Есеп деген не?



бет13/13
Дата16.10.2022
өлшемі114,94 Kb.
#43517
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Есеп деген не

Есеппен жұмыс
1) Түрін анықта.
(4-ші пропорционал шаманы табуға берілген есеп)
2) Дайындық жұмысы.
Тұрақты шаманы табуға есеп құрастыру
2 қалам 10 теңге тұрады, бір қалам қанша теңге тұрады?
3) Мазмұнын талдау.
Есепте не туралы айтылған? (Дәптер туралы)
Есепте не белгілі? (6 тор дәптер 42 теңге тұратыны)
Есепте не белгісіз? (1 дәптердің қанша теңге тұратыны)
Есепте не сұрайды? (9 жолды дәптердің қанша теңге тұратыны)
4) Талдау.
Есептің сұрағына бірдей жауап беруге бола ма? (Болмайды). Неліктен? Себебі 1 дәптердің қанша теңге тұратынын білмейміз. Ал оны табуға бола ма? (Болады).
Қандай амал қолданамыз? (Бөлу).
Енді есептің сұрағына жауап беруге бола ма? (Болады).
Қандай амал қолданамыз? (Көбейту).
Содан кейін мұғалімнің басшылығымен көрнекілік арқылы қысқаша жазылады:
5)

Бағасы

Саны

Құны

Бірдей

6 дәптер

42 теңге

9 дәптер

?

1) Шешуі:


42:6=7 (тг)
1) 7⋅9=63 (тг)
Жауабы: 63 теңге
2) Тексеру:
Тексеру үшін кері есеп құрастыру керек.
42 теңге 6 дәптер сатып алынды, осындай 63 теңгеге қанша дәптер сатып алуға болады, оны көрнекілік арқылы көрсетейік.



Бағасы

Саны

Құны

Бірдей

6
?

42 теңге
63 теңге

Бірдей

?
9

42 теңге
63 теңге

Шешуі 42:(63:9)=6 (тг)


Бұдан кейін кәдімгі ойын басталады: бір оқушы сатушы болып тағайындалады, ал бірнеше оқушы сатып алушылар болады. Сатып алушылар кезекпен сатушыға келіп, бірнеше зат сатып алады. Сатып алушылар кезекпен сатушыға келіп, бірнеше зат сатып алады. Сыныпта отырған оқушылар осы сатып алынған заттар туралы есептер құрастырады, оларды таблицаға қысқаша жазып, сонан кейін шығарады, сонымен қатар әрдайым байланыс тағайындап отырады: бағасы мен мөлшері белгілі болса, құнын көбейту амалымен тапқан. (Бұл қорытындыны арнайы жаттаудың қажеті жоқ).
Осылайша басқа сабақтарда байланыстар айқындалады: егер құны және мөлшері белгілі болса, онда бөлу амалымен бағасын табуға болады; егер құны мен бағасы белгілі болса, онда бөлу амалымен мөлшерін табуға болады.
Шамалар арасындағы байланыс туралы білімді бекіту үшін ауызша шығаруға арналған есептерді еңгізу керек, мұнда берілген жай есепке қатысты алғанда кері есептерді құруға және шығаруға жыттығулар орындау пайдалы. Сонымен қатар, жазбаша шығару үшін сол шамалармен құрастырылған құрама есептерді ұсынған жөн.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет