Жүйелік тәсіл
мәнмәтініндегі басқару, белгілі бір жүйеге мақсатты әсер
етудің басты белгісі ретінде бағамдалады. Бұл тәсіл
С. Бира, И.В. Блауберг,
А.М. Волков, Ю.В. Микадзе, Г.Н. Солнцев, В.С. Раппор, Э.Г. Юдин және
басқалардың
жұмыстарында сипатталған
.
2.
Негізгі функция
ретіндегі басқару. Инновацияларды жобалау, бастау
және жүзеге асыру процесі ретіндегі Б. Синто жұмыстарында қарастырылған.
Біздің ойымызша, басқаруды инновацияларды енгізу процесі ретінде қарастыру
«басқару»
терминінің қолдану аясын тарылтады.
3.
Басқару қызметіне қатысты тәсілдердің үшінші тобы – ең кең таралған
әрі басқарушылық процесті
желілік
, нақтырақ айтқанда, бір деңгейдегі
басқарушылық
фунциялардың жиынтығы
ретінде қарастыру тәсілі. Басқаруды
осы жолмен қарастырудың алғашқы әрекетін жасаған
А. Файоль
, басқару
шеңберінде
болжам,
ұйымдастыру,
өкімшілік,
үйлестіру,
бақылау
функцияларын
ерекшелейді.
Нәтижесінде
осыған
ұқсас
тәсілді
28
Дж. Харрингтон, В.Ш. Рапорт, Р. Фалмер, М. Мескон, А. Дейнеко,
П.М. Керженцев, А.М. Омаров, В.Н. Рысина және басқалар
жасады.
4.
Төртінші тәсіл
басқарушылық үлгісін желілік емес,
көпдеңгейлі негізде
қалыптастыруға әрекеттенуден құралады. Алғашқы талпынысты жасамақ
болған
Т. Парсонс басқарудың үш деңгейін ажыратады:
басқару мен ұйымның
күнделікті операциялары мен іс-әрекеттерін жүзеге асыратын деңгей; ұйым
қызметінің үйлесімді қызметін жүзеге асыратын басқарушылық деңгей;
ұзақмерзімді жоспарлар мен сыртқы ортамен қарым-қатынасты жүзеге
асыратын институционалды (саяси) деңгей [80, б. 59].
М.С. Агафонова мен К.А. Береговичтің ойларынша, басқарушылық іс-
әрекет – бейстандарттылық және негізгі жалпы міндеті арқылы иерархия
ұстанымын негіздей отырып, ортақ мақсаттар мен міндеттерге жету бағытында
басқа адамдармен бірлесе қызметті ұйымдастыру маңыздылығымен
анықталатын кәсіби қызмет моделі. Басқарушылық қызмет адамдардың мінез-
құлқы мен іс-әрекетін, қоғамдық үдерістердің жағдайы мен ағымын өзгертуге
бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдауды және жүзеге асыруды
мақсат еткен интеллектуалды мазмұнымен айқындалады. Бұл әлеуметтік
болмыс пен онда болып жатқандарды бүкпесіз көрсетіп, ондағы ресурстар мен
резервтерді, сондай-ақ оны жетілдіріп, жоғары деңгейге көтерудің ұтымды
тәсілдерін көрсетеді. Басты мәні – күш-жігерсіз орындалмайтын басқарушылық
процестің жаңа сипаттамасын игеру. Басқарушылық қызмет басқару
процестерінің жүйесін қамтиды. Басқару процестері – бұл белгілі бір реттілік
пен тәсілдер арқылы менеджерлер қолданатын мақсатты шешімдер мен іс-
әрекеттер [81].
Ғалымдар тиімді басқару келесі принциптерге негізделген кезде ғана
мүмкін деп санайды:
–
ұжымның үздіксіз дамуын басқарудың негізгі мақсаты ретінде
мойындау;
–
жеке тұлғаның қайталанбас бірегейлігін және оның еркіндік пен
шығармашылық құқын мойындау;
–
нақты
мәселеге
байланысты
орталықтандыру
және
орталықсыздандырудың икемді үйлесуі;
–
басқарудың «төменнен жоғарыға» бағытталғандығы;
–
ұжымдық қызметте келісімге қол жеткізу;
–
белсенділікке моральдық және материалдық қолдау көрсету [79, б. 5].
Басқару туралы ғылым (рационалистік мектептегі) өндіріс процесінің
тиімділігін арттыру жолдарын іздеуден, жалпы ұйымды (әкімшілік басқару
мектебін) басқару мәселелерінен, адамдардың іс-әрекеттері себептерін
ұйымдастырудың жаңа әдіс-тәсілдеріндегі мәселелерге дейінгі жолдардан өтті
[78, б. 72].
Педагогикалық ғылымның басқару саласында білім беруді басқару және
мамандарды даярлау мәселелеріне әрдайым үлкен көңіл бөлінді. Тұлғаның
басқарушылық қызметке дайындығын қалыптастыру мен дамытудың
тұжырымдамалық негіздері әзірленді және Ю.В. Васильев, Т.М. Давыденко,
29
Ю.А. Конаржевский, М.М. Поташник, П.И. Третьяков, Т.И. Шамов және
басқалардың зерттеу жұмыстарында басқару қызметінің мәселелері бойынша
практикалық ұсыныстар жүйеленді [79, б. 4].
Білім берудегі басқарудың теориясы мен практикасында «басқару»
термині былай түсіндіріледі:
–
негізгі нәтижеге бағытталған қызмет (А. Файоль, В.С. Лазарев,
Г.Х. Попов және т.б.);
–
басқару субъектілерінің өзара әрекеттестігі және соның нәтижесінде
объектілердің өзгеруі. Субъектік-объектік өзара әрекеттестік процесінде
басқарушы тарапынан басқарылатын объектіге әсері іс-әрекеттік сипатқа ие
(Л.Б. Ительсон, А.А. Орлов, Н.С. Сунцов, Н.Д. Хмель және т.б.).
–
өзара
әрекеттесу,
нақтырақ
айтқанда,
өзара
әрекеттесетін
субъектілердің, сондай-ақ процестің де сапалы өзгеруіне бағытталған
басқарудың қатысушылары немесе басқару объектілерінің өзара әрекеттесу
процесі (В.Г. Афанасьев, П.И. Третьяков, Т.И. Шамова және т.б.) [78, б. 77-78]
90-жылдары заманауи менеджмент теориясын мектептің басқаруына
қолданып, мектепті әлеуметтік жүйе ретінде қарастыра бастаған авторлардың
жұмыстары пайда бола бастады. Осы кезеңдегі зерттеулердің арасынан
М.И. Кондаков, Е.С. Березняк, Ю.В. Васильев, Ю.А.Конаржевский, Т.И.
Шамова, П.И. Третьяков, М.М. Поташниктің еңбектерін атап өтсе болады.
Бүгінде Ресейде білім беруді басқару теориясы қарқынды дамып келе жатқан
ғылыми сала болып табылады.
Білім беру ұйымдарын басқару практикасына заманауи менеджменттің
тұжырымдамаларын енгізуге В.А. Ясвин, К.М Ушаков, М.Л. Агранович,
Е.М. Храповицкая, В.Н. Введенский және т.б. жұмыстары арналған.
Мектеп директорының басқару қызметін ұйымдастырудағы кейбір
аспектілерді отандық ғалымдар Н.П. Аникеев, Т.М. Баймолдаев, Т. Бойделл,
Ю.П. Болтышев, К.Я. Вазина, Н.А. Витке, Г.Г. Габдуллин, Т.М. Мажикеев,
С.Д. Мұқанова, Д.Р. Прінбекова, В.П. Симонов, Е.А. Ямбург және т.б., ал
университеттік білім беру жүйесіндегі оқу үдерісін басқару мәселелері
Н.А. Асановтың ғылыми еңбегінде талданған.
Соңғы уақытта білім беруді басқару құзыреттілік тұрғысынан жиі
анықталады. Мысалы, мектеп менеджері стратегиялық басқару құзыреттеріне
ие болуы, өндірістен қол үзбей оқыту, оқыту және оқыту процесін басқаруы,
құрылымдарды, үдерістер мен ресурстарды, басқа оқу орындарымен әріптестік
пен ынтымақтастықты басқаруы тиіс. Менеджер команданың көшбасшысы
болып табылады, өз идеалын білетін адам, өз командасының мүшелеріне өз
көзқарасын жеткізе алады, өз көзқарасын білдіре алады және мақсаттарға жету
үшін басқа адамдарды ұйымдастыра алады [82].
Басқару үдерісі өзара тығыз қарым-қатынастағы белгілі бір кезеңдерден
тұрады. Бұл кезеңдер бір-бірімен тығыз байланыстағы және бір-бірін жүйелі
түрде ауыстырып отыратын субъективті деңгейдегі қызметтің белгілі бір түрі
ретінде жүзеге асырылады.
30
Осылайша біз басқарушылық іс-әрекет ретінде басқару субъектісінің
үздіксіз, жүйелі іс-қимылдарының нәтижесінде басқарылатын объектінің
бейнесі қалыптасып, өзгеруін, сондай-ақ ортақ мақсаттардың белгіленіп, оларға
жету жолдарының анықталуын, барлық қатысушының жұмыстарының бөлініп,
күштің интеграциялануы деп түсінеміз.
Қазіргі кезде білім саласының барлық деңгейіндегі білім менеджерлерін
дайындауға қойылатын талаптар жоғарылап келеді. Бұл көптеген фактормен
байланысты: Қазақстанның халықаралық білім қауымдастығына қарқынды
енуі; жалпы кәсіби дайындыққа қойылатын жоғары талаптар; көбінесе
ұйымдардың қызметінің бағытына байланысты мақсаттар мен міндеттердің
және түрлерінің жылдам әрі алдын ала болжанылмайтын өзгерістері;
бәсекелестік жағдайда қабылданатын шешімдерге қойылатын жауапкершіліктің
әрдайым көтерілуі; кәсіби қызметте сұранысқа ие білімнің үнемі жаңартылып
отырылуы, бұл өз кезегінде, қоғамның ақпараттық даму жағдайында қағаздағы
ақпараттардың өзектілігін жылдам жоғалтуына әкеледі. Бүгінгі және болашақ
кәсіби менеджер – көп функционалды негіздегі ұйым, мекеме немесе ұжымның
жүйелі дамуына қатысты міндеттерді жоғары деңгейдегі құзыретпен дербес
шеше алатын, жағдайға байланысты тактикалық және стратегиялық басқару
әдістерін қолдана алатын маман.
Демек,
Достарыңызбен бөлісу: |