Эшерихий, шигелл және сальмонелланың ерекше қасиеттерінің кестесін құру


Морфологиялық және тинкториалдық қасиеттері



бет2/6
Дата04.12.2022
өлшемі29,39 Kb.
#54698
1   2   3   4   5   6
Морфологиялық және тинкториалдық қасиеттері.

Ішектік коли инфекцияның қоздырғышы E.colі,-ішек таяқшасы,Esherichia туысына,Enterobacteraceae әулетіне жатады.Эшерихий таяқшасы(1,1-2 – 6мкм).Грам теріс,спора түзбейді,капсуласы жоқ,қозғалмалы және факультативті анаэроб болып табылады.Эшерихиоздардың соматикалық термотұрақты о-антигенімен,беткейлі к-антигені,жіпшелі термолабильді н-антигенімен көрінеді.Олар энтеротоксин бөлуге қабілетті.

Шигеллалар - факультативті анаэробтар. Олар қоректік орталарға талғамсыз, 37ºС-та және рН 7,2-7,4 болатын қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі. Тығыз ортада ұсақ мөлдір колониялар, ал сұйық ортада диффузды лайлану түзеді. Шигеллаларды өсіру үшін байыту ортасы ретінде көбінесе селенит сорпасын қолданады.



Салмонеллалар өте ұсақ, грам теріс, ұшы жұмырланған таяқшалар. Жағындыда шашыранды орналасқан. Спора түзбейді, микрокапсуласы бар, перитрихтер.

Классификациясы

Ауруруға патогенділігіне байланысты E.coli-нің 5тобы бар.
- Энтеротоксинді, энтеропатогенді, энтероинвазивті, энтерогеморрагиялық және энтероагентті ішек таяқшасы.
- Энтеротоксигенді E.coli- Энтеротоксин өндіреді және балалар мен үлкендерде диареяны тудыру қабілеті бар.
- Энтеропатогенді E.coli-емшектегі балаларда колиэнтериттер және ащы ішектің зақымдануын тудыратын ауру.
- Энтероинвазивті E.coli-ішек эпителиясының инвазиясын тудырып,энтеротоксин өндірмейді, бірақ эндотоксин бөледі.

Shigella dysenteriae
Shigella flexneri
Shigella boydii
Shigella sonnei

Салмонеллалар - факультативті анаэробтар. Олар қоректік орталарға талғамды емес және 37 ºС температурада, рН 7,2-7,4 қарапайым орталарда ешбір ерекшеліксіз өсе береді. Элективті орта-өт сорпасы болып есептеледі. Іш сүзегіне диагноз қою барысында басқа ішек инфекциялары сияқты Эндо, Левин, висмут-сульфитті агар және т.б. дифференциалды- диагностикалық қоректік орталар қолданылады. Тығыз қоректік орталарда R- және S-колониялар түзеді, сұйық қоректік орталарды біркелкі лайландырады. S-пішінді колониялары орташа көлемді, жылтыр, жартылай мөлдір, көгілдір түсті. S. paratyphi В тығыз қоректік ортада кілегейлі төмпешік түзеді. Науқастан алынған қанды себуге сұйық байыту ортасы - өт сорпасы қолданылады, ал қосымша басқа микрофлорасы бар материалды (нәжіс, өт, несеп) себуге – селенит сорпасы қолдалынады. Лактозасы бар дифференциалды-диагностикалық қоректік орталарда салмонеллалар түссіз колониялар, ал висмут-сульфитті агарда – қара колониялар түзеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет