Эшерихиялар. Шигеллалар Сальмонеллалар. Иерсиниялар. Эшерихиялар: Таксономиясы



бет9/11
Дата08.03.2023
өлшемі70,02 Kb.
#72560
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ИЕРСИНИЯЛАР.

  • Тұқымдастығы: Enterobacteriaceae

  • Туыстастығы: Yersinia

  • Түрі: Yersinia pestis

Морфологиясы. Биполярлы боялатын қозғалғыш таяқшалар. 25 0С-тан жоғары емес температурада қозғалады. 37 0С-тан төмен температурада талшықтары пайда болады. Капсула түзеді. Сорпалық дақылдардан дайындалған жағындыда қысқа тізбек (2-4 жасуша) түзеді.
Дақылдандыру. Қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі. Факультатттивті анаэроб. Қолайлы өсуі температурасы 22 - 28 0С. Тығыз қоректік ортада 37 0С-тан төмен жағдайда S-колониялар, ал осы температурадан жоғарылағанда – R-колониялар түзеді. Сұйық орта бетінде үлбір түзіп өседі.
Ферменттік белсенділігі. Қоздырғыштың биохимиялық белсенділігі бар. Идентификациялау үшін қолданатын негізгі биохимиялық қасиеттері:

  • уреазаны түзеді;

  • рамнозаны ыдыратады

  • сахарозаны ыдыратпайды

  • индол түзбейді

  • Фогес-Проскауэр реакциясы - теріс.

  • Тұқымдастықтың ішінде биохимиялық белсенділігі біркелкі.

Антигендік қасиеті. О-антигені бойынша 10 серологиялық варианттарға бөлінеді. Жер шарында адам мен жануарларда көбінесе ауру қоздырады: көбінесе 1-серовариант (90%), екінші орында - үшінші (10-30%), сосын - төртінші (8%) серовариант. Н-антигені бар, оның диагностикалық маңызы жоқ. Сонымен қатар 2 вируленттік антигендерге ие – Y және W.
Резистенттілігі. Қоршаған ортаға тұрақты: суда 1,5 айға дейін сақталады, сүтте -18 күн, сары майда 145 күн, нанда,кондитерлік тағамдарда -16-18 күн. 1000С-та микробтар 1 минут ішінде өледі. Суыққа төзімді болып келеді; -700С-та өлмейді. Бактериялар 3-4% ас тұзы бар орталарда өсе береді. Қоймаларда сақталған көкөністерде көбейіп, ұзақ уақыт сақталады.
Эпидемиологиясы. Табиғатта қоздырғыштың резервуары – микробты нәжіспен бөлетін көптеген сүтқоректі жануарлар (ірі қара мал, мысықтар), құстар, кеміргіштер (тышқандар, егеуқұйрықтар) және микробтар жинақталатын су мен топырақ. Адамға алиментарлы жолмен жұғады. Негізгі таралу факторлары – су және көкөністер. Қоймаларда сақталып жатқан көкөністер Yersinia pseudotuberculosis-пен тышқандар нәжісі арқылы және тікелей топырақ пен судан ластанады. Науқас немесе тасымалдаушы адамнан ауру жұқпайды. Сау адамдардың табиғи қабылдаушылығы жоғары. Ауру барлық жерде таралған, бірен-саран және эпидемиялық күрт көбеюі байқалады. Жыл мезгіліне де байланысты, ақпан-наурыз айларында науқастанушылық деңгейі көтеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет