Есеп деген не?


Пропорционал шамалармен байланысты есептер



бет8/13
Дата16.10.2022
өлшемі114,94 Kb.
#43517
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Есеп деген не


Пропорционал шамалармен байланысты есептер

Бастауыш сыныптарда пропорционал шамалармен байланысты: төртінші пропорционал шаманы табуға берілген, пропорционал бөлуге және екі айырма бойынша белгісіз шаманы табуға берілген есептер қарастырылады.
Бұл есептерді шығару негізгі процесстерді және оларды сипаттайтын шамалармен олардың арасындағы сәйкес байланыстар туралы білімге негізделеді.
Мысалы, есептегі процесс алып/сату болса, онда ол бағасы, саны, құны деген шамалармен сипатталады. 
Баға – бір зат (бір килограмм, бір қорап) қанша тұратынын көрсететін шама. 
Саны – қанша зат (қанша килограмм, қанша қорап) сатып алғанын көрсететін сан. 
Құны – барлық сатып алынған қанша тұратынын көрсететін шама.
Бір заттың бағасын табу үшін құнын санына бөлу керек.
Құнын табу үшін заттың бағасын оның санына көбейту керек.
Заттың санын табу үшін құнын заттың бағасына бөлу керек.
Демек, осы түрдегі есептерді шығару жұмысын жақсы орындау үшін дайындық жұмысында шамалармен таныстыру және олардың арасындағы байланыстарды ашып көрсету жағы алдын ала ескерлуі тиіс. Осы есептермен жұмыс істеу әдістемесін қарастырамыз. 
Төртінші пропорционал шаманы табуға берілген есептер 
Төртінші пропорционал шаманы табуға берілген есептерде тура және кері пропорционал тәуелділіктегі үш шама берілген, олардың екеуі айнымалы, біреуі тұрақты шама, мұнда бір айнымалы шаманың екі мәні және екінші айнымалы шаманың сәйкес мәндерінің бірі берілген, ал бұл шаманың екінші мәні белгісіз болып табылады. Пропорционал тәуелділік арқылы байланысқан кез келген үш шаманы пайдалана отырып, төртінші пропорционалдық шаманы табуға берілген есептердің алты түрін құруға болады. Таблицада нәрсенің бағасы, саны, құны шамалары бойынша төртінші пропорционалдық шаманы табуға берілген есептердің классификациясы берілген. 
Есеппен жұмыс
1. Түрін анықта.
(4-ші пропорционал шаманы табуға берілген есеп)
2. Дайындық жұмысы.
Тұрақты шаманы табуға есеп құрастыру.
2 қалам 10 теңге тұрады, бір қалам канша теңге тұрады?
3. Мазмұнын талдау.
Есепте не туралы айтылған? (Дәптер туралы). 
Есепте не белгілі? (6 тор дәптер 42 теңге тұратыны). 
Есепте не белгісіз? (1 дәптердің қанша теңге тұратыны). 
Есеп не сұрайды? (9 жолды дәптердің қанша теңге түратыны).
4. Талдау:
Есептің сұрағына бірден жауап беруге бола ма? (Болмайды). 
Неліктен? (Себебі 1 дәптердің канша теңге тұратынын білмейміз). 
Ал оны табуға бола ма? (Болады).
Қандай амал қолданамыз? (Бөлу).
Енді есептің сұрағына жауап беруге бола ма? (Болады).
Қандай амал қолданамыз? (Көбейту).

1.Бастауыш математика курсындағы «есеп» ұғымы.


2.Жай және құрама есептер. Жай есептің негізгі түрлері.

1.Есеп – математиканы оқыту курсында үлкен орын алады және математиканы оқытудың барлық жұмыстарымен байланыста жүруі тиіс, кейбір жағдайларда оқып білуге тиісті теориялық материалдың мәнін, практикалық мағынасы мен маңыздылығын түсіну есеп шығару арқылы жүзеге асырылады. Бұл жағдайларда есеп шығару математикалық ұғым қалыптастыруға мүмкіндік береді. Есеп шығару – оқушылардың білімін толықтыру, нақтылау мен дағды қалыптастыру және оны одан әрі жетілдіру үшін пайдаланылады. Қазіргі кезде есеп – оқыту мақсаты үшін емес, оның математиканы оқыту құралы болып табылатындығы туралы көптеп айтылып жүр. «Есеп» ұғымын анықтауда бірнеше көзқарастар болған.А.Н.Леонтьева есепті, субъектіден қандай да бір іс-әрекетті талап ететін ситуацияны – айтады.


Мағынасы жағынан бұл анықтаманың көлемі бар. Себебі ол тек қана оқу процесінде ғана емес немесе ғылыми жұмыстарда кездесетін белгісізді, оның белгілі берілгендермен байланысып пайдалану негізінде табуға тиісті ситуацияларды ғана қамтиды. Осы берілген анықтамаларда негізгі қолданылатын, ол іс-әрекет ұғымы. Әрбір іс-әрекетті оның мақсаты, заты, себебі және әдісі болады.
«Есеп деген не?» - деген сұраққа В.М.Брадис былай дейді: «Есеп деген өтілген курстан қандай да бір анықтаманы, текстіні немесе теоремалардың дәлелдеуін, аксиомалар немесе ережелердің тұжырымдалуын жай ғана қайталап келтіру, оған жауап беруге жеткіліксіз болатын кез-келген математикалық сұрақты айтамыз».
Есеп туралы айтылған анықтамаларды талдай отырып математиканы оқытуға арналған есептерге Б.Баймұхановтың еңбегінде мынандай анықтама берілген: «математикалық есеп» дегеніміз – математикадағы заңдылықтар, ережелер және әдіс-тәсілдер негізінде оқушылардан ой мен практикалық іс-әрекетті талап ететін және математикалық білімді меңгеруге, оларды практикада қолдана білуге дағдыландыруға, ойлау қабілетін дамытуға бағытталған ситуация».
1.Балаларды есеп шығаруға үйрету берілген мәліметтер мен ізделіп отырған мәліметтер арасындағы байланысты тағайындау және соған сәйкес арифметикалық амалдарды таңдау содан соң оны орындау.
Есептер шығарып жұмыс істеуде оқушыларды ең әуелі бір түрдегі есептерді, содан кейін екінші түрлі есептерді т.с.с шығаруда үстіртіндік болмауы тиіс.Мұғалім есептер шығаруға үйрету әдістемесінде қандай да бір мақсаты бар бір кезеңді ескеруі тиіс.
1-кезеңде мұғалім есептердің қарастырылып отырған түрін шығаруға дайындық жасайды.Оқушылар осы кезеңде есептер шығарғанда амалдарды таңдап алатындай байланыстарды игерулері тиіс.
2-кезеңде мұғалім оқушыларды есептердің қарастырылып отырған түрін шығарумен таныстырады. Мұнда оқушылар берілген мәліметтер мен ізделіп отырған мәліметтер арасындағы байланысты тағайындайды және соның негізінде арифметикалық амалды таңдап алуға үйренеді. Осындай жұмыстың нәтижесінде оқушылар қарастырылып отырған есептерді шығару тәсілімен танысады.
3-кезеңде мұғалім қарастырылып отырған түрдегі есептерді шығара білу білігін қалыптастырады. Бұл кезеңде оқушылар кез келген есепті шығара білуге үйренулері тиіс, Яғни осы түрдегі есептерді шығару тәсілін қорыта білулері керек.
Есепті шығарудың міндеттері төмендегіше:
1. Білімділік: оқушыларда толыққанды математикалық ұғымдарды қалыптастыру, бағдарлама анықтап берген жаңа теориялық білімдерді меңгерту;
а) әр арифметикалық амалдың мән-мағынасын ашу;
ә) амал атаулары мен нәтижелері арасындағы байланысты көрсету: амалдың белгісіз компонентін табу;
б) арифметикалық амалдар қасиеттері және ережелерін ашу (терімділік, үлестірімділік, қосындыны санға бөлу ережелері және т.б.);
в) қатынастың мәнін ашу, яғни «кем (артық)», «есе кем (артық)», нешеуі кем (артық)?», «неше есе кем (артық)?» ұғымдарын қалыптастыру;
г) Ж,У,Қ (жылдамдық, уақыт, қашықтық); Б.С.Қ.(бағасы, саны, құны); бір заттың массасы, заттардың саны, жалпы массасы шамалары арасындағы байланысты көрсету;
д) есепті шешу барысында оқушылардың ақыл-ойы дамиды, өйткені логикалық ойлау, талдау (анализ) және жинақтау (синтез) нақтылау және абстрактілеу, салыстыру және жалпылау сияқты ойлау операцияларын орындау, сондай-ақ оқушылардың тілін дамыту талап етіледі.
ж) есеп құрастыру ойлау қабілетін дамыту мен бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық потенциалын белсендіруде маңызды болып табылады.
2. Тәрбиелік және дамытушылық:
а) алынған теориялық білімді тәжірибеде қолдану, өйткені есептер тиімді практикалық жаттығулардың бір түрі болып табылады;
ә) теорияның практикамен, оқытудың өмірмен байланысын көрсету: алынған заттың құнын есептеу, пәтерді жөндеуге жұмсалатын сырдың мөлшерін есептеу, сабаққа кешікпеу үшін уақытты анықтау т.б.;
б) ғылымилықты қалыптастыру: есепті шешу барысында көптеген математикалық ұғымдардың тамыры нақты өмірден, адамдар тәжірибесінен алынатынына оқушылардың көздері жетеді;
в) есептің танымдық рөлі олардың шешу барысында оқушылар адам өмірінің, жануарлар тіршілігінің, ғылым мен техниканың маңызды мәліметтерімен танысуында, яғни оқушы көзқарасының кеңеюінде;
г) есептің тәрбиелік мәні мұғалім есепті шешу барысында табиғатқа, бір-біріне қамқорлықпен қарау, үлкендердің еңбегін құрметтеу туралы әңгіме жүргізсе, есеп шартында этнографиялық материал қолданылса, оқушылар өз халқының өмірі, салты мен дәстүрі туралы мәлімет алады, өз Отатын сүюге үйренеді.
Математиканы оқыту жүйесінде жай есептер аса маңызды роль атқарды. Жай есептерді шығару арқылы математиканың бастауыш курсының негізгі ұғымдарының бірі – арифметикалық амалдар туралы ұғымдар қалыптасады. Жай есептерді шығыра білу оқушылардың құрама есептерді шығара білуді игеруге дайындық басқышы болып табылды, өйткені құрама есепте шығару бірқатар жай есептерді шығаруға келіп тіреледі. Жай есепптерді шығарғанда есеппен және оның құрамды бөліктерімен алғаш танысады. Жай есептерді шығарумен байланысты балалар есепке жүргізілетін негізгі әдістерді игеретін болады. Сондықтан мұғалімнің жай есептердің әр түрімен жұмысты қарай жүргүзу керектігін өрнетерді білунің маңызы өте зор.
Құрама есеп бір есептердің ізделінді шамалары екінші есептердің берілген шамалары болатындай байланыстағы бірқатар жай есептерден тұрады. Құрама есепті шығару оны бірнеше жай есептерге жіктеу және ретімен оларды шығару болып табылады. Сонымен, құрама есепті шығару үшін берілген шамалар мен ізделінді шамалар арасындағы бір қатар байланыстарды тағайындау керек, соған сәйкес арифметикалық амалдарды таңдап алуға содан кейін шығаруға болады.
Құрама есептерді еңгізу – қалыптасқан есеп шығару іскерлігін жетілдіре және дамыта түседі. Мұнда кез-келген есептерді шығарғанда шешуші маңызға ие болатын және басшылыққа алынуға тиісті белгілі бір әдіс-тәсілдерді, сондай-ақ іс-әрекеттер түрлерін әр бір оқушының игеріп алуына баса көңіл бөлінеді.
1. Жай есеп - бір амалмен шығарылатын есеп. Жай есептерді шешу барысында есеппен және оның құрамымен алғашқы таныстыру жүзеге асырылады. Жай есептерді шешу барысында оқушылар есеппен жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін игереді.
Жай есептерді шешу барысында бастауыш математика курсының аса маңызды ұғымдарының біріарифметикалық амалдар, олардың қасиеттері мен өзара байланысы туралы ұғым қалыптасады. Жай есептерді шешу -құрама есептерді шешу біліктерін игертудің дайындық басқышы, яғни құрама есептер бірнеше жай есептерді шығару барысында шешіледі.
Жай есептердің түрлері және жүйесін қарастырайық. Есептерді шешу барысында қалыптасатын ұғымдарға байланысты оларды топтауға болады.
I ТОП. Әр арифметикалық амалдың мән-мағынасын ашуға арналған жай есептер.(5-түрлі жай есеп)
II ТОП. Амал компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланысты тағайындайтын жай есептер, яғни белгісіз компонентті табуға арналған есептер.(8-түрлі жай есеп)
III ТОП. Қатынастың мән-мағынасын ашуға арналған жай есептер.(12-түрлі жай есеп)
Бірінші топқа мынадай түрдегі жай есептер жатады ол есептерді шығарғанда балалар арифметикалық амалдардың әрқайсының нақты мәнін ұғынатын болады, яғни балалар қандай арифметикалық амал жиындарға қолдыналатын қандай да бір операцияға сәйкес болатындығын ұғынады. Бұл топқа бес түрлі жай есептер жатады:
1. Екі санның қосындысын табу.
2. Қалдықты табу.
3. Бірдей қосылғыштардың қосындысын (көбейтіндісін) табу.
4. Тең бөліктерге бөлу.
5. Тиісінше бөлу.
Екінші топқа мына түрдегі жай есептер жатады, ол есептерді шығарында оқушылар арифметикалық амалдардың компонентері мен нәтижелері арасындағы байланысты ұғынады. Олаға белгісіз компоненттерді табуға берілген есептер кіреді, оған 8 түрлі есеп жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет