Жеделдетілген әдіс : РИФ , ИФТ , патогенділік плазмидаларын анықтау .
Зерттеуге арналған негізгі материал- нәжіс , қосымша қан , ет , несеп , дуоденалды беліндісі , құсык массалары , асқазан шайындысы т.б.
Негізгі әдіс – бактериологиялық әдіс .( Бактериологиялық әдіс: материалды ДДО-ға себу .Таза дақылды бөліп алу .Морфологиялық, тинкториалды, дақылдық, биохимиялық, антигендік қасиеттері бойынша идентификациялау. )
Эшерихиялардың патогенді түрін патогенсіз түрінен ферментативтік белсенділігіне байланысты ажырату мүмкін емес және біріншілік себіндіде олар біркелкі колониялар түзеді . Сондықтан келесі кезеңдермен зерттеу жүргізеді .
Бірінші күн . Зерттеу материалы ( нәжіс , құсық массалары , несеп , ас тағамдары ) Эндо және Плоскирея орталарына себіледі , 37 ° С температурада 18 – 24 сағат инкубацияланады .
Екінші күн . Қоректік орталарда өскен колонияларды іріктеп алады , мысалы Эндо ортасында лактоза оң E.coli қою – қызыл металша жылтыр немесе жылтыры жоқ ортасы ашық қызғылттау , кейде түссіз шеңбері бар , кейбіреулері жартылай мөлдір колониялар түзеді . Біркелкі колониялардан шамамен 10 , әр түрлі болған жағдайда әр түрінен 2-3 колониядан таңдап алып поливалентті OKA сарысуларымен әйнекше бетіне серологиялық агглютинациялық реакция қояды Серологиялық реакцияда оң нәтиже берген колониялардың жартысынан біріншілік идентификация жасайтын қиғаш агарға ілмекпен себінді жасалады .
Үшінші күн . Қиғаш агардағы өсіндіні сипаттайды , яғни глюкозаны ыдыратуын , газдың болуын , лактозаны ферменттеуін , күкірттісутек түзуін . Глюкозаны қышқыл мен газға дейін ферменттемейтін , лактозаны ферменттейтін немесе ферменттемейтін , күкіртті сутек түзбейтін дақылдар Escherichia туыстастығына күмәнді болып келеді . Бұндай дақылдарды әйнекше бетіне OKA поливалентті сарысуымен қойылатын агглютинациялық реакциямен қайталап тексереді , оң нәтиже берген жағдайда ОКВ, ОКС , ОКД, ОКЕ немесе ОК - иммундыглобулиндерімен тексереді . Он нәтиже берген дақылдан индолға сынама қойып , жартылай сұйық қоректік ортаға , Симмонс ортасына , мочевиналы ортаға , Гисс ортасына ( адонит, инозит , сорбит , рамноза ) ілмекпен себеді . Қозғалғыштығын бақылау үшін жартылай сұйық ортаға инелі әдіспен себінді жасайды .
Төртінші күні . Себiндiлерге қортынды жасалады . E.coli бөлінген жағдайда серотипін анықтау мақсатында серологиялық идентификация жасалады . Ожәне К антигендерді анықтау үшін қиғаш агардағы тәуліктік дақылды пайдаланады , ОК поливалентті сарысуымен немесе ОК - иммундыглобулинімен оң нәтиже берген дақылдарды топтық ОК жеке сарысуларымен агглютинациялайды . Алғашқы нәтижені жеке ОК - сарысумен әйнекше бетіне OK - иммундыглобулинімен ( тірі дақыл ) немесе топтық адсорбцияланған О - сарысуларымен ( 100 ° C 30 минут қыздырылған дақыл ) агглютинациялап дәлелдейді . ОК – иммуногло булинімен адсорбцияланған - О сарысуы болмаған жағдайда ОК – топты анықтауды тiрi ( K - антигенді анықтау үшін ) және 100 ° С температурада 1 сағат қыздырылған ( О- антигенді анықтау үшін ) дақылмен сызықтық агглютинация реакциясымен жүргізеді . ОК- топты анықтаған соң қозғалғыш штамдардың арасынан H- антигенді агарда иммобилизациялау немесе айнекс бетіне агглютинациялау әдістерімен анықтайды .
Бесінші күні . Тізбектік агглютинация реакциясының және Н- антигенді агарда иммобилизациялау әдістерінің нәтижесі ескеріледі . Тірі дақылмен қойылған K - антиденелік ірі мамықты агглютинат немесе қыздырылған дақылдағы О - антиденелік ұсақ дәнді агглютинат бөлінген штамның ок – топқа жататындығын дәлелдейді . Н - антиген агарда иммобилизация болғызған атамның Н - сарысуға сәйкестігін білдіреді .
Айқындалған О, К , Н- антигендерге байланысты бөлінген штамның серотипі анықталады . Түрішілік идентификация серологиялық топты анықтауға , яғни шартты - патогенді ішек таяқшаларды диареягенді таяқшалардан ажыратуға мүмкіндік береді ; антибиотикограмма жасалады .