Есенова камчат аугажыевна



Pdf көрінісі
бет25/75
Дата29.10.2023
өлшемі7,45 Mb.
#121142
түріДиссертация
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   75
Байланысты:
6D010300 ДИССЕРТАЦИЯ ЕСЕНОВА К.А.

Мәдени-тарихи принцип 
мәдени білім жүйесінде ең маңызды болып 
табылады. Ол барлық құбылыстарды, оқиғаларды, мәдени процесс фактілерін 
сол уақыт пен сол жағдайлар контекстінде қарау керек дегенді білдіреді. Тиісті 
дәуірден «алып тастау» әрекеттерінің тарихи-мәдени үдерістерді бұрмалау 
қаупі бар. 
Тұтастық принципі
әлемдік және отандық мәдениетті дамытудағы кез 
келген кезеңді зерделеу құбылыстардың, оқиғалардың, мәдениет фактілерінің 
алуантүрлілігін қамтуы тиіс. Оқиғалардың шынайы болмысын бұрмалауға 
мүлдем жол берілмейді. Бұл қағида саяси өткір және өзекті мәселелерді 
зерттеуде ерекше маңызды. 
Осылайша, салыстырмалы аспектіде білім беру менеджерлерін 
даярлаудағы мәдени көзқарас бізге әлеуметтік маңызды құндылықтар жүйесін 
шоғырландыру және мемлекеттердің мәдени жетістіктерін білім беру 
процесінде ұдайы пайдалануға мүмкіндік береді. 
Зерттеуде аксиологиялық тұғырды қолдану заңды болып табылады, 
өйткені әлеуметтік маңызы бар қызметтің жалпыадамзаттық құндылықтары 
білім менеджерінің азаматтық сана-сезімін анықтайды. 
Аксиология
(грек тілінен axia - құндылық и logos - ілім) – құндылық 
әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. 
Аксиологиялық тұғыр
(М.С. Каган, Г.П. Выжлецов, М.С. Бургин, 
В.И. Кузнецов, З.И. Равкин, В.А. Сластенин және т.б.) ХХ ғасырдың
60-жылдарынан бастап дамыды. 
М.С. Каганның пікірінше, құндылық иерархиясының мағынасы «объект 
пен субъектің» арасындағы «тұлғалық пен тектілік». 
Г.П. Выжлецов өмір мен мәдениеттің құндылықтарын шынайы қарым-
қатынас жүйесі ғана емес, сонымен бірге болашақты болжай отырып, идеалдар 


69 
мен нормалар ретінде көрсетеді. 
Аксиологиялық тұғырды педагогикалық ғылым мен кәсіби педагогикалық 
білім саласында В.А. Сластенин жетілдіруде. Оның көзқарасы бойынша, бұл 
тәсіл құндылығы жоғары адамды анықтайды. Ол бір уақытта екі мәселені 
шешуге мүмкіндік береді: адамдардың рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру 
үшін олардың әлеуеті тұрғысынан педагогикалық құбылыстарды зерттеуді, 
сондай-ақ қоғамды гуманизациялау мәселесін шешеді. Бұл тәсілдің мәні 
аксиологиялық принциптер жүйесі арқылы анықталады: мәдени және 
этникалық ерекшеліктердің алуантүрлілігін сақтай отырып, құндылықтардың 
біртұтас гуманистік жүйесі аясындағы философиялық көзқарастардың тең 
құқықтылығы; 
адамдардың 
экзистенциалды 
теңдігі; 
дәстүр 
мен 
шығармашылық теңдігі, бүгінгі және болашақтағы рухани ашылудың 
мүмкіндігін тану және өткеннің ілімдерін оқып үйрену мен қолдану 
қажеттілігін мойындау, дәстүршілдер мен жаңашылдар арасындағы кең 
көлемдегі диалог. Аксиологиялық көзқарас белгілі бір тарихи кезеңдегі ұлттық 
рухани және материалдық мәдениетінің ұлттық құндылықтарымен өзара 
байланысын білдіреді, бұл өз кезегінде «тарихи дереккөзден ақпарат алу» және 
оны түсіндіруді анықтайды (өзара байланысты процестер) [112]. 
Аксиологиялық тұғыр
әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа қалдыру 
кезінде іске асырылатын негізгі құндылықтар мен мағыналарға олардың 
бағдарлануы контексінде білім беру процестерін талдауға мүмкіндік береді. 
Сондай-ақ 
педагогикалық 
аксиологияны 
дамытуда 
Б.М. 
Бим-Бада, 
Б.С. Брушлинский, Б.И. Додонов, Б.Г. Кузнецов, Н.Д. Никандров, 
В.А. Сластенин, В.М. Розина, М.Н. Фишер, П.Г. Щедровицкий еңбектері елеулі 
үлес қосты. 
Аксиологиялық тұғыр педагогиканың гуманистік бағыттылығымен 
үйлесімді. Бұл адамның педагогикалық ғылымда ең жоғары әлеуметтік 
құндылық және әлеуметтік дамудың мақсаты ретінде қарастырылуына 
байланысты. Осылайша, аксиологияны қазіргі заманғы педагогиканың жаңа 
білім беру философиясы мен әдіснамасының негізі ретінде қарастыруға болады.
Аксиологиялық ойлауда өзара әсер етуші әлем түсінігі бар. Ол түсінік 
біздің әлеміміз, тұтас адамның әлемі, сондықтан адамзатты біріктіріп қана 
қоймай, әрбір жеке адамды сипаттайды деген ортақ нәрсені көруді айғақтайды. 
Гуманистік құндылықты бағдар – бейнелі түрде айтқанда, құндылықтар 
жүйесінің барлық буындарына белсенділік беретін «аксиологиялық серіппе».
Аксиологиялық көзқарастың мәні аксиологиялық қағидалар жүйесі 
арқылы анықталуы мүмкін: 

мәдени және этникалық ерекшеліктердің алуантүрлілігін сақтай 
отырып, 
құндылықтардың 
біртұтас 
гуманистік 
жүйесі 
аясындағы 
философиялық көзқарастардың тең құқықтылығы; 

дәстүр мен шығармашылықтың теңдігі, өткен және қазіргі заманғы 
ілімдерді оқып-үйрену қажеттілігін мойындау, сондай-ақ заманауи және 
келешектегі 
рухани 
ашылу 
мүмкіндігін 
тану, 
дәстүршілдер 
мен 
жаңашылдардың диалогін кең көлемде дамыту; 


70 

құндылықтардың негіздері туралы демагогиялық даулардың орнына 
адамдардың әлеуметтік-мәдени прагматизмінің экзистенциалды теңдігі; 
мессиандық пен енжарлықтың орнына диалог және қозғалыс [125, б. 88].
Аксиологияда 
танымдық 
когнитивті 
және 
эмоционалды-ерікті 
компоненттерді қамтитын «Мен» құндылық бағдарлар жүйесі маңызды. Онда 
педагогикалық құндылықтардың жеке-тұлғалық жүйесінің негізі болып 
табылатын әлеуметтік-педагогикалық, сондай-ақ кәсіби-топтық құндылықтар 
бейімделген.
Бұл жүйе: 

адамның әлеуметтік және кәсіби ортадағы рөлін бекітуге байланысты 
құндылықтар (педагог еңбегінің қоғамдық маңыздылығы, педагогикалық 
қызметтің беделі, кәсібін жақын жеке ортасының мойындауы және т.б.); 

қарым-қатынас қажеттілігін қанағаттандыратын және оның шеңберін ке-
ңейтетін құндылықтар (балалармен, ұжыммен, үлгілі адамдармен қарым-қаты-нас, 
балалардың сүйіспеншілігін сезіну, рухани құндылықтармен алмасу және т.б.); 

шығармашылықта өзін өзі дамыту құндылығы, (кәсіби және шығар-
машылық қабілеттерін дамыту мүмкіндіктері, әлем мәдениетіне кіріспе, сүйікті 
іспен шұғылдану, өзін өзі үздіксіз жетілдіру және т.б.); 

өзін өзі дамыту құндылығы, (шығармашыл, педагог еңбегінің нұсқау-
лық сипаты, қиялшылдық және педагогикалық мамандықтың тартымдылығы, 
әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету мүмкіндігі т.б.); 

прагматикалық қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік беретін 
құндылықтар (кепілдік берілген мемлекеттік қызметті алу мүмкіндіктері, 
еңбекақы және демалыс ұзақтығы, қызметтік лауазымдық өсу т.б.) [125, б. 90]. 
Аксиологиялық 
тұжырымдама 
мәдениетті 
адамдар 
жинақтаған 
материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы ретінде қарастырады. Оның 
жақтаушылары мәдениеттің кез келген элементінде заттың өзі емес, осы заттың 
өзінің табиғи болмысынан тыс жерде, адам үшін бағасы, құны маңызды деп 
есептейді.
Менеджердің құндылықтары оның ішкі эмоциялық дамыған әрекетін 
реттеуші болып табылады, ол өзіне және оның айналасындағы әлемге өзінің 
қарым-қатынасын анықтайды және өзінің кәсіби қызметінің мазмұнын 
модельдейді.
Аксиологиялық тұғыр білім менеджментін зерттеуде қолданыстағы тұғыр-
ладың арасында маңызды рөл атқарады. Біздің зерттеуде бұл тұғыр Қазақстан мен 
Литваның білім менеджментін салыстырмалы талдау үшін негіз ретінде 
мақсаттарды, міндеттерді, басымдықтарды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. 
Сонымен бірге екі елдің болашақ білім менеджерлерінің жеке басының 
құндылық негізін зерттеуге, білім беру іс-шараларын ұйымдастыру процесі 
жүретін әлеуметтік мәні бар құндылықтарға талдау жасауға көмектеседі
Осылайша, аксиологиялық тұғыр болашақ білім менеджері тұлғасын 
білім беру мен өзін-өзі дамытудағы басым құндылықтардың жиынтығын 
анықтауға және бұл адамның құндылық әлемінің даму заңдылықтарын негізге 
ала отырып, білім беру үдерісін зерттеуге және жобалауға мүмкіндік береді. 


71 
Болашақ білім менеджерінің шығармашылық бағыттылығы бар кәсіби басқару 
қызметінің субъектісі ретінде рухани жағдайына жауап береді. Кәсіби 
қызметтің салыстырмалы тұрақты бағдарлары ретінде әрекет ететін 
құндылықтар жүйесін қамтиды.
Аксиологиялық тұғыр адамның мінез-құлқы сондай-ақ, білім беру және 
кәсіптік қызметтің реттеуге, таңдау жағдайларында дұрыс шешім қабылдауға, 
жұмыстың мазмұны мен нәтижелерін сараптауға, құндылық қатынас призмасы 
арқылы білім мен дағдылар жүйесін қалыптастыру үдерісін талдауға мүмкіндік 
береді.
Ол қазіргі заманғы әлеуметтік талаптарға сәйкес болашақ білім 
менеджерлерінің дүниетанымын қалыптастырады, бұл өз кезегінде тиісті кәсіби 
құндылықтар әлемдік тәжірибесінде соңғы жылдары, білім беру жүйесінің 
құзыреттілік ұғымын білім берудің бір мақсаты ретінде қарастыратын көзқарас 
қалыптасты. Осыған сәйкес жоғары мектептің білім беру мақсаты ретінде қосу 
білім беру менеджерлерінің негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру басым 
бағыттардың бірі болып табылады. 
Құзыреттілік тәсілді қолдану Ресейлік білім беруді модернизациялау, 
саласында бірқатар ғылыми-зерттеулер бар (В.Л. Бенин, А.А. Вербицкий, О.Г. 
Ларионова, Г.У. Матушанский, О.Р. Кудаков, В.В. Юдин және т.б.). 
В.Л. Бениннің пікірінше, құзыреттілік тәсіл білім берудегі инновациялық 
үдерісті бейнелейді, көптеген дамыған елдерде қабылданған білім беру 
стандартының жалпы тұжырымдамасына сәйкес келеді және білім беру 
мазмұны мен оның сапасын бақылау жүйесін құрастырудағы құзыреттілік 
жүйесіне көшумен тікелей байланысты. Құзыреттілік білім беру («білім 
берудегі құзыреттілік тәсіл») – тиісті жарияланымдардың көбейгеніне 
қарамастан, бүгінгі күні әлі де жеткілікті зерттелмеген күрделі мәселе [139]. 
А.А. Вербицкий мен О.Г. Ларионова құзыреттілік тәсіл келесі позициядан 
шығады деп санайды: оқыту процесінде адам нақты практикалық-бағытталған 
білімді игеріп, өмірде табысты бола алатын белгілі бір әлеуметтік және кәсіби 
маңызды қасиеттерді дамытуы тиіс [140].
В. Юдиннің айтуынша, «құзыреттілік» термині адамның нақты білімін 
емес, оны қолдану мүмкіндігін, белгілі бір жағдайларда шешім шығару үшін 
қолданылатынын айтады. Бұл энциклопедиялық сауаттылыққа қарағанда 
заманауи адам үшін маңызды. Өмір қозғалыста, біз мектеп бітірушіні өмір бойы 
қажет болатын құзыреттіліктер мен қамтамасыз ете аламыз деген ойдан бас 
тартуға тура келеді. Мақсат – мықты баста емес, жақсы ұйымдастырылған мида 
болу керек. Барлығын білу маңызды емес, маңыздысы жұмыстың жаңа 
тәсілдерін өзінше меңгеру [141].
Оқу орындарының қазіргі басшысының құзырына көптеген аспекті кіреді: 
бұл шаруашылық қызмет, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шеше 
білу, білім беру процесін басқару. Сонымен қатар көшбасшы үшін қажетті 
ұйымдастырушылық қабілет пен психологиялық қасиеттердің болуы талқылан-
байтын нәрсе. Ол күн сайын әртүрлі күрделі мәселелерді шешуі тиіс. 


72 
В.В. Юдин басшының құзыреттілігін айқындап және заманауи білім 
менеджері нені меңгеруі керек деген сұраққа жауап бере отырып, оларға 
қойылатын талаптар тізімін, сондай-ақ менеджерлерге арналған даярлау 
бағдарламалары мен оқулықтарды талдайды. В.В. Юдин құзыреттілікті 
жүйелеудің бірнеше тәсілдерін ұсынады:
1. Пәндік тәсіл. Негізгі үдерісті ұйымдастыру, персоналды басқару, 
ұйымның жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету жөніндегі басшының 
қызметін дәстүрлі түрде айқындайды.
2. Қызметтік тәсіл: Әкімші мақсатқа жету, жоспарлау, болжау, 
ұйымдастыру, бақылау, диагностика, талдау және қызметті бағалау (өзін-өзі 
талдау), сондай-ақ рефлексия дағдыларын меңгеруі тиіс.
3. Функционалды тәсіл. Менеджердің төрт негізгі функциясы бар 
(ұйымды жоспарлау, ынталандыру, процесті ұйымдастыру, бақылау) және 
қосымша екі ұйымдастырушылық (басқарушылық тапсырмаларды шешу, 
коммуникация немесе басқару коммуникациясы). 
4. Интегралды тәсіл. Білім беру сапасын басқару немесе маркетинг 
тұрғысынан барлық ресурстарды оңтайландыру сияқты өтпелі міндеттерді 
шешу бойынша құзыреттер қарастырылады. Менеджердің жалпы құзыреті кез 
келген салада және қызметтің кез келген бағытында көрінеді [139, с. 152-153]. 
В.В. Юдин репродуктивті білім беру кезінде директор өз қызметін 
ағымдағы білім беру мекемесінің басқаруымен қандай да бір перспективалық 
бағыттарды жүзеге асырмай шектей алады деп санайды. Өнімділік басшыны 
жаңа технологияларды меңгеруге, оқу орнын дамытуға бағытталған қызмет 
түрлерін орындауға мәжбүрлейді. Тұлғаға бағытталған білім беру 
шығармашылық ұжымды дамытуға арналған басқару іс-әрекеттеріне баса назар 
аударуды талап етеді.
Г.У. Матушанский мен О.Р. Кудаков кәсіби маман дайындауға 
құзыреттілік көзқарасты білім беру мазмұнын жаңарту мен оқыту сапасын 
арттырудың 
маңызды 
тұжырымдамалық 
ережелерінің 
бірі 
ретінде 
тұжырымдайды. Бұл тәсіл ұғымында «нәтижеден» қалыптасатын білім беру 
мазмұнын интерпретациялау идеологиясы қойылған. Ғалымдардың пікірінше, 
құзыреттілік тәсіл – бұл кәсіби қызмет туралы барабар ұсыныспен 
сипатталатын кәсіби маманның тиімді дайындығын қамтамасыз ететін теория-
лық білімнің, іскерліктің, қабілеттіліктің, кәсіби маңызды және жеке қасиет-
тердің оңтайлы қатынасына негізделген құзыреттілікті қалыптастыруға бағыт-
талған әдіснамалық, парадигмалдық құрылымдық компоненттер кешені [142].
Ш.Т. Таубаева кәсіби білім берудегі құзіреттілік тұғыр әртүрлі 
құзіреттілік түрлерінің жиынтығы арқылы күтілетін нәтижені қалыптастыруды 
көздейді. Тек аталмыш тұрғыдан келу арқылы ғана кәсіби салада өнімді 
өзбетіндік және жауапты іс- әрекетке дайын маман даярлауға болады. Ғалым 
педагогтің құзыреттілігін жеке тұлға қасиеттерінің интеграциясы ретінде 
қарастыра отырып, кәсіби педагогикалық құзыреттілік моделін анықтау 
қажеттігін айтады [114, б. 142].
Білім менеджерлерін даярлау үшін құзыреттілік тәсілді қолданудың 
негізгі принциптеріне: 


73 

кәсіби ұтқыр принципі (болашақ білім беру менеджерлерінің 
техникалық құралдарды, технологиялық процестерді тез меңгеруге дайындығы 
мен қабілетін дамытуды көздейді); 

үздіксіз білім беру принципі (әртүрлі кезеңдерде білім менеджерімен 
бірге жүретін білім беру мекемелерін жобалау процесінде іске асыруға қажетті 
негізгі идеялар жүйес; 

бейімделу принципі кәсіби білім беруді нарықтың өзгермелі 
жағдайларына және қоғамның қажеттіліктеріне бағыттау; 

болашақ білім менеджерін даярлауда кешенді құзыреттілік 
бағыттылықты қолдану мақсатын ескере отырып, білім беру қызметінің 
субъектілерін білім беру құрылымындағы өзара байланыстың түрі (өмірлік 
тәжірибені қоса алғанда) ретінде қарастыруды көздейтін әмбебап құзыреттерді 
қалыптастыруға бағдарлау принципі. 
Біздің ойымызша, принциптердің осындай өзара байланысы білім берудің 
және болашақ білім менеджерінің жеке тұлғасын тәрбиелеудің біртұтас 
жүйесінде жалпы және кәсіптік оқытуды ұштастырудың, оны қазіргі кезеңдегі 
қоғам мен еңбек нарығының жеке мүдделері мен қажеттіліктеріне сәйкес кәсіби 
қызметке белсенді қатысуға дайындаудың негізін құрайды.
Білім менеджерлерін дайындау процесінде құзыреттілік көзқарас 
қызметтің барлық аспектілерін толығымен қамтуға мүмкіндік береді және ең 
бастысы, оның негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру және дамыту үшін 
жеткілікті жоғары деңгейде, себебі білім менеджерінің қызметі объектісі 
ретінде білім беру мекемесі. Демек, менеджердің танымдық және қайта құрушы 
қызметі барлық жүйені де, оның жеке кіші жүйелерін де қамтуы тиіс. 
Осылайша, барлық әдіснамалық тұғырларды қарастыра отырып, біз 
оларды кесте түрінде жасадық (кесте - 2). 
Кесте – 2 Білім беру менеджерлерін дайындаудың әдіснамалық тұғырлары 
Әдіснамалық 
тұғырлар 
Негізгі қағидалар 
Дайындық мақсатына көзқарас 



Жүйелік 
Бір-бірімен жүйелік тәсіл қалып 
тастыратын өзара байланысты 
аспектілер 
- жүйелік-элементтік (жүйе қан 
дай 
құрылымнан 
құралғанын 
анық тайды); 
- жүйелік-құрылымдық (құраушы 
құрылымдардың өзара іс-қимыл
тәсілін анықтайды); 
- жүйелік-функционалдық (жүйе 
мен оның құрылымдарын орын 
дай тын функцияларды анық 
тайды); 
жүйенің барлық даму векторлары 
бойынша басқалармен өзара
- болашақ мамандардың кәсіби 
қалыптасуын қам тамасыз етеді; 

проблемаларды тудыратын 
ойды жеңуге көмектеседі; 
- жүйелік ойлау принцип теріне 
сәйкес 
басқару 
әдіс 
терін 
түсіндіруді қамтама сыз етеді; 
- жүйенің құрамдас бөлік терінің
жұмыс 
істеуін 
жеке 
және 
ұжымдық түрде түсіну қабілетін 
дамытады; 
- жүйеге қатысты сыртқы және 
ішкі процестер мен құбылыстар 
арасындағы өзара байланысты 
барабар орнатуға ықпал етеді; 


74 
2 – кестенің жалғасы 



- жүйелік-коммуникациялық (осы
жүйелік-интеграциялық (жүйені 
сақтау, жетілдіру және дамыту 
тетіктерін, 
факторларын 
анықтайды); 
- жүйелік-тарихи 
(жүйелік 
перспективаны анықтайды) 
- жүйенің 
құрылымын, оның 
элементтері арасындағы байла 
нысты және олардың функцио 
налын өзгертуге дайын болуына 
ықпал етеді 
Мәдени
Мәдени-тарихи тәсіл қағидасы 
Тұтастық принципі 
Білім 
беру 
менеджерлерін 
салыстырмалы 
аспектіде 
дайындаудағы 
білім 
беру 
процесінде 
әртүрлі 
тәжірибелердің 
әлеуметтік 
маңызды 
жүйесін 
шоғырлан 
дыру және оны ұдайы өндіру 
үшін салыстырылатын мемлекет 
тердің 
мәдени 
жетістіктерін 
пайдалануға мүмкіндік береді 
Аксиологиялық 
- білім беру құндылықтарының 
тарихи және әлеуметтік-мәдени 
өзгермелілігі; 
- әлеуметтік-мәдени және білім 
беру құндылықтарының өзара 
байланыс принципі;
- қоғамдық және жеке құнды 
лықтардың арақатынасы прин 
ципі; 
- дәстүрлі 
және инновациялық 
құндылықтарды 
интеграциялау 
принципі; 
- білім 
берудің 
негізгі, 
нормативтік, 
ынталандырушы, 
құндылықтарының 
бірлігі 
принципі. 

болашақ білім менеджері 
тұлғасын өздігінен дамыту және 
білім беруде басым құндылықтар 
жиынтығын анықтауға мүмкіндік 
береді, бұл адамның құндылық 
әлемінің даму заңдылықтарын 
негізге ала отырып, білім беру 
процесін 
зерттеуге 
және 
жобалауға мүмкіндік береді 
Құзыреттілік 
- кәсіби ұтқырлық принципі; 
- үздіксіз білім беру принципі; 
- бейімделу принципі; 
- болашақ білім менеджерлерін 
әмбебап құзыреттілікті қалыптас 
тыруға бағыттау принципі 
Принциптердің 
талаптарын 
орындау білім берудің және 
болашақ 
білім 
менеджерінің 
тұлғасын тәрбиелеудің біртұтас 
жүйесінде жалпы және кәсіптік 
оқытуды 
ұштастыруды, 
оны 
қазіргі кезеңдегі қоғам мен еңбек 
нарығының 
мүдделеріне 
бағыттауды көздейді. 
Осылайша, жоғарыда қарастырылған әдістемелік-теориялық тәсілдерді 
үйлесімді өзара байланыста және өзара толықтыра қолдану орынды, өйткені 
олар мәселені заманауи түсінуді қамтамасыз етеді, және зерттеудің мәнін ашу 
үшін болашақ білім менеджерінің сапалы кәсіби даярлығын қамтамасыз етуде 
үшін кешенді құралдарды таңдау мүмкіндігін береді. 


75 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет