Есенова камчат аугажыевна


Білім беру менеджерлерін дайындау жүйесін салыстырмалы



Pdf көрінісі
бет21/75
Дата29.10.2023
өлшемі7,45 Mb.
#121142
түріДиссертация
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   75
Байланысты:
6D010300 ДИССЕРТАЦИЯ ЕСЕНОВА К.А.

1.3 Білім беру менеджерлерін дайындау жүйесін салыстырмалы 
талдаудың әдіснамалық тұғырлары
Заманауи ғылымда әдіснама күрделі теориялық және практикалық 
міндеттерді шешуде қолданылатын жалпы, ең алдымен, дүниетанымдық 
қағидалар 
жиынтығы 
ретінде 
қарастырылады. 
Бұл 
зерттеушінің 
дүниетанымдық ұстанымы, сондай-ақ танымдық және тәжірибелік қызметте 
нақты қолданудың бастапқы қағидалары мен жолдарына негізделген таным 
тәсілдері туралы ілім.
Ғылыми таным әдіснамасы, яғни, ғылыми-танымдық әрекет құрылымы, 
қағидалары туралы ілім ретінде қарастырылады. Ғылым әдіснама ғылыми 
зерттеулер компоненттерінің сипаттамасын береді оның нысаны, талдау пәні, 
бұл типтегі міндеттерді орындауға қажетті зерттеу құралдары, зерттеу 
тәсілдерінің 
жиынтығы, 
сондай-ақ 
міндеттерді 
шешу 
үдерісіндегі 
зерттеушілердің іс-әрекетінің жүйелілігі туралы түсінік қалыптастырады [113].
Е.И. Пургина әдіснаманы әрекет ұйымдастыру туралы ілім ретінде 
қарастырады. Сонымен қатар кез келген әрекеттің әдіснамаға қажеттілігі бола 
бермейтінін атап өту керек. Барша адамзат әрекетін өнімді және репродуктивті 
деп бөлуге болады. Өнімді әрекет объективті жаңа немесе субъективті жаңа 
нәтижелер алуға бағытталған. Дұрыс жүзеге асырылған кез келген ғылыми-


58 
зерттеушілік әрекет қашан да объективті жаңа нәтижеге бағытталған. Педагог-
практиктің инновациялық әрекеті объективті жаңа, сонымен қатар субъективті 
жаңа нәтижеге де бағытталған болуы мүмкін. Сондықтан да өнімді әрекетте 
қолданған жағдайда ұйымның әдіснамасын қолдануға қажеттілігі туындайды 
[114].
Әдіснама ретінде қоршаған ортаның түрленуі мен танымының тұғырлары 
мен жолдары, қисынды ұйымдастырылуы, құрылымы, жалпы қағидалары 
қарастырылады [115]. Кез келген зерттеу педагогикалық ғылымның 
әдіснамалық әлеуетіне негізделеді. Өз кезегінде зерттеулер әдіснамалық 
тұғырлар мен қағидалар негізінде жүргізіледі. 
Салыстырмалы педагогика педагогиканың жекеленген саласы болып 
табылады, сондай-ақ өзінің жеке әдіснамасы жүйеленген. Б.Л. Вульфсон атап 
өткендей, түрлі елдердегі білім жүйесінің тиімділігін объективті бағалау мен 
оларды өзара салыстыру тиісті өлшемдерді қажет етеді. Бұл педагог-
компаративистен мамандандырылған педагогиканың ішінде қалыптасқан 
дәстүрден тыс дидактика, тәрбие берудегі теория мен практика, білім 
экономикасы, басқару мәселелерінің дереккөздері мен материалдарын қарауды 
талап етеді. 
Салыстырмалы педагогиканың заманауи даму кезеңдерінде қарама-
қайшылықты жағдай қалыптасты: шетелдердегі білім беру жүйесі туралы 
көптеген жұмыстар жариялануда, алайда салыстырмалы зерттеулердің 
теориялық және әдістемелік аспектілері жайында сөз аз қозғалады. Бұл сондай-
ақ мазмұнды зерттеулердің сапасына да теріс әсер етеді. Сол себептен де 
ғылыми ілімдердің арасындағы біршама жас сала – салыстырмалы педагогика 
үшін ең бірінші маңыздысы, қойылған міндеттер мен зерттеу объектісіне дәл 
келетін бастапқы теориялық-әдістемелік негіздемесін әрі қарай жасау 
[13, б. 117].
Ұлттық педагогикалық мәдениеттердің өзара әрекеттесу мәселелерін 
талдау әрдайым айқын немесе жасырын түрде салыстыру тәртібіне негізделген.
Салыстырмалы педагогика функцияларының бірі – бұл мәдениеттердің 
ерекшеліктерін анықтау, өйткені олардың ұлттық ерекшеліктері айқын және 
білім мен педагогиканың дамуындағы жалпы үрдістер әр елде қайталанбас 
өзіне тән түрде көрініс табады. Алайда бір-бірінен мүлдем байланыссыз да 
емес. Жаһандану жағдайындағы қазіргі кезеңде әлемде түрлі мәдениеттердің 
өзара сіңісуі мен өзара байыту процестерімен қатар, жиі шиеленіске айналатын 
текетірестері де дамуда. Бұл білім беру мен тәрбие тәжірибесіне тікелей қатысы 
бар жаңа мәселелер туғызады.
Біздің диссертациямызда білім беру менеджментін түрлі типтегі 
ұйымдардағы білім жүйелері мен процестерін басқару жолдары мен түрлері, 
құрылым қағидалары туралы ілім ретінде қарастыра отырып, әдіснама 
құрылымына төмендегілерді қосамыз:
1. Қазақстан мен Литвадағы білім беру менеджменті саласындағы 
ғылыми білімнің құрылымы мен қызметі. 


59 
2. Қазақстан мен Литвадағы білім жүйелері мен үдерістерін басқарудағы 
негізгі теориялар мен тұғырлар. 
3. Білім беру менеджменті саласындағы зерттеулердегі әдіснамалық 
қағидалар мен тәсілдер.
4. Қазақстан мен Литвадағы білім беру менеджменті саласындағы 
ғылыми-зерттеулердің логикасы мен тәсілдері. 
Белгілі болғандай, кез келген ғылыми білімдердің даму процесінде 
көбінесе қандай да бір ізденістердің негізіне жататын әдістемелік қағидалар мен 
тұғырларға сүйене таңдалатын тиісті зерттеу әдістерінің көмегімен зерделеу 
мен ұғынуды талап ететін алуан эмпирикалық және теориялық материалдар 
жинақталады. Білім беру менеджменті саласындағы зерттеулерге келетін 
болсақ, олардың негізінде жалпы ғылыми қағидалар мен тұғырлардың 
тұтастығы жатады.
Э.Г. Юдиннің пікірі бойынша, әдістемелік тәсілді «зерттеудің түбегейлі 
әдістемелік бағыты ретінде, зерттеу объектісінің қарастырылатын көзқарас 
(объектіні анықтау тәсілі) ретінде, жалпы зерттеу стратегиясын басқаратын 
ұғым немесе қағида ретінде анықтауға болады» [113, б. 69].
Әдіс 
негізгі 
идеяны, 
әлеуметтік-экономикалық, 
философиялық, 
психологиялық-педагогикалық алғышарттарды, мақсаттарды, қағидаларды, 
мақсаттарға жету кезеңдерін көрсететін мәселелерді шешу әдістемесі.
Компаративті зерттеулердің нәтижелі ғылыми тәсілдері гносеологиялық 
тұтастықтың позициялары, қағидалары, әдістерін біріктіретін негіз болып 
табылады және сәйкесінше, салыстырмалы талдау үшін қосымша деректі қор 
іздеуге бағыттай отыра, зерттеу аясын кеңейтеді. Сол себепті компаративті 
педагогикалық зерттеу мәселелерін шешудің стартегиясын анықтайтын негізгі 
ғылыми тұғырларды көрсету маңызды [116].
Профессор Ш.Т. Таубаева салыстарымалы педагогика әдіснамасы – 
салыстырмалы 
педагогикада 
іс-әрекетті 
ұйымдастыру 
әдістері 
мен 
ұстанымдарының жүйесі туралы ілім деген анықтама береді. Автор 
салыстырмалы педагогиканың жеке ұстанымдары мен педагогикалық 
зерттеулердің негізгі әдіснамалық ұстанымдары, дұрыстығы мен кешенділігі; 
нақты тарихи тәсіл; педагогикалық жүйелілік; шетелдік педагогикалық 
тәжірибенің қарама-қайшылықтарын қатаң қадағалау керектігін ескертеді [117].
Ғылыми-зерттеулердегі әдіснама тұрғысында салыстырмалы педагогика 
екі жақты, кешенді, гуманистік, тарихи, мәдени, өркениеттік және 
аксиологиялық 
тұғырдың 
маңыздылығын 
көрсетеді. 
Әрбір 
нақты 
салыстырмалы педагогикалық зерттеуде ғылыми тәсілді таңдау белгіленген 
мақсат бойынша айқындалады.
А.Б. Айтбаева тұғыр дегеніміз–өзі-қойылған зерттеушілік міндетті 
шешудің негізгі жолы, ол осы шешімнің бағыттары мен стратегиясын ашып 
көрсетеді деген анықтама береді [118]. Егер ғылыми тұғырларды жіктеу 
критерийі 
ретінде 
салыстырылатын 
педагогикалық 
құбылыстардың, 
үрдістердің, жүйелердің таным толықтығының деңгейін таңдаса, барлық 
тұғырларды төмендегідей құрылымдаса болады:


60 

жалпы ғылыми (диалектикалық, тарихи, саяси, өркениеттік, жүйелік, 
бағалау, оңтайлау), 

дүниетанымдық (мазмұнды, мәдени, диалогтік, ақпараттық, ізденіс)

технологиялық.
Білім беру менеджерлерін дайындау мәселелерін салыстырмалы талдау 
барысында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет