Есеп деген не?



бет6/13
Дата16.10.2022
өлшемі114,94 Kb.
#43517
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
модельдеу технологиясы 
Схема — граф тәрізді сурет түріндегі модель. Мұндай сурет 
әлдеқайда қарапайым және есепті шығару барысында қажет болатын 
амалдың мәнін нақты бейнелейді, жағдаяттың сандық қатынасын
амал таңдауға мүмкіндік беретін деректер мен ізделінді арасындағы 
байланысты анық түрде көрсетеді. 
Мысалы, жоғарыда келтірілген есептердің схемасы мынадай:
Схеманың көмегімен модельдеудің осы тәсіліне үйрету 1-
сыныпта жай есептерді шешуге үйрету кезінде басталады. 
Мысалы, екі санның қосындысын табуға арналған есепті 
шығарумен оқушылар танысады: «Үстелде 5 шелпек бар. Анасы тағы 
2 шелпек қойды. Үстелде барлығы неше шелпек болды?» 
Есептің шартын оқығаннан кейін ол схема түрінде көрсетіледі. 
Схема есепті талдаумен қатар жүргізіледі, мұндағы белгілі шама
шаршыға ,, а л белгісіз дөңгелекке орналастырылады, содан соң 
дерек пен ізделінді шама арасын қосатын бағыт сызығымен (стрелка) 
толықтырылады. Пайымдау үлгісі: 
Құрама есептерді схемалар арқылы иллюстрациялау оқушыларға 
амалды тез және қатесіз таңдап алуға және есеп шешудің жоспарын 
құруға көмектеседі. 
1) + (қосу), өйткені «2-еуі артык» делінген;
2) + (косу), өйткені барлығы неше саңырауқұлақ барын табу 
керек. 
Әр түрлі есептерді шығару білігін қалыптастыру кезеңіңде
схемалар, графиктер және сызбалар бойынша жұмыс шығармашылық 
сипатта болады: 
а) схема (сызба, график) бойынша есеп құрастыру;
ә) берілген схемаға (сызба, график) есеп іріктеу; 
б) берілген есепке схема (сызба, график) іріктеу;
в) схемаға (сызба, график) сәйкес есепті өзгерту. Схемалар, сызбалар, графиктерді есептің шешуін тексеру және қатемен жұмыс 
кезінде де қолданған тиімді. 
Мысалы, «Мектепті жөндеу үшін 28 ағаш, ал одан соң тағы 10 
ағаштан 4 машина әкелінді. Барлығы неше ағаш әкелінді?» есебін 
шығаруда оқушылар мынадай қате жібереді: 
Қыскаша жазу: Шешуі:
І- 28а 28 + 4 + 10= 42(а.)
? Жауабы: 42 ағаш 
ІІ -?, 10а. 4 машина
Оқушылар есепті шығару барысында шамалар 4 машина және 10 
ағаш арасындағы байланысын анықтап алмай, барлығы канша...? 
сұрағына жауап бере отырып, барлық шамаларды тек қоса салған. 
Шамалар арасындағы байланысты схемалық сурет арқылы былай 
иллюстрациялауға болады: 
Шешуі:
28+10 • 4=68 
Жауабы: 68 ағаш
Схемадан оқушылар екінші рет неше ағаш әкелінгенін көрнекі түрде көреді: 10 ағаштан 4 машина, ал бұл амал көбейту: 10 • 4=40
Жаңа буын математика оқулықтарының негізгі әдістемелік 
ерекшелігі әр түрлі есептерді салыстыру болып табылады. Мұнда модельдеу тәсілін қолданған пайдалы. 
Мысалы:
«Төбешіктен шанамен 7 бала сырғанап жүр еді. Тағы 2 бала 
келді. Барлығы неше бала болды?» 
Төбешіктен шанамен 9 бала сырғанап жүр еді. 2 бала үйлеріне кетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет