Микробиологиялық диагноз қою қоздырғышты бөліп алып, сәйкестендіруге негізделген. Зерттеуге алынатын заттар: Нәжіс, құсық массасы, тағамдық өнімдер, су, гидробионттар, қоршаған орта нысандарының шайындысы. Алынған заттарды элективті қоректік орталарға, TCBS-агарға себеді, соңынан элективті емес орталарда дақылдандырады, антигендік және биохимиялық қасиеттері бойынша сәйкестендіреді. Қосымша салыстырмалы түрде сілтілі-пептонды суға сеуіп, содан кейін TCBS-агарда дақылдандыруға болады. Экспресс-диагноз қою үшін НФР және ПТР пайдаланылады.
Қосымша:Биохимиялық тұрғыдан белсенді.Оксидаза оң-Нәтижелі.Глюкозаны, сахарозаны, крахмалды,ферменттейді.Тырысқақ вибрионы Миkerjee бойынша ІV топтың бактериофагтарымен,Эль-Тор биовары V топтың бактериофагтарымен лизистенеді.El-Tor биовары полимиксинге резистентті, тауық эритроциттерін агглютинациялайды және қой эритроциттерін гемолиздейді, Фогес-Проскауэр реакциясы және гексаминдік тесті оң нәтижелі. V. cholerae О фенотиптік белгілері бойынша El-Tor биоварына жатады.Тырысқақ вибрионы қоректік ортаға талғамсыз, қарапайым орталарда өсе алады. Оптималды температурасы 37 °Өсуіне оптималды жағдай жасау үшін қоректік ортаның құрамында 0,5% натрий хлориді болуы керек.Сілтілі агарды және триптонсоялы агарды (ТСА) субдақылдандыру үшін пайдаланады.Тырысқақ вибрионының құрамында 9 жәнеH-антигендері бар.О, серотоптың ішінде A,B,С-суббірліктерінің үйлесуіне байланысты үш сероварларын ажыратады:Огава(АВ),Инаба(АС)жәнеГикошима(ABC).Патогендік факторлары: энтеротоксин, токсин-реттеуші түктер, нейраминидаза және ерігіш геммаглютининпротеаза ең басты патогенділік факторлар болып табылады.Токсин реттеуші түктерIV типке жататын пилилер жіңішкеішектің микротүтіктеріне колонизациялануды қамтамасыз етеді.Тырысқақ қоздырғыштары УК-сәулелермен құрғатуға, дезиинфектанттарға,қышқылдық маңызы бар рН-қа, қыздыруға сезімтал. Инфекция көзі науқас адам, бактериятасымалдаушылар және сулы орта, гидробионттар.Тырысқақ қоздырғышы,Эль-Тор биоварианты гидробионттармен, балдырлармен симбиоз түрінде тіршілігін сақтауға қабілетті, қолайсыз жағдайларда дақылданбайтын түрге ауыса алады. Ауру жедел дене температурасының 38—39 °С дейін көтерілуімен, құсу, іші
ету, іші ауыруы, күшену белгілері дамуымен басталады. Үлкен қайнаткан күріш сорпасы тәріздес. Организмнің жедел сусыздануы жүрек-тамыр жүйесінің бұзылуына, бүйректік жетіспеушілік дамуына әкеледі.Иммунитеті тұрақты емес, ұзаққа созылмайды.Спецификалық профилактикамақсатында тырысқақтық өлі вакцинаны және холероген-анатоксин мен Огава және Инаба сероварларының антигендерінен тұратынкешенді препаратты қолданады. Емдеу үшін сулық-тұзды алмасудықалпына келтіруге бағытталған патогенетикалық әдістер, антибиотиктермен этиотропты емдеу жүргізіледі.
Есеп №7.
Есеп. Науқас К. 5 жаста. Бала жиі ауыр жөтелге ол кезде көк түске айналатынына шағымданады, жиі құсуды бастайды. 3-ші күні казеин-көмір агарына мұрын жұтқыншақтан шырышты себу кезінде кішкентай, жылтыр колониялар табылады. Колониялардың жағындысында кішкентай грам-теріс таяқшалар табылды.
Достарыңызбен бөлісу: |