Қорытынды Қорытындылай келгенде менің іс жүзіндегі тәжірибем Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімінің аппаратында 06.06.2022-24.06.2022 уақыт аралығында өттім Өндірістік тәжірибемді өткен уақытымда мекеме ұжымымен жақсы қарым-қатынаста болдым. Және де өзімнің мамандығыма байланысты көптеген мағлұматтар алдым. Өндірістік практиканы өту - оқу бағдарламасының негізгі элеметтерінің бірі болып есептелінеді. Әсіресе, тәжірибе арқылы көзбен көріп жасағанда көбірек нәтиже береді. Өндірістік тәжірибені өту арқылы мен жаңа мәліметтер алдым. Тәжірибедегі ең басты мақсаттарым – мекеме жұмысының барысы мен жұмыстардың жүзеге асырылу тәртібін, құжаттардың дұрыс толтырылуын және аймақтағы жұмыссыздық деңгейін зерттеу болды. Мемлекеттік қызметшінің іскерлік қатынасы тиімділігінің аса маңызды шарты олардың өз коммуникативтік мүмкіндіктерін, коммуникатвтік құзіреттілігінің деңгейін білу болып табылады. Мемлекеттік қызметке өздеріне сенетін адамдардың қызмет ететіндігі белгілі, олардың көбісі барлық қатынастарда, соның ішінде іскерлік қатынас саласында да табысты, қабілетті болып саналады. Осы сенімділік көп ретте кәдімгі жаңылысу болып шығады да,мемлекеттік қызметші өзінің коммуникативтік проблемалары туралы білдім. Көптеген оқыған теорияларымды практика жүзінде қолдана алдым. Болашақта өзіме жұмыс барысында керек болатын көптеген мәліметтер қорына ие болдым. Тәжірибе өту барысында мекеме қызметі мен міндеттерімен, құрылыммен таныстым. Берілген мәліметтерді, ақпараттарды қолдана отырып, құжаттармен жұмыс жасадым.