«Есенсай жалпы орта білім беретін мектебі» кмм ғылыми жоба тақырыбы:«Әбу Насыр әл-Фараби шығармаларының тәрбиелік мәні». Бағыты:Қазақ әдебиеті Дайындаған: Ерланұлы Шерхаг



бет3/8
Дата27.11.2023
өлшемі270,74 Kb.
#129565
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
әл-Фараби жоба

Зерттеудің мақсат-міндеттері:
Әбу Насыр әл-Фараби сияқты қайраткерлік қызметін қалдырмай жүріп, том-том романдар жазған қайраткерлер тым сирек. Ол – халқының басындағы аласапыран, алапат кезеңнің жауапкершілігін жіті сезініп, зіл батпан жүгін қара нардай көтеріп қана қоймай, шым-шытырық шатасқан өз заманының ой жібін шамасы жеткен жерге дейін таратып кетуге талпыныс жасаған ойшыл.

Зерттеу жұмысының негізгі міндеттері:

  • Ойшылдың қоғам өміріндегі азаматтық тұлғасын таныту;

  • Ойшылдың еңбектері бүгінгі ұрпақты патриоттық сезімге, рухани адамгершілікке тәрбиелеудің баға жетпес құралы екенін айқындау;



Зерттеудің кезеңдері:
Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты әдеби-тарихи, жүйелі-сипаттамалық, баяндау, салыстырмалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.
Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты сипаттама, салыстырмалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.
Зерттеудің маңызы:әл-Фараби еңбектері болашақ жастар үшін рухани өнеге мектебі;


І. Кіріспе
Биыл дала данышпаны, адамзаттың «екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1153 жыл толды. Бұл – тарихымыздағы тағылымды белестің бірі. Жыл басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтулы датаны еліміз және әлемдік деңгейде атап өту жөнінде арнайы шешімін шығарды. Бұл орайда Ұлы даланың ұлағатты ойшылдары Абай мен Әл-Фараби мерейтойларының тұспа-тұс келуін рухани сабақтастық деп бағалауымыз керек.
Әл-Фараби мен Абай – Шығыс пен Батыс әлемінің үздік жетістіктерін үйлестірген, өркениеттер тоғысында озық ой айтқан ғибратты ғұламалар. Қазақ үшін Абайдың данышпандық тұжырымдары – адастырмас темірқазық. Сондай-ақ әлемдік деңгейдегі ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми және шығармашылық мұрасы да – мәңгілік қуат алатын асыл қазынамыз. Әйгілі ғалымның еңбектері аса мазмұнды әрі ауқымды. Ол математика, филология, химия, астрономия, философия, медицина, логика, әлеуметтану, саясаттану, юриспруденция, этика және тағы басқа көптеген ғылым саласын дамытуға орасан зор үлес қосты.
Әл-Фараби феномені – теңдесі жоқ құбылыс. Оның баға жетпес ғылыми мұрасының жалпыадамзаттық маңызы бар. Ұлы ойшыл – орта ғасырларда ірі сауда орталығы, ғылым-білім және мәдениет ошағы болған Отырардың тумасы. Ол – әлемдік деңгейдегі тұғырлы тұлға, біздің мақтанышымыз.
Әл-Фараби – Батыс және Шығыс мәдениеті арасындағы алтын көпір. Ұлы ұстаз ғылымның басты мұраты адамзат игілігіне қызмет ету деп білді. Оның пікірінше, ғылым өркениетті дамыту жолында нақты пайда әкелуі керек. Ғылымның дамуын философия, мораль және діни нормалармен үндестік арқылы қарастыру – ойшыл дүниетанымының басты ерекшелігі.
Әл-Фараби еңбектерін аударып, жариялау XII ғасырларда басталды. Ғұлама ғалымның интеллектуалды капи­талы – көне грек философиялық мәтін­дерінен аударылған еңбектер, түсінік­те­мелер, сондай-ақ гуманитарлық және жара­ты­лыстану ғылымдарын синтездеген жеке шығармалар. Оның ең танымал туындылары – «Қайырымды қала тұр­ғындарының көзқарастары», «Даналық негіздері», «Музыканың үлкен кітабы», «Ғылымдар жіктемесі» және тағы басқа. 
Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруге, яғни одан бұрын жаңғырып отыруға тиіс. Бұл сая­си және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады», деп атап өтті. Ен­де­ше, Әл-Фарабидің рухани әлемін терең және жан-жақты зерттеу – уақыт талабы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет