Бактериоидтарға жалпы сипаттама беріңіз?
Тұқымдастығы:Bacteroidaceae
Туыстығы: Bacteroides
Түрі:Bacteroides fragilis,Bacteroides thetaiotaomicron, Bacteroides uniformis
Bacteroides грам-теріс анаэробты бактериялардың бір тобы,құрамына қазіргі кезде 30-дан астам түрлері кіреді. Олар негізгі үш туыстастыққа біріктірілген: Prevotella, Porphyromonas және меншікті Bacteroides.Бұл қалыпты ішек микрофлорасының өкілдері, құрғақ нәжістің бір граммына шамамен 1010-1011 жасушаны құрайды. Бактероидтар көмірсулардың ашыту процестеріне, ақуыздарды кәдеге жаратуға және өт қышқылдарының биотрансформациясына қатысады.Кейбір түрлер патогенді, адамдарда анаэробты инфекциялар тудыруы мүмкін.
Ауыз қуысында негізінде Prevotella (P. melaninogenica, P. nigrescens,P. intermedia, P. heparinolytica), Porphyromonas (Porphyromonas gingivalis)туыстастықтарына жататын, пигмент түзетін және пигментсіз түрлері кездеседі.Осы топтың бактериялары in vitro жағдайында әр түрлі агрессиялық ферменттер өндіреді: коллагеназа, гиалуронидаза, хондроитинсульфатаза, гепариназа, IgA, IgG, IgM-протеазалары.Бронхылық, урогениталды арнада және әсіресе, тоқ ішекте меншікті Bacteroides туыстастығының өкілдері кездеседі. Бактериоидтар, әдетте абсцесс, флегмона, остеомиелит кезінде іріңді экссудаттың, пародонтит және гингивит кезінде іріңдік қалта бөлінділерінің басым флорасы болып табылады. Негізгі түрлерге В. fоrsithus, Prevotella nigrescens,Р. intermedia, Porphyromonas gіngіvаliѕ жатады. Пародонт тіндеріне енген кезде олар, әдетте капсулалық қабатпен қоршалған.
Достарыңызбен бөлісу: |