2. Осы аурудың алдын алу және емдеу принциптері.
Емдеуі жарақатты хирургиялық өндеуге, профилактикалық мақсатта тазартылған концентрацияланған поливалентті антитоксиндік сарысуды 10 мың ME мөлшерде мүмкіндігінше тезірек енгізуге негізделген.Емдеу мақсатында бұл дозаны 5 есе көбейтеді (әрбір сарысудың 50 мың МЕ) және антибиотиктерді қолданады. Тек қана сарысумен емдеу бірқатар жағдайларда қажетті тиімділік бермейді, ал антитоксиндік сарысуды антибиотиктермен кешенді қолдан өлім туғызушылықты едәуір төмендетеді.
Қосымша:C. perfringens ұзын грам-оң таяқша. А, В, С, D және F серологиялық варианттары бар. Ет немесе казеин гидролизатынан дайындалған сұйық қоректік орталарда (pH 7,4) инкубациялағанда (37—43 °C) көп мөлшерде газ пайда болып,ортаның рН қышқылға қарай өзгертіп жылдам (3-8 сағ.) өседі. Үлкен көлемде өсіп келе жатқан дақылдан бөлініп шығатын, газдар қоспасы (сутек, көмірқышқыл газ, аммиак, күкіртті сутек, ұшпалы аминдер, альдегидтер, кетондар) от тигенде жарылыс беруі мүмкін. C. Perfringens колониясының үш тұрақты варианты болады: тегіс (S) шырышты (M) және бұдырлы (R), дегенмен, тиісті жағдайларда аралас вариантты (0)Колониялары пайда болуы ықтимал. Қанды агардың бетінде өскен колониялары көбінесе бір немесе екі гемолиздік жолақпен қоршалған және ауалы жерде ұстағанда жасыл түске айналады. Сарыуызды агарда а-токсин (лецитиназа) өндіретін колониялардың айналасында інжу түстес преципитат аймағы пайда болады.Штамдардың көбісі протеолиттік касиетке ие, ұйыған сарысуды пісірілген ет бөлшектерін 2-7 күн аралығында баяу балқытады.Штамдарының көпшілігі 24 сағаттан кейін 7% желатинді сұйылтатын ферменттер өндіреді. Лакмусты сүтте кірпіш түсті ұйындыны жасау және сүт сарысуын толық мөлдір ету қабілеттілігі С. perfringens-ке тән қасиет болып табылады. Штамдарының бәрі глюкозаны, галактозаны, мальтозаны, лактозаны, левулезаны, сахарозаны қышқыл мен газға дейін ыдыратады, маннитті және дульцитті ферменттемейді. Кейбір штамдары глицерин және инсулинді ыдыратады.C. perfringens-тің 6 типінің барлығы адамдар мен жануарларда газды гангрена қоздыруға қабілетті, егер де қоздырғыш лецитиназа бөліп шығаратын болса. Тәжірибелік жағдайда кептерлер, торғайлар бұл қоздырғышқа өте сезімтал, ал басқа жануарлар (қояндар, теңізшошқалары, тышқандар және т.б.) жұқтыруға едәуір төзімді. Теңіз шошқасының бұлшықетіне осы микробтың тегіс пішінді болған дақылының 0,5 мл-ін енгізгенде с. perfringens қоздыратын газды гангренаға тән клиникалық көрінісін алуға болады. Жануарлар бірнеше сағат пен бірнеше тәулік аралығында қырылады.
Есеп № 15.
Есеп. 26 жастағы ер адам іш қуысына жарақат алуына байланысты, ауруханаға жеткізілді. Операция кезінде тоқ ішектің зақымдануы анықталды. Жарақат тігілді. 7-ші күні температура 40°C-қа дейін күрт көтеріліп, қатты интоксикация белгілері пайда болды және іш қуысында абсцесс анықталды. Грам әдісімен боялған абсцесстің микроскопиясында грам-теріс полиморфты спора түзбейтін таяқшалар табылды. Бактериоскопиялық зерттеу және клиникалық көрініс нәтижесінде алдын-ала диагноз қойылды: операциядан кейінгі бактероидты этиологиясы бар абсцесс.
Достарыңызбен бөлісу: |