Есенова камчат аугажыевна



Pdf көрінісі
бет24/75
Дата29.10.2023
өлшемі7,45 Mb.
#121142
түріДиссертация
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   75
Байланысты:
6D010300 ДИССЕРТАЦИЯ ЕСЕНОВА К.А.

(Kandel I., 1933).
Ал Н. Хэнс Батыс Еуропа елдеріндегі ұлттық білім 
ерекшелігіне ықпал ететін мәдени факторларды үш категорияға бөледі: табиғи 
және экономикалық; діни; зайырлы. 
(Hans N., 1958)
[133, б. 34].
Біздің ойымызша, мәдениет білім беру менеджерін дайындауға негіз 
болуға тиіс. Өйткені мәдениет адам қызметінің барлық түрлерін қамтиды, 
рухани мұраны зерделеу үшін мүмкіндіктер ашады, заманауи қоғамда бағыт 
береді, адамның қызығушылығын анықтайды, білімін бағалап, оны жетілдіреді. 
Мәдени негізде заманауи өркениеттің жаңа қыры кәсіби құзыреттілікке 
және адамның рухани әлеміне қойылатын талаптармен қалыптасады. Мәдени 
тұғыр мәселесін белсенді түрде ресейлік (Е.И. Бражник, В.С. Библер,
Н.С. Гаркуша, Г.И. Гайсина, И.Ф. Исаев, В.Д. Семенов, В.П. Юдин,), сондай-ақ 


66 
отандық (Д.М. Джусубалиева, З.А. Исаева, Ш.Т. Таубаева, М.С. Панин, А.А. 
Молдажанова) ғалымдар зерттеуде. Еңбектерде білім мен мәдениет арасындағы 
қарым-қатынастың жан-жақты мәселелері қарастырылған. 
Е.И. Бражниктің сөзінше, мәдени тұғыр салыстырмалы зерттеулерде 
алдыңғы қатарға шығуда. Әлемдегі өзгерістердің жаһандық сипаты, ең алдымен 
қоғамдық өмірді ізгілендіруге байланысты. Мәдени ойлаудың басында өзара 
тәуелділік пен қарым-қатынас туралы әлем тұжырымдамасы бар [131, с. 78].
Мәдени тұғыр педагогикалық зерттеулерде оның категориялық 
аппаратына мәдениет, тәрбиелік құндылықтар, өркениет, руханилық, жеке 
мәдениет, мәдени контекст, мәдени дағдарыс, металитет, нормалар, дәстүрлер, 
мәдени ерекшеліктер, әлеуметтік маңызы бар білім, құндылық бағдар және т.б. 
ұғымдарды енгізуге мүмкіндік береді.
Мәдени тұғыр қазіргі уақытта білім беру арқылы мәдениетаралық өзара 
іс-қимыл қалай қалыптасатынын түсінуге көмектеседі, ол мәселелерді шешудің 
жеңілдетілген рационалды схемаларынан біртіндеп бас тартуға, түсінетін 
рефлексия салмағының өсуіне, білім беру мәселелерін шешудің жаңа тәсілдерін 
әзірлеуге негізделген.
Салыстырмалы білім беруде зерттеушінің бөтен мәдениеттер мен 
көзқарастарды түсіну қабілеті, іс-әрекеттің өзіндік негіздері мен оның 
шекараларын сын тұрғысынан талдау, бөтен мәдениеттің өзіндік ерекшелігін 
тану, оларды өз ұстанымы мен пайымына қосу қабілеті, көптеген ақиқаттың 
болу заңдылығын тану, диалогтік қарым-қатынас құру және ақылға қонымды 
ымыраға бару қабілеті аса маңызды. 
Сонымен бірге, мәдени тұғыр білім беруді ұлттық-мәдени құндылықтар 
мен дәстүрлерді бейнелейтін мәдени құбылыс ретінде қарастыруға мүмкіндік 
береді. Осы тұрғыдан алғанда, еуропалық білім еуропалық даму үрдістерін 
көрсететін ұлттық білім беру жүйесінің жиынтығы [131, б. 78].
Мәдениет өзін-өзі белгілі бір шектеу мен өзін-өзі ұстау, өзінің жеке 
ұмтылыстарында шекті және жоғары нәрсе көрмеуге, бірақ өзін белгілі, ерікті 
түрде қабылданған шекаралардың ішінде қарауға белгілі қабілеттілікті 
болжайды, мәдениет мазмұны ақылмен, адамгершілікпен немесе сеніммен 
ұйғарылған нормалармен анықталады.
Мәдени тұғыр зерттеушінің салыстырмалы зерттеу әдістері мен 
техникасын таңдау технологиялық деңгейінде де көрінеді. Бұл таңдау білім 
берудегі интеграциялық үрдістерді дамытуға қатыса алатын зерттеушінің 
(белгілі бір мәдениеттің тасымалдаушысының) тиісті мәдени контекстіндегі 
мінез-құлық жағдайларымен анықталады [131, б. 78]. 
В.С. Библер қазіргі заманғы мәдени көзқарас заманауи адамзат 
ғылымындағы құндылыққа айналғанын айтады, себебі «мәдениет – өзара 
түсіністіктің негізінде ғылыми ойлаудың және күнделікті өмірдің негізі». 
Қазіргі заманғы ақыл-ой мен әлем, ғылым мен адам арасында бірегей мәдениет 
туындылары саласында түсінік бар» [134].
Н.С. Гаркуша компаративті педагогикалық зерттеуде мәдени көзқарас 
әлеуметтік маңызы бар құндылықтар жүйесін шоғырландыру және оны 


67 
педагогикалық процесте қайта қалпына келтіру үшін салыстырылатын 
мемлекеттердің мәдени жетістіктерін қарастыруға мүмкіндік береді деп 
санайды. Осылайша, салыстырмалы зерттеулердегі мәдени көзқарас әлемдік 
мәдени ағымға, түрлі мәдениеттердің ықпалдасуын ынталандыруға, адамзаттың 
бірыңғай өзара толықтырушы мәдениетін қалыптастыруға, түсінуге және 
қабылдауға ықпал етеді [116, б. 151].
Г.И. Гайсина мәдени көзқарас педагогиканың әдіснамалық негізі деп 
есептейді, яғни оның негізгі мақсаты–«мәдени мұраның негізгі санаттарын, 
байланыстың тұтастығын, өткен тарихи дәуірдің рухани өндірісінің 
қатынастары мен нәтижелерін, олардың сабақтастығы мен жаңа мәдени 
құндылықтарды құру» [135].
Г.И. Гайсинаның пайымдауынша, мәдени көзқарас жалпы ғылыми әдіс 
ретінде зерттелетін объектіні мәдени құбылыс немесе процесс ретінде түсінуді 
және түсіндіруді қамтиды. Мәдени көзқарас – мәдениеттің аксиологиялық, іс-
әрекет және жеке шығармашылық аспектілерінің бірлігін ашатын және адамды 
оның субъектісімен, басты әрекет етуші тұлғамен қарайтын әдіснамалық 
ұстаным. Заманауи педагогикалық ғылымның әдіснамалық негізі ретінде 
мәдени көзқарас педагогикалық құбылыстарды және процестерді түсіну және 
түсіндіруде негізгі мәдениет феноменін пайдалануды қарастырады. 
Педагогикалық мәселелерді мәдени талдаудың функционалдық принциптері 
мәдениетті жүйелі қайта құру болып табылады; мәдени даму субъективтілігін 
және мәдениетте пәндік принципті іске асырудың сипатын ескере отырып, 
мәдениеттің нормативтік және шығармашылық аспектілерінің бірігуі [135, б. 8].
Мәдени тұғыр жүйе құраушы мәдениеттану ұғымдарының призмасы 
арқылы әлеуметтік және психикалық өмірдің кез келген саласын талдауды 
қамтамасыз ететін әдіснамалық тәсілдердің жиынтығы (оның ішінде білім беру 
және педагогика) «мәдениет», «мәдени үлгілер», «нормалар» және 
«құндылықтар», «әдет» және «өмір салты», «мәдени қызмет» және 
«қызығушылық» сияқты.
И.Ф. Исаевтың ұсынуы бойынша мәдени тұғыр «педагогикалық 
құндылықтар мен технологияларды игеру және трансляциялау бойынша жағдай 
жасауға бағытталған теориялық-әдіснамалық ережелер мен ұйымдастыру-
педагогикалық шаралар жиынтығы, кәсіби қызметте мұғалімнің жеке тұлғасын 
шығармашылық тұрғыдан танытуды қамтамасыз етеді [136].
Педагогикадағы мәдени тұғыр В.Д. Семеновтың пікірінше, бұл – ең 
алдымен, құндылық-мағыналық тәсіл. Бұл ретте ғалым құндылықты үш 
топтамаға бөледі: 

дербестік (мен қалаймын, мен жасай аламын, мен жасау керекпін); 

әлеуметтік (патриотизм, азаматтық, Отан үшін жанқиярлық); 

жалпыадамзаттық (адам өмірі, білімге құқығы, әлеуметтік қамтамасыз 
етілуі). 
В.Д. Семеновтің пайымдауынша, педагогикадағы мәдени тұғыр 
педагогикалық мақсаттарға жетудің жаңа жолдарын айқындайды. Осыған 
байланысты ол төмендегі тәсілдерді атап өтеді: 


68 

ересектер тәжірибесіне сүйенуді көздейтін жол; 

өзін-өзі жетілдіру жолы; 

алғашқы екі жолдың ықпалдастығы [115, б. 36]. 
А.А. Симонов атап өткендей, қазіргі жағдайда білім берудегі мәдени 
тұғыр тек өткен мәдени үлгілердің болашақ ұрпаққа насихатталуы ғана емес, 
сонымен қатар педагогтер мен студенттердің бірлескен белсенді әлеуметтік іс-
қимылын көрсетеді. Бұл қарым-қатынас өзара даму және рухани баюмен қатар 
жаңа мәдениетті қалыптастырады [137].
Отандық зерттеушілер M.С. Панин мен А.А. Молдажанованың пікірінше, 
мәдени тұғыр стратегиялық тәсіл ретінде студенттің жеке басына және оның 
негізгі күштерін өздігінен жүзеге асыру үшін қажетті жағдайларды жасауға 
бағытталған [138].
Авторлар мәдени тұғырды әдістемелік көзқарас ретінде қарастырылуы 
керек екенін айтады, себебі ол мәдениет теориясының басым бағыттарына не-
гізделген және белгілі бір принциптер негізінде пәндік білім мазмұнын толы-
ғымен талдауға мүмкіндік беретін кәсіби қызметтің стратегиясын анықтайды. 
Әдістемелік қағидалар ретінде біз зерттеуге арналған ең маңызды екі 
нәрсені атауға болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет