Есеп Педагогикалық практика бойынша


Астана Халықаралық университеті



бет6/6
Дата12.12.2022
өлшемі1,66 Mb.
#56689
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Есеп Шерахан Ақмарал 2022 (копия)

Астана Халықаралық университеті
7М01502 Биология мамандығының
2 курс магистранты
Шерахан Ақмарал Нұрланқызына


Мінездеме


Шерахан Ақмарал Нұрланқызы 07.11.2022-26.11.2022 аралығында Астана қаласы Астана Халықаралық университетінде педагогикалық іс-тәжірибеден өтті. педагогикалық практикадан өтті. Практикадан өту кезінде Шерахан Ақмарал Нұрланқызы өзін жақсы қырынан көрсете білді. Практиканың алғашқы күнінен бастап студенттермен қатар университет ұжымымен танысып, тез тіл табысып, өз ісіне ұқыптылығымен, жауаптылығымен, тиянақтылығымен көрінді. Берілген жұмысты уақытылы және сапалы орындай білді. Шерахан Ақмарал Нұрланқызы тәжірибе барысында сабаққа үнемі мол дайындықпен, көп ізденіспен келеді. Студент – практиканттың орындауға міндетті қызметтерді: университеттің ішкі – тәртіп ережелерін, қауіпсіздік техникасы мен санитарлық техника ережелерін қатаң сақтады, барлық тапсырмаларды толықтай орындап, практика жетекшісіне өндірістік практика есебін тапсырды. Практика нәтижесін анықтау мақсатында пән мұғалімдері мен студенттермен сұхбат өткізілді. Алған теориялық білімін практика жүзінде толықтай қолдана білді деген қорытындыға келді.
Ұйымдастырушылық қабілеті бар, мінезі ашық, өз жұмысына ынталы студент. Ең бастысы өз мамандығын таңдауда қателеспегендігі. Методикасы мықты педагог біле білді. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады. Сабақтарында тест тапсырмалары, топтық тапсырмалар, қызықты өткізе білуімен студенттерді өзіне тарта білді. Практика кезінде өткізген іс – шаралары, зертханалық жұмыстары менқорытынды есептері мен күнделіктері қаралды, есебі тыңдалды және шынайы бағаланды. Шерахан Ақмарал Нұрланқызы болашақта білімді де білікті, үлгілі еліне адал қызмет ететін азамат болатынына сенеміз.
Әдіскер: вице-президент Мырзагалиева А.Б




Рефлексия

Мен, Шерахан Ақмарал Нұрланқызы, 7М01502 Биология мамандығының 2курс студенті 07.11.2022-26.11.2022 аралығында Астана қаласы Астана Халықаралық университетінде педагогикалық іс-тәжірибеден өттім. Әдіскер ретінде вице-президент Мырзагалиева Анар Базаровна бекітілді. Өз қабілетімді барынша пайдалануға тырыстым. Әр ісімізге, әр сабағымызға, ір әрекетімізге рефлексия жасау керектігімізді жадымда сақтадым. Әсіресе сыни ойлау арқылы рефлексияны жүзеге асырудың тиімділігін сезініп, қажеттілігін мойындадым.


Білікті мұғалімге қажетті қасиеттер мен дағдылар тізімін жасау үшін шағын топта бірлескен жұмыс жүргіздік. Тұлғаның эмоциялық, әлеуметтік, когнитивті ерекшеліктерін үйлесімділікке танытуға болатынын зерделедік. Бағдарлама аясында істеген жұмысымызды барынша нақтылап түсіндірме жұмыстармен ұғындырып сабақтарды жоғарғы деңгейде өткіздік.
Болашақ туралы айтатын болсам, алдымен мен әріптестерімді замануи әдіс – тәсілдермен таныстырып, олардың кәсіби әлеуетін арттыру үшін рефлексияның маңызы зор екенін баса айтқым келеді.. Өзім үшін мінсіз мұғалімнің сипатын жасап, қажет кезде өзімнің стилім мен тәсілімді өзгерте алатындай, топпен, жұппен әрекеттесу арқылы пікір – көзқарастарымды жеткізе алатындай дәрежеге жету керектігімді ұғындым.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет