеңде менеджерлерді ғылыми негізде даярлау іскер 
әкімшіліктегі магистрлік бағдарламалар шеңберінде кеңінен жүзеге асырылады 
(master of business administration, MBA). Олардың мазмұны мен құрылымы 
базалық пәндерден, негізгі басқарушылық пәндерінен – (қаржы, маркетинг, 
операцияларды басқару, бухгалтерлік есеп, жалпы менеджмент), интегративті 
пәндерден (соның ішінде бизнес ортасы, бизнес стратегиясы, халықаралық 
операциялар), арнайы экономикалық және басқарушылық пәндерден тұрады. 
Білім бері менеджерлерін дайындау жүйесі көпсатылы және бұл американдық, 
еуропалық, жапондық және отандық менеджментке тән болып табылады. 
Қазіргі уақытта Америка Құрама Штаттарында 600-ден астам бизнес мектептер 
жұмыс істейді, олар университеттерде тәуелсіз мәртебеге ие және бизнес пен 
басқаруда жүйелі оқытуды қамтамасыз етеді. Менеджер кәсіби білім алуға екі 
жылдан он жылға дейінгі уақытын жұмсайды. Жыл сайын 60 мыңнан аса 
американдық менеджер дипломын алады.
Бастапқы кезең – маман бакалавр дәрежесін алатын университеттің 
немесе колледжді (2-4 жыл) аяқтауы болса, кейін, екіжылдық практикалық 
жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, менеджер ең беделді магистратура 
бағдарламаларын жалғастыра алады: менеджмент магистрі, халықаралық 
менеджмент магистрі және т.б. Менеджердің кәсіби білімінің соңғы сатысы 
философия докторы дәрежесін алуға мүмкіндік беретін төртжылдық 


36 
бағдарлама бір жағынан, менеджмент саласында зерттеуші мәртебесін берсе,
екінші жағынан, сараптамалық және аналитикалық жұмыста кәсіби түрде 
қатысуға мүмкіндік береді.
АҚШ-тың менеджерлерін ұйымдастырушылық оқытудың ерекшеліктерін 
Халықаралық корпорациясында іске асырылған бағдарламаның мысалында 
көруге болады. Кадрларды даярлау мен біліктілігін арттырудың корпоративтік 
саясаты келесі қағидаттарға негізделеді: 

фирманың жоғарғы басшылығы оқу үдерісіне тартылады;

оқу бағдарламалары корпоративтік философия мен стратегияның негізгі 
ұстанымдарын көрсетеді; 

кәсіби даярлаудың жеке мақсаттары кәсіби болашақпен тығыз 
үйлестіріледі; 

кәсіби дайындықтың нәтижелері оқытудың мазмұны және оның 
нәтижесімен субъективті қанағаттануды, сондай-ақ дамудың сапасы жайлы 
мағлұмат беретін кешенді бақылауға алынады. 
1940 жылдары, АҚШ-та 150 бизнес мектебі болған кезде, Англияда 
басқару саласында мамандарды дайындау үшін арнайы оқу орталықтарын 
ұйымдастыру жаңадан басталды. Англияда бұл ұзақ уақыт кезеңі болды, 
басшылық менеджменттің білікті емес менеджерлерді қалыптастырудың негізгі 
шарты емес, білім емес, ғылым емес, өнер екенін баса айтты. Арнайы тренингке 
қажеттілік туындаған кезде де, Англияда бұл мәселе бұрынғыдай кеңінен 
қолданылды, бұл менеджментті оқыту тек «жұмыс орнында» жүзеге асырылуы 
тиіс, яғни, әр компанияда менеджерлердің біліктілігін арттыру және жалпы 
басқаруды жетілдірудің өзінің жеке бағдарламасы болуы керек. Жоғары оқу 
орнында менеджмент саласында мамандарды кәсіби даярлаудың басталуына 
дейін (американдық мектептің типтік түрі) жұмыс істеуі туралы мәселе бүгінгі 
күні Англияда даулы болып келеді. 
Кәсіби ұйымдардан құралған арнайы Атқару комитеті Англиядағы 
менеджерлерді оқытуға жетекшілік етеді. Англияда басқа еуропалық елдерге 
қарағанда менеджерлерді оқытудың америкалық тәжірибесін қолданады. 
Англияда менеджерлерді даярлау және біліктілігін арттыру бірқатар ұйымдар 
мен мекемелердің бірлігімен жүргізіледі, университеттер жанында құрылған 
бизнес мектептермен; арнайы факультеттері бар жоғары және орта техникалық 
колледжерде және басқару мектептерінде; кеңес беруші фирмалар, кәсіби 
қоғамдар, жекеменшік колледждер; салалық орталықтар арқылы жүзеге 
асырылып отырады. 
АҚШ-та жалпы білім беру менеджменті және жоғары мектеп 
менеджменті саласында мамандар даярлау айтарлықтай ауқымды жүргізіліп 
келеді. Америкалық тәжірибе зерттеушілері білім беру менеджментінің 
обьектісі өзіне тән ерекшеліктері және ерекше мақсаттары бар ұйым секілді оқу 
орны екенін көрсетеді. Білім беру менеджментінің америкалық моделін 
дайындаудың ерекшеліктері әртараптандыру және саралау болып табылады, 
сондай-ақ мемлекеттік білім беру стандарттарының және мемлекет тарапынан 
білім беру үдерісінің сапасына орталықтандырылған бақылаудың болмауымен 


37 
байланысты. Білім беру менеджменті саласындағы кәсіби мамандарды 
дайындау жоғары білім беру орталықтарындағы жоғары білім беру 
кафедраларында жүргізіледі, сондай-ақ педагогикалық колледждер немесе 
АҚШ-тың көптеген университеттерінің факультеттерінде жүргізіледі. 
Алдыңғы қатарлы елдердің бірі Канадада менеджментке яғни басқаруға 
арналған академиялық мүмкіндіктердің толық спектрі ұсынылған. Мамандық 
таңдау барысында қызығушылықтары мен қажеттілігіне байланысты 
студенттер қаржы, адам ресурстары, экономика, кәсіпкерлік, көшбасшылық 
(білім беруді басқару) электрондық бизнес және тағы басқа салалардан білім 
ала алады. Канадада білім беруді басқарудың артықшылықтары мынада: 
Канаданың халықаралық стандарттарға сәйкес келетін білім беруді ұсына 
отырып, Канададағы ең үздік бизнес көзі таланттар мен болашақ 
көшбасшыларды дамыту. Канаданы әлемнің басқа да оқу орындарынан 
айыратын негізгі артықшылықтар: жетекші пәндері таңдау мүмкіндігі. Әлемде 
танылған курстар, басқару бағдарламалары бакалавриат, диплом және 
сертификаттау курстарын қамтиды. ЖОО-дары ұсынатын бағдарламалар 
студенттерге колледжде немесе институтта оқуды бастауға және оны 
университетте аяқтауға мүмкіндік береді.
Менеджмент саласын дамыту жоспарында канадалық лидерлікті дамыту 
бағдарламасы қызығушылық туғызады. Канадалық ғалымдардың пікірінше, 
қатысушылардың үлгерімін жоғарылату және білім берудің берік жүйесін 
қамтамасыз ету үшін жаңашылдық рухы керек, стратегиялық нәтижелерге жету 
үшін басшылық білім және басқарушылық тәжірибе қажет. Әлемге әйгілі екі 
бизнес-мектептің бірлестігінде білім канадалық білім беру менеджерлерін 
даярлау мен қайта даярлау жүйесі «орта менеджмент» және Канаданың 
көрнекті директорлары үшін білім беру мекемелерінде «басшыларды» 
атқарушы лидерлікке оқытудың үш бағдарламасын ұсынады. Бұл бағдарламада 
үш жоғары оқу орны ұсынылған: Айви бизнес мектебі, Батыс Онтарио 
университеті және Торонто университетіндегі Ротман менеджмент мектебінің 
Ұлттық директорлар академиясы. Бұл бағдарламаларға қатысушылар 
Онторионың лидерлік құрылымы талап ететін лидерлік пен теорияны 
тәжірибеге енгізе алады. Бағдарламаға жетекші компания басшылары үнемі 
қатысады, бұл қатысушыларға білім беру контекстіндегі табысты лидерліктің 
тәжірибелік түсінігін кеңейтеді. Осылайша, қоғамдық білім беру жүйесін 
нығайту – Канада қоғамындағы білім алушылардың қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға алып келетін білім беру лидерлерін тұрақты кәсіби 
дамытумен сипатталады. 
Менеджерлерді дайындаудың шетелдік тәжірибесіндегі жапондық жүйесі 
де ең тиімді жүйелердің бірі болып табылады. Жапондық басшылар мен 
менеджерлер «өмірлік жалдауға» сүйене отырып, деңгейлес мансап құрады. 
Жоғары жұмысқа қабілеттілік және үздіксіз өзін-өзі жетілдіру, тәртіптілік және 
ұжымдық жұмыс-бұл елдегі менеджердің ең маңызды кәсіби сапалары болып 
саналады. Менеджерлерді дайындау курстары осакалық, токиолық, киоталық, 
нагасакилік университеттерде ұйымдастырылады.


38 
Жапониядағы менеджерлердің біліктілігін арттыру және дағдыларын 
дамыту жапондық компанияны басқару және ұйымдастырылуына тән 
ерекшеліктерімен анықталады. Жапонияның тарихи және ұлттық даму 
ерекшеліктері менеджерлерге барлық қызметкерлерді біріктіруге негізделген 
менеджмент саласындағы міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Жапон 
менеджментіндегі кәсіптік оқытудың негізгі идеясы, барлық жұмыс жасында, 
яғни үздіксіз оқытудағы оқыту идеясы. Басқарудың негізін тек менеджерлер 
ғана емес, сондай-ақ Жапон экономикасының дамуында үлкен рөл атқарған 
қатардағы қызметкерлер де үйренеді. Олар қызметкерлер үшін өте кең 
ауқымды оқу бағдарламасын ұсынады, апта сайын жұмыс күндерінің бір бөлігі 
ретінде сабақтар өткізіледі [87]. 
Оқу бағдарламасы өзіне төрт негізгі бөлімді кіріктіреді: 
1) сапалы топтардың бағдарламасына қолданудағы басқару теориясы; 
2) қарым-қатынас жасай және тыңдай білу; 
3) топтар және басшылық дағдыларын дамыту; 
4) статистикалық әдістер, сапаны бақылау. 
Жапонияда менеджерлер даярлаудың ерекшелігі менеджерлерді кез 
келген жағдайдан шығуға бейімдеу, халыққа қызмет ету, әділдік, адалдық, 
бірізділік, ынтымақтастық, прогресс үшін күрес, сыпайылық сынды 
қасиеттермен қаруландыру.
Еуропалық менеджмент көптеген елдердің теориясы мен тәжірибесін 
өзінде біріктіреді, бірақ америкалық жүйеге негізделген. Өндірістік тәртіптілік 
және халықаралық аспектілер еуропалық студент-менеджерлерге маңызды 
болып табылады. Менеджерлерді оқытатын ең атақты орындар: француздық 
бизнес-мектеп INSEAD, швейцариялық IMD (International Institute for 
Management Development), Оксфордтық университет, Лондондық бизнес-
мектеп (LBS). Еуропалық Одаққа енетін дамыған мемлекеттердің аралығында 
орналасқан Францияда менеджерлерді кәсіби даярлауда соңғы онжылдықта 
құрылымы айтарлықтай өзгерістерге төтеп берген жоғары мектеп тармағында 
жүзеге 
асырылады. 
Францияда 
университеттер 
мен 
университеттік 
орталықтармен қатар Жоғары мектептерде де менеджерлерді даярлау жүзеге 
асырылады. Француздық білім беру жүйесінің ерекшелігі мамандандырылған 
менеджерлерді даярлау әртүрлі жоғары кәсіби мектептерде де жүзеге асырылуы 
мүмкін (Жоғары коммерциялық мектеп, Жоғары инженерлік мектеп және т.б.). 
Сонымен қатар әр мектеп өзінің студенттеріне өздері таңдай алатын бағыттар 
мен бағдарламалардың сан алуан түрін ұсынады. Францияда елдің өндірістік-
экономикалық саласы үшін менеджерлерді кәсіби даярлайтын классикалық оқу 
орны Жоғары коммерциялық мектептердің бірі алғаш болып 1881 жылы 
ашылды [88]. Бұл мектептердің бағдарламалары мен формалары әрқашан 
өндірістің сұранымына сай анықталған және басқару аппараты, фирма және 
кәсіпорын басшылығы, өндіріс және білім беру әкімшілігі мамандықтары 
бойынша жоғары білім береді. 


39 
Германияда кәсіпорында басқару үрдісі заңнамалық актілермен бекітілген 
қағидаларға сүйенеді, мұнда басқару ұйымдағы тәртіпті, қабылданатын 
шешімдерді, ұйым іс-әрекетін, іс-қағаздарды басқару тарапынан қаралады. 
Басшылыққа сайланатын тұлғалардың жеке қасиеттері емес, көбіне 
сауалнамалық мәліметтеріне, тәжірибесіне, біліміне ерекше көңіл аударылады. 
Германияда менеджмент саласында жұмыс істейтін ұйымдар мен мекемелердің 
кең желісі құрылған, менеджерлерді оқытуға тартылған ұйымдардың тығыз 
ынтымақтастығы тән. АҚШ пен Англияға қарағанда Германия дипломды 
менеджерлерді дайындау үшін университеттерде көп факультеттер ашуға 
әрекет еткен жоқ. Неміс кәсіпорындары үшін басшылық тұлғаларын 
дайындауда тәжірибелік әдіс оңтайлы болды – ұйымдастырушылық қабілетін 
көрсеткен әртүрлі мамандық өкілдерін басшылық қызметіне жоғарылату, 
оларды компания ішінде және сыртында өткізілетін қысқа мерзімді курстар мен 
семинарларда оқыту. Осы мақсатта Германияда өндірісті басқару саласында 
ғылыми-әдістемелік және оқу жұмысымен айналысатын ұйым қызмет етеді. 
Ұйымның негізгі мақсаты – экономиканы оңтайландыру бойынша кураторлық 
жасау; еңбекті ұйымдастыруды зерттеу бойынша бірігу, Батыс германдық 
халық шаруашылық, қоғам, экономика бойынша семинарлар өткізу.
Германияда мектептерді басқару жүйесі үш сатылы. Басқарудың жоғары 
деңгейі – осы федералдық жердің білім, мәдениет және спорт министрлігі. Орта 
деңгей губернатор жанындағы білім мекемесі болып табылады. Оған кәсіптік 
оқыту мектептері бағынады. Басқарудың үшінші сатысы «шуль-амт»деп 
аталады. Ол арнайы мектептер («грундшуле») мен негізгі мектептерді 
(«хауптшуле»), сондай-ақ мүгедек балаларға арналған арнайы («зондершуле») 
мектептерді бақылауды жүзеге асырады. Білім беру саласындағы көшбасшы 
елдерде мектеп директорлары болып мектептегі іс-тәжірибесі мол және кәсіби 
деңгейі жоғары, даярланған адамдар тағайындалады, себебі мектеп директоры 
білім беру сапасын қамтамасыз етуді шешуші рөл атқаратын адам болып 
табылады [5, б. 187]
Сонымен, Германияда менеджмент саласында дипломды мамандарды 
дайындау орталықтары университеттер құрамындағы бизнес мектептері, 
факультеттер мен менеджмент бойынша бөлімдер болып табылады. 
Менеджмент саласындағы мамандарды дайындау жүйесінің ерекшелігі сол, 
онда оқу бағдарламасымен қатар еңбекті ұйымдастыру мен өндірісті басқару 
саласында зерттеу жұмыстарын жүргізетін ірі мемлекеттік ұйымдар маңызды 
орын алады. Германияның жоғары оқу орындарында білім беру менеджерлерін 
дайындаудың көпдеңгейлі жүйесі жоқ, бірақ білім саласындағы басқарушылық 
функциясының 
күрделенуіне 
байланысты 
оны 
жобалау 
қажеттілігі 
туындайды [89].
Неміс зерттеушілері экономикалық және педагогикалық тұрғыдан дербес 
түрде дайындаудың тиімді ұйымдастырылған үрдісі арқылы ұйымды басқару 
ретінде түсіндірілетін білім беру менеджментіне назар аударады.
Ағылшын-америкалық ғылыми әдебиетте «білім беру мекемесін басқару» 
және «білім беру менеджменті» ұғымдары әдетте теңдестіріледі. «Еducational 


40 
administration», «school leadership» секілді жиі қолданылатын терминдер, ең 
алдымен, білім беру мекемелері мен білім беру жүйелеріне қатысты. ХХ 
ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басындағы ағылшын тілді ғылыми 
дереккөздерді талдау білім беруді басқару мәселелері туралы ғылыми 
пікірталастың осы кезеңде үш бағытта өрбігенін көрсетеді: 

білім беру саласы басшыларының рөлінде қалған педагогикалық 
бағыттағы қызметкерлердің кәсіби мінез-құлқының сипаттамасы; 

білім беру мекемесінің оқу-тәрбие жұмысының нәтижелеріне басқару 
стилінің әсері; 

білім беру жүйесінде көшбасшылықты оқыту бағдарламасы. 
Басқару аспектісі қандай бағытта қаралса да, ағылшын тілді әлемді 
ұсынатын зерттеушілер білім беру мен білім берудегі басқарудың жетекші 
үлгілеріне әсер етеді. Handbook of Research in Educational Administration (Boyan, 
1988) секілді іргелі ақпарат көздері, сондай-ақ Солтүстік Америка 
ғалымдарының көзқарасын көрсететін ағылшын тілді салалық журналдардағы 
мақалалар (Educational Administration Quarterly (EAQ), Journal of School 
Leadership (JSL); Австралия, Жаңа Зеландия және басқа да мемлекеттердің 
ұлттық-тарихи және мәдени ерекшеліктерін қоса алғанда, білім беруді 
басқарудағы мәселелерді жариялайтын Journal of Educational Administration 
(JEA), Educational Management and Administration (EMA) Ұлыбританиядағы 
білім беру жүйесіндегі басқарушылдық аспектіні ашатын директивті, 
түрлендіргіш, моральдық қатысушы басқару модельдерін және де білім беру 
менеджменті моделін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. 
Білім беру менеджментінің моделі (Managerial Leadership) жоғары 
кәсібилікпен және білім беру мекемелерінің арнайы басқарушылық біліктілігіне 
негізделген. Бұл модель кәсіпқой менеджерлердің негізгі міндеттері, 
функциялары және мінез-құлық үлгілерін анықтайды. Ағылшын тілді 
кеңістіктегі білім беру контексіндегі «менеджмент» және «менеджер» 
терминдері көбінесе Ұлыбританияда қолданылады, дегенмен оның тиісті 
тұжырымдамалық негіздемесі жоқ. Батыс Еуропа елдеріндегі білім беру 
жүйесін басқару практикасы мен теориясының қалыптасуы мен дамуына «білім 
берудегі көшбасшылық» (Education Leadership) тұжырымдамасы үлкен әсерін 
тигізді. К. Лейтфуд пен М. Фулланның арқасында «жүйелік өзгерістердің 
өткізгіштері», «түрлендіруді таратушылар» секілді білім беру мекемелерінің 
басшылары туралы жаңа түсінік қалыптасты.
Шетелдік ғалымдар Р. Дубс, В. Шлей және М. Штрац «менеджмент» 
және «көшбасшылық» ұғымдарын бөліп қарастырады. Егер менеджменттің 
міндеті білім беру мекемелерінің негізгі қызмет түрін (оқу, тәрбие, қаржылық, 
шаруашылық) ұйымдастыру болса, онда әлеуметтік-мәдени феномен секілді 
көшбасшылықтың міндеті – білім беру ұйымында әлеуметтік қатынастардың оң 
жүйесін құру, оқытушы мен студенттер арасында қолайлы әлеуметтік-
психологиялық климатты қалыптастыру. 
Литвалық ғалым Мельникова Ж. білім беруді басқаруды құзыреттілік 
тұрғысынан жиі қарастырады. Мысалы, мектеп менеджері стратегиялық 


41 
басқару құзыреттеріне ие болуы, өндірістен қол үзбей оқыту, оқыту және оқыту 
процесін басқаруы, құрылымдарды, үдерістер мен ресурстарды, басқа оқу 
орындарымен әріптестік пен ынтымақтастықты басқаруы тиіс. Автордың 
көзқарасынша, менеджер команданың көшбасшысы болып табылады, өз 
идеалын білетін адам, өз командасының мүшелеріне көзқарасын жеткізе алады, 
өз көзқарасын алға қоя алады және мақсаттарға жету үшін басқа адамдарды 
ұйымдастыра алады [90].
Бірқатар ресейлік авторларда ағылшын-америкалық зерттеушілер секілді 
«білім беру менеджменті» санатын «білім беру жүйесін басқару (білім беру 
мекемелерін)» ұғымымен синоним ретінде қарастырады: 

білім беру менеджменті – ЖОО-нын немесе білім беру жүйесін кәсіби 
басқару; 

білім беруді басқару субьектілерінің әрбір білім беру мекемесінің, 
буындардың және жалпы жүйенің қалыптасуын, оңтайлы жұмыс істеуін 
қамтамасыз ету жөніндегі қызметі (Ф.В. Вифлемский); 

білім беру менеджменті – білім беру қызметін сапалы жүзеге асыруға, 
білім беру стандартын кепілді түрде қамтамасыз етуге бағытталған ұстанымдар, 
әдістер, технологиялық басқару тәсілдерінің жүйесі [91]. 
Білім беруді басқару мәселесі көптеген ресейлік педагогтердің зерттеу 
тақырыбы болды: А.И Барановский, Г.И. Герасимов, В.Н. Максимова, 
Е.А. Князев, П.А. Петряков, Р.М. Чумичева және т.б., олар білім беру сапасын 
басқарудың теориялық алғышарттарын жасады. 
А.И. Барановский білім беру менеджментін әлеуметтік жүйе секілді оқу 
орны туралы түсінік парадигмасына негізделген басқару қызметінің ерекше 
саласы ретінде әзірлеу қажеттілігі туындайтынын айтып өтті. Оның 
түсінігіндегі білім беру менеджменті – педагогика, психология, басқару 
социологиясы, менеджмент және маркетинг бастауларын қамтитын басқару 
ғылымының ерекше саласы. Еш күмәнсіз, инновациялық экономиканың пісіп-
жетілген проблемаларын шеше алатын білім беру жүйесін құруға қабілетті 
білім беру менеджменті кадрларын даярлау мәселесі өзекті болып 
табылады [92]. 
Г.И. Герасимов білім беру менеджментін белгілі бір түрде 
ұйымдастырылған орта, берілген және мүмкіндігінше қамтамасыз етілген 
мазмұнмен, сондай-ақ тиісті кәсіби-педагогикалық мәдениетпен, өмір сүру 
дағдысын орнату, сонымен қатар технологиялар арқылы (педагогикалық 
үдерістің элементтері ретінде) білім беру үдерісі субъектілерінің қажеттіліктері 
мен мүдделері арасындағы қайшылықтарды шешуге мүмкіндік беретін, білім 
беру кеңістігін құру және сол арқылы әлеуметтік ұйымдарды басқаруға 
бағытталған әлеуметтік менеджмент түрі ретінде қарастырады [93]. 
И.В. Ковалев атап өткендей, «менеджмент-білім» ұғымы жиі кездеседі, ол 
басқару саласында мамандарды даярлауды және осы дайындықтың тиісті 
ерекшелігін білдіреді. Ресейлік жоғары мектептерде кәсіпқой басшылардың 
жаңа буынын дайындауға тартылған білім беру үдерісі субьектілерінің ерекше 
«басқару» қабатының пайда болуы туралы айтуға болады [94]. 


42 
Ғалымның 
пікірінше, 
менеджмент-білім 
беру 
жүйесінің 
ұйымдастырушылық-экономикалық тетігінің тиімділігін арттыру қажеттілігі 
анық, оның негізгі элементтері: 

ЖОО-ның ғылыми білім әлеуеті; 

менеджмент-білім берудің маркетингтік тұжырымдамасы; 

менеджмент-білім беру құрылымдарын дамытуды тиімді ұйымдастыру 
және жоспарлау; 

менеджмент-білім беруді интернационалдандыру. А.И. Ковалев білім 
беру құрылымдарының қызметін жетілдіру бағыттарын әзірлеудің негізі болып 
табылатын менеджмент-білім берудің экономикалық тиімділігін талдау үшін 
көрсеткіштер жүйесін қалыптастыру қажет деп есептейді. 
В.Н. Максимова заманауи білім беру менеджментін инновациялық теория 
және оны реформалау жағдайында білім беруді басқару тәжірибесі ретінде 
қарастырады, басқару субъектілерінің инновациялық ойлауы мен мінез-
құлқына негізделген және жоғары технологиялық, бәсекелік, ашық қоғамда 
адамның өмірлік мансабына бағытталған білім берудің жаңа моделін құруға 
негізделген. Сонымен қатар заманауи білім беру менеджменті – бұл 
инновациялық дамушы білім беруді басқарудың әлеуметтік, экономикалық, 
педагогикалық, заңдық, психологиялық және акмеологиялық аспектілерін 
ашатын өнімді идеялар, ұстанымдар, әдістер, тәсілдер мен тетіктер 
интеграцияланған пәнаралық білім саласы. В.Н. Максимованың жеке ойы 
бойынша, қазіргі заманғы білім беру менеджментінің мақсаты – XXI ғасырдағы 
қазіргі заманғы өркениеттің ашық мәдени-білім беру кеңістігінде отандық білім 
беру жүйесінің қызмет етуі мен дамуының жоғары сапасына қол жеткізу
(2-сурет ) [95]. 
П.А. Петряков білім беру менеджментін пәнаралық ғылыми білімнің жаңа 
саласы ретінде қарастырды, ол педагогика мен менеджменттің маңызды 
сипаттамаларын біріктіре отырып, зерттеу аясында психология, әлеуметтану, 
экономика, философия сияқты бірқатар басқа да ғылымның объектілік 
салаларымен қиылысады және түйіседі деп есептейді, бұл, өз кезегінде, өзіндік 
әлеуметтік-мәдени феномен ретінде қарастыруға және тиісті теориялық және 
қолданбалы ізденістерді іздеу мен жүргізу үшін жеткілікті, кең ауқымды 
проблемалық алаңды анықтауға мүмкіндік береді [96]. 
Осылайша, білім беру менеджменті тұжырымдамаларын әзірлеу үшін 
жалпы менеджментте бар тұжырымдамаларды сыни талдау және білім беру 
саласындағы басшы кадрларға практикалық көмек көрсету мүмкіндігі 
тұрғысынан оларды бағалау қажет. Сонымен қатар педагогтердің 
педагогикалық ғылымдарда экономикалық категорияларды көптеп пайдалануға 
қатысты сақтығы да күмәнді болып табылады. Демек, білім беру 
менеджментінің тұжырымдамалары теориялық және практикалық тұрғыдан 
күрделі міндетті – жеке мүдделерді, қоғамдық қажеттіліктер мен экономикалық 
талаптарды шешуі тиіс. 


43 
Сурет 2 – Басқарудың ғылыми ұстанымдары (В.Н. Максимова бойынша) 


44 
П.А. Петряков ресейлік және шетелдік дереккөздерді ғылыми талдау 
негізінде білім беру менеджментін тұтас көпаспектілі феномен ретінде 
сипаттады: 

ұйым қызметкерлері мен ұйымның өзін дамыту міндеттерін шешетін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет