65
маңызды нәрсені ұмытпауымыз керек. Біздің ең басты назарымызда –
қарапайым сипаттамадан бөлек, материалдық емес тиімділіктің нәтижесі
ретінде кез келген сәтті білім жүйесін түсінуге күш салу. Мәдени дәстүрлердің
басты бөлігі болып табылатын ұлттық рухты түсіну керек…, ең алдымен белгілі
бір ұлттың көрінбейтін, терең жасырын рухани күштерін зерттеу қажет», –
дейді [133].
Мәдениетті зерттеуге арналған заманауи педагогикалық салыстырмалы
зерттеулердің дискурсы мәдениет пен білім арасындағы тығыз қарым-
қатынасқа негізделген. Франция компаративисі Ле Тханх Кхоидың пікірінше,
мәдениет салыстырмалы педагогиканың шеткі бөлігінде орналасқан және оны
зерттеудің ерекше нысаны ретінде қызмет етпесе де, мәдени контекст жеке
білім беру жүйесінің және басқа да білім беру жүйелерінің даму
механизмдерінде көп нәрсені түсінуге мүмкіндік беретін «түсіндірме фактор»
болып саналады. Қытай ғалымы Гу Мингуан мәдениет пен білімнің өзара
байланысын талдай отыра: «Мәдениет пен білімнің байланысы, мәдениет пен
білімнің маңызды ерекшелігі болып табылады. Яғни білім беру, бір жағынан
мәдени дәстүрлердің ықпалы болып табылса, ал екінші жағынан, бұл
мәдениетті қалыптастырудың ең маңызды құралы, басқаша айтқанда, білім
мәдениетті қалыптастырады», – дейді. (Gu Minguan). Педагогикалық
салыстырмалы зерттеулерге арналған мәдениеттану негіздемесін анықтауда Г.
Мингуан әр ел мәдениетінің өзіндік формасы бар екенін түсіндіреді және ол
педагогиканың негізгі бағыттары ретінде саясатта, білім беру жүйесінде жиі
көрінетінін айтады [133, б. 34].
Ғалымның пайымдауынша, салыстырмалы педагогикалық зерттеулерде
ең бастысы, ұлттық құндылықтарды түсіну қажет. Педагогикалық ойлау
имиджі, бұл мысалы батыстық көзқарас пен шығыс мәдениетінің қатынасында
байқалады.
Әлеуметтік-мәдени детерминант тұрғысынан білім беру контекстінде
салыстырмалы талдауды батыс компаративистері XX ғасырдың бірінші
жартысында дамытты.
Осылайша, И. Кэндэл кез келген білім беру жүйесінің ерекшеліктері
негізінен ұлттық мәдениет түрімен алдын ала анықталатынын айтып,
педагогика мен білімнің дамуына мәдени-салыстырмалы талдау жасауды
ұсынған
Достарыңызбен бөлісу: