Есеп деген не?


Есепті шешудің жалпы тәсілдеріне сипаттама



бет3/13
Дата16.10.2022
өлшемі114,94 Kb.
#43517
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Есеп деген не

Есепті шешудің жалпы тәсілдеріне сипаттама 
Есепті шеше білудегі негізгі мәселе есептің шартында 
келтірілген. соның негізінде арифметикалык амал таңдалатын және 
орындалатын, сұрақка жауап берілетін деректер мен ізделінді 
арасындағы байланысты менгеру болып табылады. Сондықтан 
бастауыш мектепте есептің топтарымен жұмыс жүргізіледі. Әр топта 
бір түрдегі (белгілі бір) есептер жатады. 
Бір түрдегі есептер — есепті шешу берілген дерек пен ізделінді 
арасындағы бірдей байланыска негізделген, бірақ нақты мазмұн және 
сандық деректермен ерекшеленетін есептер. 


Бастауыш математика курсындағы кері есептерді  шығаруға үйрету технологиясының мазмұны 
Бірінші сыныпта оқушылар салыстыру арқылы жай есептердің 
бірнеше түрлерімен танысады. Есептің әр түрін салыстыру 
барысында оқушылар олардың ұқсастығьн және айырмашылығын 
анықтайды. Оның үстіне олар есептердің кейбір түрлері бір-бірімен 
байланысты екендігін байқайды. Бұл есептің арифметикалық 
амалдармен шығарылатынына байланысты туындайды, ал амалдардың өзара байланысты, мысалы, қосу азайтумен, ал көбейту бөлумен байланысты екендігі белгілі.Осыған орай, «кері және өзара кері есептер» үғымдары пайда болады. 
1. Кері есептермен таныстыру. 
«Кері есептер» ұғымымен оқушылар бірінші сыныпта танысады 
(«М— 1». 74-бет). 
Тапсырма: 
Салыстыр. 
Есептердің ұқсастығы неде?
Айырмашылығы неде? 
«Ыдыста 6 қияр және одан 4-еуі артық қызанақ бар. Ыдыста 
неше қызанақ бар?» 
6+4=10 (қ.) 
Жауабы: 10 қызанақ (санды бірнеше бірлікке арттыруға арналған есеп). 
«Ыдыста 10 қызанақ және одан 4-еуі кем қияр бар. Ыдыста неше 
қияр бар?» 
10-4=6 (қ.) 
Жауабы: 6 қияр. 
Бұлар - кері есептер. 
Ұқсастығы: мазмұны (ыдыс, қияр мен қызанақ туралы); 
сандары:6,4,10. 
Айырмашылығы: шарты, сұрағы, шешуі және жауабы. 
Байқадық. бірінші есепте белгісіз болған дерек екіншіде белгілі. 
ал екіншіде белгісіз болған дерек біріншіде белгілі болды.
Қорытынды: кері есептер — мазмұны мен сандары ұқсас, бірақ біріншілері белгілі болған дерек екіншіде белгісіз, бірінші есепте
белгісіз болған дерек екіншіде белгілі болатын екі есеп.
Мәселен: 
«Ағасы 10 жаста, ал қарындасы 4 жаста. Ағасы қарындасынан
неше жас үлкен?»
10-4=6 (ж)
Жауабы: 6 жас үлкен.
(айырмалык салыстыруға берілген есеп)
Қарындасы 4 жаста, ал ағасы одан 6 жас үлкен. Ағасы неше
жаста?
4+6=10 (ж.)
Жауабы: ағасы 10 жаста.
(санды бірнсше бірлікке арттыруға берілген)
Бұлар - кері есептер, өйткені, мазмұны (ағасы менқарындасының жастары туралы) және сандары (10,6,4) ұқсас, сондай-ақ бірінші есепте ағасы қарындасынан неше жас үлкен екендігі
белгісіз, ал ол екіншіде - белгілі: 6 жас үлкен; бірінші есепте ағасы
неше жаста екендігі белгілі, ал екінші есепте мұны табу керек.
Осы ұғымды бекіту үшін оқушыларға мынадай тапсырмалар
ұсынылады: есептер кері есептер ме? Неліктен? («М— 1». 75. 88,91,
92-беттер).
Оның үстіне қосындыны табуға және қалдықты табуға арналған
есептер кері есептер болмайды, өйткені бұл есептерде қарама-қарсы
мағыналы әрекеттерді білдіретін сөздер бар: Келді-кетті; алды-берді;
болғаны-қалғаны және т.б.
Болғаны —15 машина Болғаны - 20 машина
Келгені — 5 м Кеткені - 5 м
Барлығы — ? м Қалғаны - ?
15+5=20 (м.) 20-5=15 (м.)
Жауабы: барлыгы 20машина. Жауабы: 15 машина қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет