Есеп деген не?


Мәтінді есептерді график түрінде иллюстрациялауарқылы модельдеу



бет5/13
Дата16.10.2022
өлшемі114,94 Kb.
#43517
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Мәтінді есептерді график түрінде иллюстрациялауарқылы модельдеу 

технологиясы
Графиктер — бұл «кесінді» түріндегі иллюстрация, сондықтан 
шамалар ұзындық бірліктерімен немесе шамалар арасындағы 
қатынастар берілген есептерді графикпен иллюстрациялаған жеңіл.
Мысалы: «Бір бумада 15 м мата болды. Алдымен 5 м, содан соң 
4 м сатылды. Бумада неше метр мата қалды?»
Графиктік модель жағдаяттарды нақты түсінуге, деректер мен 
ізделінді арасындағы байланыстың құрылымын анық көрсетуге 
ықпал етеді, яғни есептің шешу жолын жорамалдайды, әр түрлі 
тәсілмен есептің шешуін өрнек арқылы жазуға оқушыларды үйретеді. 
I. 15-5-4=6 (м) II. 15—(5+4)= 6 (м) 
Тағы бір мысал: «Бір мектептен жарысқа 18 бала, ал екінші 
мектептен 2 есе артық бала қатысты. Барлығы неше бала жарысқа 
қатысты?»
Қозғалысқа берілген есепті сызба түрінде иллюстрациялау өте 
қолайлы оның үстіне сызба қозғалмалы болуы мүмкін, оны өз 
кезегінде өзара кері есептерді құрастыру мен шығаруда қолдануға 
жаксы.
Сызбаларды оқушылардың көзінше тіпті өздерін қатыстыра 
отырып, есепті талдаумен қатар құрастырган жөн. 
«Екі поселкеден бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы екі 
велосипедші шықты. Бірінің жылдамдыгы 30 км/сағ, екіншісінікі — 
20 км/сағ. Олар 3 сағаттан кейін кездесті. Екі поселкенің арасы неше 
километр?»
I. 30 • 3+20 • 3=90+60=150 (км)
II.(30+20) • 3=50 • 3=150 (км) 
«Арасы 150 км болатын екі поселкеден бір мезгілде бір-біріне 
қарама-қарсы екі вслосипедші шықты. Бірінің жылдамдығы 30 
км/сағ, екіншісінікі — 20 км/сағ. Олар неше сағаттан кейін кездесті?» 
I. 150:(30+20)=3(сағ) (кері есеп) Тағы екі өзара кері есептер құрастыруға және шығаруға болады, 
мұнда алдымен біріншісінің жылдамдығы, содан соң екіншінің жылдамдығы белгісіз болады.

 

Мәтінді есептерді схема түрінде иллюстрациялау арқылы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет