27
қызметін ұйымдастыру және оны білім беру мен мектепті дамытудағы
мақсаттарға жетуге бағыттау) және қызмет субъектілері.
Мұндай анықтамалар басқаруды, ең алдымен, негізгі нәтижеге жетуді
мақсат еткен әлеуметтік қызмет түрлерінің бірі ретінде айқындау тұрғысынан
маңызды. Бұл жерде оқу процесіне қатысушылардың субъекті тәжірибесі
қызметіндегі өзгерістерге назар аударылмайды.
2.
Басқару бір жүйенің басқа жүйеге, бір адамның басқа адамға немесе
топқа «ықпалы» ретінде қарастырылады.
(В.Г. Афанасьев, Л.Б. Ительсон,
О.В. Козлова, М. Майков, А.А. Орлов, Н.С. Сунцов, Н.Д. Хмель, А.В. Филиппов
және т.б.).
Бұл позицияны қолдаушылар басқаруды – субъектінің объектіге,
нәтижесінде өзгеріске әкелетін мақсатты әсер етуі немесе басқа субъектіні
өзгертуге ықпал етуші мақсатты процесс деп санайды. Басқарудың бұл
тәсілінде оның «пәндік-тақырыптық сипаты» есепке алына бермейді, өйткені
басқарушының ғана белсенділігі есептеледі, ал бағынушы белгіленген норманы
қатаң ұстанатын пассивті орындаушы ретінде ғана қабылданады.
3. Басқару – субъектілердің өзара қарым-қатынасы (А.Т. Абрамов,
В.Г. Афанасьев, П.И. Третьяков, Т.К. Чекмарева, Т.И. Шамова, Д.В. Юдин және
т.б). Философияда өзара қарым-қатынас тараптардағы өзгерістер, өзара
байланыспен ғана емес, сонымен бірге өзара шарттылықпен болатын күрделі
әрі алуан түрлі процесс ретінде түсіндіріледі. (А.Н. Аверьянов, Н.И. Жбанкова).
Оның мәні – бір-біріне әсер етуші субъектілер өзгерістерінің табиғи үйлесуі
мен тікелей және кері әсердің үздіксіздігінен тұрады. Сонымен қатар өзара
қарым-қатынас – толық, ішкі дифференцияланған, өздігінен дамитын жүйе
болып табылады. (А.И. Уемов, Б.М. Кедров және т.б.). Басқарудың мәнін
көрсететін өзара қарым-қатынастың бұл ұғымы, басқарушы мен бағынушының
өзара өзгеруін бағамдайды.
Соңғы нұсқадағы мектептегі басқаруды түсіндіру көбінесе шынайы
басқарушылық тәжірибеге сәйкес келеді [80].
Ғалымдар басқару қызметінің бірнеше деңгейін қарастыру қажеттігін
атап көрсетеді.
1.
Достарыңызбен бөлісу: