Есет мектеп-балабақша кешені «Білім шыңын,ғылым сырын іздеген Ұстаз,шәкірт бір болыңыз бізбенен!»



бет6/6
Дата06.01.2022
өлшемі59,5 Kb.
#11342
1   2   3   4   5   6
Би 7 кл қыздар ұлдар

І жүргізуші:

Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,


Перне басқан оркестрдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.
Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,
Жыр оқисың нөсер болып құйылып
Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,
Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп
Жалын атып, от боп, бірге жанасың,
Білім беріп, содан бақыт табасың
Бар өмірің өрнектеліп баламен,
Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.

І І жүргізуші:


Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.
Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,
Үлгі етемін өнегелі сөзін бал
Мұғалімнің мұғалімін танимын,
Көкіректе көретұғын көзім бар.
Би 10 кл ұлдар из 90

ІІ жүргізуші:


Мұғалім-ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың
Өмірде сенің алар орыныңды
Бәрі де жеткізе алмас бағалардың
Өткізіп өз алдыңнан талай бала,
Бойына құйдың ақыл , ой мен сана
Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,
Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға
Атағым Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,
Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.

Ән: Гүлдана Ұстазым
I Жүргізуші:Жайдары жүздеріңе барқыт көрік

Жаныңның бар асылын сарқып беріп

Жас буын – өнегелі шәкірттерді

Жүрсіңдер өз балаңнан артық көріп.

Анадай, құс ұйқымен көз ілдірер

Арманын аласартпас, сезімділер

Бағбандай, мәуелі бақ мәпелеген,

Бала үшін бар азапқа төзімділер.


II Жүргізуші:
Қaдіріңді кезінде
Білмепті ғой ұланың.
Қазір әрбір сөзіңе,
Елеңдейді құлағым.
Бірдей етіп ұстадың.
Демей бізге бөтенсің.
Кейде акылын ұстаздың,
Сағынады екенсің.
Сол ұстазға жаны нұр,
Демек үлкен адаммын.
Есейсек те бәрі бір,
Баяғы шәкірт, балаңмын-дегендей қанша есейіп кетсек біз сіздерді ешқашан ұмытпаймыз.

І жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар ! 
Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Білім шыңын ғылым сырын іздеген

Ұстаз шәкірт бір болыңыз бізбенен» атты мерекелік жиынымызды жабық деп жариялаймыз. 
І І жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет