1. Бастауыш мектепте математиканы оқытуда құрама есептерді шығаруға үйретуді оқыту міндеттері
Оқытудың міндеттері
1. Әр түрлі жай есептердің бірігуі ретіндегі құрама есеппен
оқушыларды таныстыру.
2. Құрама есептерді жай есептерден және басқа тапсырма түрлерінен
ажыратуға үйрету.
3. Жай есептерді құрама есептерге және керісінше айналдыра алу
білігін қалыптастыру.
4. Әр түрлі құрама есептерді салыстыра алу білігін дамыту.
5. Есеппен жұмыстың жалпы тәсілдерін пайдаланып және шешуін әр
түрлі тәсілмен жаза отырып, құрама есептерді шешу білігін бекіту.
6. Арифметикалық амалдардың қасиеттері мен зандары туралы білім негізінде құрама есептерді әр түрлі тәсілмен шығаруға үйрету.
7. Мұғалімнің тапсырмасы бойынша есептер құрастыруға үйрету.
8. Кері және өзара кері есептер құрастыру мен шешуге үйрету.
Құрама есептерді енгізуге дайындық төмендегідей іс-әрекет түрлерін қамтиды:
а) жай есептерді шығару және оларды салыстыру
беттер);
ә) күрделі өрнектермен (2 және одан да артық амалдар) таныстыру
және өрнектердегі амалдарды орындау ретімен таныстыру
б) біршама өзгерген есептерді шығару: сұрақсыз
«Бір банкада 10 тұздалған қызанақ бар, ал екіншісіңде 4 қызанақ
арты.»
Деректері жеткіліксіз
«Бір ыдыста 2 л шырын бар, ал екіншісінде □ л шырын бар. Екінші
ыдыста неше литр шырын бар?»
«Дәулеттің бірнеше қарындашы бар еді. Ол 2 қарындашты досына
берді. Онда □ қарындаш қалды. Дәулеттің неше қарындашы болған
еді? »
Берілген тапсырма есеп бола ма, анықтау керек. Неліктен?
Тапсырма есеп болуы үшін не істеу керек?
Біріншісінде: сұрақ қою керек.
Екіншісінде: жеткіліксіз деректерді толықтырып, сұрақты
өзгерту керек: «Екі ыдыста барлығы неше литр шырын бар?»
Үшіншісінде: жетіспейтін деректерді толықтыру.
2. «Құрама есеп» ұғымын енгізу:
а) шарты мен сұрағы тығыз байланысты екі есепті шығару.
«Арманда 12 кітап, ал Бейбітте 8 кітап бар. Балалардың барлық
кітаптары нешеу? »
12+8=20 (к.)
«Арман мен Бейбітте 20 кітап бар. Оның 5-еуін кітапханаға
сыйлады. Оларда неше кітап қалды?»
20-5=15 (к.)
Оқушылар екі есепті салыстырады, шығарады жәнс есептердің
арасында байланыс бар екенін байқайды.
ә) Біреуінің деректері жетпейтін, оны бірінші есепті шығару
арқылы табуға болатын екі есепті шығару («М- 2», 47-49-беттер).