Эшерихиялар. Шигеллалар Сальмонеллалар. Иерсиниялар. Эшерихиялар: Таксономиясы



бет10/11
Дата08.03.2023
өлшемі70,02 Kb.
#72560
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Патогенезі және клиникасы. Аурудың жасырын кезеңі - 3-10 тәулік. Ауру жергілікті және жайылмалы түрде өтеді, жедел түрде басталып, дене қызуы көтеріледі. Аяқталмаған фагоцитоз нәтижесінде мезентериалды лимфаденит дамиды. Ауру тамақтың қышуымен және жағымсыз сезіммен басталады, мойын және жақ асты лимфа түйін аймақтарының ауыруымен сипатталады. Клиникасында жиі кездесетін белгілер – іштің ауыруы, жүрек айыну, құсу (өте аз), іштің өтуі. Клиникасы аппендицитке, гепатитке, артритке ұқсас келеді. Лимфатикалық барьер бұзылғанда бактериемия дамиды – қоздырғыш бүкіл ағзаға таралып бауырдың, көкбауырдың, өкпенің, буындардың макрофагтарын зақымдап микроабсцестер мен гранулемалар тудырады. Ағзаның аллергизациялануы жүреді. Аурудың 1- 6 тәулігінде теріде розеолалы бөртпелер (скарлатинаға ұқсас) шығады. Өлім жағдайы да болуы мүмкін.
ОБА ҚОЗДЫРҒЫШЫ
Бұлар грам теріс, спора түзбейтін таяқшалар, оларды биохимиялық, антигендік ж/е т.б. қасиеттері бойынша ажыратады.
Оба қоздырғышы - Y.pestis 1894 жылы А.Иерсен ашқан болатын.
Морфологиясы ж/е дақылдық қасиеті. Пішіні сопақша, шеттері дөңгеленген қысқа таяқшалар. Метилен көгімен биполярлы боялады. Спора түзбейді, талшықтары жоқ, касуласы бар. Y.pestis қоректік орталарға талғамсыз гетеротрофты бактериялар. 5-37°С температурада өседі. Агарлы ортада шеттері тегіс колониялар (кестелі орамалға ұқсас) түзеді. Сұйық ортада мамық, борпылдақ тұмба түзеді. Оба қоздырғышы гиалуронидаза, фибринолизин, коагулаза, протеиназа ферменттерін өндіреді.
АНТИГЕНДЕРІ. Y.pestis бірнеше антигендері бар:

  • Ғ1 антигені – табиғаты ақуыз, бактериальді жасушаның үстіңгі құрылымының негізгі компонентін құрайды;

  • V антиген – табиғаты ақуыз;

  • W антиген – табиғаты липопротеидті комплекс.

Бұл екі антиген жасуша қабырғасымен тығыз байланысты.
Патогенділігі ж/е патогенезі. Вирулентті факторлары – адгезия. Капсула ж/е жасуша қабырғасының үстіңгі құрылымы адгезияға қатысады. Ферменттер мен токсиндер инвазия ж/е агрессияға қатысады.
Y.pestis патогенділігінде негізгі рольді “тышқандық” токсин атқарады. Ол бауыр мен жүректің жасушалық митохондрияларының қызметін тоқтатады ж/е тромбтардың түзілуін тудырады.
“Тышқандық” токсин – бактериальді жасушамен тығыз байланысты, ақуызды токсинге жатады. Оның синтезін плазмидалар бақылайды.
Инфекцияның ену қақпасына байланысты обаның терілік, бубондық, өкпелік ж/е септикалық (1-шілік ж/е 2-шілік сепсис) формаларын ажыратады.
Антибиотиктер пайда болғанға дейін, оба кезіндегі өлім көрсеткіші өте жоғары болған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет