Оқыту әдістері, олардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкестігі:
Сауалнама әдістері: жеке жұмыс
Оқыту мотивтері: интеллектуалдық, әлеуметтік мәнді тікелей орындаушы.
Мұғалімнің сабақтағы мінез-құлқы:
Алдымен пәндік жетекшіммен алдын ала,өткізілетін сабақтың жоспарын даярладым, лекция өткізу үшін презентация жасадым. Студенттердің сабаққа қатысуын қадағаладым. Сабақты түсіндіруге кіріспес бұрын, студенттермен сұрақ-жауап арқылы тақырып жайлы кіріспе жасадым, осы арқылы олардың нені біліп, нені білмейтінін анықтадым.
Студенттердің оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда мынадай психологиялық-педагогикалық шеберлік таныттым:
топтың сабаққа дайындығын анықтау;
тақырыпты түсіндіру барысында студенттердің психологиялық-эмоционалдық ахуалын бақылап, соған сәйкес әрекет ету;
тақырыпты түсінуде немесе басқа да қателіктер туындаған жағдайда студенттерге қолдау көрсетіп, түсінбегенін қайта түсіндіру;
олардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында, дауыс тоны мен оқыту методикасын ауыстырып отыру, тақтаға сабақ бойынша сурет салғызу және талдау.
Мұғалімнің студенттермен өзара қарым-қатынасы: студенттердің жеке пікірлерімен санасып, олардан сабақ барысында барынша белсенді болуды, тақырып бойынша қорытынды сұрақтарға жауап берулерін талап еттім.
Мұғалімнің сыртқы келбеті - жинақы, классика стильінде.
Сабақтың жалпы бағасы 10. Оқушылардың алға қойылған мақсатқа жету, сабақтың тиімділігі мен оны анықтау әдістемесі, оқытудың қолданбалы түрлерінің педагогикалық негізділігі, оқыту әдістерін таңдаудың мақсаттылығы, оқу үрдісіндегі қайшылықтарды жеңу.
Мұғалімнің қызметін жетілдіру және оның тәжірибесін қолдану бойынша ұсыныстар:
Жұмыс тәжірибеңізді көрсететін материалдарды: жоспарлар, конспектілер, дидактикалық материалдар, эссе мәтіндері мен студенттердің тест жұмыстары, олардың сұрақтары, жауаптары, оқушылардың дамуын бақылауларыңызды сақтаңыз және жинақтаңыз. Сонымен қатар, сіздің күмәніңізді, сәтсіздіктеріңізді ескеріңіз. Әдістемелік әдебиеттерді мұқият қадағалаңыз, сізді қызықтыратын мәселелер бойынша библиографиялық тізімдер жүргізіңіз.